Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАта аналар жиналысы

Ата аналар жиналысы

Скачать материал

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.                                                            

                     Ғ.Мұстафин

Құрметті Ата-ана!

 Сізді  14. 10. 12 жылы сағат 15.00-де болатын «Ата- Ананың парызын, өтеу сенің қарызың» атты ата-аналар жиналысына шақырамыз.

1-сынып оқушылары және

мұғалімі Г.Б.Абишева.

 

 

 

 

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.                                                            

                     Ғ.Мұстафин

Құрметті Ата-ана!

 Сізді  14. 10. 12 жылы сағат 15.00-де болатын «Ата- Ананың парызын, өтеу сенің қарызың» атты ата-аналар жиналысына шақырамыз.

1-сынып оқушылары және

мұғалімі Г.Б.Абишева.

 

 

 

 

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.                                                            

                     Ғ.Мұстафин

Құрметті Ата-ана!

 Сізді  14. 10. 12 жылы сағат 15.00-де болатын «Ата- Ананың парызын, өтеу сенің қарызың» атты ата-аналар жиналысына шақырамыз.

1-сынып оқушылары және

мұғалімі Г.Б.Абишева.

 

 

 

 

 

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.                                                            

                     Ғ.Мұстафин

Құрметті Ата-ана!

 Сізді  14. 10. 12 жылы сағат 15.00-де болатын «Ата- Ананың парызын, өтеу сенің қарызың» атты ата-аналар жиналысына шақырамыз.

1-сынып оқушылары және

мұғалімі Г.Б.Абишева.

 

 

 

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.                                                            

                     Ғ.Мұстафин

Құрметті Ата-ана!

 Сізді  15. 01. 11 жылы сағат 16.00-де болатын «Ата- Ананың парызын, өтеу сенің қарызың» атты ата-аналар жиналысына шақырамыз.

4-сынып оқушылары және

мұғалімі Г.Б.Абишева.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН,

ӨТЕУ -  СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ

 

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.                                                            

                     Ғ.Мұстафин

Тақтада: «Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың» атты ұлағатты сөз жазылған.

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Көрнекілігіинтерактивтік тақта, видеофильм.

1.     Мұғалімнің сөзі:

Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі ата-аналар жиналысы өзгеше өткелі отыр. Осы ата-аналар жиналысын мен өзін-өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерін қолданып өткізгелі отырмын. Сіздер білесіздер, өзін-өзі тану жаңа пән. Идеяның авторы: Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Назарбаева Сара Алпысқызы.

1 сынып оқушыларына барлық пән жаңа сияқты. Бірінші күннен бастап әрбір сабақта жаңалық алып кетеді.Сіздерге шын жүректен сәттілік тілеймін, осы балапандарыңыздан үлкен үміт күтеміз. Балалардың болашағы сіздер мен біздердің қолымызда деп ойлаймын. Мұғалімдер білім беруге үлкен үлес қосудамыз, дегенмен үйдегі сіздердің де көмектеріңіз керек. Балаларыңыз сіздерге тек қана қуаныш, бақыт әкелсін,     қазіргі заманымызға сай ақылды, білімді азамат болсын. 

Бүгінгі ата-аналар жиналысының мақсатын айтып кетуге рұқсат етіңіздер:

1. Оқушылардың оқуы туралы айтылады.

2. Оқушылардың тәртібі туралы айтылады, жалпы сынып оқушыларының тәртібі туралы айтылады

3.Сауалнама

4. Әр-түрлі сұрақтарға тоқталамыз.

 

                            1-оқушы.

                               Кім сендерді  балалар сүйетұғын,

                            Қуанышыңа қуанып, қайғыңа

                                                                  күйетұғын.

                            Түн ұйқысын төрт бөліп,

                                                                  кірпік қақпай,

                            Шешең байғұс дамылсыз

                                                                  жүретұғын.

                            2-оқушы:

                               Кім сендерді, балалар

                                                         тербететін,

                            Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

                            Жалқау болсаң, балалар,

                                                         жаман болсаң,

                            Қамқор анаң көз жасын

                                                         көлдететін.

                            3-оқушы.

                              Кім сендерді сағынар

                                                         шетке кетсең,

                            Ғылым іздеп, тез қайтпай,

                                                         көпке кетсең.

                            Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз

                                                         сайын,

                            Хат жазып тұр, төбесі

                                                         көкке жетсін.

                            4-оқушы.

                               Кім сағынар сендерді

                                                         келгеніңше,

                            Құлындарын көзімен

                                                         көргенінше?

                            Сендер қайтып келгенде

                                                         адам болып,

                            Еш арманым болмас

                                                         дер өле-өлгенше.

         Барша аналарға тән қасиет осындай деп ойлаймын.

         Тақтада мақал жазылған: «Алты аға бірігіп - әке болмас,

                                       Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,-

деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!

         Қазақтар – « Төріңнен қарт  кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

         Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау.

         Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек.  Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың.  Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалыны сахналау.

 ...... Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты  темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке-шешесі:

- Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, - депті баласы.

«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.

         Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

        

         Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - дейтіні содан шығар.

                   Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке – оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.

         Балалардың ұрысқақ, жанжалқой, дөрекі-дөкірлігі әке-шешенің жатса-тұрса жадынан шықпайтын қауіпі, азабы болады. Ондай ата-аналар үнемі алаңдаумен күн кешіп, қабақтарынан кірбің кетпейді.

         Бұған қарама-қарсы еңбекқор, кең пейіл, жарқын мінезді болып өскен ұл-қыз ата-ананың қас-қабағына қарап, хал-жағдайларын айтқызбай аңғарып, олардың көңілін тауып, мерейін өсіреді. Демек, балалары ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен, әдепті болулары керек, өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарып, отбасына кіріс кіргізіп, әке-шешенің қарттығын қажетті тыныштықпен және дәулетпен қамтамасыз етулері қажет.

         Ата-ана да адам, сондықтан олардың қателесетін, жаңылысатын, ағаттық жіберетін кездері болады. Әдепті бала ондай кезде зіркілдеп, дауыс көтеріп шыға келмейді, ал үлкенді балағаттау – бала тұрмақ жасы кіші адамның ісі емес. Үлкендердің әлдеқалай істеген ісі, сөзі жанына қатты батса да, сабыр етіп, өзіңді дүниеге әкеп, зор мехнатпен әлпештеп өсіргенін есіңе түсіруің, кешірімді болуың  міндет.

         Ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы риза қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек!

 

Біздің жетістіктеріміз.

МАБ-ға дайындық туралы айту.

Семинар туралы айту.

Оқушылардың тәртібі туралы айту.

Ата — аналар жиналысының шешімі:

Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.

Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.

Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский

Қорытынды

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.

 

Есіңізде болсын, құрметті ата-ана!

Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі. Ешқашан қатыгез болмаңыз. Бала сіздің болашағыңыз, өміріңіз, бақытыңыз.

Сізге сәттілік тілеймін!

 

 

 

Ата – аналар жиналысының хаттамасы

 

/Күні, айы, жылы. уақыты/

 

Кімдер қатысты ……………………………………………

 

Тақырыбы ……………………………………………

 

/Немесе/ Күн тәртібі:

 

1) ……………………………………………

 

2) ……………………………………………

 

3) ……………………………………………

 

Жарыссөзге қатысқандар

 

……………………………………………………………………………………………………………………………

 

Қабылданған шешім

 

……..............................................................

 

……..............................................................

 

Төраға ………………………………………/

 

Хатшы ………………………………………/

 

Ата – аналардың ашық күні

 

/Күні, айы, жылы. уақыты/

 

Кімдер болды

 

……………………………………………………………………………………………………………………………

 

Кімдер арнайы шақырылды

 

……………………………………………………………………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бурабай атындағы

Сәкен Сейфуллин

атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата аналар жиналысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабайқызы  Ата аналар жиналысы«Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың«Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.Оқушылардың оқуы туралы айтылады.2. Оқушылардың тәртібі туралы айтылады, жалпы сынып оқушыларының тәртібі туралы айтылады3.Сауалнама 4. Әр-түрлі сұрақтарға тоқталамыз. Бұл жиналыс ашық ата аналар жиналысы, балалар да қатысады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 833 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2014 5832
    • DOCX 51.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Гульназ Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Гульназ Балтабаевна
    Абишева Гульназ Балтабаевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 19
    • Всего просмотров: 617158
    • Всего материалов: 87

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 300 человек из 55 регионов

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе