Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҚазақ тілі мен әдебиет сабақтарын коммуникативті құзыреттілік негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын коммуникативті құзыреттілік негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.

Скачать материал

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын коммуникативті құзыреттілік негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.

Асылова Р.Б.                                                                                                                                   

        Қазақ тілін мен әдебиет пәндерінің оқытудағы мақсат - тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін, яғни сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру.

 Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатыныс тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдылырын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдері орныдауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаса шетел тілінде қатынас дағыдылары болуын қарастырады.

   Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
         Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

·         Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

·          Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

·         Білім беру, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

·          Оқушылардың қаблеттерінің ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.


    Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткіземіз:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

    «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор.Бұл жоба кез келген ұстазға сапалы білім беруге мүмкіндік береді.   Менің мақсатым қазақ әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді жолдарын анықтау.Ең бастысы,қазақ әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдануда әдіс-тәсілдерін таңдап алдым.Қазақ әдебиеті сабағында қолдану әдіс-тәсілдері:»Болжау» , «Венн диаграммасы», «Топтастыру» , «Аялдамамен оқу», «Аквариум», «Эссе», «Ой қозғау».
  Осы тәсілдерді қолданып сабағымды жүргізе бастадым. Әрине,маған бүкіл жобаны қолдану жеңілге тиген жоқ.Басты кезде уақытымның жетпей қалуы мені көп қобалжытты. Бұған себеп:оқушының баяу қозғалуы;ойын еркін жеткізе алмауы өз ойын қағазға тез,жүйелі түсіре алмауы.
  Уақыт өте келе,оқушылардан бір өзгеріс байқадым. Ол-оқушылардың бір-бірінен қысылмай ойын еркін жеткізуі.Ең бастысы,біреудің пікірі құнды екенін түсіне бастауы мені таңқалдырды. Бұған басты себеп -СТО жобасы.
    Әр сабақ сайын сыныпта «Біреудің сөзін бөлме», «Талқылауды мұхият тыңда» т.б қағидалар тақтада,қабырғада ілулі тұрды.Бұл қағидалардың үлесі көп болды. СЛАЙД
   Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан,әсіресе, «Ой қозғау», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Топтастыру» әдістері болады.Осы әдістер арқылы оқушылардың өз ойларын топта,ұжымда талдай бастады.
    Мысалы,С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеті»өлеңін болжай отырып,аялдамамен оқыды.  


1топ- «Біздің ойымызша, С.Аронұлы жақсы адам мен жаман адамды толық сипаттап берді».

2 топ- «С.Аронұлы жалпы «Қасиет»деген сөздің мағынасын ашып,жақсы адамға тән қасиетті бөлек саралап берді»,-деп ойлаймыз.

Тағы басқа топтарда сол сияқты өз ойларын өзінше ортаға салып жатты.Өз болжауынан кейін оқушы ойында «Бұл өлең не туралы екен?»деген сұрақ туындап, өлеңге деген қызығушылығы артты.Өлеңді жасаған болжауларымен салыстыра отырып,аялдамамен оқыды.

     Бұл тұрғыда оқушының шығармашылығы дамыды. Ой толғауда «Венн диаграммасын» қолдануды тиімді көрдім.


Жақсы адамның қасиеттері


Ұқсастығы


Жаман адамның қасиеттері

Жақсы адам:сөзіне сақ,
елдің ағасындай,
сөзінің пайдасы бар,жұғымды,
жүзі жылы,
сөзімайда,
елге жыл құсындай
көрінеді.Жақсы адам алысты жақын етеді.

Екеуіде
Адамның
Басына
Тән
қасиеттер

Жаман адам:
Көкрегі көр,
Көзі соқыр,
Өтірікші,өсегі көп
Сүйкімі жоқ адам
Балтаның ұңғысындай
Кеудесі үлкен,
Сөзі кесек.

Бұл диаграмманың тиімділігі оқушы адам бойындағы қасиеттерді айыра біледі,саралай біледі. Сабақ барысында және соңында «Бүгінгі сабақтың тақырыбы сендерді қызықтырды ма?», «Достарыңның пікірін қалай бағалайсың?» т.б сұрақтар беріп отырдым.Сәтті шыққан сабақтардан кейін мақсатыма жеткен- жетпегенімді зерттеп, анализ жасап отырдым.Сол талдау арқылы жалпы сыныптың ынтасын жоғалтып алмауға тырыстым. Әр сабақта өтілетін стратегияларды түрлендіріп отыруды жөн көрдім.
   Әрбір стратегияны қолданудың өзінің тиімділігі бар.Оқулықта әр ақын,
жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет беріліп тұрады.Жалпы ақын-жазушының өміріне түсініктеме беру үшін2-3 минут уақыт беріледі.Мен бұл кезде «Ассоциация» стратегиясын қолдандым.Мысалы: А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтаңба» өлеңін өткен кезде оқушыға «Абай кім?» деген сұраққа ассоциация жасаттым. Әр бала өзінше өз бетімен жазды,топта, ұжымда талқылады.Сабақ соңында үй тапсырмасына қосымша ретінде осы ассоциацияны толықтыруға бердім.  Бұл мен үшін тиімді болды,уақытты үнемдедім, бірінің білмегенін бірі айтты. 
       Осы ассоцияны толықтыру үшін оқушы кітапханаға барып,келесі сабақта толықтырып әкеледі, яғни ізденімпаздығы артты.
     Ой толғау, эссе стратегиясын көбіне сабақты қорытындылау кезінде немесе үй тапсырмасы ретінде қолданған тиімді.  Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышын» атты өлеңін өткен кезде ,үй тапсырмасына  «Менің борышым» атты   ойтолғау берілді.       Мысал ретінде 2 оқушының эссесін ұсынам
:

  • Әр адам елім,жерім деп өсуі тиіс.Оны қорғау,қастерлеу,дамыту-әр адамның парызы.Сол үшін сабағымды жақсы оқу керек.Өйткені ел болашағы-біздерміз!
  • Менің бірінші борышым- ата-анамның ақ сүтін ақтау. Ертең ер жетіп,азамат болғанда,осы жағдайға жеткізген ата-анамның алдында қарызымды өтеу.Дәл қазіргі борышым-сабағыма уақытында барып ,жақсы оқу.

Осы эсселер арқылы ең бірінші баланың ойы дамиды.Бала өз ойын қағаз бетіне еркін түсіреді.Жалпы өлең мазмұнын түсінгенін байқаймыз.
  Сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдерін әдебиет сабағында қолдану арқылы байқағаным: қандай шығарма болса да,бұрынғыдай еріксіз емес,өз еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқиды.Өткен сабақпен жеңіл,әрі толық байланыс болады.Кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екендігін сезіне бастады.Оқытудың бұл түрінде оқушы рөлі ерекше. Себебі,оқушылардың жеткен нәтижесі. Оқушы ұжыммен бірігіп жұмыс жасауды үйренеді.
  Мұғалімнің ғана емес,бір-бірінің пікірлерін таңдап,бағалауға дағдыланады.Еркін сөйлеулері байқалады.Орташа оқитын оқушыларда ортаға тартылып,өз қырларын таныта бастады. Жазу сабақтарына көзқарастары өзгерген. Сабақтың бекіту кезенінде СЛАЙД «Аквариум» стратегиясын қолдануға болады. Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды топтастыру. «Көрнекілік арқылы болжау», оқушылар бірінші тақырыпқа шығады, ал сосын ас  мәзірін дайындап, дастархандағы тағамдар туралы айтқанда, тіл дамыту арқылы білім сапалары жоғарлауына жағдай жасалады. «Үш маңызды сұрақ» стратегиясы шәкірттерімнің сөздік қорларын байытуға мүмкіндік береді.
      Сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблема шешу құзыреттілігі, коммуникативті құзыреттіліктерін дамыту мақсатында әр түрлі стратегиялардың тиімді қолдануына ерекше мән бердім. Мәселе шешу құзыреттілігін қалыптастыру барысында: Венн диаграмасы,дәлелді эссе. 
   Коммуникативті  құзыреттілік қалыптастыруда: аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, дөңгелек стол, болжау,оқырман жауабы,жазба конференция,бірлесе жазған әңгіме,сауалнама т.б стратегияларды қолданудың тиімділігі анықталды. Оқушы құзыреттілігін дамытуда СТО технологиясының тиімді екенін түсіндім. Бұл жоба қоғам талабына сай құзыретті тұлға қалыптастыруда үлесі өте зор.

           Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Оқушыларға тілді меңгерте отырып, құзыреттіліктерін қалыптастыру мына қағидалар жүзеге асады:

-          тұтастық;

-          сөйлесімге қатысты басты ережелерді меңгерту;

-          сөйлесімнің түрлерін меңгерту;

-          ынталандыру;

-          тақырыптық;

-          сөйлесуге қатысты ішкі резервті пайдалану;

-          жағдайлар мен ортаны ескеру.

    Қорыта айтқанда, оқушылар сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін меңгергеннен кейін төмендегідей талапқа сай болуы керек:

1.                  Оқылымға қатысты: мәтіндерді дауыстап дұрыс оқи білу, дауыс ырғағындығы екпінді жетік меңгеру.

2.                  Жазылымға қатысты: қарапайым сұрақтарға жауаптарды жаза білу, шағын жазба жұмыстарының түрлерін жазуды меңгеру.

3.                  Айтылымға қатысты: өмірде жинақталған материалдарға байланысты шағын хабарлама құрастыру, ауызша пікір алыс, түсінісу.

4.                  Тыңдалымға қатысты: айтылған түрлі ойларды, ұсыныс-пікірлерді түсінісе білу.

5.                  Тілдесімге қатысты: оқушы кез келген ортада пікірлесе білуі керек.

    Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту - басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс- тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.

      Қазақ тілі сабақтарын коммуникативті құзыреттілік негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасы жоғарлағанын оқушылардың нәтижелі еңбектерінен көруге болады. Слайд Соңғы үш жыл ішінде оқушыларым қалалық, облыстық ,пән олимпиадасына қатысып, 2009-2010 жылы Алинова Әсем жүлделі II орынға ие болды. Оразбай Мадина 2010-11 ж., 2011-12 ж. жеңімпаз атанды. Али Әсем аталған олимпиадаларда жүлделі II орынға ие болды. Ахметова Румия 2010-2011 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында II орын алды. 2012 жылы да 2 орынға иеленді. 2013 жылы қалалық пән олимпиадасында Ерзиков Захар 2 орынға ие болды.

Білім сапасының жоғары деңгейге көтерілгендігін оқушылардың  жыл сайын халықаралық  Сәтбаев оқуларына, түрлі зияткерлік сайыстарға белсенді қатысуында көрінеді. Соңғы жылдары тәжірибем қалалық, облыстық деңгейде таратылды. Павлодар облысы Қашыр ауданындағы мектеп мүғалімдерінің алдында да өз тәжірибеммен бөлістім, қазіргі күнде де көмектесіп тұрамын.

Сонымен қатар қала көлемінде қазақ тілінде өтетін шараларға белсенді қатысуға тырысамын. Ғылыми қоғам “Жас қанат”,”Олимпиада үміткерлері “ арнайы курсы (бағдарламаның рецензенті ф.ғ.к. А.Кудерина) , әдістемелік бірлестігіне жетекшілік етіп, мектебімде қазақ тілі пәніне, жалпы қазақ тілінің мәртебесін, мемлекеттік тіліміздің – халқымның рухани байлығы  ретінде биік ұстауға тырысамын.

            2008 оқу жылы педагогикалық тәжірибем жинақталды және қала мұғалімдер арасында таратуға ұсыным жасалды.                

            2009, 2011 жылдарда 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындап, жоғары нәтижеге жеттім: білім сапасы 100%, орта ұпайы – 21,8. Қалалық тамыз конференциясында басылатын  «Табыс-2011», «Табыс-2012»  кітаптарында мектеп бітіруші түлектері ҰБТ-де жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдер арасында  аталдым.

   «Алтын белгіге» үміткерлер өз білімін дәлелдеді, үздік аттестатқа ұсынылған  оқушының бәрі білімдерінің биік сапасын көрсетті. Шәкірттеріме сапалы білім беру арқылы, қала мектептерінің түлектерін ҰБТ-ға сапалы дайындағаным  үшін 2013 жылы  «Алғыс хатпен» марапатталдым . 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын коммуникативті құзыреттілік негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын коммуникативті құзыреттілік негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. Асылова Р.Б.                                                                                                                                     Қазақ тілін мен әдебиет пәндерінің оқытудағы мақсат - тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін, яғни сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру.     Коммуникативті  құзыреттілік қалыптастыруда: аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, дөңгелек стол, болжау,оқырман жауабы,жазба конференция,бірлесе жазған әңгіме,сауалнама т.б стратегияларды қолданудың тиімділігі анықталды. Оқушы құзыреттілігін дамытуда СТО технологиясының тиімді екенін түсіндім. Бұл жоба қоғам талабына сай құзыретті тұлға қалыптастыруда үлесі өте зор.         

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2014 1570
    • DOCX 31.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асылова Раушан Бекболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асылова Раушан Бекболатовна
    Асылова Раушан Бекболатовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20241
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе