97230
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспектыНаучное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!

Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

М.Әуезов атындағы № 251 орта мектеп









ТАҚЫРЫБЫ:

hello_html_m5df45390.gif













Секция: Мектебімнің мақтанышы – мұғалім(мұғалімдер әулеті)

Орындаушы: Оқушы

Сынып: 3 «Б»

Аты-жөні: Әбдікәрім Сақтапберген

Жетекші: Тойшыбаева Қызғалдақ






Бәйгеқұм



М А З М Ұ Н Ы




І Кіріспе

1. Мұғалім – мектептің жүрегі................................................................1 – бет

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ізденіс шыңы – шеберлік.................................................................2-3 бет

2.2. Шәкіртсіз ұстаз тұл...........................................................................4 – бет

ІІІ Қорытынды

Адам ұрпағымен мың жасайды..............................................................5 – бет

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................6 – бет

















КІРІСПЕ

Мұғалім – мектептің жүрегі

Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты

К.Д.Ушинский

2005 жылдың 1 қыркүйегі. Қара шалбар мен ақ көйлек киіп, алтын ұя мектебіме барғаным әлі есімде. Сол күні өзімді ең бақытты жанға теңедім.

Сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні естілді. Сол сәтте мінбеге шығып, сөз сөйлеген, жүзінен мейірім шуағы төгілген ұстазды көрдім. Ол кісінің осы мектептің басшысы екенін білдім. Осы кезден бастап, ұстаз болуды арман етіп, Сафархан ағайға ұқсағым келді. Ағайдың өмір жолы, сәби кезі қандай болды деген ой мені жетелеп, зерттегім келді, өмірлік мол тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне арнап сергек өмір кешіп, елеулі еңбек етіп жүрген қадірменді жан жайлы деректер жинақтап, оны өзім қатарлы балаларға насихаттауды жөн көрдім.

Сондықтан, ұстазымның өмір жолын аға-апаларымның, құрдастарым-ның, іні-қарындастарымның жадында жүрсін, сол кісіден өнеге алсын деген ниетпен зерттеп жүрмін.

Менің алға қойған мақсатым – ұстаздың жүріп өткен жолына жіті қарап, 42 жыл ұстаздық қызмет атқарған, 15 жыл мектеп басшылығымен айналысқан шығармашыл ұстаздың өнегелі өмірін, еңбектерін кейінгі ұрпаққа паш ету, игі жұмыстарын жарқырата көрсету.

«Мектеп – кеме , білім теңіз» деп тектен-текке айтпаған-ау, сірә? Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? ! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.


1

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ізденіс шыңы – шеберлік

Оқушылар қиын көретін физика пәнінің қыр-сырын терең меңгерген Сафархан ағай білімінің арқасында оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын оятып, терең меңгеруіне зор еңбек сіңірді.

Сафархан Мұратұлы 1944 жылдың 7 наурызында дүниеге келген. 1962 жылы киелі білім ордасы № 50 Абай атындағы орта мектепті бітіріп, Қызылорда педагогикалық институтында физика-математика мамандығы бойынша білім алды. Институтты бітірген соң, Бәйгеқұм ауылындағы № 251 орта мектепке жолдама алып, еңбек жолын мұғалімдіктен бастағанын айтты. Сол жылдарда мектептерді кабинеттік жүйеге көшіру күн тәртібіндегі мәселе екен. Сафархан ағай алғашқылардың бірі болып, физика кабинетін жабдықтап, кабинеттер арасындағы аудандық байқауда жүлделі І орынды иемденіпті. 1972 жылы тест әдісімен бала білімін байқау үшін СМ-71 аппаратын ойлап тауып, сабаққа пайдаланған, соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, жақсы жетістіктерге жеткен.

Жаратылыстану пәндерін тереңдете оқыту мақсатында аудан бойынша ашылған үш мектептің біреуі біздің мектеп болғанын ағай ерекше толғаныспен еске алады.

Он жылдан аса оқушыларға физика пәнін тереңдетілген бағдарламамен жүргізіп олардың жан-жақты білім алуына үлесін қосты.

Осы еңбегінің арқасында 1971,1974,1975 жылдары облыстық білім департаментінің, 1974,1975 жылдары аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұстаз еңбегімен құрметті. 1976 жылы ағайдың еңбегі еленіп, Қазақ ССР Оқу Министрлігінің Құрмет грамотасымен мадақталса, 1982 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды. Педагогикалық оқуларға үзбей қатысып ,

2

1984 жылы Семей қаласындағы Республикалық ғылыми практикалық конференцияда баяндама жасап, жоғары бағаға ие болып, жинаққа енген. Мұғалімдер арасында өткізілетін дәстүрлі аттестация қорытындысы бойынша аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі марапаттарға ие болды. 1990 жылғы аттестацияның қорытындысы бойынша «Аға мұғалім» атанды.

«Ұстаз, басқарушы... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп Әл-Фараби атамыз айтып кеткендей, 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап ұжымның ұсынуымен, ұстаздық жолындағы ерекше еңбектері бағаланып, М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры қызметіне тағайындалды. 1999 жылы Бәйгеқұм ауылындағы үш қабатты мектеп ғимаратын қалпына келтіріп, пайдалануға берудегі сіңірген еңбегі үшін, жаңа мектептің ашылу салтанатында облыс әкімінің алғыс хатымен мадақталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
















3

2.2. Шәкіртсіз ұстаз тұл


«Дарақ бір жерден көгереді» деп халық даналығы айтқандай Сафархан ағай өз ауылында бір мектепте жұмыс атқарғанына 42 жыл болыпты.

Өзінің оқытқан шәкірттері мен мектептің оқушылары аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2003-2004 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында физика пәнінен 8 «В» сынып оқушысы Момынов Мақсат жүлделі ІІІ орын алса, 2004-2005 оқу жылында 9 «В» сынып оқушысы Зейтенов Ғалымжан физика пәнінен ІІ орынды иеленген. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 98 балл жинаған Жанаева Әйгерім мектепті үздік аттестатпен бітіріп, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің «География және туризм» факультетіне оқуға түскен, президент степендианты.

Зерттеу жүргізуімнің арқасында сан мыңдаған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызметтерін атқарып жүргенін білдім.

Мысалы: Әбжапбарова Бибіхадиша – Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының деканы, доцент.

Исахаев Досмат – Шиелі ішкі істер бөлімінің бастығы, подполковник.

Мырзаев Қанат – Қызылорда облысының қазынашылық департаменті-нің бастығының орынбасары.

Кемелов Шанақбай – Қазақстан Республикасы кедендік бақылау комитеті, кеден қызметінің полковнигі.

Абжапбаров Сұлтан - Бәйгеқұм ауылының әкімі.

Батырбеков Нұрлан - М.Әуезов атындағы № 251 қазақ орта мектеп директоры.

2006-2007 оқу жылында бітірген түлектердің 9-ы білім грантының иегері атанып, жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

4

Қорытынды

Адам ұрпағымен мың жасайды

Ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы өзінің 42 жылдық еңбек жолында бір мектепте, ұстаздық етуден жалықпай көпшіліктің ықыласына бөленіп, зейнеткерлікке шықты.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - демекші үлгілі жанұя басшысы Сафархан ағай отбасында жеті-ұл қыз тәрбиелеп отырған әке, немере сүйген ата екенін білдім. Ұстаздың жұбайы Қарашаш апай өмірлік мол тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне арнап, елеулі еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз, аяулы ана, сүйікті жар. Қыздары Назерке мен Қаламқас Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының ағылшын және қазақ тілі мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтап, осы мектепте ағылшын пәнінің мұғалімдері болып жұмыс атқаруда. Өз мамандығын сүйетін Мұратова Қаламқас іздену мен үйретуден әсте жалыққан емес. Ағылшын пәнінің тереңіне бойлау, ол саладағы озық технологияны меңгерту, өз білгенін шәкірттерге мейлінше түсінікті етіп жеткізу жолындағы ізденіске толы еңбегі жеміссізде емес.Аудандық жас мамандар мектебінің мүшесі. Ұлы Ардақ тарих пәнінің мұғалімі бола тұра Қызылорда гуманитарлық университетінің заңгер мамандығын тәмамдаған. Күйеу баласы Дүйсенов Ержан осы мектепте директордың бағдарлы істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүрсе, келіні Парманқұлова Гүлсім биология пәнінен дәріс беруде.

Өз сөзімді көрнекті жазушы С.Мұқановтың мына бір жыр шумақтарымен аяқтағым келеді.

Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды, мәңгі бақи беріп төрін.

5

Менің ұсынысым


  • Ұстаздың ұлағатты істерін келер ұрпаққа үлгі етіп ұсыну үшін кітаптар шығарылса.

  • Ұстаз туралы облыс көлеміндегі газеттерге мақала болып жарияланса.























Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Көбекбай Тышқанбайұлы «Тәрбиелік даналық сөздер» 1998 ж.

  2. М.П.Щетинин «Ұстаздық еткен жалықпас» 1989 жыл.

  3. «Қазақстан мектебі» журналы № 2, 2004 жыл.

  4. «Мектеп директоры» журналы №2, 2004 жыл.

  5. «Ақылдың кені» Алматы, 1992 жыл

















6

М.Әуезов атындағы № 251 қазақ орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Әбдікәрім Сақтапберген «Жылуын жүрегінің аямаған, Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!» атты жазған ғылыми жобасына


П І К І Р


«Мектебімнің мақтанышы – мұғалім» секциясына ұсынылып отырған «Жылуын жүрегінің аямаған, Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!» атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған.

Оқушы аталған тақырыпқа тоқтамас бұрын көптеген материалдарға сүйене отырып, мәліметтер, деректер жинақтап, саралап өз ойымен пікірін қосқан.

Материалды тек зерттеліп қана қоймай өзіндік көзқарасында танытып отырған жұмысының құндылығы осында. Теориалық жағынан өзекті мәліметтерге сүйене отырып сауатты жазылған.

Келешекте елімізде халықтай жан-жақты ізденіп, білікті азамат болатынына сенім білдіремін.




М. Әуезов атындағы

251 қазақ орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Қ.Тойшыбаева





А н н о т а ц и я :


М.Әуезов атындағы № 251 қазақ орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Әбдікәрім Сақтапберген «Жылуын жүрегінің аямаған, Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!» атты жазған ғылыми жобасын

Мақсаты: Ұстаздың жүріп өткен жолына жіті қарап, өткенді зерделеу, кеңінен таныстыру.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Зеттеу жұмысының өзектілігі. Шығармашыл ұстаздың өнегелі өмірін, еңбектерін кейінгі ұрпаққа паш ету, игі жұмыстарын жарқырата көрсету.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: Ғылыми жобаны тек ізденіп қана қоймай, өз көзқарасын танытып жұмысының құндылығын көрсету.















Ұстаз өткен жолдардан...

hello_html_m4ed7f7fa.gif

1hello_html_6158be60.gif944 Дүниеге келді


1hello_html_6158be60.gif962 Орта мектепті бітірді


1hello_html_6158be60.gif966 Жоғарғы оқу орнын бітірді


1hello_html_6158be60.gif971 Облыстық халықтық білім бөлімінің мақтау қағазы


1hello_html_6158be60.gif976 Қазақ ССР Оқу Министрлігінің Құрмет грамотасы


1hello_html_6158be60.gif982 Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі берілді


  1. Сhello_html_6158be60.gifемей қаласында Республикалық ғылыми

конференциясында баяндама оқыды

1hello_html_6158be60.gif990 «Аға мұғалім» атанды


1hello_html_6158be60.gif993 Директорлық қызметке тағайындалды.


1hello_html_6158be60.gif999 Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды


2hello_html_6158be60.gif007 Зейнеткерлікке шықты

hello_html_340aa2cb.gif


Краткое описание документа:
Мұғалім – мектептің жүрегі Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты К.Д.Ушинский                 2005 жылдың 1 қыркүйегі. Қара шалбар мен ақ көйлек киіп, алтын ұя мектебіме барғаным әлі есімде. Сол күні өзімді ең бақытты жанға теңедім.                 Сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні естілді. Сол сәтте мінбеге шығып, сөз сөйлеген, жүзінен мейірім шуағы төгілген ұстазды көрдім. Ол кісінің осы мектептің басшысы екенін білдім. Осы кезден бастап, ұстаз болуды арман етіп, Сафархан ағайға ұқсағым келді. Ағайдың өмір жолы, сәби кезі қандай болды деген ой мені жетелеп, зерттегім келді, өмірлік мол тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне арнап сергек өмір кешіп, елеулі еңбек етіп жүрген қадірменді жан жайлы деректер жинақтап, оны өзім қатарлы балаларға насихаттауды жөн көрдім.                 Сондықтан, ұстазымның өмір жолын аға-апаларымның, құрдастарым-ның, іні-қарындастарымның жадында жүрсін, сол кісіден өнеге алсын деген ниетпен зерттеп жүрмін.                 Менің алға қойған мақсатым – ұстаздың жүріп өткен жолына жіті қарап, 42 жыл ұстаздық қызмет атқарған, 15 жыл мектеп басшылығымен айналысқан шығармашыл ұстаздың өнегелі өмірін, еңбектерін кейінгі ұрпаққа паш ету, игі жұмыстарын жарқырата көрсету. «Мектеп – кеме ,  білім теңіз»  деп тектен-текке айтпаған-ау, сірә? Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? ! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
Общая информация

Номер материала: 58363040437

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.