Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНИКА МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНИКА МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

библиотека
материалов

АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНИКА МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ



СЕИЛБАЕВА АҚБОТА ӘБДІРАҚЫНҚЫЗЫ


М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникация Академиясы Ақмола колледжі


 «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктеріне өзара байланыстырылуы керек».
Н.Ә. Назарбаевтың  Халыққа Жолдауынан.

Арнайы пәндер оқытуда интерактивті техника мен технологияларды қолдану  -бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудағы басты заман талабы.Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру жүйесінің маңызды саласы – мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Білім нарығында бәсекелестікке қабілетті болу үшін, кез келген білім ордасы, оқытушы өз алдына айқын мақсаттар мен қол жетімді міндеттер қоюы тиіс. «Бүгінгі жас маман – ертеңгі бас маман» тәрбиелеуде мен өз алдыма мынадай мақсатты бағыттап отырмын: «Жаңа заман ағымына сай, білімін мен біліктілігін шыңдай білетін, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, заманауи техника мен технологияны меңгере білген тұлғаны қалыптастыру» Меніңше, әрбір оқытушы ақырын жүріп анық басып, Алатаудың қарындай ғасырлар бойы жинаған адами бейнесін жоғалтпай, оқушыға тәрбие мен білім шуағын төге,   өз жолында таңдаған өмірлік мамандығының ыстық-суығына көнуге үйретуі тиіс деп ойлаймын.   Өзім еңбек етіп жүрген колледжімнің ұжымы  Н.Ә. Назарбаевтың «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстыруы керек», – сөзін әрдайым басшылыққа алып, оқу-білім үрдісінде, дәрістік кешен мен тәжірибелік дағдыны қалыптастыруда интерактивті техника мен технологияларды еңгізудің әдістемелік аспектілерін кеңінен қолданады.

Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника мен технологияларды қолданудың басты артықшылығы неде? Бұл сауалға жауап беру барысында мынадай аспектілерді айқындауға болады:

  1. Арнайы пәнге деген ерекше қызығушылықты, оқуға деген ынтызарлықты арттыру;

  2.  Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  3. Теориялық және тәжірибелік дағдыны шыңдауға көмек көрсету;

  4. Оқушылардың өз мамандығының қыр-сырын білуге құштарлығын ояту;

  5. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулу;

  6. Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер көздерін іздестіру;

  7. Болашақ маман ретінде өз ойын жүйелі, дәйекті түрде жеткізіп, қалыптастыруға мүмкіндік береді;

Білім нарығында ғылыми әлеуетін жан-жақты көрсету жаңа ғылыми ізденістер нәтижелеріне сүйену, шын мәнінде елеулі іс. Тағы да бір елеулі жаңалығымыз бұл біз негізгі мамандықпен қоса, әрбір оқушыға қосымша жұмысшы мамандықтарды қоса оқытып, куәліктері беріледі. Бұл үрдісте біз қарқынды түрде интерактивті техника мен технологияларды еңгізудің әдістемелік аспектілерін кеңінен қолданып, әрбір болашақ маманға тек теория жүзінде ғана емес, сондай-ақ тәжірибе жүзінде де сапалы білім берудеміз. Ресейде білім саласына бұл енді ғана еніп жатқан жаңалық болса, бізде бұл дағдыға айналып кетті десек де болады.  Мысалға, экономист-бухгалтер тобына «1-С Бухгалтерия» курсын, техник-бағдарламашы тобына «ДЭЕМ операторын» курсын, теміржол-механигі тобына «теміржол құрамдарының слесарының» курсын оқытамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды,  идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім  беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. [1] Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, сондай-ақ арнайы пәндерді оқытуда интерактивті үрдістерді кеңінен пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына «Қазақстан – 2050» стратегиясы арқылы енуімізді басты назарда екенін атап өтіп керек екенін айтып өткен жөн.

Меніңше, оқыту – тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жегілдіруді міндеттейді. Оқыту технологиясы-педагогикалық технология дидактиканың бір бағыты, ғылыми зерттеулер бойынша байқаулардан өткізу нәтижелеріне байланысты іс – тәжірибелерге ендіріледі. Оқыту үрдісінде жаңалықтар пайда болуда, оларды зерделеп, талдап, нәтижелі болса іс – тәжірибеде қолданады. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқу – тәрбие үрдісінде енуде. Инновация өздігінен пайда болмайды және ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері. Инновация ағылшын тілінде жаңаны енгізу, жаңаша бастау деген мағынаны білдіреді. Сөздің ауқымды мағынасында ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұжымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып есептеледі.Ал, арнайы пәндерді оқытуда үнемі оқу материалдарын – теориялық және іс – тәжірибелік материалдарын аудио, видео үрдісте түсіндіруді, игеруге қатысты, нәтижелі дәрежеге жетуге қажетті жаңа оқыту әдістерін ойлап табуды, көрсетудегі жаңа элементті, жаңа қосымша мәліметтерді, заман талабына сай интерактивті үрдістегі «ACTIVOTE» тестілеуші құралын пайдалануды, жаңа түрлендірулерді қысыңқы пайдалану, POWER PОINT  тасымалдаушысында слайд жүзінде көрнектілік жасап, осының бәрін біртекті құрылғы «ACTIV INSPIRE-де» оңтайлы, түсінікті, көрнекі түрде сабақта пайдалана білуді қажет етеді. Инновациялық қызмет сөзіне «елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал — жабдықтарды түрлі келісім – шарттық жолдармен табыстар табу бағытына шоғырландыру» деп білсек, арнайы пәндерде инновациялық қызмет дегеніміз елдегі жинақталған білім, оқыту әдістемелері, тәсілдері, оқыту технологиялары, оқытудың түрлі техникалық құралдарын оңтайлы, ұтымды, мақсатты ойластыра, орынды, мерзімінде пайдалану, оқу процесін тиімді қайталау, пысықтау, басқаруды жетілдіру болып есептеледі.
Инновациялық жүйе ұстаздардың білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен әдістемесін, оқу орнының материалдық – техникалық базасын, болашақ мамандардың білімдерін, талаптарын, жалынды бастамаларын, асқақ армандарын жетілдіріп пайдалану, әріптестердің ынтымақтастығы, ата аналардың қолдау-қуаттарын және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтасқан бір дүние. Бұл жүйелік басты қозғаушы күші ғылым жаңалықтары, арнайы пәнінің үздік ойлары, елдің әлеуметтік, экономикалық саяси жедел жаңару жолындағы табыстары, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарындағы, ғылыми – әдістемелік зерттеулердегі, озық тәжірибелер нәтижелері мен ұсыныстарды, сапалы еңбек табыстарды, болашақ түлектің  лайықты жұмыс орнына орналасуына басты кепілдік және сол оқу орнынан инновациялық жетістік болып табылады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әлі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құрай алмаймыз» делінген ой үлкен мәнді және жауапкершілікті нақтылайды.

Бүгінде қазақ еліміз сындарлы 20 жылдықтан өтіп, ерелі 30 жылдыққа нық қадам басты. Елбасымыз айтқандай «Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі». Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының таңдауы емес. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек. Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Әрбіреуіміз еліміз үшін талмай еңбек етуге тиістіміз. Себебі, өзге ұлттан келіп, біздің мемлекетімізді ешкім дамытып бермейді. Барлығы өз қолымызда. Біздің ұлтжандылығымызға, елімізге деген құрметімізге, осындай кең байтақ жерді бізге мұра етіп қалдырған ата-бабаларамызға тағзым етуімізге байланысты еліміз өркендеп, көркеймек.   Шыңға біткен шынардай шырайлы қазақ ұланы! Біз ҚАЗАҚ атты ұлы халықтың ұрпағы болғандығың үшін бүгіннен бастап ұлы істерге ұмтылуға тиіспіз! Ұлы іске ұмтыл дегеніміз, қолыңнан келместің етегіне жармас деген сөз емес. Қаперіңде ұстасаң кәдеңе жарайтын қарапайым ғана кеңестер. Сол себепті, ел ертеңін еңсеген, болашақ маман даярлауда өзіндік ізі өшпес оқытушылар қауымы әрқашанда жаңа заман талабына сай, интерактивті техника мен технологияларды қолдану арқылы кәсіби шеберлігі жоғары мамандар тәрбиелеуге талмай еңбек етуден жалықпайық!





Краткое описание документа:

   Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Білім беру жүйесінің маңызды саласы – мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. 
Автор
Дата добавления 03.04.2014
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров562
Номер материала 57898040313
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх