Инфоурок Музыка Другие методич. материалы«Күмбір-күмбір күй төккен»

«Күмбір-күмбір күй төккен»

Скачать материал

«Күмбір-күмбір күй төккен»

Лекция концерт

      Саламатсыздар ма? Құрметті ұстаздар оқушылар. Бүгін біз «Күмбір-күмбір күй төккен» деп аталатын шертпе күй мен төкпе күй дәстүріне арналған лекция концертімізді бастаймыз.

      Қазақ музыка өнерінің тарихи тамыры Қорқатқа дейінгі ғасырлар қойнауында жатқандығын материалдық мұралар айқындап отырғанымен, халық күйлерінің қай ғасырда туғандығын анық айту қиын. Олар хатқа түспеген күйі әр ұрпақтың құйма

құлақ өкілдері арқылы бізге жеткен.

      Көне ғасырда Қорқыт , ХІІ ғ  Кетбұға, ХІV-ХV ғ-да Аанқайғы , ХV ғ Қазтуған, ХVІ-ХVІІғ Байжігіт, ХVІІІ Абылай хан , ХІХ ғ бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттібет, Құрманғазы, Абыл, Сарымалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Дина, Сүгір, Сейтек т.б дарынды күйші, дәулескер домбырашылар қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдары биікке көтерген тума таланттар еді. Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет-бедерін сақтап қалды.

       Тарихқа көз жүгіртсек, әр халық өз тарихын әр түрлі жолдармен бейнелейтіні ерекше байқалады. Айталық арабтарда көне тарихын алып тас мүсіндерге түсірсе, қытайларда ескі жазу тілімен сақталған. Үнділерде би өнерінің тілімен бинеленсе, еуропалықтар зәулім храмдар мен қорғандар салып қалдырған. Ал қазақ халқы болса, өз тарихын аса бай ауыз әдебиетімен суреттеген.

       Соның бірі күй саласы.

       Домбыра күйлері, 3 аспапта – домбырада, қобызда, сыбызғыда орындалады. Соның ішінде дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең тараған және аса биік профессионалдық өреге жеткен саласы – домбыра күйлері. Тарихи, мәдени және жағрафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына байланысты, қазақтың домбырашылық, күйшілік өнерінде жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты. Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады.

      Домбырада ойналатын күйлер 2 түрге бөлінеді шертпе және төкпе күйлер.

      Төкпе күй өзінің құрылымына байланысы бас, негізгі орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөліктерден тұрады. Басбуында күйдің кіріспесі, негізгі буында тақырып пен мелодия беріліп, орта буында одан әрі жалғасады. Бұл дәстүрде қағыс негізінен сұқ саусақ пен бармақ арқылы орындалады. Қағыс кезінде қолдық білезік буыны бүгіліп немесе жазылып, қағыс та өзгеріп отырады.

       Төкпе күй дәстүріне байланысты Махамбет Өтемісұлының «Өкініш» күйі орындалады. Орындаған: 4 сынып оқушысы М.Қайырбек

     Шертпе күй деп – ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған, өзіндік бір ерекше мақамы бар, айрықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай.

Қ.Ахмедияровтың күйі «Ақ қайың». Орындаған: оқытушы Т.Кәлменова.

      Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді. Күйдің орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты, оң қолдың сұқ саусағымен қатар саусақтар басын біріктіріп, топтастыра қағу немесе осы саусақтарды бірінен кейін бірін тізбектей шерте қағу әдістері жиі қолданылады. 3, 4 – саусақтарымен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі. Бас бармақ сирек пайдаланылады.

       Қазақтың домбырашылық күйшілік дәстүрінде 7 түрлі орындаушылық дәстүр мен мектеп қалыптасты деп атап өттік. Соның ішінде Арқа күйшілік дәстүріне тоқталып өтеміз.

       Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып жатқан байтақ өңірмен байланысқан Арқа күйшілік мектебінің бәйтерегі көрнекті тұлғасы – Тәттібет Қазанғапұлы. Енді шертпе күйдің атасы Тәттімбеттің өмірі туралы бейне баянды көріп тамашалайық. (Слайд Тәттімбет.)

       Тәттімбет – халқымыздың мақтанышына айналған ұлы күйші, дарынды композитор. Өнер десе ішкен асын жерге коятын халқы Тәттімбеттің өнерін аса жоғары бағалап талантына бас иеді. «Бір әнді сатып алдым құнан нарға»,-деп халық арасында айтылғандай, Тәттімбеттің бір күйін тыңдап, үйрену үшін ат беріп сатып алып та жүрген.

       Тәттімбеттін күйлері шертпе дәстүрінің ең озық үлгілеріне жатады. Оның күйлерінің желісі Орталық Қазақстанның ән сарындарымен тамырласып көбінесе бір дауысты болып келеді, ырғақтық өлшемдері әннің әуеніндей шалқып еркін жүреді. Ал күй дамуы тақырып қайырымының бірнешеуін түрлендіріп қайталап орындауынан құрылған. Тәттімбет күйлерінің шерту тәсілдері әр түрлі құбылмалы, ал композициялық қайталаулары заңды симметриялы болып келсе де, олар импровизациялық (яғни суырып салмалық) өзгерістерге толы. Тәттімбет күйлерінің көпшілігі халық орындаушылары қалыптастырған дәстүрлі тақырыпта туған. Күйшінің белгілі «Қосбасар», «Терісқақпай», «Балбырауын», «Сылқылдақ», «Былқылдақ» күйлері – дәстүрлі жанрдағы шығармалар.

      Тәттімбеттің «Қосбасар» күйі. Орындаған: 2 сынып оқушысы Н.Қуаныш

      Тәттімбет күйлерінің көпшілігі халық орындаушылары қалыптастырған дәстүрлі тақырыпта туған. Күйшінің белгілі «Қосбасар», «Терісқақпай», «Балбырауын», «Сылқылдақ», «Былқылдақ» күйлері – дәстүрлі жанрдағы шығармалар.

       Сонымен қатар күйшінің табиғат пен жан-жануарлардың образын суреттейтін «Сарыжайлау», «Сарыөзен», «Сары қамыс», «Қара жорға», «Бозайыр», «Бозторғай атты шығармалары да халық дәстүрімен үндесіп жатыр.

     Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі. Орындаған: оқытушы Г.Сарбалова

     Тәттімбеттің күйлерін жеткізуші Әбікен Хасенов шәкірті Тоқа ізбасарлары Қыздарбек, Әбди, барлығы дерлік «Қосбасарлар циклін» жалғастырды.

      Қыздарбектің күйі: «Сылқым қыз». Орындаған: 3 сынып оқушысы Ж.Ғалымқызы

      Шертпе күйдің Қаратау өңірі (Қазақстанның Оңтүстігі) аймағындағы дәстүрі кенжелеп кейін дамыды. Шертпе күйдің Қаратаулық дәстүрі аты аңызға айналған ұлы Сүгір (1882-1961ж.) есімімен тығыз байланысты. (Слайд Сүгір Дүкенұлы.)

     Сүгір қазақтың күйші композиторы, Ықылас Дүкенұлының шәкірті. Сүгір бала кезінен өнерге бейім болады. Әсіресе Тәттімбет күйлеріне ден қойып, 15 жасында композитордың «Сылқылдақ», «Қосбасар», «Былқылдақ» және көптеген халық күйлерін домбырада тартты. Сондай-ақ Ықылас күйлерін тартып, тыңдап, оның небір ғажайып сырына қанық болады. Ел ішінде домбырашы Сүгір атанды. Домбыра тарту техникасы әбден жетілген шағында өз жанынан күй шығара бастады.

      Тұңғыш туындысы-«Тел қоңыр». Мұнда енесінен айрылған құлынның, 2-ші құлынды биенің сүтіне телінген, бір биені емген қос қоңыр құлындардың тіршілігі суреттелген. Күй әуенінде адам өміріндегі асқан мейірімнен туатын бесік жыры, ана әлдиі сияқты нәзік лирика бар. Ол «9 тарау», «Кер толғау», «Шалқыма», «Ыңғай төк», «Бес жорға», «Боз інген», «Ілме», «Қосбасар», «Аққу», «Ақжелең», «Амангелдіге арнау», «Жолаушының жолды қоңыры», «Жайлау» күйлерінің авторы.

      Баян аспабында, Сүгірдің күйі «Бозінген». Орындаған 5 сынып оқушысы Р.Кенжетай

      Сүгір күйлері тіршілік тағдыр жайлы тереңнен сыр шертеді. Ол домбыраның қоңыр үнімен сан қилы әуенге бөлеп, тұңғиық ойға шомылдырады. Домбыраның оң бұрауымен де, теріс бұрауымен де тартқан әні төкпе күй мен шертпе күйдің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сапында лирикалық әсем әуен Арқаның ән сазымен үндессе, дауылды жігер екпін Батыс Қазақстанның төкпе күйлерімен өзектесіп жатады. Ал Сүгір туындыларына тән толғаныс пен терең ойшылдық қобыл күйлерімен сарындас болып келеді. Домбырада қалыптасқан әр түрлі мектептердің ерекшеліктерін бойына сіңіре білген Сүгір шертпе дәстүрдің жаңа мүмкіндіктерін аша келе, оның әрі қарай дамуына жол ашты. Сөййтіп Сүгір домбыра өнерімізге өзгеше жаңа бір мектептің негізін қалады.

      Ол домбыра үнін Ықыластың қобыз үніне жақындатып толғай тартқан ұстазының көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Мысалы: «Кер толғау», «9 тарау», «Аққу» күйлерінде қобыз үні басым. Бұл Сүгір шертпелеріндегі қайталанбас өрнек. Жалпы Сүгір Әлиұлының бізге жеткен күй мұрасының саны – 25 күй. Бұл күйлердің барлығы Құрманғазы атындағы консерваторияның, Тәттімбет атындағы шертпе күй класының оқу бағдарламасына енген.

     Қаратау күй мектебінің негізін салушы Сүгір Әлиұлының өзіндік орындауында бірде-бір күй таспаға жазып алынбаған. Сүгірдің күйлерін бізге жеткізуші Төлеген Момбеков.

     Т.Момбеков Сүгірден тәлім алып, оның күйлерін үйреніп орындады. Т.Момбековтың: «Қосбасар», «Салтанат», «Мың жылқы», «Қаратау шертпесі», «Анама», «Қат-қабат», «Асу», «Қоштасу» т.б күйлері бар.

     Т.Момбековтың күйі: «Салтанат». Орындаған: оқытушы С.Қайранбаев

     Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасынан үзінді. 2-сынып оқушылары  Б.Балғабай, Н.Қойшығұл

     Шертпе күйлер фортепияно аспабының сүйемелдеуіндеде орындалады Ермұрат Үсеновтың күйі: «Қосбасар». Орындаған: 5-сынып оқушысы К.Пірмахан.

     Бүгінгі «Күмбір-күмбір күй төккен» атты лекция концертімізге байланысты викториналық сұрақтар бар.

1.     Күй дегеніміз не?

2.     Күй қандай аспаптарда орындалады?

3.     Домбыра орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшелігіне қарай неше түрге бөлінеді?

4.     Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармаларын ата?

5.     Арқа күйшілік мектебінің негізін салушы кім? Қандай күйлерін білесің?

6.     Қаратау күйшілік мектебінің негізін салушы кім? Күйлерін ата?

7.     Қазақтың домбырашылық күйшілік мектептері? (Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сырдария)

8.     Шертпе мен төкпе күйдің айырмашылығы қандай?

 

Бүгінгі кешке қатысып белсенді өнер көрсеткені үшін оқушыларға бағалы сыйлықтар табыс етемін.

 

Лекция концертке келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Күмбір-күмбір күй төккен»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ музыка өнерінің тарихи тамыры Қорқатқа дейінгі ғасырлар қойнауында жатқандығын материалдық мұралар айқындап отырғанымен, халық күйлерінің қай ғасырда туғандығын анық айту қиын. Олар хатқа түспеген күйі әр ұрпақтың құйма құлақ өкілдері арқылы бізге жеткен. Көне ғасырда Қорқыт , ХІІ ғ  Кетбұға, ХІV-ХV ғ-да Аанқайғы , ХV ғ Қазтуған, ХVІ-ХVІІғ Байжігіт, ХVІІІ Абылай хан , ХІХ ғ бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттібет, Құрманғазы, Абыл, Сарымалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Дина, Сүгір, Сейтек т.б дарынды күйші, дәулескер домбырашылар қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдары биікке көтерген тума таланттар еді. Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет-бедерін сақтап қалды.Домбыра күйлері. Күйлер негізінен 3 аспапта – домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Көне ғасырда Қорқыт, XII ғ. Кетбұға, XIV-XV ғ. Асанқайғы, XV ғ. Қазтуған, XVI-XVII ғ. Байжігіт, XVIII Абылайхан XIX ғ. бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттімбет, Құрманғазы, Абыл, Тоқа, Сарымалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Дина, Сүгір т.б дарынды күйші, домбырашылар қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдарда биікке көтерген тума таланттар еді. Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет-бедерін сақтап қалды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2014 3534
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Айна Кайырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Айна Кайырбековна
    Оспанова Айна Кайырбековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3013
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Музыка")

Учитель музыки

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания вокала в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе