Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / ”Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау”
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

”Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау”

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

І санатты информатика пәнінің мұғалімі Тохлиева Айнагуль Баймуратовна


Тақырыбы: ”Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау”. 7 -сынып

Мақсаты:

  • Білімділігі: оқушыларды Paint графикалық редактордың терезе

элементтерімен және редакторда жұмыс істеу тәртібімен танысу;

  • Дамытушылығы: компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту;

  • Тәрбиелігі: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққ, жан – жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыппен танысу

Сабақ әдісі: ой қозғау, венн диаграммасы, практикум

Көрнекілігі: слайдтар, таратпа карточкалар, суреттер

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия

І. Қызығушылығын ояту

  • Петроглифтер дегеніміз не?

(Тасқа салынған суреттер)

  • Ежелгі адамдар тасқа не салу

арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?

(сурет салу арқылы)

  • Қандай суреттер салған?

(таңбалар,)

  • Уақыт өте келе адамдар

тасқа емес тағы неге салған?

(қағазға,папирусқа)

  • Қазіргі таңда техниканың

дамуына байланысты суреттерді қайда

салуымыз мүмкін?

(компьютерге)

  • Компьютерде суреттерді салу үшін

қандай бағдарлама қажет?

(Paint бағдарламасы)

Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Рaint графикалық редакторы сурет салуға, түрлі қылқаламды пайдалануға, суреттерді әр түрлі түске бояуға, қалыңдығымен түсі әр түрлі сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді.

ІІ. Мағынаны тану

Редакторды іске қосу үшін:

Пуск-Программалар-Стандартты-Рaint қадамын жасаймыз.

Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.

hello_html_400497d1.png









Windows – 7 операциялық жүйесінде Paint –ті іске қосу тізбегі Все программы – Стандартные - Paint









Windows – 7 операциялық жүйесінің мүмкіндігі мол.

hello_html_m64943f70.png

Бұл терезеде қосымша батырмасында дайын фигуралар көбірек. Қылқалам түрлері көп берілген. Палитра түстерін өзгертіп, түстер қосып отыруға болады.

hello_html_3647b14a.gif









2.Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.

Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады. hello_html_76a1975a.png











3.Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар. hello_html_84da4d1.png







4.Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш). hello_html_m32be6c98.png


Не білгім келеді?

Команданы орындатпау

Егер бір жұмыстарын ойдағыдай болмас, абыржымаңдар. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларына болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдалану.

Түзету-Орындатпау (Правка – Отменить)

командасын орындау арқылы соңғы үш әрекетті болдырмауға болады.

Команданы қайталау

Егер сіздер бір әрекетті қателесіп алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Түзету-Қайталау (Правка – Повторить) командасын орындап, алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Осы әрекетті үш рет қатар жасауға болады.

Суреттерді қалай сақтайды

Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда, оған ат беру керек, ал файлды кеңейту Paint-тың bmp программасы автоматты түрде орындайды.

Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін

Файл –Деп сақтау... (Сохранить как...) командасын орындаңдар. Сонда экранда Деп сақтау ...диалогтық терезесі пайда болады. Файлдар есімі өрісінде файлға ат беріп, Сақтау (Сохранить) батырмасын шертіңдер

Суреттерді қалай ашады

Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін Файл – Ашу (Открыть) командасын орындау.

Экранда диалогтық терезесі ашылады., онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шерту.

Егер сендер Paint программасымен жұмыс барысында жаңа ғана салынған суретті сақтамай, жаңа құжат жасағыларың келсе, Файл – Құру (Создать) командасын орындау. Экранда құжатты сақтау жөнінде сұрау терезесі пайда болады. Жоқ(нет) батырмасын шерту.

Демалыс сәті (музыка әуені ойналады)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса.

5.Ал, енді сурет саламыз.

Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

  • Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

  • Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.

  • Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.

  • Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.

  • Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.


Сарамандық жұмыс

І-деңгей

1 тапсырма.

  1. Paint бағдарламасын іске қосыңыздар.

  2. Сызық құралын қолдана отырып жайра суретін салыңыздар

hello_html_m76a514ad.gifҮсті-басы ине

Бұл не деген бейне.

Кірпіге ұқсас заты,

Жайра оның аты.

ІІ-деңгей

Эллипс және қисық сызық құралын пайдаланып МОНАДА суретін салыңыз.Без имени-2

ІІІ-деңгей

  1. Paint бағдарламасын іске қосыңыздар

  2. Эллипс құралын пайдаланып мына суретті салыңыздар

  3. Суретті өз қалауларың бойынша бояңыздар

  4. Суретке “Бейне” атын беріп сақтаңыздар.

hello_html_77f67afb.png

ІІІ.Толғаныс. Венн диаграммасы.










Техникалық диктант

Paint бұл _____________ редактор. Paint графикалық редакторында ________ түспен сурет салынады. Олар ____________________ түстер. Paint графикалық редакторында _________ сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені ____________________________________батырмалары орналасқан.

Үйге тапсырма:

  • Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындау. 123 бет

  • Өзіңді тексер тест тапсырмаларын орындап келу.

Бағалау

Краткое описание документа:

Тақырыбы: ”Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау”. 7 -сынып Мақсаты: -          Білімділігі: оқушыларды Paint графикалық редактордың терезе элементтерімен және редакторда жұмыс істеу тәртібімен танысу; -          Дамытушылығы: компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту; -           Тәрбиелігі: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққ, жан – жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа тақырыппен танысу Сабақ әдісі: ой қозғау, венн диаграммасы, практикум Көрнекілігі: слайдтар, таратпа карточкалар, суреттер Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия І. Қызығушылығын ояту •          Петроглифтер дегеніміз не? (Тасқа салынған суреттер) •          Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? (сурет салу арқылы) •          Қандай суреттер салған?  (таңбалар,) •          Уақыт өте келе адамдар  тасқа емес тағы неге салған? (қағазға,папирусқа)
Автор
Дата добавления 04.04.2014
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1331
Номер материала 58515040416
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх