Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыҚазақ вальсінің королі-Шәмші

Қазақ вальсінің королі-Шәмші

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Қазақ вальсінің королі-Шәмші.docx

 

                                                                    

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Саға негізгі мектебі

 

 

 

 

 

    Ашық тәрбие сағаты

Бағыты: Рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие

 

Қазақ вальсінің королі-
Шәмші Қалдыаяқов

 

 

 

 

 

                   Орындаған:  Бримбетова Мадина Тыныштыкбаевна

 

2012/2013 оқу жылы

Тақырыбы: Қазақ вальсінің королі-Шәмші Қалдыаяқов

Мақсаты: Оқушыларды біртуар ұлы композитор Ш.Қалдыаяқовтың өмір жолымен таныстыру,оның орасан зор еңбектерін насихаттау,белсенділікке ,тапқырлыққа,өз бетінше көркем сөйлеуге баулу;

Оқушылардың жан-жақты ойлауын,ізденуін дамыту,ой өрісін кеңейту, көркем сөздермен өз тұжырымдарын жасай отырып сөздерді орынды пайдалануға дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларды адамгершілікке, имандылық пен әдептілікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Ш.Қалдыаяқовтың портреті,жазылған плакаттар ,слайд-шоу

Сабақ барысы:

Мұғалім сөзі:

Құрметті Ұстаздар,қадірлі оқушылар,әнді қадіт тұтатын ағайын!

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан таңға ән салдырған,

Өзін әнмен қарсы алдырған,

Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып,айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған Ш.Қалдыаяқовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі орасан зор.

      Туған жерінің әрбір қуанышы мен шаттығына ән болып,жыр болып төгілген,шашу болып шашылған Шәмші жүрегі ,Шәмші тілегі ,Шәмші әуені үнемі халқымен бірге. Сағыныш пен сағымға айналған асыл ағаны ән әлемі ақ тілектің ,тәтті үміттің құсына балап, бүгінгі «Қазақ вальсінің королі-Шәмші Қалдыаяқов» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Жүргізуші:Шәмші 1930 жылы кеурегі мен жусаны жүз түрлі дертке шипа Қызылқұм  өңіріндегі мөлдір сулы Арыс өзенінің жағасында  дүниеге келген. Әкесінің азан шакырып қойылған аты   Әнапия  екен,женгелері есімін атамай аяғындағы кішкене калды көріп  Қалдыаяқ деп кетсе керек. Шәмші мектепке барып  әліппе ұстағанда мұғалемдер сұрағанда «Әкем аты-Қалдыаяқ» деп жауап беріпті. Сонымен  Қалдыаяқов болып кетіпті. Әкесі он саусағынан  өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікпен әуестігі  жоқ болады. Бұл қасиет Шәмші бойына шешесінен,нағашыларынан дарыса керек.Шәмші «Табиғи дарынымның ана  сүтімен келгеніне қуанбасам ренжемеймін» дейтін.

Көрініс.

Досы: Оу,Қалдыаяқ ұлды болдың,бауы берік  болсын!

Қалдыаяқ:Мен баламның атын ескі хисадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жур едім.

Бірақ, оның  дауысы  патшаның даусынан  гөрі әншінікіне көп ұқсайды екен.

 Досы: Қалдыаяқ, балаң адамдардың  патшасы емес әннің патшасы болса тақияңа тар келмес.   

  Қалдыаяқ:Айтқаның келсін!Жамшид болсын.Барымда байлығым да осы балам.Халқыма адал қызмет ететін адам боп өссе-арманымның орындалғаны.

 

Оқушы: Ән өміріндегі жарық жұлдыздай сәуле шашып,айрықша  із  қалдырған

Шәмші Қалдыаяқұлы –күллі қазақ  халқының ұлттық  мақтанышы. Сондықтан да 40-жыл бойы біздің аспанымызда  махаббат  пен  сағынышқа  толы  Шәмші әуендері шырқалды.

Оқушы:Қазақ әні медениетінің алтын  қорына елеулі үлес қосқан Ш.Қалдыаяқовтың  шығармашылық мұрасы-ұлтымыздың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы.

Оқушы:Шәмші әндеріне басқа түгіл ағылшынның өнер қайраткері  Роберт  Файлер таң калып «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық  ән шығару деген-ұлы ерлік!Сізге ескерткіш орнату керек» деген екен.

Оқушы:20-ғасырдың 60-жылдарынан бері бүкіл  қазақ  шырқап келе жаткан  Шәмші әндерімен  қаншама жас ұрпақ тербеліп өсті.Содан да халқымыз оны «Қазақ вальсінің королі» деп құрметтеп,мақтап етеді. Шәмші Батыс Өнеріндегі  вальсті қазақ  табиғатына жақындатып,ұлтымыздың  төл өнеріне айналдырып  жіберген.

Вальс биленеді.

 

 

Жүргізуші: «Ән де адам секілді өз тағдырымен туады» дегенрас сөз. Шәмшінің 300-ге жуық әр әнінің өзіне  тән  туу тағдыры бар.Жамшид Шәмші атанып оның компазиторлық атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырады. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртады.-Балам, мен өмірден ерте кеттім деймін, немере сүйіп, келін көруді құдай маған бұйыртпады.Тағдыр солай, қайтейін.Бір тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін.,бақытты бол,балам.

Анасының  ақ лебізін естіген Шәмші өзін  сәбидей сезінді. Ойланып караса, анасы оған  әлемнің жарығын силапты, осы сәтте Шәмші ерекше толқиды.. Сонда былай дейді:

-Ана мен сенің басыңа кесене ғимарат  орнатам деп айта алмаймын,бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін  арнап жазамын, ол ешқашан ұмытылмайды.Бұл  1957 жылдың 4-қыркүйегі болатын.Шәмші өзінің созін 1961 жылы орындайды

Ән:  «Ана туралы жы».

Жүргізуші:Шәмші аға өзінің «Сығын серендасы»  әні жайлы былайша сыр толғайды. «Әр ән ішімнен шыққан баламен тең 1959 жылы консерваториядан шығып қалып, ауылға қайтуды ар санап,жерлес жастардың үйін паналап  жүрдім.

Жаздың бір күні Алматының  батыс  жағында  «Тастақ» атты базар бар.Сол жерде  бір топ сығандар  гитараға қосылып, мәре-сәре  болып жатыр екен.Қолым бос уақытым мол ерігіп жүрген мен жаңағылардың  өнерін тамашалап біраз тұрып қалдым. Сызылыта салынған ән,мың бұралған би жаныма жағып барады. Біраз уақыттан кейін менің де қаным қызып, арқам қозып  сыған жігіттің қолындағы гитараны алып,өзімнің таяуда ғана шығарған бір әнімді айтып бердім.Менің мұндай өнерімді көрген олар: «Жігіт, тағы бір ән, тағы...»деп әр тұстан қолқалай  бастады.Мен  қысылмай  тағы бір ән орындап бердім. «Ой мынауың керемет, ырғақ қой, тамаша жарайсың!»-деп сығандар мені ортаға алып, сайран көлінің маңындағы  мекеніне қонаққа шақырды

-«Олай болса сен де бізбен  бірге тұр.Анау шеткері тұрған шатыр қонақтар үшін арнайы қойылған.Соған түнеп жүре бер.Сендей өнерлі жігіт бізге де керек» ,-деп жылы ықыласын білдіреді.Сөйтіп екі ай уақыт өте шықты.Күз келіп сығандар жылы  жаққа қоныс аударуға дайындалды, мен не істерімді білмей састым. Сығандар болса әй Шәмші бізбен бірге жүре бер, тоббордан өзіңе ұнайтын қызды ал, сен сияқты көнілді адамға әрдайым бір кісілік орын бар»           

деп қолқа салды. Мен ойланып,тәтті қиялға берілмей, есімді жиып Алматыды қалуды жөн көрдім.Бірақ шынымды айтайын, көп уақытқа дейін қөнілді сығандар ортасын аңсап жүрдім.Сол сығын достарыма деген сағыныштың арқасында «Сыған серендасы» өмірге келген еді.»

Ән: «Сыған серендасы»       

 

Оқушы: Шәмші  өз әндерінің қалай жазылғаны айтып жүретін, бірақ та «Арыс жағасында» әнінің калай жазылғанын  айтқан емес. Бірде одан жазушы Оразбек Бодықов осыны сұрағанда, сәл жымиып, біраз  ойланып,былай дейді: «Маған  бір күні қара торы  жігіт жолықты да былай деді:    

-Екеуміз де бір өзеннің бойында туыппыз,бір өзеннің суын ішіппіз. Мен осында нақ сүйіктімді, ең  сұлуымды тауыппын.Шәмші деген атыңыз бар, қалайша сізге бір сұлу жолықпады?

-Неге олай дейсің? Менің  қиялымдағы сұлу осы жерде туды.

-Олай болса неге әндеріңіздің арасында Арыс жоқ, неге ерке өзенннің сұлуларын ән етпедіңіз?-дейді әлгі жігіт.

-мен кімді ән етемін,кімді онда сенің  қандай шаруаң  бар?-деп ашуландым.-Шаруам бар, неге ерке өзеннің сұлуларын жырламадыңыз,әлде  жақтырмадыңыз ба? –деді де әлгі жігіт тайып тұрды.

Ол менің дәл ауырып тұрған жерімнен түртіп кеткен еді. Осылайша осы әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды».

Ән: «Арыс жағасында»

Оқушы: Әр адамның өз өмірі секілді, әр әннің өз тарихы бар деп толғанған Шәмші «Менің Қазақстаным»әнінің туу тарихын  «Ақмоланы Целиноград  деп атап,бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып  жүрген кезбен  байланыстырады.  Қазақ  жері бөлшектенгелі жатқанда оның  асқақтығын  жырлайтын ән керектігін  сезеді.Сөйтіп «Менің  Қазақстаным»-әні  туады. ӨлеңінЖұмекен  Нәжімеденов жазады. РадиоғаЖамал  Омарова  жазады да, олардың өтініштері  бойынша күніне  бірнеше рет  орындапотырады. Осы ән елімнің  әнұраны  болады деп Шәмші аға біліп  айтқандай.1986  жылы 17 – желтоқсанда еркіндіктіаңсаған  жастар  Алматыда алаңда «Елім -ай» мен осы әнді айтып  шықты. бүгінде  халқына  рухани қару  болған «Менің  Қазақстаным» әні 2006 жылы 7- қаңтар  №112  баптың 3- тармағында Қазақстан  Республикасы Заңына сәйкес  әнұран  болып  қайта  оралды.

ӘНҰРАН  орындалады.

Жүргізуші:
Халық Шәмшіні «Қазақ  вальсінің королі» деп бекер айтпаса керек. Оның көптеген әндері вальс ырғағына жазылған. Шәмші әндеріне вальс билемеген жан бар ма? Біздің әке-шешелеріміз осы вальстің ырғағында жүріп бір-бірімен танысып табысты емес пе? Сонымен алдарыңызда тағы да вальс. «Қуаныш вальсі» орындайтын  Көпжасарова Нұршаш

Жүргізуші: Шәмшінің «Менің Қазақстаным», «Ақ маңдайлым» , «Ақ сұңқарым» , «Қара көз» , «Қуаныш вальсі» , «Ақ ерке-Ақ жайық» , «Әнім сен едің» ,»Кещікпей келем деп ең» , Бақыт құшағында» , «Отырардағы той» сияқты әндерінің  өмірі  ұзақ  , қазақ халқымен бірге жасайтыны даусыз.Шәмші әндерінің қай ұрпаққа да берері мол.

 Шәмшіге бірі аға ,бірі іні болып ән арнаған Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың арнаулы өлеңдері де бар.Аспанынан қазақтың ән боп ұшқан , дара туған дарын Шәмші Қалдыаяқовқа 83 өлең арналыпты. Қазақтың Шәмші ағасы-ән ағаға айналып барады.

      Ешбір  жан жаза алмаған әнді жаздың ,
      Үніндей  жарасымды  Аққу – қаздың .
      Бетховен ,  Штраустан  орның  бөлек 
      Шәмші  боп
  қазағыңа  мәңгі  қалдың .
 

      Әндер  бар  бір–біріне  ұқсамайтын ,
      Шырқасаң  ырғақтары  ұнамайтын .
      Әндер көп өшпейтұғын мықтысы  бар
      Егесін  дер  кезінде  сұрамайтын .
     
      Естіртіп  тағдыр  қатал жылататын ,
      Елітіп  тәттісімен    жұбататын .
      Өмірге  өлшеп  берген  өнерімен
      Шынарын  биік  шыңнан  құлататын .
             
      Кешегі  заман  ағым  солай  болды , 
      Шындыққа  адам  жаны  қорғалмады .       
     
Шәмілге  Мұқағали  мұңын шағып
      Шәмшіден  ән  жазуға  сұранады .

Жүргізуші:
Еліңмен әнің салмайды бөлек  іргесін,
Болашаққа барасың, бастап жыр көшін
«Менің Қазақстанымменен» жан аға,
Қазақтың көк байрағыменен біргесің.
Әндеріңменен айдынды шалқар көлдейсің
Көңілімде әлі отырған күліп сол кейпің
Жер бетінде қазағым аман тұрғанда
Өлмейсіз аға, өлмейсіз аға, өлмейсің.

Шырқалса әнің қалада, дархан далада
Тыңдайды ұйып, бесікте жатқан балада
Соңына өшпес рухани мұра қалдырдың
Тірісің мәңгі, тірісің мәңгі жан аға

Мұғалім: Арман-ай! Халқымыздың сүйікті перзенті , ән өнерінің әйгілі ақтангері Шәмші аға дүние салғанда қабырғасы қайыспаған кісі жоқ шығар. Өмірде өзгеше бітім болмысы бар қимас адамын жоғалтқанда өйтпегенде қайтеді. Өмір жолы сан тарау, қиын да күрделі , аты аңыз , ел жүрегінде қалған Отырар өлкесінің ұланы Жер-Ананың жылы  ұясынан өз орнын алып, мәңгілікті бір мезет құшағына сыйғызып, өмірден кете барды ,-дей келе бүгінгі Шәмші шығармашылығына арналған «Қазақ  вальсінің королі-Шәмші Қалдыаяқов» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

            

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ вальсінің королі-Шәмші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Шәмши.ppt

Скачать материал "Қазақ вальсінің королі-Шәмші"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қазақ вальсініңкоролі-Шәмші Қалдыаяқов(1930-1992)

    1 слайд

    Қазақ вальсінің
    королі-
    Шәмші Қалдыаяқов
    (1930-1992)

  • 2 слайд

  • 3 слайд

  • 4 слайд

  • Шәмші  Мұғалжар
 ауданында

    5 слайд

    Шәмші Мұғалжар
    ауданында

  • 6 слайд

  • Шәмші туралы лебіздер 
мен естеліктер

    7 слайд

    Шәмші туралы лебіздер
    мен естеліктер

  • Шәмші тау бұлағандай таза әуенімен ән-жырға сусаған халқының мейірін қандырд...

    8 слайд


    Шәмші тау бұлағандай таза әуенімен ән-жырға сусаған халқының мейірін қандырды.
    Б.Төлегенова
    Шәмші әндері-халқымыздың жүрегінің жылуына бөленген, әрқайсымыздың жансерігімізге айналған әндер.Әндері жарты ғасырдай халық аузынан түспей айтылған сазгерлер аз-ақ. Соның бірі емес-ау, бірегейі-біздің Шәмші аға.
    Қ.Айтаханов

  • Анам 13 құрсақ көтергенімен, сол перзенттерінен тірі қалғаны мен ғана едім.-А...

    9 слайд

    Анам 13 құрсақ көтергенімен, сол перзенттерінен тірі қалғаны мен ғана едім.-Апа неше балаңыз бар?-деп сұрағандарға ,ол-ұлым үшеу.Үлкені-Шәмші Қалдыаяқов,ортаншысы –Төлеген Айбергенов,кішісі-Мұхтар Шаханов дер еді.
    Шәмшімен де ,Төлегенмен де бір анадан туғандай бауырлас,сырлас және екеуіне де іні,дос болдым.Кейіннен жүрек түкпіріндегі бұл рухтастыққа Шыңғыс Айтматов қосылды...

  • Шәмші Қалдыаяқов-ән падишасы,ол бір қазаққа емес, бүкіл адамзатқа ән салдыр...

    10 слайд



    Шәмші Қалдыаяқов-ән падишасы,ол бір қазаққа емес, бүкіл адамзатқа ән салдырған талант иесі.
    Ш.Айтматов
    “Әнім сен едің” қазір халықтың әні боп кетті.Оның сөзін Тұманбай жазды ма,басқа біреулер жазды ма,халық оны білмейді.Мейлі, білмей-ақ қойсын. Сөзімнің ән болып анда-санда шырқалғанына ризамын.Халық ұмытпай айтып жүрсе, Шәмшінің рухы да,тірі жүрген менің көңілім де бір асқақтап қалады ғой.
    Т.Молдағалиев

  • Шәмші Қалдыаяқов керемет бауырмал,адамгершілігі мол, өте мә...

    11 слайд



















    Шәмші Қалдыаяқов керемет бауырмал,адамгершілігі мол, өте мәдениетті жан болатын.
    Үлкен-кішіге бірдей ,
    бәріне де “сіз” деп тұратын.Біреуге дауыс көтеріп сөйлегенін,болмаса өктемдік көрсеткенін көрген де естіген де емеспін.
    Н.Нүсіпжанов



    Шәмші әндерінің ғажап болатын себебі-оның ауылда өскендігінде.Міне,Шәкең жастайынан соның бәрін көзімен көріп,көкірегіне түйіп өскен және оның шығармаларына үлкен әсер еткен.
    Мыңжасар Маңғытаев

  • Шәмші ағаның  мінезі өзінің әндері тәрізді жайлы да жайдары болатын. Адам...

    12 слайд

    Шәмші ағаның мінезі өзінің әндері тәрізді жайлы да жайдары болатын. Адам жанын аялай білетін жүректен сұлу сезімді жаратылыстан ғана сонша сыршыл әуен туғанына және мейірім мен махабаттың ғана мәңгі екеніне куә болып келеміз.
    А.Бақтыгереева

  • ...Шәмшімен бірге өткен күндердің көркемдігін кестелеуге тіл жетер ме?!
   Әт...

    13 слайд

    ...Шәмшімен бірге өткен күндердің көркемдігін кестелеуге тіл жетер ме?!
    Әттең ,уақыт өте келе Шәмшінің ертеректе жазылған көп әндерінің жиі айтылмауы бәлкім, орындаушысының осалдығынан болар,елге қайтып оралмай жүргендері де аз емес.Шәмші өмірден өткен осынау жылдар ішінде оның шығармашылығының әлі де тың жатқан тұстарына түрен салатын зерттеушінің табылмауы да өкінішті.
    Асанәлі Әшімұлы

  • Мен білетін,мен өмір сүрген ғасырдың ең талантты, ең қасиетті есімі-Шәмші есі...

    14 слайд

    Мен білетін,мен өмір сүрген ғасырдың ең талантты, ең қасиетті есімі-Шәмші есімі.

    Қадыр Мырза Әли

  • 15 слайд

  • 16 слайд

  • Тамашалағандарыңызға 

рахмет!

    17 слайд

    Тамашалағандарыңызға

    рахмет!

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сабақ  мұғалімдерге сыныптан тыс жұмыс,тәрбие сағаттарында қолдануға  ыңғайлы. Оқушылардың  композитор туралы  көбірек мағлұмат алуына мүмкіндік жасайды.Композитор туралы видео, презентация қоса беріліп отыр. Осы арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін , шығармашылық қабілеттерін, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыруға болады. Оқушыларды біртуар ұлы композитор Ш.Қалдыаяқовтың өмір жолымен таныстыру,оның орасан зор еңбектерін насихаттау,белсенділікке ,тапқырлыққа,өз бетінше көркем сөйлеуге баулу; Оқушылардың жан-жақты ойлауын,ізденуін дамыту,ой өрісін кеңейту, көркем сөздермен өз тұжырымдарын жасай отырып сөздерді орынды пайдалануға дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды адамгершілікке, имандылық пен әдептілікке тәрбиелеу;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 957 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2014 2104
    • RAR 13.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бримбетова Мадина Тыныштыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 53714
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 51 региона

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 718 человек из 71 региона

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе