Инфоурок Классному руководителю КонспектыБастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын пайдалану сапалы білім негізі

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын пайдалану сапалы білім негізі

Скачать материал

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын пайдалану сапалы білім негізі


     Кіріспе

 

     Қазргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек  - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.

  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 бабында осылай айтылған:

    1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;...

   9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану;

   Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған.

    Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.      

     Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.

    Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған  әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

  Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

     Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

       Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.

    Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.

    Қазіргі заманда жиі кезесетін  технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:

Технологиялар атауы

Авторлары

1

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

2

Модульдік оқыту технологиясы

Жампеисова М.М.

3

Дамыта оқыту технологиясы

Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.

Давыдов В.В.,Зайцев В.

4

Проблемалық  оқыту технологисы

Монахов М.

5

Ірі блокпен оқыту технологиясы

Шаталов, Эрдниев П.М.

6

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

7

Сын тұрғысынан ойлау

Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

8

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)

Жүнісбеков Ә.

9

Алдын-ала оқыту технологиясы

Лысенкова А.

10

Тұлғалық гумандық технологиясы

Амонашвили Ш.

11

Шоғырландырып- қарқындап оқыту

(Концентрированно- интенсивное обучение)

Нұрахметов Н.Н.

Абдығалиев К.А.

12

Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы

Ғалиев Т.Т.

13

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский

 Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.

      Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының  бірі –деңгейлік саралау  оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені,  оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды.

   Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

   Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.

Бастапқы ғылыми идеялар:

1.     Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2.     Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.     Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

   Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

4.     Оқушының  жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

-         Жеке тұлға ерекшеліктеріне;

-         Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;

-         Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының  білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.

 

 

Оқушы мен мұғалім іс- әрекетінің жүйесі

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Дайындық

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау

 

Диагностикалық

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата- аналарымен әңгімелесу

Диагностика нәтижелерімен өз қызығушылықтары негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды

Оқушыларды топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру: әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Тыңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау /кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы/

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру

 

    Әр сыныпта оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі- балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр.

2.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі

      Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы  негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.

 

   Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

    Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой  әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:

—  оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;

—  оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;

—  білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар

      үшін   міндеттілігі;

—  оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

—  оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

—  оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

      Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –              ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда  ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы 

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

  Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.

    Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

    Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

    Біріншіден- дамыта оқытуда  білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

  Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.

   Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1.     Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.     Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3.     Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.     Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.       Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6.     Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.     Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:

1.     Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.

2.     Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.

3.     Бала  іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4.     Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5.     Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.     Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.

   Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.

1.     Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.

2.     Келесі сабақтың моделін жоспарлау.

Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін  таңдау.

3.     Сабақты жүргізу.

Әр сабақтағы баланың  іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.

4.     Рефлексия.

Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.

Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:

-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.

   Дәлірек айтсам, бірінші сыныптың алғашқы күнінен бастап, тілді жаттықтыру   үшін, өлең-тақпақты ата-аналардың көмегімен жаттауды жолға қойдым.

   Суреттер бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, өз отбасы туралы әңгіме  айту. Мектеп, сынып, жыл мезгілдерне әңгіме құрау, оған сурет салу сияқты   жұмыстан соң, осы тақырыпқа арналған дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін   көрсетіп, соған байланысты ақындардың өлең шумақтарын оқып беріп  отырамын. Бұл баланың сезімін оятып, сурет салуға, мәнерлеп өлең оқуға жетелейді.

   Баланың жинақы, дұрыс сөйлеп, өз ойын аз сөзбен анық айтып түсіндіруге

    дағдыландыру, сөздік қорын молайту. Ол үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Әр оқушының сөздік қорын, сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін зерттеуді қажет етеді.

   Көрегінде баланың ата-анасы, отбасының тыныс-тіршілігінен де хабардар болуы артық емес. Сондықтан да менің сыныбымның есігі әр кез ата-аналар үшін ашық. Қай сабаққа қатысып, баласының білімін байқаймын десе де ерікті. Бұл ата-анаға баласының білім деңгейін басқа оқушымен салыстыруына үлкен көмек береді. Әрине, бұл маған да үлкен көмек. Әрі қарай ата-ана баласының үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысуына, басқадан кем қалмауына ат салысады.

         Қазақ тілі сабағыма тоқталар болсам, сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

1.     Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөздер шығатын сөздерді жаз.

Қыран,                  қала,                     дархан,                  бұлақ,

Мұз,                      сүт,                        қысым,                  есек,

 

 

2.     Берілген сөздерге (зат есімге) бір әріп қосып мағынасы өзгерген сөз жаз.

 Қала  + (қ)                       таба  + (н)             

 Ат + (а)                            ел + (у)

 

3.     Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы керек

Асық

Ұзақ

Бас

Бақ                                                     з         с                                                                                           

Мал

Мұз                                                                   л

Бұлақ                                                               

Лақ

Құл

Сым  т.б

        

 

 

 

Осыныдай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

 

Тағы да мысалдыр келтіре кетейін.

1. Әріптерден сөз құрау

                  ал

Б               ас

                 ақ

                  ау

 

2. Екі буынан сөз құрау

 

                 ла

Ба            қа

                Та

 

3. Бір сөзден бірнеше сөз құрау

Б а л д ы р ғ а н

Бал

Бала

Балдыр

Балғын

Ал алдыр

Алған

Ырғал

Дала

Ғана

Нар

Баған т.б

4.     Сурет бойынша сөйлем құрау

NATUR085http://www.spring.kz/general/varioussubjects/1/4/5.gif

 

               Қызыл алма тәтті.                                     Апам сырға сатып әперді                                                                                                  

 

 

 

         Роза билеп тұр.

 

 

 

 

  Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

4.     Қорытынды.

    Жаңа технологияларды еңгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білгені жөн:

Мұғалім нені білу керек?

Мұғалім не істей алуы керек?

Мұғалім қандай іс-әрекеттреді дұрыс ұйымдастыру керек?

1.  Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді;

2.     Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

3.     Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

4.     Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді;

5.     Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдәсән;

1.  Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру:

§   Дамыта оқыту бағытында;

§   Модульдік курс үшін;

§   Әлеуметтендіру бағытында

§   Ұжымдық жүйедегі оқыту;

§   Басқа технологиялар үшін;

2.              Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.

3.       Әр сабақты жоспарлау.

4.       Жаңа технология бойынша жүргізілетін әр түрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

5.       Оқу модулін құрастыру.

6.       Модуль бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалды дайындау.

7.       Модульдерге байланысты оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыру.

8.       Оқушыларды топтық жұмыс үшін берілетін тапсырмаларды дайындау.

9.       Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.

10.  Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

1.  Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.

2.  Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.

3.  Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.

4.  Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.

    

    Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін шешу.

   Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақтың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі- әр мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік, жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау,  шығармашыл қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет.

   Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға  болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ідненушілікті, шығармашылықты талап етеді.

 

  

 

 

5. Қолданылған әдебиеттер

 

 

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2.     Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.

3.     «Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл.

4.     «Мектеп директоры» журналы, 2009 ж.

5.     «Мектеп директорының орынбасары», 2010 ж.

6.     «12-жылдық білім беру», 2009 ж.

7.     «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде»    

          М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.

8.     «Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2011ж.

9.     «Бастауыш мектеп» журналы 2010ж.

   

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын пайдалану сапалы білім негізі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек  - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2014 2956
    • DOCX 104.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбуова Дидар Есенбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әбуова Дидар Есенбекқызы
    Әбуова Дидар Есенбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 204303
    • Всего материалов: 80

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек