Инфоурок Информатика КонспектыАӘД және Азаматтық қорғаныс пәндерін оқыту және оқушыларға кәсіби мамандық таңдаудағы көмек, қауіпсіздік ережелерінің ұстануы, өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының жүргізілуі

АӘД және Азаматтық қорғаныс пәндерін оқыту және оқушыларға кәсіби мамандық таңдаудағы көмек, қауіпсіздік ережелерінің ұстануы, өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының жүргізілуі

Скачать материал

            «Егеменді ел тірегі-қарулы күштер» десек, сол әскери қарулы  күштерге жастарды мектеп қабырғасынан даярлайтын  АӘД пәні болып табылады. Қысқа мерзім ішінде  қолданыстағы қаруды меңгеру, тәуелсіз демократиялық  Отанымызға  лайықты қорғаушы  жауынгер болу-күрделі іс. Сондықтан, әрбір жасөспірім  мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өзін әскери қызметке  дайындауға, Қазақстан Республикасы мен  оның халқы алдындағы  азаматтық борышын  жауапкершілікпен  ұғынуы тиіс. ҚР-ның Жоғарғы Әскери Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030» даму бағдарламасындағы негізгі жеті басымдықтың бірі –мемлекетіміздің  ұлттық қауіпсіздігі екенін атап көрсеткені  баршамызға мәлім.

      Алғашқы әскери дайындық пәнін  оқытуда  әрбір жас жігіт , бойжеткен қыз  еліміздің келешегі  жолында табанды күрескер болуы  қажеттігін ұғындыра білу керек. Патриот, ержүрек  азаматтарды тәрбиелеудің  негізі  мектепте қаланады. Отанның лайықты  қорғаушысы болу  күрделі іс. Сондықтан әрбір жасөспірім  мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны-Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық  жауапкершілігін кемел  ұғынуға тиіс. АӘД пәнін  оқыту жастарды Қазақстандық патриотизмге, демократиялық  қоғам ісіне  шексіз берілуге үйрететін, Отанға,Қарулы Күштерге деген  сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз  орындауға әзірлік рухында  тәрбиелейтін мемлекеттік пән.

    АӘД және дене тәрбиесі пәндері  бірін-бірі толықтырып тұрады. Дене шынықтыру сабағында  өткізілетін  саптық дайындықтар мен  түрлі дене жаттығулары  АӘД пәнінің негізін қалайды. Ал АӘД пәні  жастарды Отан қорғауға дайын болуға, патриоттық сезімге тәрбиелейді десек, ол мақсатқа дене  тәрбиесінсіз жету мүмкін емес. Жыл сайын мектептерде  АӘД –ты бастау жайлы  бұйрық жүйелі түрде беріледі. Бұйрықта аудандық қорғаныс бөлімінің  ұсынысымен «Дене шынықтыру сабақтарындағы  саптық пәрмендер Қазақстан Республикасының  саптық жарғы талаптарына сай  берілсін»-деген сөздер осының айғағы. Саптық пәрмендерді, әскери терминологияны  жүйелі түрде  оқушылар санасына енгізу болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл екі пән егіз және оларды  қатар алып жүру  мұғалім үшін үлкен парыз. Болашақ Отан қорғаушылардың  дене дайындығына  «Президенттік сынамалардың да» үлкен әсері бар. Алғашқы әскери дайындық  сабақтарында мен негізінен  дифференциалды  және ұжымдық оқыту әдіс-тәсілдерін  пайдаланамын. Әсіресе, практикалық сабақтардан  саптық даярлық  бойынша  сабақтар алдыңғы сабақтарда  дағдыланған  машықтардың ұмытылмауы үшін жүйелі түрде  және бірдей  уақыт  аралықтары арқылы  өткізіліп тұруы тиіс. Саптық машықтарды  басқа сабақтарда, күн ілгері  орнықтырып отырса, оқушылардың саптық  даярлығы  жоғарғы нәтижелерге  жетеді. Саптық  пәрмендерді мысалы:  Сапқа  тұр , Түзел, Тік тұр, Еркін тұр, Реттел пәрмендері  бойынша  оқушы жылдамдыққа , ұқыптылыққа  қалыптасады . Сонымен қатар  қарумен саптық тұрыс тақырыбы бойынша  «Белдікті босат, тарт», «Автоматты кеудеге,белдікке»,«Қаруды арқаға, белдікке» пәрмендерін орындау оқушыларды қару ұстауға ,саптық тұрыс дағды негіздерін білуге үйретеді.  Әр сыныпта жоспар бойынша автоматты бөлшектеу және жинақтау реті түсіндіріліп, мектебімізде автомат жоқ болғандықтен  ЦДО-дан автомат әкеліп  соны қолмен бұзып жинауға  балаларды үйретемін. Қазіргі кезде 10-11 оқушылары автоматты нормативке сай  бұзып жинау тәртібін біледі. Бұл Қазақстан армиясы қатарына  келешек даяр жауынгер  әзірлеу деген сөз. Жыл сайын біздің оқушыларымыз  Батыр клубының әскери-спорттық  жарыстарына қатысып, өздерінің сабақта алған  білімдерінің  нәтижесін  көруде. Ендігі кезек Азаматтық қорғаныс тақырыбына  келсек, жаттығу алаңында, жолда ГП-5 противогазын «газ» пәрмені бойынша  уақытқа кигізіп жаттығу  кезінде шаршаған, ауырған оқушыларды  плащты зембіл ретінде  жасап алып белгіленген  жерге дейін жеткізеді.

     Қазіргі кезде жаппай жою қаруының  басқа қаруларға қарағанда  өз ерекшеліктері  болады. Зақымдаушы факторлардың әсер етуінің  ауқымдылығы  өте жоғары болады. Ядролық жарылыстар ауада, түрлі биіктікте, жер (су) үстінде және жер (су) астында  жүзеге асырылады. Ядролық жарылыс  ұзақ қашықтықтағы  қорғалынбаған адамдарды  зақымдауға, ашық тұрған техниканы істен шығаруға қабілетті. Оның негізгі зақымдаушы факторлары : соққы толқын жарықтық сәулеленуге шалдығу, өткір радиация, радиактивті  зақым және электромагнитті  импульс болып  табылады. Міне осындай  жарылғыш заттардың  зақымдаушы факторларынан  қорғануды  үйрете отырып мектебімізде  газ тұмылдырықты  пайдалану, жалпы әскери қорғаныш  толымы  комбинезонын  киюді  оқушылар толық меңгерген деп айтуыма болады. Адам өміріне қауіп  тудыратын  төтенше жағдайларды естігенде  көз алдымызға  бірден не елестейді? (өрт шығу, газдан улану, электр тогы, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) Апат айтып келмейді. Ол аяқ астынан  болады. Ал кейде осындай  жағдайларға  адамдар өздері себепші болады. Міне осындай жағдайлар болмау үшін  оқушылармызды көп оқуға, көп білуге, күнделікті өмірде пайдалана білуге қалыптастыруымыз қажет. Оқушылардың өрт жайлы  түсініктері мен  ойларын, білімдерін жетілдіріп отыру  әрқайсысымыздың  міндетіміз. Мектебімізде жыл сайын  Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. Апталыққа жоспар құрылып, сол жоспар бойынша  бірнеше іс-шаралар өткізіледі. Сонымен  қатар жыл сайын  ақпан айында  «Өжет» ойыны өткізіліп балаларды ұрысқа қалай шығуға жігерлендіреді. Жауынгерлердің ұрыстағы іс-әрекеттері көрсетіледі. Міне осындай жұмыстар жасау барысында  мен оқушыларға «Бәрің бірің үшін, бірің бәрің үшін» қағидасын  АӘД сабағын оқи бастаған күннен ұстануға  үйретемін, сонда қиналған жерде  ешқайсысы досын тастап  кетпеуге, бірінің  ауыртпалағын бәрі көтеруге , ешқайсысы жеке басын  ғана емес, взвод ол жанұясындай екенін ұғынады және болашақта да солай қалыптасады. Қорытындылай келе  сөзімді Б.Момышұлының  мына бір сөзімен қорытындылағым келеді. «Ешкім іштей  батыр болып тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.» Бұдан шығар қорытынды – патриоттық тәрбие бүкіл мектеп ұжымына  байланысты десек, пәнаралық байланыстар  бір-бірімен бір мақсатта  тоғысқан жағдайда ғана  өзінің шынайы нәтижесін  береді. Тек сонда ғана біз, шәкірттеріміздің  Қазақстан Республикасының  нағыз патриоты  болатынына кәміл сеніммен қарай аламыз.

 

Фурманов орта мектебі

 

 

 

 

Педагогикалық кеңесте оқылған баяндама

 

 

 

 

Тақырыбы:

АӘД және Азаматтық қорғаныс пәндерін оқыту және  оқушыларға кәсіби мамандық таңдаудағы  көмек, қауіпсіздік ережелерінің ұстануы, өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының жүргізілуі

 

 

 

 

 

Дайындаған:

АӘД пәнінің мұғалімі Сәмен Ж.Ш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

Қалалық семинарда өткізілген сабақтардан көріністер

 

      

 

    

 

 

  

 

Мектебімізде өткізілген дабыл беру командасынан бейнелер

 

   

 

 

   

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "АӘД және Азаматтық қорғаныс пәндерін оқыту және оқушыларға кәсіби мамандық таңдаудағы көмек, қауіпсіздік ережелерінің ұстануы, өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының жүргізілуі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

            «Егеменді ел тірегі-қарулы күштер» десек, сол әскери қарулы  күштерге жастарды мектеп қабырғасынан даярлайтын  АӘД пәні болып табылады. Қысқа мерзім ішінде  қолданыстағы қаруды меңгеру, тәуелсіз демократиялық  Отанымызға  лайықты қорғаушы  жауынгер болу-күрделі іс. Сондықтан, әрбір жасөспірім  мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өзін әскери қызметке  дайындауға, Қазақстан Республикасы мен  оның халқы алдындағы  азаматтық борышын  жауапкершілікпен  ұғынуы тиіс. ҚР-ның Жоғарғы Әскери Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030» даму бағдарламасындағы негізгі жеті басымдықтың бірі –мемлекетіміздің  ұлттық қауіпсіздігі екенін атап көрсеткені  баршамызға мәлім.       Алғашқы әскери дайындық пәнін  оқытуда  әрбір жас жігіт , бойжеткен қыз  еліміздің келешегі  жолында табанды күрескер болуы  қажеттігін ұғындыра білу керек. Патриот, ержүрек  азаматтарды тәрбиелеудің  негізі  мектепте қаланады. Отанның лайықты  қорғаушысы болу  күрделі іс. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2014 2182
    • DOCX 15 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмуханова Асель Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурмуханова Асель Кайратовна
    Нурмуханова Асель Кайратовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 122084
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе