Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Авторлық бағдарлама Тақырыбы: Тіршілік эволюциясы

Авторлық бағдарлама Тақырыбы: Тіршілік эволюциясы



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қызылорда облысы Шиелі ауданы


251 М.Әуезов атындағы орта мектеп






Авторлық бағдарлама



Тақырыбы:

Тіршілік эволюциясы

Қоғамдық –гуманитарлық бағытына

арналған таңдау курсы





Бағдарлама авторы: Бердімұратова Гүлбахар


Сыныбы: 11






















Түсінік хат

Қазіргі кездегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайда оқушылар тәрбиесіне, оқыту мен дамытуына жаңа талаптар қою білім беру жүйесіне реформа жасаудың маңызды міндеті болып табылады. Жаңашылдықтардың бағыттары Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында былай деп анықталған: «Қарқынды өзгерістер мен ақпарат легінің кең өріс алуы жағдайында негізгі пәндік білім берудің міндетті түрі болып табылғанмен, оның жеткілікті мақсаты емес. Оқушылар білім мен дағдылар жиынтығын тек меңгеріп қана қоймай, оларды өз бетімен іздеп, талдап, құрып, ақпаратты тиімді түрде қолдана отырып, қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті болып шығуы керек»

Демек, қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай туғызатын және олардың үйлесімді дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Олай болса, бұл мақcатқа жету жалпы білім беретін мектептерді басқаруды жетілдірумен астасып жатыр.

Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары сатысына бағдарлы оқытудың енгізілуі жатады Бұл процестің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарында (2002ж) және т.б. негізге алынатын құжаттарда тұжырымдалып көрсетілген болатын. Осы білім беру стандартына сәйкес 2005-2010 оқу жылдарында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сыныптарына бардарлы оқыту енгізіле бастады, ол оқытуды дараландыруға және оқушыларды әлеуметтендіруге бағытталған жоғары сынып оқушыларының арнайы дайындық жұйесін құруды ескереді.

Бағдарламаны оқытудың мақсаты жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында оқушыларды даралап оқытуға, оның әлеументтенуіне және мектептің жоғары сатысында орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелері мен сабақтастығына бағыттала отырып:

  • Оқытуда әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасап, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Саралап оқыту негізінде өзіндік оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру міндеттерін шешеді. Бұл өз кезегінде білім мазмұнын таңдау принциптері (базалық білімді қамтамасыз ету үшін функциональдық толымдығы; орта жалпы білім беру сатылары арасындағы сабақтастық) мен вариативті білім беруді іріктеу критерийлерін (оқушылар мен олардың ата-аналарының талап-тілектері, сәйкес оқу-әдістемелік және материальдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі) анықтап беріп отыр.

Ағымдағы оқу жылында 11 сынып бір бағыт бойынша, яғни қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқып жатыр.Бұл бағдарлама оқушылардың орта білім алуға, мамандық игеру мен өмірде табысқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ету әрбір адам үшін түбегейлі қажеттіліктен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалған. Осы негізде гуманитарлық биология пәнін таңдаған оқушыға өзі таңдаған пән саласында білімдерін ұштастырып, дамыту үшін “Тіршілік эволюциясы” атты курсында оқушыларың ғылыми дүниетаным көзқарастарын қалыптастыруға, материалды тереңірек зерделеу дағдысын қалыптастыруға бағдарланған.







Курстың мақсаты:

- Оқушыларға жаратылыстың тылсым дүниесі тіршілік жайлы терең де

тиянақты білім брудің бағыттарын күшейту;

- Өз бетінше білім алу, табиғи құбылыстарды бақылау және түсіндіре алу

біліктерін қалыптастыру;



Курстың міндеттері:

а) білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімділік траекториясын құруға жағдай жасау;

ә) оқушылардың интеллектуалдық деңгейін, ой-ұшқырлығын дамыту;

б) оқушылардың бойында биология ғылымына деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту ;

в) оқушыларды жоғары оқу орнында білім жалғастыруға дайындау.


Бағдарламаны жүзеге асырудың күтілетін нәтижелері:

  • Материалды тереңдете оқытудың тиімділігін арттырудың негізгі жолы мұғалімнің ұйымдастырушылығы мен оқушының өз бетінше зерделеу іс әрекетін қамтамасыз ету;

  • Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындай отырып, жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды;

  • Өз бетінше іздене отырып танымдылық іс әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы артады, өз ойларын жеткізе алады;

  • Тіршіліктің пайда болғанын, тірі ағзалардың дамуы жайлы
























ІІ. Негізгі бөлім

Тіршілік әволюциясы” таңдау курсы бойынша оқу мазмұны мен құрылымы

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)


Кіріспе. Жердегі тіршіліктің пайда болуы.Тіршілік туралы ұғым (8 сағат)

Бағдарланған курстың негізгі бағыттары мен мазмұнын таныстыру.

Тіршілік ұғымының анықтамасы. (1 сағат)

Жер планетасының пайда болуы туралы гипотезалары. Жер гравитация әсерінен бірге қысылған айналмалы газдар мен шаңның ғарыштық бұлтынан пайда болды.Бұл материяның көп белгісі Күнді құрай отырып, оның ортасына қысылды. Қалған бөлшектер шарлар мен жртастық кесектер – планеталарды құрады. Осындай кесектердің бірі – Жер болып шықты.

Жерде тіршіліктің пайда болуы.(1 сағат) Жер бетіндегі тіршілік жаратылысының пайда болуы жайлы қызықты деректер.

Жер шарындағы алғашқы атмосфера. (1 сағат) Жердің ең алғашқы атмосферасының құрамында бос күйінде оттек, оксидтер, карбонаттар, металл карбидтері т.б. газдар жатады.

Жер тарихындағы алғашқы организмдер. Ертедегі бактериялар (2 сағат)

Алғаш оттек бөлген балдырдар. (1 сағат)

Құрлыққа алғаш шыққан ағзалар (1 сағат)

Жинақтап қорыту “Әлем қашан және қалай пайда болды?” (1 сағат)


Тіршіліктің пайда болуы туралы жөніндегі теориялыр (7 сағат )

Тіршіліктің пайда болуы жайындағы ертеден келе жатқан материалистік және идеалистік көзқарастар. (1 сағат). Витализм. Абиогенез. Креационизм. Панспермия. Тіршілік өлі табиғаттан пайда болған. Жер бетінде тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш жаратқан деп түсіндіреді.

Л.Пастердің зерттеулері. (1 сағат) Л.Пастер Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтыны жайлы зерттеу тұжырымдамалары. Биогенездік және абиогенездік теориялары.

ХІХ ғасырдағы А.И.Опарин және басқа ғалымдардың тіршіліктің пайда болуы жайлы көзқарастар. (2 сағат) Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын, органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі жайлы табиғи теориясын тұжырымдады.

Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. (1 сағат) Органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі. Биополимерлер. Биологиялық мембраналардың түзілуі.

“Тірі ағзаларды құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті?” (1 сағат)

Тарау соңында өтілген сабақатарды қорытындылау барысында оқушылардан “Тіршіліктің өзі қалай дамыды?” тақырыбында бақылау жазу. (1 сағат)


Биохимиялық эволюция. Тіршіліктің даму. (12 сағат )

Эволюция. Эволюция түсініктерінің қалыптасуы. (1 сағат). Эволюция ұғымы, оның бағыттары.

Тірі организмдердің даму шежіресі. (2 сағат). Геохронологиялық шежіредегі замандар, кезеңдер, дәуірлер және олардың миллион жылдарға созылған уақыты. Архей, протезой, палеозой, мезазой, кайназой заманындағы тіршіліктің даму эволюциясы.

Тірі ағзаларды құрайтын заттар. Тірі ағзалардың негізгі ерекшеліктері. (1 сағат). Тірі ағзалардың өлі денелерден айырмашылығы.

Тіршіліктің жаратылыс деңгейлерінің негізгі құрылымы. (2 сағат). Тірі ағзалар молекулалық – жасушылақ – ағзалық – популяциялық-түрлік – биогеоценоздық, биосфералық деңгейлер. Әрбір тіршілік деңгейінің күрделенуіне байланысты өзіне тән құрылымдылық ерекшеліктері.

Тірішілік эволюциясындағы ДНҚ мен РНҚ рөлі (1 сағат). Жер тарихындағы алғашқы биологиялық мономерлердің түзілу нәтижесінде олардан бірте-бірте нәруыздар және нуклейн қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) қосылыстарының пайда болуы.

Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері (1 сағат). Тірі ағзалар органикалық және бейорганикалық заттардан түзілген. Зат алмасу және энергия алмасу. өзін-өзі реттеуі, көбеюі, тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі, өсуі мен дамуы.

Биохимиялық эволюция және тіршілік (1 сағат).

Жинақтап қорытындылау (1 сағат)


Тіршілік эволюцияның өрлеуі (6 сағат)

Тірі ағзалардың жүйеленуі (1 сағат)

К.Линней мен Ж.Б.Ламарк ілімі (1 сағат) Жүйелеу атасы К.Линней тірі ағзаларды алғаш рет топтастырып жүйелеген швед ғалымы. Өсімдіктер мен жануарларды класқа, қатарға, туысқа, түрге бөлуі. К.Линнейдің өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірген жүйесін. Ж.Б.Ламарк эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысы. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстырған зерттеулері. Ламарк эфолюцияның негізгі факторы сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейтінін өз тәжірибелерімен дәлелдеген эволюционист.

Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.Негізгі қағидалары. (1 сағат). Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы , натуралист , биологиялық эволюцияның негізін салушы . Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым. Ч.Дарвин табиғатта жаңа түрлердің қалай пайда болатынына ерекше көңіл бөліп организмдердің табиғи жағдайда қалай көбейетіндігін бақылап, органииизмдердің артына ұрпақ қалдыру үшін өсімдіктер мен жануарлардың кез келген түрлері табиғата геометриялық прогрессиямен көбеюге қабілеттілігін дәлелдеген. Қоршаған орта жағдайларында жануар түрлерінің жойылып отыратындығы табиғи сұрыпталу әсерінен болатындығы жайлы дәлелі. Ағзалардың түрін көбейтіп, жаңа түр алу барысында қолдан сұрыптау тәжірибелер жүргізіп, ғылымға үлкен жаңалық қосты.

Өсімдіктердің тірішілік формасы (1 сағат)

Жануарлардың тіршілік формасы (1 сағат)

Жинақтап қорытындылау (1 сағат)


















Қорытынды.


Қорыта келе, оқушылар бағдарланған курстан биология ғылымының бір бөлшегі тіршіліктануды жан жақты мағлұмат ала алды. Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың биологиялық ойлауын қалыптастыратын дүниетанымдық идеяларды, біліктілік пен дағдыны және биология пәні курсының арасындағы сабақтастықты, сонымен қатар іс әрекеттік тәсілді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Оқытудың міндетті нәтижесіне жету оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығына, олардың шығармашылық дағдыларына, әр оқушының мүмкіндігі мен дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау болып табылады. Аталған таңдау курстың бағдарламасын жасау барысында А.Н.Мягкова, Б.Д.Комиссарованың «Жалпы биологияны оқыту методикасы» мен Е.А.Веселовтың «Дарвинизм негіздері» кітаптартарын басшылыққа ала отырып жасалды.

  • оқушы өзі таңдаған бағдарда тереңірек білім алуға мүмкіндік алды;

  • өзінің қабілеті мен бейімділігіне қарай білім мазмұнын таңдап оқуға қолы жетті;

  • білім алушы оқу үрдісінде белсенді ұйымдастырушы, өздігінен білім жолын игеруші, нәтижесін бағалаушы тұлғаға айналады;

  • білім алушының даму кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін өзі дамыта, басқара отырып, өсу траекториясын өзі белгілеуші болады.

Жинақтап айтқанда, білім қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз

ететін ғажайып құбылыс, жеке адам мен қоғам үшін құндылық, оның негізгі қызметі адам бойындағы адами оң сезімдерді жетілдіріп, жаһандану дәуіріне сай шығармашыл тұлға әзірлеу. Ол үшін оқушының білімге ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа сай сабақ құрылымын, әдіс тәсілдерін түрлендірген жөн. Сондықтан да оқушыны ең алдымен ойлау дәрежесін дамыту үшін сөйлеу, қабылдау қабілетін арттырған абзал. Сондай ақ оқытуды өмірмен ұштастыра отырып, әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Ауыл жағдайында мұндай мүмкіндікті саралап, бағдарлап оқыту арқылы ғана шешуге болады десек қателеспейміз. «Талаптыға нұр жауар» дегендей бүгінгі таңда шәкірттерге сапалы да саналы білім алуларына жөн жоба көрсету ең алдымен әрбір ұстаздың алдында тұрған борышы.






















Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Қосымша оқулықтар (альтернативті)

  2. Кенесарина Н. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері

  3. Прафдин Ф.Н. Дарвинизм

  4. Мягкова А.Н. Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы

  5. Әбшенова Л.У. Заирова Б Биология

  6. Биология және салауаттылық негіздері журналы



















Р/с

Өтілетін сабақтың тақырыбы

сағат

Ұйымдастыру формасы


Кіріспе

1


І

Жердегі тіршіліктің пайда болуы.Тіршілік туралы ұғым

8


1

Тіршілік ұғымы

1

Дәріс

2

Жер планетасының пайда болуы

1


3

Жерде тіршіліктің пайда болуы

1


4

Жер шарындағы алғашқы атмосфера

1


5

Жер тарихындағы алғашқы организмдер. Ертедегі бактериялар

1


6

Алғашқы оттек бөлген балдырлар

1


7

Құрлыққа алғаш шыққан ағзалар

1


8

Жинақтап қорыту “Әлем қашан пайда болған?”

1


ІІ

Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар

7


1

Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы діни-идеалистік және материалистік көзқарастар

1

Пікір алмасу

2

Л.Пастердің зерттеулері

1


3

ХІХ ғасырдағы А.И. Опарин бастаған ғалымдардың тіршілік туралы тұжымдамалары

2


5

Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

1


6

“Тірі ағзаларды құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті?”

1


7

Жинактап қорытындылау “Тіршілік өзі қалай дамыды”

1

Шығармашылық жұмыс

ІІІ

Биохимиялық эволюция. Тіршіліктің дамуы

12


1

Эволюция. Эволюциялық түсініктердің дамуы

1


2

Тірі организмдердің даму шежіресі

2


3

Тірі ағзаларды құрайтын заттар

1


4

Тірі ағзалардың негізгі ерекшеліктері

1


5

Тіршіліктің жаратылыс деңгейлерінің дене құрылымдары

2


6

Тіршілік эволюциясындағы ДНҚ мен РНҚ-ң рөлі

1


7

Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері

2


8

Биохимиялық эволюция және тіршілік

1


9

Жинақтап қорытындылау

1


ІҮ

Тіршілік эволюцияның өрлеуі

6


1

Тірі ағзалардың жүйеленуі

1


2

К.Линней мен Ж.Б.Ламарк ілімі

1


3

Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.Негізгі қағидалары

1


4

Өсімдіктердің тірішілік формасы

1


5

Жануарлардың тіршілік формасы

1


6

Жинақтап қорытындылау

1







Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Курстың мақсаты: - Оқушыларға жаратылыстың тылсым дүниесі тіршілік жайлы терең де тиянақты білім брудің бағыттарын күшейту;             - Өз бетінше білім алу, табиғи құбылыстарды бақылау және түсіндіре алу біліктерін қалыптастыру;     Курстың міндеттері:             а) білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімділік траекториясын құруға жағдай жасау;             ә) оқушылардың интеллектуалдық деңгейін, ой-ұшқырлығын дамыту;             б)  оқушылардың бойында биология ғылымына деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту ;             в) оқушыларды жоғары оқу орнында білім жалғастыруға дайындау.   Бағдарламаны жүзеге асырудың күтілетін нәтижелері: ü  Материалды тереңдете оқытудың тиімділігін арттырудың негізгі жолы мұғалімнің ұйымдастырушылығы мен оқушының өз бетінше зерделеу іс әрекетін қамтамасыз ету; ü  Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындай отырып, жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды; ü  Өз бетінше іздене отырып танымдылық іс әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы артады, өз ойларын жеткізе алады; ü  Тіршіліктің пайда болғанын, тірі ағзалардың дамуы жайлы 

Общая информация

Номер материала: 56788040304

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>