Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ОБЖ / Конспекты / Ашық сабақ: Сақшының міндеттері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

Ашық сабақ: Сақшының міндеттері

библиотека
материалов

Сақшының міндеттері

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: сақшының міндеттері туралы түсінік беру:

Б) дамытушылық :сақшының қаруды қолдану ретімен таныстыру:

В)тәрбиелік: оқушыларды Отан қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

Уақыты:45 минут.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тестпен жұмыс.

Сабақтың өтілетін орны:АӘД кабинеті.

Жаңа сабақта пайдаланылған көрнекілік құралдар:оқулық, АӘД журналы плакаттар, карточкалар,тест сұрақтары, тірек сызбалар,ҚР ҚК Жарғысы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.5 минут.

а)Взводты екі қатарға тұрғызу, түгендеу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, оқушылардың сырт әлпетін тексеру.

Б)Оқушыларды тірек сызба арқылы назарларын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру.7 минут.

Өткен материалдардан:

1.Жаяу әскер ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.

2.Жаяу әскер машинасының тағайындалуы туралы айтыңдар.

3.Мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы жайлы айтыңдар.

3.Үй тапсырмасын бекіту:5 минут.

1.Тактикалық дайындықтың негізгі құрамдарын атап көрсетіңіз.

а)қазіргі заманғы соғыстың сипаттамасын зерделеу.

б)жоғары моральдық-жауынгерлік қабілеттілікке тәрбиелеу.

В)а+б+г+қару-жарақты соғыста қолданудың тәсілдерін игеру.

Г)соғыстағы іс –әрекеттердің тәсілдері мен әдістерін зерделеу.

д)қазіргі заманғы соғыс теориясы мен ерекшеліктерін зерделеу.

2. Қарсыласты жеңуге жетудің жалғыз құралын атаңыз.

А) шабуыл

Б) соғыс

В)шабуылға шығу

Г) қарсы соғыс

д) жаппай қырып-жою қаруын қолдану

3.Қарсыласты талқандау мақсатында әскерлердің тактикалық іс-әрекеттерінің негізгі үлгісін атаңыз.

А)қорғаныс

Б)қазіргі заманғы соғыс

В)шабуылға шығу

Г)шабуылға шығу, қарсы соғыс

Д)қарсы соғыс

4.Қазіргі заманғы соғыстың басты мақсатын атаңыз.

А)операцияны жүргізудегі жеңіс

б)жанды күшті, техниканы жою

в)қарсыласты жеңу немесе талқандау

г)қарсыласты жою ушін ядролық соққы жасау

д)жанды күштерді, маңызды әскери обьектілерді жанды жою

5.Қазіргі заман соғысының негізгі құрамдарын

атаңыз.

а)әскерей бөлімшелердің ұйымдастырылған қарулы

қақтығысы

б)а+в жауаптары

в)соққы келтірудің,атыстың және маневр жүргізудің

келісілген мақсаты,орны мен уақыты

г)марш жасау,қарсыласты қоршау(тылға шығу)және

оны талқандау үшін маневр жүргізу

д)қарсыластың неғұрлым бекіген нысаналарын жою

мақсатында,артиллерия мен авиацияның күшті соққыла

рын жоспарлау және дайындау

Жаңа материалды баяндау жоспары.1 минут.

1.Сақшының міндеттері жайлы.

2.Қарауыл қызыметін алып жүру –жауынгерлік міндет.

3.Сақшы сұғылмайтын адам.

4.Постыға немесе күзетілетін объектіге шабуыл

жасалған кездегі сақшының іс-әрекеті туралы.

Негізгі бөлім.20 минут.

Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады. Сақшыға қол сұғылмайтындығы мынылардан көрінеді:

®Оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері заңмен айрықша қорғалатындығы;

. Оның белгілі бір тұлғаларға ғана-қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;

. Бұл тұлғалардың сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі;

. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.

Сақшы:

. өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға; . қызметін сергек,еш нәрсеге алаңдамай атқаруға қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге,өзі бағынатындарға да бермеуге;

. көрсетілген бағдар бойынша жылжи отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісте, , қоршауларды мұқият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табелъмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;

. тіпті өз өміріне қауіп төңсе де,сақшы ауыстырылғанша не алынғанша,постыны тастамауға міндетті.Постыны өз еркімен тастап кету-әскерей қылмыс болып табылады;

.ГжҚҚЖ-ның 115-бабында көрсетілген ереже бойынша постыда оқталған қару болуы және әрдайым әрекетке дайын болуға;

.постыларға табелъде көрсетілген және тыйым салын- ған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы,қарауыл бастығының көмекшісі,өзінің таратушысымен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;

.қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін,олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;

.постыдағы өрт сөңдіру құралдарын қолдана білуге;

.объект қоршауынан жақын жерде не көрші постыда тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын шақыруға:

.қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техикалық күзет құралдары іске қосылғанда бұл туралы қарауыл үй-жайына дереу хабар беруге міндетті.

Сақшыға:ұйықтауға,отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға,оқуға,ән айтуға,сөйлесуге,тамақ жеуге,су ішуге,темекі шегуге,табиғи қажеттілігін өтеуге,қандай да бі затты әлдекімге беруге немесе одан алуға қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.

Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің,өзінің жұмысқа,таратушысын және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек.

Сақшы өзіне немесе өзі күзетіп тұрған обьектіге анық шабуыл жасалған жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті.

Қарауыл бастығы жұмысқа таратушылар мен қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып,қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады,ауысымды қарауыл үй-жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызып, «Ауысым, оң жақтан бір- бірлеп оқта!» деп пәрмен береді.Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып,сүңгіні бекітеді де,қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың оқталуын тексереді (ГжҚҚЖ:114,115- баптар).

Қаруды оқтап болған соң әскери қызметші: «Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды!»- деп баяндайды, сонан соң жеке алып «Белдікке!» күйінде ұстап, бір адым кейін шегінеді.

Осындай тәртіпті басқа жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.

Қару постыға шығар алдында оқталады.

Қаруды оқтау және оғын алып тастау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің пәрмені бойынша, қарауыл үй –жайында арнайы жабдықталған және оқ ұстайтын жабдығы бар жарық жерде, олардың тікелей бақылауымен , ал ауысымдар постыларға машинамен бара жатқан кезде,қарауыл бастығының нұсқауында көрсетілген орындарда, қажет болғанда, оқ ұстауға арналған жабдықталған орындарда жүргізіледі. Оқты салу және алу кезінде мылтықтын ұңғысы жоғары (45-60 градусқа) және жан-жағындағы тұрғын үй-жайлар мен күзетілетін обьектілерден басқа жаққа бағытталуы тиіс.Егер қарауыл үй-жайының маңы мен айналасында тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлар орналасса,қаруды оқтау мен оғын алып тастау оқ ұстауға арналып жабдықталған орындарда жүргізіледі.Қарудың оғын алу ,оны қарау дереу қарауыл үй-жайларына келген бойда немесе қарауыл бастығына арналған нұсқауда көрсетілген орындарда жүргізіледі.

Жаңа сабақты бекіту. 5 минут.

1.Сақшының міндеттерін айтып беріндер. 2.Қарауыл қызметін алып жүру неліктен жауынгерлік міндетті орындау болып саналады және бұл кезде қарауылдың жеке құрамынан не талап етіледі? 3.Сақшыға қол сұғылмауы нені білдіреді?4.Постыға немесе күзетілетін обьектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-әрекетін айтып беріңдер.5.Постыға қандай жағдайда қару иемденуі керек? 6.Сақшы қаруды ескертусіз қай кезде қолдана алады? 7.Үйге тапсырма беру.





























































Краткое описание документа:

Сабақтың    мақсаты: А)білімділік: сақшының  міндеттері   туралы  түсінік беру: Б) дамытушылық :сақшының  қаруды қолдану ретімен  таныстыру: В)тәрбиелік: оқушыларды Отан қорғауға дайын болуға  тәрбиелеу. Уақыты:45 минут. Сабақтың типі: жаңа сабақты  түсіндіру. Сабақтың әдісі:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тестпен жұмыс. Сабақтың өтілетін орны:АӘД  кабинеті. Жаңа сабақта пайдаланылған көрнекілік  құралдар:оқулық, АӘД   журналы  плакаттар, карточкалар,тест сұрақтары, тірек сызбалар,ҚР ҚК Жарғысы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.5 минут. а)Взводты екі қатарға  тұрғызу, түгендеу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, оқушылардың сырт әлпетін тексеру. Б)Оқушыларды тірек сызба  арқылы   назарларын  сабаққа  аудару
Автор
Дата добавления 04.04.2014
Раздел ОБЖ
Подраздел Конспекты
Просмотров777
Номер материала 58384040431
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх