Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Санды және әріпті өрнек
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Санды және әріпті өрнек

библиотека
материалов

hello_html_34d0ecb8.gifhello_html_maee97ff.gifhello_html_5165b4fe.gifhello_html_m6134a1f7.gifhello_html_41719fc7.gifhello_html_71044bcc.gifhello_html_690a04cb.gifhello_html_a4c60fc.gifhello_html_m5cffdb01.gifhello_html_m23947595.gifhello_html_m7deff4b8.gifhello_html_m7bdadcb8.gifhello_html_m4cd42c28.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_1fa1e256.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_190e626f.gifТақырыбы: «Санды өрнек, әріпті өрнек»

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сәнді және әріпті өрнектер туралы ұғым беру, таныстыру.

Іс-әрекет,мақсатқа жету әдістерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, іздемпаздыққа,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ребустар, ойындар. Ауыл көрінісі суреттері, сызбалар, тесттік тапсырмалар.

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздендіру.

Түрі: Саяхат сабақ. Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Пәнаралық байланысы : Ана тілі,дүниетану.

Жүрісі 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Қазіргі қандай сабақ?

«Математика»

Олай болса математика сөзін оқығанда қандай ой келеді? Соны мына сызбадан бақылайық. Осы уақытқа дейін математика пәнінен не үйренгенімізді есімізге түсірейік.

Шығармашылық Әріпті, санды Оқулық

Тапсырмалар өрнектер


0, 1, 2, 3, 4, 5... Есеп ш:

сандар Математика

цифрлар с:


Қосу, азайту кестесі Амал таңбалар Геометриялық фигуралар

5+4; 10-4. +, -, /, =, <, >. , , , .


Бүгінгі сабақта сендер шығармашылыққа бағытталған деңгейлік тапсырмаларды орындайсыңдар. «Шығармашылық» - «шығару», «ойлап табу» екенін білесіңдер.Енді мен сендерге сұрақтар берейін.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Көктем.

  • Наурыз айында қандай мерекелер бар?

  • 8-наурыз «Аналар» мерекесі.

  • 22-наурыз «Наурыз тойы».

Наурыз мерекесі туралы не білеміз? Шағын әңгіме, сұрақ-жауап әдісімен.

Наурызда ағаш уйлер құрылады. Тойда түрлі ұлттық ойындар ойналады. Ақ мол болады. Тілектер айтылады. Баталар беріледі.

Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз наурыз қарсаңында ауылдарға саяхатқа шығу. Ондағы ауыл адамдарының наурызға дайындығын байқап қайтып, өзімізге керекті жерлерін үлгі тұту. Саяхатқа шықпас бұрын өзіміз де наурызға дайындық ретінде ағаш үйімізді дайындап, құрып кетейік.

  • Ағаш үй сүйектерін кім атайды?

  • Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық.

Осы жерде сіздерге тапсырма беремін. Ағаш үй сүйектерінде бірнеше тапсырма берілген, дұрыс орындасақ, онда ағаш үйімізді құрып, наурызға дайын екенімізді білдіреміз.

  1. «Кереге» - «Үндемес ойыны»

  2. «Уық» - «Математикалық есептер»

  3. «Шаңырақ» - «Математикалық ребустар»

  4. «Сықырлауық» - «Логикалық есептер»

Үйімізді құрдық, наурыз мерекесін қарсы алуымызға барлығымыз да дайын екенбіз.

Енді саяхатқа баратын көлігімізді таңдап алуымыз керек.

Ат арбамен шыққан көңілдірек болар, өйткені айналаның кереметін тамашалап , табиғат қызықтарын көріп қайтамыз ғой.

Олай болса ауыл адамдары көлігімізді дайындап қойған екен. Енді сапарға шығуға дайындалайық.

Бұрынырақ жолға шығарда, жаңа іс бастарда үлкен кісілерден бата алатын еді. Біз де бата сұрайық. Бір бала бата айтады.

Ауылға да келіп жеттік. Бірінші ауылымыз «Абай» ауылы болады. Абай ауылына қош келдіңіздер. Абай ауылынң тапсырмасы: Абай атамыздың 160 жылдығын тойладық. Бұл кісінің ауылы бізге мыны нақыл сөздің жалғасын табуымызды сұрайды.

«Еңбек етсең ерінбей, ... .... ....»

Бұл біздің сабағымыздың мақсаты. болса, барлығымыз бірігіп, бүгінгі сабақта еңбек етуіміз керек екен.

Сапарымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Екінші ауылымыз «Мұхтар» ауылы. Бұл ауылдың тапсырмасы ребус шешу.

«Әріпті өрнек»

Жаңа сабағымыз: «Санды өрнек және әріпті өрнек» .

Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Мен сендерге математикалық есеп оқимын. Сендер өрнек құрып есептеңдер.

  1. Табақта 6 өрік, 2. Он алманың жетеуін

Қолымда 4 өрік Досың сұрап алады.

Қосқанда барлығы Айтшы сонда нешеуі,

Болады неше өрік? Өз қалтаңда қалады?

6+4 = 10 10-7 = 3

Бұл өрнектер – санды өрнектер.

  1. Мен бір сан ойладым. Ойлаған санмен 4-тің қосындысын жазып көрсетуге бола ма? Түсінік беремін: а + 4; 4 + а; а – 4, 4 – а-әріпті өрнектер.

  2. Келесі ауыл «Ілияс» ауылы. Бұл ауылдың тапсырмасы «Кім шапшаң?» ойыны арқылы салыстыру.

а + 4; 5 + 4 – екеуі де қосу амалы, 2 қосылғышы 4. Айырмашылығы біреуі әріпті, біреуі сандар.

9 – 4; 4 – а –екеуі де алу амалы. Айырмашылығы біреуі әріпті, біреуі сандар.

  1. Келесі ауыл «Сакен» ауылы. Тапсырмасы оқулықпен жұмыс №4 есеп.

Оқушылардың екеуіне оқытып , қайсысы есеп екенін сұрау, талдау, шығару.

Берілгені: Өсіп тұрғаны – 6

Отырғызғаны - 2 ?

Ш: 6 + 2 = 8

Ж: 8 ағаш . Бұл санды өрнек. Мәнін таптық.

  1. Келесі ауыл «Мағжан» ауылы. Тапсырмасы шығармашылық тапсырма.



Сол жақта.ы сызықтардың қайсысы оң жақтағы

сызықтың жалғасы.


Ж: «Астыңғы сызықтың жалғасы»



Бір оқушы тақтаға шығып, түсінік береді, қалғандары орындарынан орындайды.

  1. «Құрманғазы» ауылы. Бұл күйші атамыздың ауылы екен.

Күйші дегеніміз кім? – Күй шығаратын адам.

Тапсырмасы: Домбыра құрастырып жатыр екен. Соған көмектесейік.

  1. «Шанақ» - Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ата.

  2. «Сағақ» - Санды өрнектер ойлап, шешуін тап.

  3. «Басы» - Әріпті өрнек айт.

Енді кеш те таяп қалды, өзіміз де шаршағандай болдық, ауылымызға қайтайық. Ауылымызға да жетіп қалдық. Шөлдеп келеміз. Бізге ауылымыз наурыз көже дайындап қойыпты. Соны ішіп шөл басайық. «Зереңге» құйылған наурыз көже. Балаларға алдына кесеге құйып қойдым. Тесттік тапсырмалар берілген, соны орындасақ.


Тапсырма:

1. Қосындының дұрыс мәнін тап:

а) 7+3 = 10 ә) 6+3 = 8 б) 5+4= 7

2. Әріпті өрнекті тап:

а) 7+а; ә) 8+3; б) 9-2.

3. Санды өрнекті тап:

а) 8+3; ә) а+7; б) 4=4.

«Математикалық ассоциацияға» қайта оралайық. Бүгінгі сабағымызда не үйрендік, не өттік. Әріпті өрнек

Санды өрнек тақ.ілемін.


  1. Енді бүгінгі сабағымызда нені үйрендік, алдағы сабағымызда нені үйренеміз. Соны талдайық.


Біз не үйрендік? Біз не үйренеміз?

Өрнек Әріпті өрнек

мәнін табуды

Санды Әріпті үйренеміз.

мәнін мәнін а=0; 5; 4.

таптық таба алмадық а+5.

0+5=5; 5+5=10


  1. Оқушыларды мадақтау.























«Кішкентай арулар»

Мақсаты: 1.Қазақ халқының өнерін,дәстүрін үйрету 2.Балалардың танымдық қабілетін,эстетикалық талғамын дамыту. 3.Әдептілікке,сұлулыққа тәрбиелеу. Көрнекілік:Тақырып жазған плакат,гүлдер «Анаға мың алғыс»сөзі Барысы: Тәрбиеші:-Құрметті аналар,ұстаздар және кішкентай бүлдіршін қыздар! 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгін мектепалды даярлық тобының кішкентай қыздарының арасында сіздерге арнап «Кішкентай арулар» сайысын өткізгелі отырмыз. Әділқазы алқасын сайлау: Әділқазы,төреші апайларымыз Әділқдікпен өнерді бағалаймыз Ең жоғары 5 болсын ұпайыңыз

Аруларымызды шақырамыз

-Шаштары ұзын жарасқан,

Қыпша белі бұралған..

Өздері әсем,жүзді,

Қарсы алайық қос Жұлдызды.

Арулар келді арайлы

Бұрылып жұртым қарайды

Әсем қыз Нұриладан

Қуаныш күлкі тарайды

Зерделі де зейінді

Зерек кіші пейілді

Білікті жан Диананы

Білмейтін еш киюді

Кіші қамын ойлаған

Кісі жанын сыйлаған

Өнерімен,ісімен

Өзгелерге сыйлы адам Мөлдір деген жарқыным

Мінезі жарқын күндер ем

Мін дегенді білмеген Білімге құмар талпынған

Жайдары жарқын Үміт жан

 

Турлармен таныстыру: 1.Арулар өздерін таныстырады

2.Білімділік сайысы

3.Сәндік үлгі

4.Арулар өнері

5.Менің сүйікті тағамым

Таныстыру: Инабатты жүзінде тұнып тұрған,

Аппақ көңіл көзінде күліп тұрған- дей келіп

1-Турымызды бастаймыз (Арулар өздерін таныстырады әділқазы бағалайды)

2-Турымызды бастаймыз Өнері ағып жатқан бұлақ-дейді халқымыз. Енді қыздарымыздың өнерін тамашалайық

3-Турымызды бастаймыз Заманға қарай сәндік үлгісі (Арулар өздері дайын сәндік киімдерін таныстырады, әділқазы бағалайды)

4-Турымызды бастаймыз Білікті бірді жығар,білімді мыңды жығар Арулар қарап ішінен цифрмен көрсетілген Кішкентай,дөңгелек шарлар суырады Әр цифрдың тапсырмасы бар Сол сұрақтың жауабын айту (Әділқазы бағалайды)

«1» -Ана туралы тақпақ айт

«2»-Өлең есептің шешуін тап: Табақта 2 алма Қолымда 3 алма Қосқанда барлығы Болады неше алма (5)

«3» -Шалқан ертегісінің мазмұнын айт

«4»-Жұмбақтың жауабын дұрыс тап: Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар (қой)

«5»-Еліміздің рәміздерін ата:

Ту, Елтаңба, Әнұран

«6»-Санамақты жаттап айт: Бір дегенім-бесік, Екі дегенім-елім, Үш дегенім-үміт, Төрт дегенім-төзім, Бес дегенім-бесік,

5-Тур: Менің сүйікті тағамым (Арулар өздері дайындаған ас мәзірін әкеледі)

Қортынды: Ал кікентай арулар,

Ешкімің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын,

Оны қазың бағалар.

Әділқазы алқасына сөз береміз: Сайыскерлер өнеріне сай атақ береміз. Аналарымен бірге марапатталады.Сыйлықтар табыс етіледі.

Балалар өздері жасаған ашық хаттарын аналарына табыстайды.

Кішкентай ару

- Өнерлі ару

- Көрікті ару

- Сүйкімді ару

Білімді ару

- Көрермен көзайымы.






















Тәрбие сағаты тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

Мақсаты:

1.Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.

2.Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

3.Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыптыда жинақы қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер.

Сабақтың барысы

Жоспары

І. Кіріспе

Бірінші байлық – денсаулық

ІІ. Негізгі бөлім

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

1.Тазалық – саулық негізі

2.Ас адамның арқауы

3.Болмасын ешбір таласың,

Шынықсаң шымыр боласың.

1.Жақын тұтып денсаулықтың достарын

Біліп жүрсін денсаулықтың қастарын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Дені сау ұрпақ – дені сау болашақ.»

Шығармашылық жұмыс.

Сұрақ-жауап әдісі.

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?

  • Денесін, беті-қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.

  • Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.

  • Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкеністерді жеу керек.

  1. Адамдар не үшін жуынады?

  2. Сендер қолдарыңды беттерінді жуасыңдар?

  3. Жуынбай жүрген баланы қандай бала?

  4. Салақ бала неге ұшырайды?

Енді барлығымыз бірлесе отырып жұмбақ шешейік

1.Жуынам деп жазған-ай 4.Шомылған баланы

Күннен-күнге азған-ай (сабын) Сипайды қолын да

2.Кетіп кір – ласың, Сипайды жонын да

Қарап тұрсаң өзіңе Бұл не? (сүлгі)

Сурет түсер көзіңе 5.Ертеменен күнде

Ол суретің ұқсайды Қолығды сүйкесең

Дәл қазіргі өзіңе (айна) Тап-таза боласың

3.Айналып алады Бұл не? (сабын)

Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ

Бірақта тісі бар

Басымен ісі бар (тарақ)

 

-Міне балалар, сендер тазалыққа керек заттарды білесіңдер. Осы кір затты не кетіреді деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, сабын. Осы сабын қалай жасалады деп ойлайсыңдар?

Жауаптарың тыңдау.

Ұсақ ғасырлар тарихында зауыт, фабрика болмаған. Қазақ халқы тұрмысына керекті сабынды қолдан жасаған. Ол үшін алабота (шөп), малдың сүйегі мен майын қайнатып, алаботаны өртеп, өртенгеннен кейін күлі қалады. Мұны сақар дейді. Енді сүйекті салып, күл мен майды салып қайнатады. Қайнап жатқан кепсермен бірнеше рет сапырып, тұндырады. Әлден уақыттан соң сабын пайда болады. Міне осылай күнделіктегі тұрмысымызда қолданылтын сабын пайда болған.

Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

1.Неліктен жеміс-жидектерді жердің алдында ата-аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?

2.Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?

Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев

Микробтар қасқүнем,

Көрмесем де білемін.

Ішер кезде асты мен,

Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» – деп айтқан. Бұл туралы атаң мен әженнен сұра.

3. «Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?

1-оқушы: Бетті, қолды сабындап,

Жиі жуу пайдалы-ақ.

Тұра алмай дамылдап,

Микробтар тайғанап.

2-оқушы:Нан ұстасаң, қол жумай,

Нанға жұғып, ішке еніп,

Микробтар көңілі жай,

Отырады түстеніп.

3-оқушы:Микроб жақсы көреді,

Кәмпит-сәмпит жайнасаң.

Жылдам өсіп-өнеді,

Ауызыңды шаймасаң.

 Көңіл көтерейік!

Не жедің?

  • Есен, сен бетіңді неге жумағансың? Бүгін таңертең не жеп келгенің көрініп тұр.

  • Иә, не жеппін?

  • Жұмыртқа…

  • Жоқ, жұмыртқаны кеше жегенмін.

Жәндіктер де қуанады екен

Түс, үш бала үйге кеп,

Шекер, Дауыл жуынды.

Дастарханға Іргебек жуынбай-ақ жүгірді.

Тамақ ішіп болғанда, Шекер, Дауыл жуынды.

Ал Іргебек ойнауға жуынбай-ақ жүгірді.

Ішкеннен соң түстікті, ойнамауға бола ма?

Сыртқа шығып үш мықты бет алды қой қораға.

Шыбын неткен көп еді,

Қой қораның жанында.

Бірі көңіл бөлмеді

Шекер менен Дауылға

Гуілдеген бетімен

Іргебекке қонды кеп.

Сүйіп жатыр бетінен:

«Туысымыз келді!»- деп.

Салақ

Салақ, салақ, салақсың!

Өз үйіне қонақсың;

Таза емес, кір-кірсің;

Ақ емессің, жолақсың;

Кейде қара күйесің;

Кейде қызыл далапсың;

Әй, салақсың, салақсың!

1 – бала   

Денсаулықты сақтауды ,

Тазалықты сақтауды,

Табиғатты сүюді,

Жалқаулықты тыюды.

Үйренеміз әрдайым.

2 – бала : 

Хош иісті сабынның

Көбігіне малынып,

Қолымызды жуамыз

Барлық кірден арылып.

Көкөністі жуып жеп,

Қайнаған су ішеміз. 

3 – бала    

Сақтағаннан тазалықты

Ауырмайды  ішіміз.

Тазалықты сақтасаң

Ауырмайсың  ешқашан.

Сондай бала бола ма?

Күнде бетін жумайды,

«Жу» десен-ақ тулайды.

Өз-өзінен өкпелеп,

Жатып алып тұрмайды.

Дейді ақырып: – Жолама!

Сондай бала бола ма?

Беті қандай кңр еді!

Айниды адам жүрегі.

Көрсе осы бір кескінін

Күледі-ау жұрт, күледі.

Сондай бала бола ма?

Сен де оған жолама!

Жеке бас тазалығының ережелері.

-         Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

-         Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

-         Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

-         Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

-         Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

-         Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

-         Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

-         Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

-         Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

-         Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

-         Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

-         Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

-         Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

-         Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

-         Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

-         Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

-         Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

-         Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

 Тері тазалығы. Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

 Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

 Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ. Табиғи дәрумендер

 Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.

А дәрумені. Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.

В дәруменіАғзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

С дәрумені. Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

 Д дәрумені. Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

 Е дәрумені. Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

К дәрумені. Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

 Темір. Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

Кальций сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады. 

Оқушының тамақтану кестесі.

Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.

Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.

Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.

Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.

Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.

Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:

-         Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;

-         Біркелкі тамақтанудан;

-         Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;

-         Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;

-         Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;

-         Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;

-         Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;

 Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі  

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркейуі, балам сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау. Өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Денсаулық

Қане ендеше, денсаулыққа байланысты не білеміз?

Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.

Шығармашылық жұмыс

Тазалыққа пен денсаулыққа байланысты айтылған тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер айту.

  1. Жақсыдан үйрен – жаманна жирен.

  2. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

  3. Денсаулық зор байлық.

  4. Олақтан салақ жаман.

Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамыздытаза ұстауымыз керек.

-Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Тазалық пен денсаулық)

-Нені ойға түйіп, жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек.

-Сендер қандай азамат болып өсулерің керек. (Сау, ақылды, адал, ұқыпты, тазалықты сақтап өсуіміз керек)

 

Қорытынды бөлім

Бүгінгі ашық сабағымды Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»

 

 


















Ертеңгілік тақырыбы: Ынтымағы – жарасқан Қазақстан

Мақсаты:

1.Оқушыларға 1-мамыр дүниежүзіндегі халықтардың еңбекшілер мейрамы, ынтымақтастық, бауырмалдық мейрамы ұлттар достығы мен бірлігі күні екенін түсіндіру.

2.Қазақстанды мекен еткен әр ұлт өкілдерінің дәстүрі, туы, ұлттық киімі және өнері жайлы мағлұмат беру.

3.Отанды сүюге халықтар арасындағы достыққа, ынтымақтастыққа, татулыққа барлық ұлттарды сыйлай білуге, еліміздің тыныштығын нығайтуға ат салыстыратын азамат болуға тәрбиелеу.

4.Оқушылардың саяси ой-өрісін тіл байлығын дамыту.

Көрнекілігі: Мақалдар жазылған плакаттар, шарлар, магнитофон «Ямаха», буклеттер, кітап көрмесі, әр елдің туларвнвң суреті.

Ертеңгілігіміздің барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке. Біздің елімізде 1-мамыр мерекесін Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде тәуелсіздігімізді жарияланғаннан бері атап өтіп келеміз. Жыл сайын бұл мереке халықтар достығы ретінде атап өтіледі. Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты еліміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Біз ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік болып, босағасынан ырыздық дәулет кетпесін қалаймыз. Оған қазақстанда тұратын барша халықтығ өзінедік үлес қосуымен бір-бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Тәуелсіз Қазақстанның болашғы сендерсіңдер. Әр халықтың достыққа сабақтастыра жалғастыратын өздерің. Қазақ халқы бауырмал халық. Үйге қонақ келсе, астыңдағы жалғыз атың сойып, қонақ қылатын кеңпейіл, жомат халық. Ең асыл қазынамыз –ынтымақ пен бірлік. Сендер 1-4 сынып аралығындағы «Ынтымағы – жарасқан Қазақстан» атты ертеңгілігімізді қызықтап,ән қанатында қалықтап, шат сезіммен шарықтап көтеріңкі көңіл күймен отырыңдар.

Оқушылар биі «Қара жорға»

1-оқушы:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен!

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіммен түн түрілген.

2-оқушы:

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен

Европа да, Азия да емеспін мен.

Аралықпын, жетінші материктей

Бірақ барша адаммен тел енстім мен.

3-оқушы:

Қазақ жері – қонақжай төрлер жері

Қазақ жері қос сақта ерлер жері.

Елі кедей болмаған – жері байтақ

Едігедей, Бабырдай шерлер жері.

4-оқушы:

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ ері өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген бейбарыстай

Елі текті, киелі қасиетті.

Талғатова Аружанның орындауында «Туған жер» әнің қабыл алыңыздар.

5-оқушы:

Біздің Отан кең байтақ

Көп ұлттың мекені.

Біз құшақты кең жайсақ

Әлем сыйып кетеді.

Тату еліміз табысқан

Қазақсатн бақстан!

Қазақтың ұлттық биі «Қамажай»

6-оқушы:

Бізге берік ұлы достық,

Бірлік құрып тілек қостық.

Ұлы мақсат биігіңе

Дос жолына жүрек тостық.

7-оқушы:

Достығымыз жарасқан

Ақпыз, қоңыр, сарымыз.

Қара жер, мен көк аспан

Ортақ дала, тауымыз.

8-оқушы:

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау

Жеміс толы бақша-бау

Хор «Достық»

9-оқушы:

Егінді тың жеріміз

Еркін қазақ еліміз.

Құрметтейміз достықты

Дайын досқа төріміз.

10-оқушы:

Қол ұстасып ел жатыр

Орыс, қазақ, ұйғырлар,

Түркімен, тәжік, грузиндер,

Терезесі тең жатыр.

Әр ұлт туралы айтылғанда сол ұлттың киімін киіп, туының суретін көтереді.

1-оқушы:

Өзбекстан мақталы

Өз елінің мақтаны.

Еңбек сүйгіш халқымыз

Ел бірлігін сақтады.

Өзбекстан туының макеті көрсетіледі.

Өзбек биі.

2-оқушы:

Түркімендей елімнің

Көңілі шат ерінің.

Еркін абзал адамы

Достыққа нық сенімім.

3-оқушы:

Даңқы шыққан шығыстан

Тәжікстан – гүлстан!

Біз туыспыз елдермен

Шыңдалып шыққан құрыштан.

4-оқушы:

Біз өнерпаз молдаван

Ел достығын қорғаған.

Достық, бірлік жасайды

Мәңгі-бақи орнаған.

Молдаван биін қабыл алыңыздар.

5-оқушы:

Алаулаған нұр жүзі

Алатаудың қырғызы.

Малға толы өріміз,

Көзге ыстық көліміз.

6-оқушы:

Әзербайжан мұнайы

Асқан байлық шынайы.

Өрендері еңбекшіл

Өнерімен ұнайды.

Әзербайжанның «Шөжелер» биі орындалады.

7-оқушы:

Басшымыз жеңістің

Иесіміз зор істің.

Ұранымыз туыстық

Достық бізге тым ыстық.

Орыс биі «Сударушка» орындалады.

8-оқушы:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан!

1-оқушы:

Бір ата, бір ананың түлегіміз.

Бір болсын қайда жүрсін тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

2-оқушы:

Достықты ту еткен,

Бірлікті жыр еткен

Ынтымағы жарасқан

Елімізде әрқашан тыныштық пен бейбітшілік болсын!

Хор «Әрқашан күн сөнбесін!»

Ертеңгілігімізді мынадай ізгі тілектермен қорытынддылағым келіп тұр.

  1. Ұлттық мәдениетіміз өркендей берсін!

  2. Әдет – ғұрпымызды қадірлей білейік!

  3. Мәдениеті дамыған ел бола білейік!

  4. Жастарымыз білімді, мықты болсын!

  5. Қазақ елі гүлденсің!

  6. Қазақтың саны көбейе берсін!

  7. Береке – бірлік болсын!

  8. Ауамыз таз болсын!

  9. Қазақ тілінің мәртебесі жоғарыласың!

  10. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!




















 Өз білімін көтеру жоспары

 

Күнделікті баспасөз, теледидар

Білім заңы, Мемлеукеттік стандарт

«Қазақстан-2030» бағдарламасы,

Қазақстан заңдарын оқып үйрену

Әдістемелік кабинетпен байланыс

Пәндер басылымдар

Жаңа технология: үйрену және қолдану

Педагогикалық ізденістер

Өзара тәжірибе алмасу

Озық пед.тәжірибелерді оқып үйрену

Психологиялық ізденістер

Психологиялық зерттеулер

Психологиялық басылымдар

Мәдени орындарға бару Мәдени және рухани басылымдар

Білім көтеру курстары. Семинар, конференциялар

 

Білім көтеру жұмысының мазмұны

Пайдаланылатын әдебиеттер

уақыты

 

  1. Педагогикалық  психологиялық білім көтеру

 

 

1

Педагогикалық жаңа басылымдарыоқып, үйрену.

а) Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты

ә) Білім заңымен танысу

Қ.Р. орта білім мемлекеттік стандарты

1- кітап.

«Қазақстан мұғалімі»

қыркүйек

2

Ұлы педагогтардың еңбектерін терең оқып үйрену.

 

 

 

  1. Методикалық білім көтеру

 

 

1

Методикалық басылымдарға жазылу.

а) «Қазақстан мектебі»

ә) «Қазақ тілі мен әдебиеті»

б) «Қазақстан мұ,алімі»

в) «Бастауыш мектеп»

 

2005-2006 жыл

 

2

Озат мұғалімдердің іс-тәжірбиесімен танысып, сабаққа пайдалану

 

үнемі

3

Дәстүрден тыс сабақ түрлері

 

үнемі

4

Методикалық кітапшалар пайдалану

 

үнемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мәдени ой  өрісін кеңейту

 

 

1

Көркем әдебиеттер оқу

Абай, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекқожин,С.Мәуленов, Ә.Сәрсенбаеав, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев туындылары.

үнемі

2

Күнделікті газет-журналдар оқу

 

 

3

Теледидардан «Хабар», «Ақшам» т.б. бағдарламаларды көріп отыру.

 

 

 

  1. Ғылыми-теориялық білім көтеру

 

 

1

Нормативтік құжаттар, жадынамалармен танысып отыру.
 

 

 

2

Білім жетілдіру курсына бару.

 

 

 

  1. Методикалық шеберлікті арттыру

 

 

1

Тәжірбие алмасу. Оқытудың түрін, әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

 

Үнемі

2

Озат тәжірбиелі ұстаздардан үйрену.График бойынша сабақтарына қатысу.

 

Үнемі

3

Техникалық құралдарды, көрнекіліктерді сабақта жиі пайдалану.

 

Үнемі

4

Қала көлемінде өтетін пән семинарларына қатысу

 

 

5

Қазақ тілінен оқушы білімін схема толтыру арқылы бағалауды жүзеге асыру.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы

үнемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақ тілін дамыту

 

 

1

«Ана тілі» газетінің материалдарын сабаққа, тәрбие сағаттарын пайдалану.

«Ана тілі» газеті

Үнемі

2

Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін,тарихын оқушыларға игерту.

 

Үнемі

3

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

 

Үнемі

4

Ана тілі арқылы ұлтжандылықты, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.

 

үнемі

5

А. Байтұрсыновтың тіл үйретуге қатысты қағидаларын басшылыққа алу.

А.Байтұрсынов

үнемі

6

«Тіл туралы заңды» жүзеге жасыру

 

үнемі

 

  1. Творчестволық бағыт

 

 

1

Дәстүрден тыс сабақтарды жиі өткізу. Пресс-конференция,семинар, сот, КВН, сайыс, саяхат сабақтары.

 

Үнемі

2

Творчестволық лабораторияны толықтырып отыру.

Әдістемелік журналдар

Үнемі

3

Тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын дайыдау

 

үнемі

«»

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр.

Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау;

1. Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету;

2. Ой өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту;

3. Оқу-білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе әріптер мен сөздер, слайдтар, топ атаулары, бағалау парағы

Түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

- Балалар, өздеріңіз көріп отырған боларсыздар, біз екі топқа бөлініп отырмыз. Қазір мен алдарыңызға қағаздар беремін. Ол қағаздарда орындары ауыстырылып берілген сөздер бар. Сіздер сол сөздердің ретін тауып, дұрыс қойсаңыздар, өте мағыналы бір сөйлемді оқи алады екенсіздер. Қане, дайынбыз ба? Табу реттіліктеріне қарай топтарға ат беріледі.

тәуелсіздіктің

Н.Ә.Назарбаев

ұрпақ – діңгегі. алтын Білімді

 

Адамгершілік

сөзден

«айналайын»

деген

басталады.

- Қане, қандай сөйлемдер шықты?

Білімді ұрпақ – тәуелсіздіктің алтын діңгегі. Н.Ә.Назарбаев

Адамгершілік «айналайын» деген сөзден басталады.

-Ендеше біздің бүгінгі "Ойлы болсаң, озып көр" атты сайыс сабағымызда сіздердің білімдеріңіз сыналады.

Топтарға ат беру

Бірінші тапқан топ – "Тапқырлар"

Екінші тапқан топ – "Зерделілер"

Cайыс кезеңдері:

1. Сәлем берем халқыма

2 . Ғажайыптар алаңы

3. Кім жылдам?

4. Ұшқыр ой

5. Қызықты төрттік

6. Біліміңді шыңда

7. Қолқа салу

8. Қорытындылау

1.«Сәлем берем халқыма» әр топ өздерін таныстырады.

2."Ғажайыптар алаңы" ұяшықтағы сұрақтарға жауап алу

3."Кім жылдам?" Әр топқа әріп таратамын. Cұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру керек.

Б әрпі

1. Суды немен ішесің?

2. Сенің досың кім?

3. Қалтаңда не бар?

4. Жыл басын көрген жануар.

5. Ұшақ неге ұшады?

6. Қандай тағамды ұнатасың?

7. Арманың көп пе?

8. Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?

9. Түсіңде не көресің?

10. Қандай кітап оқисың?

М әрпі

1. Қандай мамандықтарды білесің?

2. Сабақтан кейін қайда барасың?

3. Тақтаға немен жазасың?

4. Сүйікті пәнің?

5. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

6. Сенің көршің кім?

7. Қандай ертегі білесің?

8. Анаңа еркелейсің бе?

9. Қазір не туралы ойлап отырсың?

10. Болашақта кім болғың келеді?

4. "Ұшқыр ой" Берілген сөзден бірнеше сөз құрау тапсырылады.

Асықпаймыз, саспаймыз,

Ұшқыр ойға бастаймыз.

Тақтадағы сөздерден

Бірнеше сөз құраймыз.

1- топқа: Қолшатыр

2-топқа : Атамекен

5. "Қызықты төрттік"

- Бұнда өздеріңізге таныс төрт пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген. Пәнді таңдай отырып, сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек, 5 ұпай аламыз.

Математика сұрақтары:

1. Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000)

2. 1 сағатта неше минут бар? (60 мин)

3. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?. (Ұзындығы мен енін қосып, екі еселейміз.)

4. 9 бен 4-тің көбейтіндісі нешеге тең? (36-ға)

Қазақ тілі

1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке)

2. Сөз неден құралады? (дыбыстан)

3. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? не қылды? қайтті?)

4. Мәтін түрлерін атаңдар (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

Ана тілі

1. Бейне сұрақ Бұл кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

2. "Дала жұлдызы" деп кімді атайды? (Ы.Алтынсарин)

3. "Түн ұйқысын төрт бөліп" деген жолдар кім туралы? (ана туралы)

4. "Қаздың тұзаққа түсуі" , бұл қай ертегіде кезеседі?("Ұр тоқпақ" ертегісінде)

Дүниетану

1. Адам немен тыныс алады? (ауамен)

2. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)

3. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)

4. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)

6. "Біліміңді шыңда" логикалық есептер шешу

Шабыт тасып шалқысын.

Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ, есеп – бәрі бар.

Білімдеріңді сынайық.

Қателеспей, мұқият ойланып айтуларыңыз қажет.

1.Үнді шәйі.

Сәске кезі болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?

Жауабы: Қант құрғақ шәй үстіне түсті.

2.Салт аттылар

Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы түн. Суыт жүрісті аттылар аяңмен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп-өшті. Үй иесі бұрын көре ме, әлде салт аттылар бұрын көре ме?

Жауабы: Ешқайсысы көрмейді, себебі сөніп-өшті деген сөзге мән берсек, cәуле сөнгеннен кейін жанған жоқ, өшіп қалды.

3. Екі қарға

Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне-бірі:

-Достым, мен cені көріп отырмын,-дейді.

Олар бірін-бірі қалай көреді?

Жауабы: Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін-бірі көреді.

4.Түйеқұс салмағы

-Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша пұт тартады?-деп атасы немересіне қарады. Түйеқұстың салмағы қанша?

Жауабы: Бір пұт, себебі түйеқұстың салмағы өзгермейді.

5.Судыр балықшы

Бір балықшыдан неше балық ұстадың дегенде:

-Жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін,-деді.

Балықшы неше балық ұстады?

Жауабы: Он балық.

6.Жыл қайыру

-Нешедесің?-деді ақсақалға жігіт ағасы.

-4 жылқы, тоқтымын,-деді Тәттімбет күйші.

Тәттімбет нешеде?

Жауабы: Тәттімбет күйші 4 жылқы деу арқылы өзіне 4 мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді. Оның жасы 49+2=51-ге қарап тұр.

7. "Қолқа салу" жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән, би, т.б.)

8.Қорытындылау. Әділ қазылар ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.

Тақырыбы: «Табиғат ол – анамыз, Табиғатқа баламыз»
Мақсаты: 1. Дүниетанудан алған білімдерін көрсету және табиғатты қорғау
туралы білімдерін нығайту.
2.Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой -өрісін, есте сақтау
қаблетін, шығармашылығын, логикалық ойлауын дамыту.
3.Табиғатты қорғауға, оған деген сүйіспеншілігін арттыруға
ықпал ету, топпен жұмыс істей білуге машықтандыру.

Көрнекілігі: суреттер, топтың аттары,үлестірмелі тапсырмалар, плакаттар.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Табиғат ол- анамыз, Табиғатқа баламыз» атты сайысымызға қош келіпсіздер.
Сайысқа қатысушыларды қарсы алыңыздар.
І топ « _______________» 1"А" – сынып оқушылары.
ІІ топ «___________________» 1"Ә" – сынып оқушылары.
ІІІ топ "____________________ " 1"Б" – сынып оқушылары.
Әділқазы болды бүгін
Мектептің ұстаздары.
Әділдікпен бағаласын
Өнер, білім сайысын.- деп әділ – қазы алқаларымен танысайық.
1.
2.
3.
Жарысқа қатысатын оқушылармен және жарысты бағалайтын әділ – қазымен таныстық.Дайын болсақ сайысымызды бастайық.
1- сайыс сұрақ – жауап. Әр сыныпқа өз деңгейіне қарай сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді – дей келе сұрақ – жауап бөлімін бастаймыз.
І. Сұрақ – жауап.
1"А" – сынып.
1. Табиғаттағы тірі денелер? (Адам, өсімдік,жануар)
2. Ғарышкер нені зерттейді?(Аспан әлемін)
3. Есту мүшесі(Құлақ)
4. Бунақденелілерді ата?
(Қоңыз, шыбын, масса, ара т.б)
5. Жыл құстары дегеніміз не? (Күзде жылы жаққа ұшып, көктемде қайтып оралатын құс)
1"Ә" – сынып.
1. Иіс сезу мүшесін ата? (Мұрын)
2.Бақаны не деп атайды? (Қосмекенді)
3. Табиғат құбылыстарын ата?(Қар, жаңбыр,бұршақ,боран)
4.Адам құстың ұшып жүргенін қарап не жасады? (Ұшақ)
5. Жыл мезгілдерін ата? (көктем, жаз, күз, қыс)
1"Б" – сынып
1. Үй жануарларын ата?(қой, түйе, сиыр, ешкі)
2. Ай туып, жұлдыз шығатын қай мезгіл? (түн)
3. Көру мүшесі (Көз)
4.Ауа температурасын өлшейтін құрал? (термометр)
5.Бунақденелілердің жұмыртқасынан не шығады? (дернәсіл)
Бірінші сайысымыз аяқталды. Әділ қазылардың бағасын көрелік.
Ал, ендігі кезек екінші бөлім берелік. Бұл бөлім "Кім жылдам" деп аталады.
ІІ. Кім жылдам?

Сары қосақ
Саңырау қазық
Кемпір құлақ
Темір гүл
Бибі су
___________________________________________________

Түйе арқа
Жез тау
Темір бай
Бура қазған
Сары құс
___________________________________________________

Ала орда
Қара тау
Қызыл ағаш
Жеті бақан
Алты қарақшы
Рахмет балалар, ал енді әділ -қазылардың әділ бағасын көрелік.
Ортаға 1"А" сынып оқушыларын шақырымыз.
Келесі бөлім"Жұмбақ шешу"деп аталады. Мен жұмбақ жасырамын, ал сендер жауаптарын айтасыңдар.
ІІІ. Жұмбақ шешу.

Жұмбаққа дұрыс жауап берген топтың, әр дұрыс жауаптарына 1 ұпайдан беріледі.
Тоңғақты таниды, беті – қолын қариды. (Аяз)
Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді (Қаңбақ)
Қоймасын қыс ақтарып, жерді жапты ақ мамық. (қар)
Жүрген жерін жалмайды, тілінен жарық тарайды. (От)
Тал басында түндіксіз отау (Ұя)

Қыс болса құрып өрмегін, салды небір өрнегін (Қырау)
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көрген?(Үкі)
9.Басында айдары, иекте сақалы. (Әтеш)
——————————————————————————-
10.Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
11. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай- шу. (түлкі)
12. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі қорыққан. (Жылан)
13.Тоқыған ауы – шыбынның жауы (Өрмекші)
14.Мүйізінен таралған, жанға шипа дәрі алған. (Марал)
15.Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.(Көбелек)
Ал, кезекті әділ- қазылардың бағасын көрелік.
Ортаға 1"Ә" сынып оқушыларын шақырамын.

Келесі кезек "Керектісін тап"деген бөлімге берелік.
ІҮ. Керектісін тап.
Бұл бөлімде әр топқа әріптер тізбегі беріледі. Сол тізбектен сөздерді тауып алу керек. Әр тізбектен 3 сөзден шығады. Әр сыныпқа 3 тізбектен. Бұл бөлім қанша сөз тапса, сонша ұпай алады.
(Бұл ойын болып жатқанда,ән айтылады)
Ортаға бір топ қыздардың орындауында "Көбелек"әнін қабыл алыңыздар.
1"А" – сынып
1. Тплогүленсқойұеркөзает
2. Аымайдженаншивсүтаре
3. Феқдопеавжолцчсменюэ

1"Ә" – сынып
1. Трлқалаыеуарпацфемензц
2. Стбалықючяпілқөхкерікпвс
3. Яютжағайфцтасвьткөшеэжъ
1"Б"-сынып
1 Йчуқазақпришешенфцуорысяч
2. Прсбақшавычағашчвукесефхъ
3. Кенұрагшөзенвпрзайсанптлө
Ал, балалардың әділ бағасын беріңіздер.

Ү.Суретті құра
Әр топқа сурет беремін. Сурет жартылай салынған, сол суретті аяқтап, бояулары керек және сол суретке қарап сөйлемдер құрау керек.
Ойын басталған кезде ортаға 1"Б" сыныптың оқушыларын қабыл алыңыздар.
Балалар тақпақтарын айтады.
Осы сыныптың ұлдарының орындауында "Бақа"әнін қабыл алыңыздар.
Сайыс аяқталды оқушылардың бағаларын көрсетулеріңізді сұраймын.
Көремендер сайысы.
Көремендер арсынан 2 "А", "Б"; 3"А", 4"А" сыныптарынан бір оқушыдан ортаға шығуын сұраймыз.
1. 2"А", "Б" сыныптарына сынып оқушысына өздері білетін мақал- мәтелдерін, тиым сөзерін,нақыл сөздер айту тапсырылады.
2. 3"а" сынып оқушысы сөйлемей мына жануарларды көрсету.апсырылады.
3.4"А" сынып оқушысына "Табиғат" дегенде көз алдына нені елестеген заттың суретін салу,жазу тапсырылады.

ҮІ. Марапаттау.

Осымен сайсымыз аяқталды. Құрметті әділ – қазы алқасы топтардың жалпы ұпайын шығарып, жеңімпаз топты атасаңыздар. Топтар марапатталады.
Жеңген топты құттықтаймыз. Сайысымыз аяқталды келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!



Тақырыбы:  Сөз мерген

Мақсаты: Жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа

 

жаттықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету

Сайыстың кезеңдері:

1.Зымыран сұрақтар

2.Тапқыр болсаң, тауып көр

3.Ойлы болсаң, озып көр

4.Кім жүйрік?

5.Сөз ойла, тез ойла

6.Бағалау, қорытындылау

Барысы:

Сынып 2 топқа бөлініп, қатысқан ата-ана мен мұғалімдерден әділ қазы алқасы сайланады. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп, сайыс соңында қорытындысы шығарылады.

1.Зымыран сұрақтар: 1-топқа

1.Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? (дыбыс)

2.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер (антоним)

3.Сын есімнің сұрақтарын ата (қандай? қай?)

4.Жұрнақтың неше түрі бар? (2 түрі)

5.Сөз таптарын ата (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, еліктеу сөз, одағай)

6.Етістіктің түрлерін ата (дара және күрделі, болымды және болымсыз )

7.Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (2 топқа бөлінеді. Негізгі және туынды зат есім)

8.Кірме сөз дегеніміз не? (ана тілімізге шет тілінен енген сөздер)

9.Әріптердің жүйелі тізбегі не деп аталады? (әліпби)

10.Сын есім дегеніміз не? (заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы)

2-топқа

1.Тұйық етістік қалай жасалады? (-у жұрнағы арқылы жасалады)

2.Сөйлем түрлерін ата (хабарлы, сұраулы, лепті)

3.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

4.Әліпбидегі жетінші әріпті ата (д)

5.Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады? (біріккен сөз, қысқарған сөз, қос сөз)

6.Сан есімнің түрлерін ата (дара және күрделі, есептік және реттік)

7.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата (қатаң, ұяң, үнді)

8.Жалқы есім дегеніміз не? (кісі, жер-су, т.б. атаулары)

9.Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі? (хабарлы сөйлемнің)

10.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата (бастауыш, баяндауыш)

2.Тапқыр болсаң, тауып көр

Шарты: төмендегі қашықтық өлшемдерін рет-ретімен орналастыр.

Тым жақын жер

Керекті сөздер: қиыр, таяқ тастам жер, жер мойны қашық, иек

артпа жер, түйенің табаны түсер жер, әудем жер, қамшы са-

лым жер, жердің түбі, қарға адым жер,

Өте алыс, шет жер

Тиіп тұрған жер

3.Ойлы болсаң, озып көр

Шарты: күнделікті өмірде қолданылып жүрген тыйым сөздерді айту.

4.Кім жүйрік?

Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, дыбыстық талдау жасау қажет.

1.Лақтың басында,

Бұлақтың қасында,

Құлақтың ортасында,

Қойдың қолқасында.

Л – үнді, дауыссыз

2.Дуадақта екеумін,

Құсы болған даланың.

Үйде жоқпын,

Добындамын баланың.

Д – ұяң, дауыссыз

3.Кезіктірдім тиыннан,

Бірін таптым қиыннан.

Талай жерге сабылып,

Таптым бірін миымнан.

И – жіңішке, дауысты

4.Тоғай менен торғайдың

Бәрінен де безінем.

Орман менен қамыстың

Ортасынан кезігем.

М – үнді, дауыссыз

5.Табылмаймын Қорқыттан,

Кезігемін қобыздан.

Бесте бармын, таппайсың,

Қанша іздесең қобыздан.

Б – ұяң, дауыссыз

6.Өзінде бар шопанның,

Табыламын ойыннан.

Кезігемін тағы бір,

Өрістегі қойынан.

О – жуан, дауыссыз

7.Аралда бар,

Түбекте жоқ.

Маралда бар,

Түмекте жоқ.

Р –үнді, дауыссыз

8.Еменде екі,

Желде бір.

Еденде екі,

Ерде бір.

Е –жіңішке, дауысты

9.Нанда екі,

Жанда бірмін.

Тамырда жоқ,

Қанда жүрмін.

Н –үнді, дауыссыз

10.Баста жоқ,

Бөрікте бар.

Таста жоқ,

Өрікте бар.

Ө – жіңішке, дауыссыз

11.Әке де,

Ән де.

Әже де,

Сән де.

Ә – жіңішке, дауысты

12.Бұлбұлда екі,

Құста бір.

Ұлытауда,

Тұста жүр.

Ұ – жуан, дауысты

5. Сөз ойла, тез ойла

Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерден басталатын сөздерден сөйлем құраңдар.

1 – қ 4 – ұ

2 – ц 5 – с

3 -р 6 –х

6. Бағалау, қорытындылау.

 

Кезеңдер

 

Зымыран

сұрақтар

Тапқыр болсаң, тауып көр

Ойлы болсаң, озып көр

Кім жүйрік?

Сөз ойла, тез ойла

Топтар

Ойшылдар

 

 

 

 

 

 

Тапқырлар

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 









Сәлемдесу – сөз басы

 

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетін байыптаудың баспалдығы.

Кішінің үлкенге сәлем беруі – үлкеннің құрмет көруі, жастың ізеттілік білдіруі.

«Сәлемдесу – ағайын мен туысты, дос- жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату. Адамның кейіп-кескінің тану, оның болмысын байқау, көніл-күйін білу әрі оғанда өз ниетін ұқтыру».

 

«Әр елдің салты басқа». Әр ел әртүрлі амандасады:

Күншығыс елі жапондықтар бір-біріне иіліп, екі қолын қусырып, басын шұлғып, белін бүгіп, жымия күледі;

Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл «басымыз аман болсын» дегені;

Ертедегі қытайлар өз қолын өзі қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды;

Тибеттіктер тіпті қызық. Бір-бірімен амандасқанда, оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады екен.

Мұсылмандар ертеде оң қолын жүрегінің тұсына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Көріспегелі көп жыл болған тұрғыас, құрдас, ағайын-туыс адамдар қауышып амандасады. Қауышып амандасу(кеуде түйістіріп) үшін әуелі қос қолдап амандасып, сонан соң құшақтарын қайта жайып барып, юір-біріне төс қағысып оңға ю

бір, солға бір кеуде тоғыстырып сонан соң екеуі де артқа бір табан шегінісіп, қолдарын алақан айырмастан тағы соғысып та амандасады.

 

 

 

 





Сыпайылық – әдептілік белгісі.

 

 Жасы үлкендермен немесе қыз баламен амандасқанда, бірінші болып қол ұсынба. Олардың өздері қол бергенше, күте тұр. Үлкен кісімен сөйлескенде, қолынды қалтана салып тұрма.

Сәлемдескен шақта бас киімінді ал да, қол алысып болғанша, киюші болма.

Үлкен кісімен сәлемдескенде ізетті, әдепті бол.

Кішімен кішіпейіл, ақжарқын сәлемдес.

Қол бергенде, қолбағынды шеш.

Қарсы келіп қалған үлкен кісіге, қыз балаға шегініп, жол бер.

Тұсынан өтіп бара жатып, біреу тайғанап кетсе, демеп қал, құлай қалса, тұруына көмектес.

Трамвайға, траллейбусқа немесе автобусқа отырарда, есіктен алдымен серігінді өткіз. Қарт адамдар не бала көтерген әйел келе қалса, ығысып, жол бер. Вагоннан шығарда, алдында тұрған адамдардың арасынан кимелеуші болма, үлкендерді ителеме.

Әдепті бала – ақылды, ұстамды, кішіпейіл, инабатты, тәртіпті, сыпайы, білімді, ұқыпты, мейірімді, ізетті, қайырымды т.б.

 

Әдепсіз бала – өтірікші, тәртіпсіз, бұзақы, ұқыпсыз, дөрекі, ұрыншақ, сумақай т.б.

2. «Жалғасытыр» ойыны

 

а) Не істеуге болмайды?

  • үлкендердің алдынан кесіп өтуге…

  • кішкене баланы жылатуға…

  • құстарды атуға…

  • сабақтан кешігуге…

  • сыныпта айқайлауға…

б) Не істеу керек?

  • үлкендерді сыйлау…

  • үлкендердің тілін алу…

  • кішілерге қамқор болу…

  • әдептілік сақтау…

  • оқу құралдарын күтіп, таза ұстау…

  • сабақты жақсы оқу…

Жұмбақтас (проблемалық сұрақтар): 

  1. Сен өте асығыссын. Себебі сабаққа үлгеруін қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттін. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетін?

  2. Саған анан өзі жұмыстан келгенінше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарынмен ойнап жүріп бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттін. Анан жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойыпты. Сен келгенде анан ренжулі еді. Сенің әрекетін?

  3. Бүгін анан сенің ең жақсы көретін тамағынды жасап берді. Сен отыра қалып іні-қарындастарынмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттын?

  4. Асан бірде Ғабитті үйіне қонаққа шақырды. Бірақ Ғабит Асанды көп күттірді. Кешігіп жетті. Күткізген үшін кешірім де сұраған жоқ. Ғабиттің қылығын қалай бағалайсындар?

  5. «Әйкеннің апасы мен көкесі үйде жоқ болатын. Бір кезде есіктің қоңырауы шырылдарды. Ар жағында Ажар апай тұр екен. Әйкен Ажар апайды танитын. Ол апасымен бірге жқмыс істейді.

-Амансын ба қалқам?-деді ол.

-Ата-анан қайда?

-Олар үйде жоқ,-дейді Әйкен, есіктің жақтауынан ұстаған күйі.

-Қап! Бір шаруамен келіп едім.

Ажар апай сәл бөгеліп тұрды да бұрыла берді».

Сендер Әйкеннің орнында болсандар қайтер едіңдер?

  1. Біздің мектепке жаңадан Мереке деген оқушы келді. Мерекенің әжесі күнделікті сабаққа Мерекені алып келіп, алып кетіп жүретін. Сабақ бітті. Мерекенің әжесін Марат қағып кетті. Марат әжеге не деу керек еді?

 Алтын ақыл 

  1. Сабақтан кешікпе, сабақтан себепсіз қалма.

  2. Мектепке келгенде бойынды жинақтап, бас киімінді ал.

  3. Мектепке кіргенде әуелі мұғалімге, содан сон жолдастарына сәлем бер.

  4. Сыныпқа үлкендер кірсе, бәріміз орнымыздан тұрамыз.

  5. Сабақ кезінде тура қарап отыр. Сабақ үстінде бір-біріне сөйлесуге болмайды.

  6. Партанды дұрыс пайдалан, оған ештене жазба.

  7. Алған кітабынды сызбай, жыртпай, бүлдірмей ұстап тапсыр.

  8. Автобуста итеріп-кимелеме.

  9. Айғайлап қатты сөйлеме.

  10. Үлкен кісіге орын бер.

 






Сабақтың тақырыбыКітап-сарқылмас қазына”.

Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы

берілетінін  ұғындыру.

Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін,

ой-өрісін дамыту.

Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Интерактивті тақта, тақтадағы суреттер

Сабақтың барысы:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

Жұмбақ шешу.

Көп әңгімем өлеңім,

 Күнде ақыл беремін.

 Жақсы көрсе мені кім,

 Мен де оны жақсы көремін.   ( Кітап).

 

Не білеміз?.

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)

Папирус” кітабы.( слайд)

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп  аталатын су  өсімдігінен дайындалған  материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

Пергамент” кітабы.( слайд)

Кітап  басу цехы.( слайд)

Түптеу цехы.( слайд)

Мағынаны тану.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.

Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.

Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

Есіңе сақта!

1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3.Кітапты қалай болса солай оқыма.

4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.

5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Кітап көрмесі.

Даналық сөз

 

                  Артық ғылым кітапта,

             Ерінбе оқып көруге.

                                                                       Абай.

                 Кітап маған тақтан да қымбат.

                                                                        Шекспир.

                   

                  Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы

                                      ғажайыптардың бірі.

                                                                      Горький

Жалғастыр”.

1.Білім - ... (таусылмайтын байлық).

2.Кітап - білім   бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 

3.Кітап – ... (алтын   қазына).

4.Өнерліге ... (нұр жауар).

5.Өнер - ағып    жатқан    бұлақ,

    ... (Білім – жанып жатқан шырақ).

 

Ребус шешу.

Жұмбақтар.

1.Ілулі тұр кең алаң,                       

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,                                            

Сүртем сосын өшіріп.

(Тақта).

2.Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.

(Бор)

3.Сансыз ойлар бетінде,                    

  Сайрап жатыр бар тілде.                     

  Керекпін мен әр күнде,  

Өшпейді бір әрпім де.

(Кітап).                                       

4.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

  Өшпейді бір әрпім де.

  (Қаламсап).

Ой қозғау.

 

Кітап неден, қалай жасалады?

 Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?

 Кітапты қалай ұстау керекпіз?

 Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба?

Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?

 

Қорытынды:

Кітабың сенің, құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір қадам.

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.


Қарап шығулар: 528
Құрылған күні: 25.04.2012
Редакцияланған күні: 25.04.2012








Copyright © 2007-2013 UNIPRADE
Барлық құқықтары қорғалған

Кері байланыс • Байланыстар • Пайдаланушылық келісім

counter





Мақсаты: Жанұядағыана мен бала арасындағықатынастынығайту. Анағадегенмахаббатынояту. Баланы бойындағыөнері мен дарындылығындамыту. Адамгершіліккетәрбиелеу.

Көрнекі - құралдар: «Көктемана, қыздаргүл», «Меніңанам» нақылсөздер. Қабырғагазеті. Көңілдімузыкаменбалаларкіреді.

Мұғалім: 8-наурыз Халықаралықәйелдеркүні. Бәріңізді осы күнменшынжүректенқұттықтаймыз. Бұлмерекеніңжылдыңбасқамезгіліндеболуықисынғакелмейтіндей. Өйткені, көктемсекілді, әйелдер де адамзатқаөміржылылық

пен әсемдіксыйлайдыемеспе? 8-наурызда адамдар да, тіптітабиғаттыңөзі де бұлкүнібіздіңтамашааналарымыздықұрметтейдіАна» дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр. «Ана» - сөзі елең еткізбей,

жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды.Олай болса бүгінгі аналарға арналған, өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған ертеңгілік мерекелік концертін тамашалаңыздар.


Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!


Гүльфайруз: Айналасына ас қойып,

Изенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім?

Бәрі: «Ана»


Тимур: Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Б.Аружан: Жан анам, құттықтаймын мейрамыңмен

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен,

Өрлесем елің берген бақыт бағың,

Жазбасын шат көңілің шат күйінен.

Роман: Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығын өзімен бір жаралған.

Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол,

Күш қуат боп өн бойына таралған.

Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар.

Мадина: жүре берсем қасвңда,

Әйбат анам, ақ анам,

Ботам деген дауысыңнан

Мен мәз болып оянам.

Әмірхан: анам мені «Айым» дейді

Мен мұңайсам уайым жейді.

Анам мені «күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді.

Жұлдыз: өзіңсің сүйікті ана құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін,

Сендегі маған махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіреді.

Арслан: Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де, -

Ойлап тапқан балалар!

«Жаным, күнім» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді,

Ойлап тапқан аналар!

Балзия: той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Сюрприздік сәт: Қуыршақ келеді.

Қуыршақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер мені таныдыңыздар ма?

Балалар: Қуыршақсың,біз ойнайтын..

Қуыршақ Дұрыс айтасыңдар. Мен қайда келдім, сендерде қандай мереке болып жатыр? Бәрін әдемі киінгенсіңдер.

Балалар: Бізде аналар мерекесі.

Қуыршақ: «Аналар мерекесін» мен білмеймін. «Аналар мерекесі» ол не? Оны неменжиді? Олтәттіме?

Балалар: Олтәтті, бірақ оны жеугеболмайды.

Қуыршақ:Балалар мен тек қанатәтініжақсыкөремін, ойындыжақсыкөремін.

Мұғалім:Қуыршақ сен бізбенбіргебіздіңмерекедеқал. Біздіңбалаларсаған «ана» сөзініңмағынасынтүсіндіреді.

Мақалмәтелдер: «Анасүті бал, баланыңтілі бал», «Әкеден – ақыл, анадан – мейір», «Анаалдында – құрмет, атаалдында – қызмет», «Анаалақанныңаясы, ақшынардыңсаясы».

-Ана, ана, ана !

Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?

Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.

Жамбыл: үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен!

Р.Камила: бүгін наурыздың сегізі,

Анасыз жоқ бір үнің

Сұлулықтың негізі

Әжесіз жоқ бір күнің.

Айбар: баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Жақсы оқыған сабағын

Балаға мен ағамын

Біздер үшін

Ананың

Бұлт баспасын қабағын.


Диана: Жан ана, жарық жанарың

Бір сенде кеңдігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сезімін көктемнің самалын.


Акилбаева Аяжан:

Жаным дейсің мені,

Жаратушым бір сен.

Жалғыз өзің тегі

Жанашырым білсең

Айналайын ана!

Аңсар: Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі-жаным деген, сая маған.

Ән: «Ақ мамам»

Камила:Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең.

Алмас: Ақ қабақты анашым

Күн көкірек мамашым

Ақ сүтіңнен суардың

Бөбегіңнің санасын.

Бексұлтан: Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қажымай.

«Күнім» -дейсің мені,

Күн мейірімі сенде.

Күннің ыстық лебі,

Құшағыңа тең бе?

Айналайын ана!


Ақылбек : Бал бөбегін баптаған.

Мамам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

Ән: «Ана әке» Толибаев Арслан

Аяжан:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің.

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген-асыл жандар болаттай

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

С.Нұрасыл: Ана десем шешек атар жанары.

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген, тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


Расул: бар ана туған елдің гүлі дер ме.

Анажан қайғың бала күңіренем.

Таусылмас тау суындай ақылың бар,

Сен барда менің әр бір күнім өлең.


Бернар:


Сахналық көрініс

«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

- Жүрегім кім менің?

- Мен!

- Тірегім кім менің?

- Мен!

- Сәнім кім менің?

- Мен!

- Ботақаным, бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой, қарғам менің!

- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо... жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ-қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

Ойын: «Өз балаңды тап». Мазмұны: аналардың көзін жұмып, баларын қарама қарыс тұрғызып, көздерін жұмғанда қыздардың орнын ауыстырамыз. Аналар өз қыздарын тауып алу керек.

Қуыршақ: Түсіндім, түсіндім «ана» деген кім екенін. Рахмет сендерге балалар. Ал енді ойынды бастайық. Ойнауды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Ойнауды жақсы көреміз. Ойнаймыз.

Ойын: «Кім тез». Қуыршақ, балалар көңілді би билейді.

Би: «Қара жорға», «Gannam style»

Мұғалім: Балалар өз аналарыңа, өз қолдарынан жасаған сыйлығын береді. Мереке күнімен құттықтаймыз.Сау болыңыздар!

авто-детали

новинки кинематографа

Жоғары ТӘРБИЕ САҒАТЫ "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" (2-СЫНЫП)

0

Авторы: Халым|Пікірлер: 0|Қаралды: 3767|

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы жеті жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

1. Таныстыру

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен табысуға.

1. Қуантады білімімен бізді Нұрым

Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

2. Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің Жансұлтан

Көрінген күштің басынын

3. Сыйлаған ата - анасын

Үлкеннің алған батасын ол Дияс

4. Сүрінбей сыннан өтемін

Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Бегайдар

5. Жігіттің дара туған ірісіндей

Жүрісі батырлардың жүрісіндей

Келбетті батыр тұлға

Сом білек Қажымұқанның інісіндей Мұхаммедамин

6. Ақынның тұяғымын сартылдаған

Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ерлан

7. Арман бар биік шыңға шықсам деген

Қыран боп көк әлемге ұшсам деген

Бүгінгі сайыста жеңіп шығып

Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Нұрман


2 - кезең «Білгенге маржан»

Ал, кәнеки қырандар

Босқа қарап тұрмаңдар.

Бастап жігіт өнерін

Алыстарға самғаңдар

«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.

1. Төрт түлік малды ата.

2. Түйенің сүтін ата.

3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?

4. Сәби баланың төсегін ата.

5. Ер жігіттің бес қаруын ата.

6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам


3 - кезең. Өнер көрсету

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.

1. Нұрым «Сұлу қыз» әнін орындайды.

2. Дияс «Қара жорға» биі

3. Жансұлтан «Жаяу Муса» әні

4. Бегайдар «Сиқырлы сандық» сиқыр көрсету

5. Ерлан «Анашым» әні

6. Мұхаммедамин «Шофёр» биі

7. Нұрман «Ауылым» әні


4 - кезең. Қамшы өру

Шеберлерім өнер тамып қолынан

Жаңылмаған ата - баба салтынын

Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін

Біз айталық төрелігін соңынан

5 - кезең. Күш сынасу

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай

Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)

6 - кезең. Сән үлгісі

Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.

Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және Тақырыбы: «Төрт түлік»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды халықтың тіршілік - істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім - бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан - жануарға деген қарым - қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.

Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, өтірік өлеңдер, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, құрттар, құрттар, қима қағаздар

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Топқа бөлу. Топпен таныстыру.

1 - топ. Қошақандар

2 - топ. Бұзауқандар

3 - топ. Құлыншақтар

4 - топ. Ботақандар


Мұғалім: Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе - көлігі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонған халқымыздың тұрмыс - тіршілігі төрт түлікпен байланысты. «Малым - жаным садағасы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабаларымыз. Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы. Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес.

І. Төрт түлік туралы не айтаcыңдар?

1. Қой - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.

2. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.

3. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.


4. Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.

Мұғалім: Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар. Бізге жақсы таныс болу үшін сөз кезегін төрт түліктің пірлеріне берейік.


ІІ. Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?

Қой – қазына, мырзалық,

Қой атасы - Шопаната.

Сиыр - қанағат, ақтық,

Сиыр атасы – Зеңгібаба.


Жылқы - сәндік, мақтан

Жылқы атасы - Қамбарата

Түйе - байлық, салтанат

Түйе атасы - Ойсылқара.


ІІІ. Төлдер туралы тақпақтар айту.

1. Кіп-кішкене, момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

2. Бұзауым бұзық,

Мінезі қызық

Маңдайы күйді

Қазанды сүзіп.

3. Құрық алып қолыма,

Қамшы салып торыға,

Жылқы айдаймын жайлауда,

Шаң ілеспей соңыма.

4. Жүресің тек монтиып

Қос өркешің селтиіп

Қарап жүріп қорқамын,

Қала ма деп жел тиіп.


Ән: Төлдер

Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдері көп.

1. Құтты қонақ келсе,

Қой егіз табады.

Қойдың сүті - қорғасын,

Қойды соққан оңбасын.

2. Сиырлының үйі – айран.

Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

3. Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным.

Ат - адамның қанаты.

4. Түйе атасы - нар,

Ағаш атасы - шынар.


V. Жұмбақтар жасырайық.

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

2. Мүйізі айдай иірген

Мұрнын көкке шүйірген

Ірімшік пен құрт майы

Жегенде тілді үйірген.

3. Қамыс құлақ

Тостаған тұқ.

Мінсең - қанат.

Сүті - дәрі,

Еті - тамақ.

4. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.


VІ. Өтірік өлеңдер құрастырайық.

1. Сарымсақ, сәбіз бөлмеде

Өскенін көп ел көріпті.

Қой мен ешкі төлдерге

Тамақ жасап беріпті.

2. Қарағаштың басына

Қауын, қарбыз өсіпті.

Түйе мен сиыр қызығып,

Қыста жейміз десіпті.

3. Жануарлар бақшаға

Жеміс жеуге келіпті.

Суда өскен жүзімді,

Жылқы мен есек теріпті.


VІІ. Тыйым сөздер.

1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.

2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.

Иесі өкпелейді.

4. Жас малдың тістерін санамайды.

5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.

6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.

7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.

8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.

Ән: Қошақаным қайда екен?


Қортынды: Балалар төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер?

Сендерге төрт түлік турасында нелер ұнады?мақтау қағаздарымен марапатталады.



Ашық тәрбие сағаты

2 сынып


Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі


Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге


Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.


Ойын «Жалғастыр»

«Не істеуге болмайды?»

- үлкендердің алдынан......(кесіп өтуге болмайды)

- кішкене баланы......... (жылатуға болмайды)

- құстарды........ (атуға болмайды)

- қыз баланы....... (ренжітуге болмайды)

- сабақтан....... (кешігуге болмайды)

- сыныпта....... (айғайлауға болмайды)


1 - оқушы

Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.

2 - оқушы

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

3 - оқушы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

4 - оқушы

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

5 - оқушы

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ - табақты.

6 - оқушы

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын

Салдыр-салақ болмағын.

7 - оқушы

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.


8 - оқушы

Атам маған қашан да,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

9 - оқушы

Өзгелерден өзімді,

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді,

Желпінгенім жоқ әлі.

10 - оқушы

Атам маған қашан да,

әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.


Әдептілік ережелері:

- Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

- Әрқашан сыпайы болу керек. сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. – Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

- Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

- Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.


11 - оқушы

Қалдыратын ұятқа,

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.

12 - оқушы

Ізетті бала

Ерлан қандай елгезек,

Берді ағайға жол кезек:

- Ағай ғафу етіңіз!

Алға қарай өтіңіз.

- Оқасы жоқ, ұланым,

Ізетіңмен ұнадың.

Деп ағай да Ерланды

Жақсы көріп нұрланды.

Ән: «Не деу керек?»

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын -

2. Кішкене баланы -

3. Құстарды -

4. Қыз баланы -

5. Сабақтан -

6. Үйге жүгіріп -

7. Үлкен кісіні -

8. Оқу – құралдарын -

9. Сыныпта айғайлауға -

10. Ысқыруға -

11. Құстың ұясын -

Не істеу керек?

- Үлкендерді сыйлау керек

- Ата - аналардың тілін алу керек

- Тәртіпті болу керек

- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

- Сабақты жақсы оқу керек

Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал - мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Оқушылар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.


Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер айту.


Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала.

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Ашу - дұшпан, ақыл - дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Сіз деген - әдеп,

Біз деген - көмек.

1. Ұлық болсаң - кішік бол.

2. Кішіден ізет - үлкеннен құрмет

3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

1. Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.


1. Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Сұрақ - жауап: «Сен маған, мен саған»

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?

5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?


Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?

1 - оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

2 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.


Ситуациялық сұрақтар

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек.?

3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?

5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?


Жас - кәріге сіз деген

Жақсы үлгі іздеген.

Дос боламыз біз деген,

Ізетті ұл мен қызбенен.

Көрініс: Байлық пен ақыл

Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ - жауап

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз.

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз.

Әдептілік сөзін топтастыру.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандық Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Семей қаласы

47 жалпы білім беретін орта мектеп

Жартаева Динара Хусмановна

Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»


Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың

ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық

талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген

сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер,

интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезені


- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!


ІІ. Әңгімелесу

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген

ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)

- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.


ІІІ. Тақпақтар


1-ші бала: Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

2-ші бала: Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)

3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат,

Гүлдер шықты жайнап.

Қызығып ылғи барамын,

Қырға шықты ойнап.

4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасың.

5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың,

Бәйшешек қырда қаптады.

Қызығып ылғи барамын,

Үзуге бірақ батпадым.


6-шы бала: Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

7 бала: Наурыз тойы - салтымыз,

«Көгерсін» - деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Тәрбиеші: Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету)

8 бала: Сансыз көкек сұңқылдап,

Көктем келді еркелеп.

9 бала: Нәзік үнмен сыңқылдап,

Бұйра бұлақ еркелеп,

Көкте бұлттар күркіреп,

Жерге төкті өрмегін.

10 бала: Қар су болып жөңелді,

Қалды дала жалаңаш,

Күн нұрына кеңелді.

11 бала: Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.

12 бала: Сүті көп те, көмірі аз,

Болады ғой Наурыз!

13 бала: Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Жарасу бар, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!

14 бала: Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

15 бала: Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күні,

Мейрамында халықтың.


16 бала: Балалар-ау, балалар!

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.


ІV. Жұмбақ


- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

(дастархан)

Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.

- Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді.


V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру


Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз.

Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі.


VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»


Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)

- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)

Рахмет! Отырамыз!


VII. Қорытындылау


Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық.

Рахмет!

Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,

Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп.

Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рахым етіп.

Жетпекке үлкендікке жас балалар,

Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.

Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,

Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.

Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,

Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.


- Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс қоян! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!

Қоян: Қыс келеді ақ тонды ...

Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!

Қоян деген момақан мақұлық қой,

Ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?!

Рахмет!

- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар!


VIII. Ән, би, өлең.


Біздің оқушымыз Еркінова Диляраның өнерің ұсынамыз.

Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

1. Бай өлкеммен мақтанам,

Жырға қосып шаттанам.

Жерімнің бар байлығын,

Тәуелсіз ел сақтаған.

2. Абай атамыздың өлеңдері:

1. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та , бар қалаң.

2. Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

Әділет шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға,

3. Бастапқы екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа.

Алдын-жалын, артын-мұз,

Барар едің қай жаққа?

0 «Ж» даярлық тобының оқушылардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар!

Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!ты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығ «Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағаты



Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.



1. Би.


2. Әдептілік дегенің


Әрқашанда керегің


Әсемпаздық дегенің


Әуре-сарсаң әлегің.



3. Атам маған әмәнда


Әдепті жан бол деген


Ата сөзі санамада.


Жасы үлкенге жол берем,



Алдын орап кісінің


Кесіп өтпей көлденең


Ізетімен кішінің


Сәлемдесіп қол берем.



Атам маған әмәнда


Кішіпейіл бол деген


Атам сөзі санамда


Мақтанбауды жөн көрем.



Атам маған әмәнда


Әділеттті бол деген


Ата сөзі санамда


Жүрем тура жолменен.



Өзгелерден өзімді


Санамаймын жоғары


Артық айтып сөзімді


Желпінгенім жоқ әлі.



Апаның тілін алса егер


Тамақ ішсе іш десе


Демал десе демалса


Суға түссе, түс десе.



Қолынан мұндай баланың


Күш болады күш десе


Іс келеді, іс десе


Шынығып өсіп толады


Үлкен жігіт болады.



Кім үлкенді тыңдаса


Кім үлкенді сыйласа


Үлкен болған кезінде


Сыйлы болмақ өзі де.



Ата-ананың тілегі


Адам болып өскені


Адамдықтың белгісі


Адам болып өскенің.



- Балалар біздің сыныбымызда өзіміз айтқан ұрлықшы, әдепсіз, өтірікші балалар жоқ.. Тек бізде біраз сабаққа жалқау, таза жүрмейтін балалар кездесіп қалады. Сол туралы айтысып көрелік.



Ұлдарға да тағатын мініміз бар


Көңілге ап жүрмесінші ұлдар оны


Әрине кемшілік те сыналады


Қыздарымыз өкпелемей ұғар оны.



Ұлдар біздің салақ па


Қарамайды қабаққа


Бірде болса бірде жоқ


Қатыспайды сабаққа.



Санның басы бір екі


Сөйлемейді екен ер екі


Ұлдар жаман дейсіңдер


Қыздар да бар дөрекі.



Ұлдар біздің тамаша


Алысып жүр балаша


Олпы-солпы киінген


Ұят екен қараса



Үлкен айтса көнбеген


Құлағына ілмеген


Қыздар да бар әлі


Ата салтын білмеген.



Ерді еңбек шыңдар-ай


Ұғар адам тыңдар ай


Жамандыққа жаны қас


Өршіл болшы ұлдар-ай.



Бұл қыздардың көркем-ай


Жамандыққа жат болып


Жарқын болсын ертеңі-ай


Білімді боп бәрінің


Өсе берсін ертеңі-ай.



Көрініс: «Сәлемдесу»



«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көрегенділік болады.


Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады.



Көршілерді көргенде


Сыйлап сәлем беремін


Әдепсіз деп сөкпесін


Анама айтып өкпесін.



Көрініс: «Әке мен бала»



Ән: «Анаға сәлем»



Би: «Қыздар»



Көрініс: «Орын беру»



Болашақ алды ұрпаққа,


Сілтеген түзу жолдарын.


Балалар түсін оны – ойла,


Қарттар асқар тауларың.



Шыңына шығып биіктің,


Мансапқа жетер қолдарың.


Ұмытпа сонда қадірін,


Қарттар асқар тауларың.



Қағыл естіп қылтыңдайды баладай,


Ниеті ақ пейіл кең даладай.


Кімге болсын қарттық жетер алаңдап,


Мәпелеңдер қарт біткенді аямай.



Атамыз біздің панамыз


Атамыз біздің данамыз


Атадан ақыл аламыз


Атадан адам боламыз.



Тұра тұршы есейгенше ұл-қызың


Жүре тұршы жалғанғанда үзігің


Маған бақыт неге керек ақ әже-ау


Өзің бірге көре алмасаң қызығын.



Би: «Өзбек биі»



Бүгін ұстаздар да мерекесі. Біз ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймыз.



Әр бір сөзің мағыналы


Ұрпақ үшін бағалы


Жайсаң ізгі жаныңа


Тек мақтаныш жағады.



Келген жетіп дәл бүгін


Таси берсін берекең


Құттықтайды ел бүгін


Құтты болсын мерекең.



Кім ұғады оқушының тілегін


Кім ұғады оқушының жүрегін


Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң


Ұғатын ол ұстаздар деп білемін.



Оқушыға мейірімі мол анадай


Ол қуанса қуанады баладай


Түсе қалса қабағы


Жұбатады жылы сөйлеп аялай.



Балалар біз бойымыздан жаман қасиеттерді алып тастадық.. Әдептілікті, жақсы қасиеттерді неге теңеуге болады? (күнге, ашық аспанға)


- Аспан ашылған соң не шығады?


- Кемпірқосақ


Кемпірқосақтарға жазылған сөздер бар (кешіріңіз, рахмет, рұхсат па?, жарайды, саламатсыз ба?)



Ән: «Недеу керек?»



Күн: (жаттау)



Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»


ын таныта білуі керек. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

Мақсаты: Оқушыларды ұлтымыздың ою-өрнектерімен , олардың түрлерімен таныс- тыру. Ою-өрнектер түрлерін өздері ажырата білуге , ою-өрнектермен өрнектей алуға үйрету.

Ою-өрнектерді өздеріне жасата отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, белсенділікке балу , саусақ қимылдарын дамыту.

Елін, жерін ,ұлтын сүюге, сонымен қатар ұлтымыздың салт-дәстүрін біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ата- бабамыздан қалған ұлттық көркем қолөнерімізді одан әрі жалғастырып, оны жандандыратын өздері екенін сезінту.

Көрнекілігі: Ою-өрнектер суреті, заттық бұйымдар,қайық,жазылған сөздер,жылқы суреті,өзен.Жайлау бейнесі, киіз үйдің нұсқасын жасау, ішін ұлттық бұйымдармен безендіру.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, топтық,саяхат, сахналау.

Тәрбие сағатының барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық көңіл-күй.(қолдарынан ұстайды)


1-қатар: Біз бір-бірімізге жақсылық тілейміз

2-қатар:Біз бір-бірімізге қуаныш тілейміз

3-қатар:Біз бір-бірімізге сәттілік тілейміз

Бәрі хормен: Біз бір-бірімізді жақсы көреміз.

II.Қызығушылықтарын ояту:


1.Ең алдымен сандар арқылы «өрнек» сөзін шығарып алу. Мысалы бірінші «ө» әрпін шығару үшін төрт санының екінші әрпін тауып алу керек. Төрт санының екінші әрпі «ө». Осы әдіспен келесі әріптерді таба отырып, «өрнек» сөзін шығарып алу.


4-2

1-3

10-2

5-2

2-2

Ө

Р

Н

Е

К



2.Топтастыру:


-Өрнек дегенде ойларыңа не келеді?



III.Мағынаны тану. (Өзім толығырақ өрнек жайлы айтып кетемін)


-Дұрыс балалар, өрнек дегеніміз-бірнеше көркемдеп сызылған сызықтар жиынтығынан құралған әсемдік сызба. Өрнектер түрі көп. Әр ұлттың өзіне тән ою-өрнектері бар. Өткен бейнелеу сабағында біз «Өрнекті табақ» тақырыбын өткенбіз. Сонда қай ұлттың өрнегімен табақты өрнектедік?(Орыс халқының ою-өрнектері болатын.)

Ал бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» деп аталады. «Ою-өрнек» сөзі- латынның «орнамент» деген сөзінің баламасы. «Орнамент» сөзі –«сәндеу» немесе «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. «Ою» сөзі, біріншіден, ағаш немесе темір материалдарын ойып, затты көркемдеу дегенді білдірсе , екіншіден , материалды ою немесе ою үлгісін дайындау дегенді білдіреді.(көрнекілікпен көрсетемін)

Ою-өрнек –бұл сызба. Халық шеберлері ою-өрнекті өсімдік, жануар, құс, ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген. Ою-өрнекті тұрмыстық мүліктер мен бұйымдарды безендіруге қолданған. Ұлттық ою-өрнектердің сан алуан түрі барын айту. -Ал, балалар, айтыңдаршы , ою-өрнектерді қандай заттарда кездестірдіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін:

-Ою-өрнекті кімдер жасайды? (Әжелеріміз бен аналарымыз)

Әжемізден ою-өрнектер туралы сұрап алуымыз керек . Сол үшін, балалар, бүгін жайлауға ата-әжеміздің үйіне барамыз. Жайлауға саяхаттап келеміз. Жайлауға бару үшін жылқы керек.(Осы кезде жылқының дауысы шығады, жылқының шауып келе жатқан дүбірі естіледі)

-Жылқыға мінбес бұрын біз бір сұраққа жауап беруіміз керек екен.

-Қазақта киелі сан қандай сан? (7)

-Қазақта 7 қазына деген бар. Егер сендер жеті қазынаны атап берсеңдер жылқылар келеді. (1.Ер жігіт 2.Сұлу әйел 3.Ақыл ,білім 4.Жүйрік ат 5.Қыран бүркіт 6.Берен мылтық 7.Жүйрік тазы. )

Әрі қарай жүрсек алдымызда өзен сұлап жатыр.

- Өзеннен өту үшін бізге не керек? (Қайық)

- Қайыққа бәріміз бірдей сыймаймыз. Сондықтан бізге үш қайық керек. Ол үшін біз тағы үш сұраққа жауап беруіміз керек.

1.Жақсылық күндерде, келін түскенде,алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде немесе зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, теңгеден салтанатты дәстүр жасайды. Сол дәстүр қалай аталады?(Шашу)

2.Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып? (Тұсаукесер)

3.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той? (Шілдехана)

Бұл кедергіден де мүдірмей өттік. Ал енді қайыққа мініп, өзеннен өтейік. (Осы кезде судың сылдырап аққан дауысы естіледі)

- Балалар, міне біз жайлауға да келдік.

Хормен:

Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік,

Жайлауға жақын келдік.

Армысың, ата-әже!

Біз саған қонаққа келді

(Осы кезде оқушылардың арасынан бір қыз әженің рөлін, екі қыз немеренің рөлдерін, бір бала атаның рөлін ойнайды. Бұл жерде әже - Куралова Ақтоты, ата-Кәдірбек Диас, немерелері- Сайлаубекова Сәнді, Абдуайт Еркежан)

Әже:

-Айналайын, балаларым, келіп қалдыңдар ма ? Жоғары шығыңдар. Келу себептеріңді айта отырыңдар.

Балалар:

-Әже, біз сізден ою-өрнектер жайлы білуге келдік, әрі сіздерге көмектесуге келдік.

Ата:

-Онда балалар дұрыс келіпсіңдер.Әжелерің ою-өрнектің нағыз шебері. Әжелерің сендерге ою-өрнектер жайлы көп нәрсе үйретеді.Сендер ою-өрнектеріңді сұрай беріңдер .Мен қойларды бір қарап келейін.

Әже:

- Балалар , қане жайғасып отырыңдар. Мен сендерді ою-өрнектің түрлерімен таныстырып өтейін. Мен жалғыз емеспін. Маған көмекші екі немерем бар. Біреуінің аты Сәнді,екіншісі Еркежан. Екі немеремде сендерге ою түрлерін таныстырып өтеді.

Алдымен әженің өзі ою-өрнектердің бірнеше түрімен таныстырады.

Немересі Сәнді бірнеше ою-өрнек түрімен таныстырады

Немересі Еркежан бірнеше ою-өрнек түрімен таныстырады.

Әже:

-Балаларым, сонымен қандай өрнекпен таныстыңдар?(Балалардың жауабы тыңдалады.)

-Өте жақсы. Енді осы ою-өрнектерден текеметті өрнектейік.

-Текеметтің не екенін білесіңдер ме? (Текемет туралы бір оқушы толық мәлімет беріп кетеді.)

Әже:

- Балалар, мен текеметті өрнектеуді жарыс түрінде өткізгім келіп тұр. Қане сендерді үш топқа бөліп алайын. Ол үшін сендер мынау тұрған оюларды таңдап, ондағы сұраққа жауап берулерің керек.(Балалар санына байланысты сегіз-сегізден үш түрлі ою берілген. Әр оқушы келіп, өзіне ұнаған оюды таңдап алады және әр оюдың артында жазылған бір сұраққа жауап берулері керек. Ондағы сұрақтар қазақтың салт-дәстүріне байланысты берілген. Әр оқушы өзіне ұнаған оюды таңдайды. Қандай ою екенін атайды.Бірдей ою алған балалар бір топқа жинақталады.)

Үш топ құрылады.

1-топ «Қошқармүйіз»

2-топ «Өркеш»

3-топ «Құстұмсық»

-Ал енді текеметтеріңді әшекейлеңдер. Қайсы топтың текеметі жақсы шығады екен.(Әр топта сегіз оқушыдан. Оқушылар дайын шаблондар арқылы ою-өрнектерді түрлі-түсті қағаздарға сызып, оны қырқып алады. Әр оқушы бір-бір оюдан ғана қырқады. Оюдың бәрі дайын болғаннан кейін оны мата бетіне дұрыс орналастырып, жапсыру керек.)


Өрнектеген текеметтерін іліп қояды. Текемет көрмесін ұйымдастырады.

Әжесі, немерелері жасалған текеметтердің әрқайсысына жеке-жеке баға береді. Оқушылардың жұмыс барысындағы кемшіліктері мен жетістіктерін атап айтып кетеді. Сөйтіп балалардың жұмыстарын «Өте жақсы жасалған текемет», «Оюы дұрыс орналастырылған текемет», «Оюдың түсі дұрыс таңдалған текемет» деп үш топқа жеке-жеке баға беріп, марапаттайды.

Әже:

-Балалар, сендер бәрің де өте еңбекқор, белсенді бала екенсіңдер. Бәріңе де көп рахмет. Қазақтың салт-дәстүріне байланысты не білгілерің келсе, менен көмек сұрауларыңа болады. Біз сендерге әрқашанда көмектесуге дайынбыз. Солай ғой, немерелерім, - деп екі немересіне қарайды. Немерелері әжейді құптайды.

IV. Бағалау. Марапаттау.

Балалар:

-Әжей, Сәнді, Еркежан,сіздерге көп рахмет! Біз сіздерден ою-өрнектер жайлы, ою-өрнекпен өрнектеуді білдік. Енді біз кейін қайтайық. Және біз өзіміз өрнектеген текеметті сізге сыйға тартамыз. Және сіздерге арнап бір күй тартып берсек дейміз.Осы кезде Баянов Абзал домбырамен күй тартады.

(Жылқының даусы шығады. Оқушылар сыныпқа қайтып келеді)

V.Тәрбие сағатын қорытындылау:

Сұрақ-жауап жұмысын жүргізу:

-Ал, балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

-Жайлауда кімдер бар екен?

-Сендер одан не үйрендіңдер?

-Оюдың қандай түрлері бар екен?

-Жеті қазынаны кім атап береді?

-Онда біз осындай жақсы көңіл-күймен сынып сағатымызды аяқтайық.

-Хош сау болыңдар! Аңшылық


Мақсат : Оқушылардың « Аңшылық кәсіп» туралы білімдерін кеңейту.

Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Табиғатқа деген қызығушы

лықтарын арттыру.Жа нуарларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік : әңгімелесу, маскалар, ат мүсіні , слайд.

Сабақ барысы :

«Аңшылық» сөзі қай сөзден алынған ?

1 – слайд.

Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі . Қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандады – аңшы (аңды аулаушы),аңкөс (аң аулаудың сыр ларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажыра татын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы ( бүркітшілерге қол ғанат болатын) деп атайды.Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып,қар ға омбылатып аулау, тормен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу т.б.) же тік меңгерген.

Аңды ерінбеген атады,

Я көрінбеген атады.

Аң атпаған атынан көреді,

Ата алмаған мылтығынан көреді.

ж1

Адамдар Тәңір жарылқаушының киесі де, иесі де құс деп таныды. Соның ішінде қыран құстың қырағылығы мен алғырлығын ерекше қастерлеп, билік тің рәмізі ретінде көшпелілер ту - байрақтарын қыран құстардың бейнесімен әшекейлеген.

Ерте кездерде қазақ даласына саяхаттап немесе елшілік қызметін атқарып келген адамдарға әрқашан қонақжайлылық көрсетіп, иығына шапан жауып, қо

лына қыран құс қондырып,астына жүйрік ат мінгізіп еліне сый-сыяпатпен қай тарып отырған. «Жеті Жарғыда» қазақтың аңшылығына ерекше ден қойып, оны бұзғандарды жазаға тарту туралы арнайы бап енгізген. Бүгінгі егемен еліміздің мемлекеттік рәміздерінде қыран құс соның айқын дәлелі.. Ұлы Абай да құсбегі лікті жан-тәнімен ұнатқан адам. Даланың дүл-дүл ұлдары Біржан мен Ақан,Се рі мен Қанапия бұл өнерді ұлттық ерекшелік деңгейінде жырлады.

ü Қиядағы қызыл түлкіні

Қияннан соққан бүркіт алады.

ü Саятшының сұңқары

Салған жерден іледі.

ü Құс бағу да бір қызық,

Құс салу да бір қызық.

ü Құстың бәрі сұңқар болмас,

Аттың бәрі тұлпар болмас.

3 – слайд.

ж4

"Ит жақсысы - тазы". Жақсы иттер жайлы қазақта ертегі, аңыздар көп.

Қазақта "құмай тазы" деген сөз бар, жақ сы, жүйрік, алғыр тазыларды "нағыз құмай тазы", - деп жатады.

Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі бар. Мысалы, самарқанның тазысы - аласа бойлы, бірақ мүше - мүшесі әсем де сүйкімді болған. Жем бойы мен Aтыpay бойындағы қазақтардың тазылары - табан жүні мен құлағындағы шашағының ұзындығымен ерекшеленеді.Ол өз олжасын көзі мен торуылдап, жі ті бақылау ар қылы алады.Тіпті иесінің көмегінсіз өз бетімен аң аулайтын Оңтүс тік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Бәйдібек ауданы тазыларын көптеп әке ліп қан жаңғырту, тазы тұқымын сақтап қалу шаралары жүрілгенді. Тазылардың түр-түсіне тоқталар болсақ, қазақ жерінде кездескен тазылар туралы деректерде оның қара,сары,көк шіл сұры болады. Көк тазылар өте жоғары бағаланады.

Алғашқы қар жауғанда аңшылар тазы иттерін ертіп, жүрілген аңдардың ізде ріне түсіп, аң аулауға шығады. Себебі аңшылар әр аңның ізін айтпай – ақ тани ды. Сол күнгі аңға шығуды « қансонар » деп атайды.

Абай Құнанбаевтың « Қансонарда » өлеңін оқу.

Күй « Ақсақ киік» Көрініс : « Аңшы мен түлкі »

ж2 ж3

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

ü Ит иесі үшін алады.

Бүркіт жемі үшін алады.

üАт бегі —аттың тұяғына қарар

Құс бегі — құстың қияғына қарар

Викториналық сұрақтар :

1. Құстарды қулықпен аулайтын аң ? ( түлкі )

2. Салпаң құлақ не ? ( қоян )

3. Жеті қазынаның бірі, Адамның адал досы ( ит )

4. Түлкінің құйрығының ұзын болу себебі ( жалт бұрылу)

5. Құс салып, аң аулауды кәсіп еткен аңшы ( саятшы)

6. Қоянның құлағы неге ұзын ? ( сақ )

7. Өті жоқ жануар ( жылқы )

8. Қасқыр баласы ( бөлтірік )

9. Қай уақытта Жер бусанады ? ( Көктемде )

10. Қасқырдың көп жортатын уақыты ( ақпан )

Аңшылыққа байланысты ырым – тыйымдар.

1. Қуып келе жатқан түлкінің жанында не үстінде бозторғай қалмай ұшып

жүрсе, онда ол аңды аңшы одан әрі қумайды.

2. Егер қақпанға түскен тірі аңның үстінде бозторғай шырылдап ұшып жүрсе,

Онда аңшы ол олжаны алмай ,босатып жібереді.

Саяттың денсаулыққа пайдалы спорттық қасиеттері де бар. Кең сахараның бойын шүйіп, таза ауасында серуен құрып, сәйгүлікпен заулатып қансонарда із қуып, сан қилы қызықты көзбен көргенде шаршағаның сейіліп, жақсы тыныға сың. Саят дертке шипа, бойға қуат беретін өнер, әрі спорт.

Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығын естен шығармау керек.

Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады және бүкіл халықтың игілігі.

Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау үшін Қызыл кітапқа қорғауға енгізіледі. 1991 жылғы 18 маусымда «Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заң қабылданды. Онда жануарлар дүниесін қорғау жайында бөлімдер бар.

Тақырыбы: Гүл – ғажайып дүние


гул1гул2

5 «А» сынып

Сынып жетекшісі

Табыспаева Жанат Әбенқызы

Мақсаты:

Сынып оқушыларына гүл түрлері, сәндік өсімдіктерін өсіру, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру. Табиғатты сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу. Сұлулық пен әсемдік туралы талғамын қалыптастыру.

Жабдығы: «Гүл – ғажайып дүние» тақырыбына слайд, гүл , көбелек, көктем, күн боп киінген оқушылар.

Сабақ түрі: қойылым

Жоспары:

Кіріспе :

Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады.

Білгішбек пен Дымбілместің кездесуі.

Білгішбек:

Керме иық далам көсіліп келем

Аяғым асты көк шалғын

Төсіңнен текті көшіріп өлең

Батыр бабамды еске алдым

Көгімде менің қалықтап ұшқан

Кереге қанат қыран құс

Шетінен шешен алып данышпан

Бабаларыма мың алғыс.

Дымбілмес:

- О, Білгішбек, Сен тағы да өлең оқып келесің бе? Айтшы осы, сен күнде бір өлең шығарасың ба? Бүгін тағы қандай өлең шығардың, кімге арнадың?

Білгішбек:

Ай, Дымбілмес Сен қашан ақылды болар екенсің? Қарашы табиғат қандай тамаша! Менің бүгінгі өлеңім көктемге, табиғатқа арналады. Кел, гүлдер патшалығына саяхаттайық!

Дымбілмес:

Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат!


(Сыныптағы қыз балалар гүл бейнесінде киінеді де, гүл бейнесінде киінген қыздарды ұл балалар көпшілікке таныстырады).

Бәйшешек: Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі — бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15см, ерте көктемде наурыз айының бас кезінде көктеп, бүршік жарады.

Бәйшешек

Мен боламын қырларында текеметтің.

Көктемге алғаш көрік әперетін.

Бәйшешекпін, көктесем қар астында,

Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін.

Ыдырады мұз бен қар,

Мен шыққан соң сыналып.

Ала бұлттан жұлдыздар,

Қарағандай сығалап.

Аз өмірдің өзінде,

От жалын боп лауладым.

Соғылған дер кезінде,

Күміс қоңырауларым.

Елемедім ызғарды,

Күнге күліп қарадым.

Қызықтырып қыздарды,

Гүлге негіз қаладым.

Қызғалдақ — лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны — Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивальда қызғалдақтың бірінші отаны — Қазақстан, ал екінші отаны - Голландия деп хабарланды. Нидерланд елінің ханшайымы Беатрис Елбасымызбен кездесуде: «Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны жалғастырса, қызғалдақ Қазақстан мен Голландияны және басқа да елдерді жалғастырды. Қызғалдақтың Сіздің елде кездеспейтін жері жоқ екеніне көзіміз жетті. Ұлы Жібек жолы кезінде, қызғалдақ әлем елдеріне таралғаны дәлелденіп отыр. Сондықтан қызғалдақтың отаны — Қазақстан екенін әлем мойындап отыр» — деген болатын.

Қызғалдақ.

Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,

Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.

Сәні деп өмірінің, көңілінің,

Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.

Қызыл ғалдақ, ақ ғалдақ,

Қолда бар не мақталмақ.

Қазақстан ежелден,

Алуан гүлдер жапқан бақ.

Ұқсайды оған қоңырау,

Әркімге тиіс ол ұнау.

Құрта алмады сан таптап,

Қазақпенен оны жау.

Кең тесінен даланың,

Сыйлар шаттық, маған мұң.

Қорғап, тамған деп қалам,

Қаны ма ата-бабамның?

Жұмыртқа ма журек пе?

Шам ба жанған түнекте,

Ұрпақтарым, қастерле,

Гүліңді де жүдетпе.

Біздерде алуан бар ғалдақ,

Шығады ерте қарсалдақ.

Шетел алып байыпты,

Қалмайық біздер тал қармап.

Шетелге пайда пұл болып,

Кұлпырды алуан түрге еніп.

Қымбаттап ата мекенге,

Оралман гүл боп жүр келіп.


Інжугүл — бұл да лалагүлділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдері кез келген адамды толғандырмай қоймайды. Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж інжугүлге малынып кететін көрінеді. Бұл күнді «Інжугүл күндері» деп мейрамға айналдырған. Уақытында атақты сазгер П.И. Чайковский «Мен інжугүлді гүлдер патшасы деп білем», - деген екен. Бір қызығы ол сүйікті гүліне арнап музыка емес, өлең шығарған. Ал, ол сөзге сазгер А.С. Аренский музыка жазған. Сонымен халық арасында «Дем беруші», «Шабыт беруші» аталған інжугүл, Қазақстанда тек Орал өңірінде өседі.

Інжугүл.

Көктемнің алғаш гүлінің,

Інжугүл атты бірімін.

Адамдықтың, достықтың,

Куәсімін, жырымын.

Жапырағым жайылған,

Секілді қос алақан.

Қоңыраудан жоқ, айырмам,

Келбетіме қарасам.


Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызық-ты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.

Тұңғиық.

Ақ көйлекті бойжеткен,

Қалқып жасыл қайықпен,

Көлде жүзіп жүргендей,

Қарайсың таң қалып сен.

Суда малти білмейсің,

Жетпейсің ол гүлге сен.

Тақсаң оны кеудеңе,

Көрінесің мүлде сен.

Орның ерте кештегі,

Өзгертер бұл көшпелі.

Оған себеп толқынды,

Су үстінде өскені.

Қалампыр гүлі — Еуропа елінен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі — ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.

Қалампыр

Жайлауда жел тербесе,

Иісіңе дала аңқыр.

Бақшадан да мен неше,

Көрдім сені Қалампыр.

Ежелден халық бұл гүлді,

Жалқауларға қимайды.

Қорғайтын елді, үлгілі,

Батырларға сыйлайды.

Қызыл, сары гүл көрдім,

Ағы да бар не түрлі,

Қалампыр гүл гүлдердің

Ардагері секілді.

Раушан немесе Райхан гүлі — хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған. Ақ раушан гүлін негізінен қалыңдыққа сыйлаған, ал, алқызыл, қызыл раушан гүлдерін аруларға, аналарға сыйға тартатын болған.


Раушан.

Қызыл, күлгін, ақ, сары,

Шешек атқан шақтағы.

Хош иісі сүйсінткен,

Ең әсем гүл бақтағы.

Ою-өрнек қатпары,

Өте үйлесім тапқаны.

Кіндігін кей қыздарша,

Көрсетпей әдеп сақтады.

Әр ел егіп күтеді,

Сатады әр гүл дүкені.

Өзін-өзі қорғайтын,

Абайла бар, тікені.

Нарғыз гүлі — гүлдері қатпарланып, шеңберленіп орналасқан әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Отаны — Мексика. Ыстық және салқын ортаға да төзімді гүлдердің бірі.

Нарғыз

Гүлінің ұсақ қатпары,

Шеңберленген біркелкі.

Бұл да әсем гүл бақтағы,

Көз тартарлық түр, келбеті.

Мексикадан тараған,

Әлемге болып танымал.

Бұл күнде көк пе қарадан,

Басқа түстің бәрі бар.

Келсе қалма гүл ашпай

Тамыз бен қыркүйегі,

Ыстыққа да көңілі жай,

Салқынды да сүйеді.

Бөртегүл — әдемі өсімдіктердің бірі. Қазіргі таңда бөртегүлдің жүзге жуық түрлері белгілі. Оның гүлдері сия көктен алқызыл, сары, қызыл болып келеді.

Бөртегүл.

Жұпар иіс сиренді,

Қазақша бөртегүл дейді.

Қоршап бақша үйлерді,

Көктемде ерте гүлдейді.

Айтсақ сөздің анығын,

Мәлім бізге ерте бұл,

Шыңғысханның жарының

Аты осы Бөртегүл.

Гүлдердің әсем сұлуы,

Қыздарға келген болып aт.

Бөртегүлдің руы,

Өзіміздің қоңырат.

Қоңыраугүл — гүлінің аты сыртқы тұрпатына қарап қойылған. Ол қышқыл топырақты жерлерде өседі. Қоңыраугүл маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері ақ, сия көк, сары, күлгін болады.


Қоңыраугүл

Әр түсті алуан түрі бар.

Бір ашылса қаулайды,

Ортасында тілі бар,

Қоңыраудан аумайды.

Қарап тұрсаң қызық-ақ,

Түрілген сәл кемері.

Үлкендеу бірін үзіп aп,

Сыңғырлатқым келеді.

Бір талы гүлдестедей,

Суңғақ бойлы Гүлбаршын.

Ерте демей кеш демей,

Бақта буршік жарсын бұл.

Тарту етсең тойларға,

Төрден орын алады,

Жарыса көкке бойлауда,

Саусақтары салалы.

Алпамыстың жарының,

Аты да осы Гулбаршын.

Бұл гүлмен аттас, анығын,

Айтшы қанша қыз барсың?

Атыңның өзін білмейсің,

«Гладиолус» екенін.

Әйтеуір бір гүл дейсің

Ұмытылған кешегің.


Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.

Сол тұрғаның ұнайды,

Құлпырғаның ұнайды.

Ұқсап сәби балаға.

«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың.

Сұлулығы туған жердің қаланың,

Жан тербейтін нәзік сұлу гүлдерді,

Күтіп-баптап аялайтын баламыз.

Гүл тілі

Қызыл раушан — махаббат белгісі.

Ақ раушан — құпиялық белгісі.

Лала гулі — тазалық белгісі.

Нәркез — шығыс елдерінде жаңа жыл белгісі.

Сүмбілшаш — кездесу белгісі.

Інжугүл - шабыт беруші гүл,

Қалампыр — ерлік пен өрлікгің белгісі.

Бақытгүл — бақыттылық белгісі.

Француздар, испандықтар қалампыр гүлі мен бақытгүлін бақытсыздық белгісі деп санаса, ал бұл гүлдерді күншығыс елінің халықтары және италияндықтар, гректер, ағылшындар бақытгүлі деп қадірлеп, қастерлеген. Германияда қызыл раушан махаббат белгісі болып саналса, Латын Америкасында гүл қан түстес болғандықтан өлім гүлі деп санап, ақ раушанды қадірлеп, қастерлейді екен. Жақсылыққа гүл сыйлағанда гүл так санды болу керек, ал қабір басына апарған гүл жұп санды болуы қажет деп санайды халық.

Сауалнама. (Тәрбие сағатына қатысып отырған сынып ата-аналарымен, ұстаздармен сауалнама жүргізілді). Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?

Қызыл — белсеңділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылт — жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішіңде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.

Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіңдікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіңдігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.

Алқызыл — нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақ — шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.

Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Сонымен балалар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі ете кеп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көғалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Табиғат кім – мен.

Табиғат кім – сен.

Табиғат кім – біз.

Табиғатты қорғаймыз.













Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік. Балалар өлең оқиды. Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан, Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі” атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын. 2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жоба жарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан – жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. 
Источник: http://www.zharar.com/kz/shygarma/1380-teacher.html



Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік. Балалар өлең оқиды. Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан, Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі” атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын. 2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жоба жарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан – жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Жастарды шетелдерде оқытуға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқулықтар білім беру ісіне ене бастады. 
Источник: http://www.zharar.com/kz/shygarma/1380-teacher.html








1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым

2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
 
Ортаға мың бұралған бишілер шығап «Бипыл» биін билейді.

1-жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.

2-жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.

1-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам –мектебім!
ӘН орындалады

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М -мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман

2-жүргізуші:
Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады

1-жүргізуші:
Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би орындалады.

2-жүргізуші:
Оқытыңдар,ұл-қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете,ұстаздар.

1-жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

Қорытынды бөлім.

Керу қайту

Ұстазтәрбие сағаты,ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі



hello_html_7210c7ec.pnghello_html_mb39782e.png


























hello_html_1ac8daed.png
























hello_html_510c80ad.gifF:\Documents and Settings\Администратор\Мои документы\Мои результаты сканирования\сканирование0004.jpg








































hello_html_m76ab29bf.gif







hello_html_3dc38f1a.gif











C:\Program Files\Microsoft Office\MEDIA\CAGCAT10\j0240719.wmf

F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\BANANAS3.WMF














F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\CHEESE1.WMF


























F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\FRTBSKT2.WMF























F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\STRWBRY5.WMF




















F:\Айгуль\Рисунки для документов\времена года\i.jpeg






F:\Айгуль\Рисунки для документов\животные\COLLIE.WMF




















F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\PEAR2.WMFF:\Айгуль\Рисунки для документов\предметы\BOOK2.WMF






















F:\Айгуль\Рисунки для документов\животные\BUMBLBEE.WMF






































F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\ONION.WMF





























F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\CARROT.WMF



























C:\Program Files\Microsoft Office\CLIPART\PUB60COR\J0099165.JPG









































C:\Program Files\Microsoft Office\CLIPART\PUB60COR\J0157191.WMF






































F:\Айгуль\Рисунки для документов\животные\ANT.WMF






























F:\Айгуль\Рисунки для документов\времена года\KIDDUSH1.WMF
























F:\Айгуль\Рисунки для документов\времена года\RAIN.WMF





















F:\Айгуль\Рисунки для документов\времена года\SNOWFLK6.WMF























oblakai
































C:\Program Files\Microsoft Office\CLIPART\PUB60COR\PH01046J.JPG





































46_krugp
































C:\Program Files\Microsoft Office\CLIPART\PUB60COR\J0282928.WMF





































D:\WKn3Ru\Data\Pictures\12.tif.JPG


























http://images.picsearch.com/is?bWeWlmOuuOcIN0RcEI5JZVMC5qwCRZ42_hCNK_XSMgQ
















C:\Documents and Settings\Пользователь\Рабочий стол\12\03.jpg


























D:\WKn3Ru\Data\Pictures\200.tif.JPG

































корова




































D:\документы\айгуль\Рисунки для документов\лес\1221163001_14.jpg





























воробей








































D:\документы\айгуль\Рисунки для документов\лес\0_b380_8ffbb472_XL.jpeg


































D:\документы\айгуль\Рисунки для документов\лес\090b02b90eb525bbda8fc150d7f0982e.jpeg


































D:\документы\айгуль\Рисунки для документов\лес\719966_13.jpg































архар







































джейран




































беркут






























E:\Айгуль\Рисунки для документов\растения\MAPLELF1.WMF































герб





































флаг






























F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\APPLE1.WMF








































F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\CHERIES.WMF

































F:\Айгуль\Рисунки для документов\растения\FLWRBSK1.WMF








































F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\BERRIES.WMF




























F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\TOMATO3.WMF



































F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\LEMON4.WMFF:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\LEMON4.WMF






























F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\GRAPES.WMF






































F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\CARROTS4.WMFF:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\CARROTS4.WMFF:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\CARROTS4.WMFF:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\CARROTS4.WMF






























E:\Айгуль\Рисунки для документов\животные\WSHOWER.WMF










































F:\Айгуль\Рисунки для документов\Здания, инструмнеты\дом1.bmp


























E:\Айгуль\Рисунки для документов\растения\TULIP6.WMF





































E:\Айгуль\Рисунки для документов\машины корабли часы\CLOCK5.WMF




























SO02022_








































F:\Айгуль\Рисунки для документов\Овощи, фрукты\PINEAPL3.WMF









































hello_html_m55f711c0.jpg


























hello_html_66e1e084.png

























F:\Айгуль\Рисунки для документов\предметы\VIOLIN2.WMF












































F:\Айгуль\Рисунки для документов\животные\ELEPHNT.WMF





































F:\Айгуль\Рисунки для документов\животные\CHICKEGG.WMF














































Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Санды өрнек, әріпті өрнек»                                           Сабақтың жоспары Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сәнді және әріпті өрнектер туралы ұғым беру, таныстыру. Іс-әрекет,мақсатқа жету әдістерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау  қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, іздемпаздыққа,табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ребустар, ойындар. Ауыл көрінісі суреттері, сызбалар, тесттік тапсырмалар. Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздендіру. Түрі: Саяхат сабақ. Жаңа білімді меңгеру сабағы. Пәнаралық байланысы : Ана тілі,дүниетану. Жүрісі 1.Ұйымдастыру кезеңі 2. Қазіргі қандай сабақ? «Математика» Олай болса математика сөзін оқығанда қандай ой келеді? Соны мына сызбадан бақылайық. Осы уақытқа дейін математика пәнінен не үйренгенімізді есімізге түсірейік. Шығармашылық                   Әріпті, санды                   Оқулық   Тапсырмалар                          өрнектер   0, 1, 2, 3, 4, 5...                                                                      Есеп ш:    сандар                                   Математика   цифрлар                                                                                         с:   Қосу, азайту кестесі                 Амал таңбалар                Геометриялық фигуралар  5+4; 10-4.                                   +, -, /, =, .                           ,        ,         ,                                                                                                  .         Бүгінгі сабақта сендер шығармашылыққа бағытталған деңгейлік тапсырмаларды орындайсыңдар. «Шығармашылық» - «шығару», «ойлап табу» екенін білесіңдер.Енді мен сендерге сұрақтар берейін. -         Қазір қай мезгіл? -         Көктем. -         Наурыз айында қандай мерекелер бар? -         8-наурыз «Аналар» мерекесі. -         22-наурыз «Наурыз тойы». Наурыз мерекесі туралы не білеміз? Шағын әңгіме, сұрақ-жауап әдісімен. Наурызда ағаш уйлер құрылады. Тойда түрлі ұлттық ойындар ойналады. Ақ мол болады. Тілектер айтылады. Баталар беріледі.                                         Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз наурыз қарсаңында ауылдарға саяхатқа шығу. Ондағы ауыл адамдарының наурызға дайындығын байқап қайтып, өзімізге керекті жерлерін үлгі тұту. Саяхатқа шықпас бұрын өзіміз де наурызға дайындық ретінде ағаш үйімізді дайындап, құрып кетейік. -         Ағаш үй сүйектерін кім атайды? -         Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық. Осы жерде сіздерге тапсырма беремін. Ағаш үй сүйектерінде бірнеше тапсырма берілген, дұрыс орындасақ, онда ағаш үйімізді құрып, наурызға дайын екенімізді білдіреміз. 1.    «Кереге» - «Үндемес ойыны» 2.    «Уық» - «Математикалық есептер» 3.    «Шаңырақ» - «Математикалық ребустар» 4.    «Сықырлауық» - «Логикалық есептер»         «Еңбек етсең ерінбей, ...   ....    ....» Екінші ауылымыз «Мұхтар» ауылы. Бұл ауылдың тапсырмасы ребус шешу.                                         «Әріпті өрнек» Жаңа сабағымыз: «Санды өрнек және әріпті өрнек» . Жаңа сабақты түсіндіру: 1.    Табақта 6 өрік,                                                 2. Он алманың жетеуін Қолымда 4 өрік                                                    Досың сұрап алады. Қосқанда барлығы                                              Айтшы сонда нешеуі, Болады неше өрік?                                             Өз қалтаңда қалады? 6+4 = 10                                                                  10-7 = 3 Бұл өрнектер – санды өрнектер. II.            Мен бір сан ойладым. Ойлаған санмен 4-тің қосындысын жазып көрсетуге бола ма? Түсінік беремін: а + 4; 4 + а; а – 4, 4 – а-әріпті өрнектер. III.         Келесі ауыл «Ілияс»  ауылы. Бұл ауылдың тапсырмасы «Кім шапшаң?» ойыны арқылы салыстыру. а + 4; 5 + 4 – екеуі де қосу амалы, 2 қосылғышы 4. Айырмашылығы біреуі әріпті, біреуі сандар. 9 – 4; 4 – а –екеуі де алу амалы. Айырмашылығы біреуі әріпті, біреуі сандар. IV.         Келесі ауыл «Сакен» ауылы. Тапсырмасы оқулықпен жұмыс №4 есеп. Оқушылардың екеуіне оқытып , қайсысы есеп екенін сұрау, талдау, шығару.         Берілгені: Өсіп тұрғаны – 6                                  Отырғызғаны - 2          ?       Ш: 6 + 2 = 8       Ж: 8 ағаш . Бұл санды өрнек. Мәнін таптық. V.            Келесі ауыл «Мағжан» ауылы. Тапсырмасы шығармашылық тапсырма.                                                           .   Күйші дегеніміз кім? – Күй шығаратын адам.   Тапсырмасы: Домбыра құрастырып жатыр екен. Соған көмектесейік. 1.    «Шанақ» - Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ата. 2.    «Сағақ» - Санды өрнектер ойлап, шешуін тап. 3.    «Басы» - Әріпті өрнек айт.     Тапсырма: VII.       Қорытынды            
Автор
Дата добавления 03.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2939
Номер материала 57209040317
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх