Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Баяндама

библиотека
материалов

hello_html_2559dc23.gifhello_html_4fc1029e.gifМ. Әуезов атындағы №251 орта мектеп















Тақырыбы:









Дайындаған: Жақыпова А





















2013 оқу жылы



Баяндама тақырыбы: Негізгі және орта мектептерде 12 жылдық

білім беру негіздері

Мақсаты: Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға

себеп болған жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясын

түсіндіру;. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың

2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі жайында ; 12

жылдық білім берудің методологиялық  негіздеріне орай, мектепте

білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды

бағыттарына түсінік беру; 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан

Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары

мен дамыту стратегиясын айқындау.


Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды.

  4. Пайдаланған әдебиеттер.























Кіріспе.

Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар күш жігерімізді экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салдық. Ендігі мақсат – сол экономикалық, әлеуметтік даму бағытымыздың әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беруі. Елбасының сөзімен айтсақ, «біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу». Ал өмір сүріп отырған қоғамның әл-ауқатын жақсарту және әлем елдерімен терезесі тең дәрежеде дамыту ондағы білім саясатының арқасында жүзеге асатыны белгілі.

Сапалы білім – ел эконимкасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыруында.

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Ал ол мектептің жемісі — өзгермелі қоғамға бейім, өз қабілеттерін толық көрсете алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де құнды жеке тұлға болмақ. Мектепті бітірген әрбір тұлғаның мақсаты айқын, міндеті нақты, өзінің қажеттілігін қанағаттандыруды көздейтін білім іздеуге қабілетті болуы тиіс. Сонда ғана ертеңінен үміт күттіретін өскелең ұрпақ өз елінің тәуелсіздік жемісін көрмек.

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болғанда осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау керек» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.









Негізгі бөлім.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

  12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады

1-саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар – бастауыш мектеп)

2-саты – негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар – негізгі мектеп)

3-саты – жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар – жоғарғы мектеп)

Біздің болашақ түлектеріміз еңбек ететін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған 12 жылдық мектеп оқушыға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуді басты мақсат етіп қояды. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби даярлығы жеткілікті болып, алған біліміне сай жаңа технологияларды сабақта шебер қолдана алатын болса, алдына қойылған мақсаты айқын, дүниетанымы кең, соған орай алдында отырған шәкіртіне ақпараттар әлемінен қажетті білімді таңдай алуға үйрете білсе ғана тиімді нәтижеге қол жеткізе алады. Ағылып түсіп жатқан ақпараттар ағынынан қазіргі мектеп партасында отырған оқушылар өз бетімен өздеріне қажетті мәліметтердің жиынтығын алып, күнделікте өмірде алып, күнделікті өмірде пайдалана алады деу – жаңсақ пікір. Күнделікті оқу үрдісінде келешек ұрпаққа қажетті білімді ой елегінен өткізіп, сараптап, саралап тек мұғалім бере алады.

12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз.

Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.


Мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін - өзі белсенді етуге дайындау, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейімдеу, бәсекеге қабілетті және шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Міндеті:
1. Баланы өзіне жақын тарту.
2. Оқушының жан – жақты дамуы.
3. Өз пікірі мен ойын ашық жеткізуі.
4. Келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуы
5. Шығармашылық әлеуетін толық іске асыруы.

Мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін - өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы білім берудің ірге тасы болып саналатын бұл буынның өзіндік ерекшелігі, мәні мен маңызы зор. Осы аталған оң өзгерістерді жүзеге асыру үшін жоғарғы сынып мұғалімі сол білімдермен өзі қаруланған болуы тиіс.

Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Себебі әлемдегі ғажайып жаңалықтарды өзі білім, білікті шығармашылық құндылық ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес қолданып, жаңаны табумен мүмкін болады.

Еліміздегі орта білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуді, әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарасты жаңаша тұрғыдан қарастыруды көздейді. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - білімді, бәсекелестік қабілеті бар, шығармашыл, дербес, ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Мектептегі жас ұрпақтың ақыл-ойы, рухани дамуының негізі – оқылатын пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие жұмысының мақсатқа сәйкестігі мен меңгеретін ғылыми білімдер жүйесінің шығармашылық сипатына байланысты.

Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздейді.



Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығы мен шығармашыл тұлғасын қалыптастыру мәселесіне қызығушылықтың артуы осы міндеттерді шешудің бағдары ретінде қарастырылып отыр.

«Парадигма» латын тілінен аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Ал қазіргі педагогикада білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылып келеді. Білім беру парадигмаларының көптеген түрлері бар. Кейбір ғалымдар білім беру парадигмаларының көптүрлілігін педагогикалық өркениетке байланыстырады, адамзат қоғамы көптеген сатылардан: табиғи және репродуктивті-педагогикалық өркениеттен өтіп, креативті-педагогикалық өркениетке енуде деген пікірлер айтылуда. Бұл педагогикалық өркениет мұғалім іс-әрекетінің жаңа қырларын аша отырып, кәсіби педагогикалық сапалары мен қызметтерін түбегейлі түрде жаңартуды талап етеді. Бұл ізденістердің жарық жұлдызы ретінде педагогикалық парадигма, яғни адамзат қоғамының әлемдік әсер тәсілдерін меңгеруі мен педагогикалық ой-өріс пен қарым-қатынастың онтологиялық және жеке аспектілерін қамтитын жүйесі ретінде алға шығады.

Бірақ білім беру парадигмаларының бірінен-бірі артық, не қалыс қалған түрлері болмайды. Олар өз кезеңіндегі әлемді түсіну мен педагогикалық нысандардың мәні, оқу-тәрбие процесінің құрылымына байланысты болады.

Қорытынды.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым – қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай - ақ қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім берудің басты ерекшелігі – баланың жан - жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін - өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, саяси өмірге араласуға мүмкіндік береді.
12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту технологияларын енізуді талап етеді.
12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы Халық педагогикасын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрыптарды жан – жақты, терең білетін 12 жылдыққа көшу мәселесі – біздің еліміздің, ұлттық өнеріміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. Біздің мемлекетіміздің бүгінгі жайы, ертеңгі даму көкжиектері Қазақстан Республикасының тұтастай даму болашағын айқындайтын бірден – бір фактор деуге болады.
А. Байтұрсынов:
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы.
Яғни мұғалім білімді болса, білім біліп шықпақшы. Сондай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.»









Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Егеменді Қазақстан» газеті, 2009 ж

  2. « Сыр мектебі» газеті, 200912,13

  3. « Сыр мектебі» 2010 ж 6,8

  4. «Тәрбие құралы» газеті



Краткое описание документа:

Баяндама тақырыбы:    Негізгі және орта мектептерде 12 жылдық                                                                  білім беру  негіздеріМақсаты:  Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға                                себеп болған  жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясын                 түсіндіру;.  Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың                   2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі жайында ; 12                  жылдық білім берудің методологиялық  негіздеріне орай, мектепте                 білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды                     бағыттарына түсінік беру; 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан                     Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары                  мен дамыту стратегиясын айқындау.Жоспары: 1.        Кіріспе2.        Негізгі бөлім3.        Қорытынды.4.        Пайдаланған әдебиеттер.
Автор
Дата добавления 03.04.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров643
Номер материала 56863040319
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх