Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Түлектермен кездесу»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Түлектермен кездесу»

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Түлектер кездесу кешінің сценарийі

Домбыра

1 жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар!

2 жүргізуші:

Қайда менің мектеп күндерім,

Жалындаған жастық шағым, күн керім.

Дуылдатып, думандатып жүретін,

Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім

Қайда сол бір асыл жанды достарым,

Аңқылдаған, жарқылдаған от жалын,

Сұнқар жігіт, аққу қыздар қайдасың,

Мектепті еске аламыз жүрегімізде от жанып.

1жүргізуші: Ақын ағамыздың сөзін еске алып, түлектер кездесу кеші ашық деп жариялаймыз!

2 жүргізуші: «Парасат» мектеп-лицейінің 1-ші түлектері -2004 жылы үлкен өмір жолына шыққан. Олардың мектеп бітіруіне 10 жыл болды. 2004 жылдың түлектерін дөңгелек үстелге шақырамыз!

1-жүргізуші: 5 жыл бұрын біздің мектепті бітірген 2009 жылдың түлектерін де дөңгелек үстелге шақырамыз!

Музыкалық номер – Мөлдір, Айнұр

2 жүргізуші: Иә, уақыт деген көз алдымыздан зымырап өтіп барады! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып кеткендей алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырған білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз бүгін Қазақстан Республикасының бірдей-бір азаматтары болды.

1 жүргізуші: Құрметті түлектер ! Бүгінгі таңда сіздердің мектеп бітіргендеріңізге биыл біреулеріңізге 5 жыл, біреулеріңізге 10 жыл толып отыр. Осы 5 - 10 жыл бұрын келешектеріңіз қандай болатынын елестеттіңіздер ме? Алдарыңызға қойған арман-мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме? Алдымен өздеріңіз туралы жеке мәлімет беріп, өздеріңіз туралы айта кетсеңіздер.

Микрофонмен кезектесіп, түлектер сөз сөйлейді.

2 жүргізуші: Сіздер улкен азамат пен азаматшаларсыздар, бірақ біз қазір балалық шақты ойымызға түсірейік! (ойын жүргізу, доп, прищепка)

1-жүргізуші:

Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен,

Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,

Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп,

Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем, деп сіздерден, құрметті түлектер, мектеп өмірін еске алуды сұраймыз.

2-жүргізуші:

Әрбір түлектің ұмытпайтын ең қызықты сәттері болады. Сондай сәттерді еске алып, айтып беріңіз.

Микрофон түлектерде

Музыкалық номер – Алмаз, флешмоб

1-жүргізуші:

Бойыма алаулатып күш-жалынды,

Өмірге ұмтылдырған құштарымды.

Кеудеме білім сырын құйып берген

Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды, деп алғашқы және де ең сүйікті ұстаздарыңызды еске алыңыз. Әр түлектер өзінің алғашқы мұғалімін және де ең сүйікті мұғалімді атасын.

2-жүргізуші: 10 жыл бұрын мектепті бітірген түлектерге ойын. Біз сіздерге осындай тапсырма берейік. Шамшырақ пәнді айтады, ал сіз сол пән беретін мұғалімнің ойланбай аты-жөнін айтасындар. Еске алу қабілеттеріңізді тексерейік!

  • Алгебра - Дәметкен Хасенқызы

  • Қазақ тілі - Жеткіншек Нәбиұлы

  • Химия – Айсулу Қазбекқызы

  • Биология – Ермек Елюбайұлы

  • АӘД – Есілбай Абдирұлы

  • Еңбек сабағы – Бүркітбай аға

  • Орыс әдебиеті – Айгүл Асқарқызы

  • Сызу – Темірхан Омарұлы

  • Физика – Зейнеп Төлебайқызы

  • Геометрия – Даметкен Хасенқызы

  • Орыс тілі – Айгүл Асқарқызы

1-жүргізуші: Бәрекелді! Еске алу қабілеттеріңіз мықты екен! 2004 жылдың түлектеріне арналған әнді тыңдайық!

Ән Алмаз

2-жүргізуші:

Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның алды бол көшті бастар
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың - сендер жастар!

2004 жылдың түлектеріне шағын тапсырма берейік. Мағжан сіздерге сұрақ қояды. Сіздер кішкене ойланып оларға жауап бересіндер.

  • Мектептегі оқушылардың ұнатпайтын жері?

  • Мұғалімнің орындығындағы тосын сый?

  • Ата-аналар мен мұғалімдердің таныстыру клубы

  • Ата-аналар қолтаңбасының альбомы?

  • Мұғалімдермен оқушылардың тағатсыз күтетін күндері?

  • 2-ден 5дейін. Ол не?

  • естелік, қолтаңба қалдыратын тақта, анда-санда жастық болатын жабдық 

2-жүргізуші:

Жарайсыздар! Мектеп өмірін ұмытпапсыздар! Осы музыкалық нөмерлер 2009 жылдың түлектеріне арналған. Қабыл алыңыздар!





Қазақ биі

1-жүргізуші: Құрметті түлектер, алтын ұя мектептеріңді ұмытпай кездесуге келгендеріңіз үшін көп рахмет. Мектебіміздің алғашқы түлектерімен кездесу біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі ретте 15, 20,30 жылдық кездесулерде жүздесейік! Осымен біздің түлектер кездесу кеші аяқталды. Келесі көріскенше!











 










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Түлектер кездесу кешінің сценарийі Домбыра 1 жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар! 2 жүргізуші:  Қайда менің мектеп күндерім, Жалындаған жастық шағым, күн керім. Дуылдатып, думандатып жүретін, Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім Қайда сол бір асыл жанды достарым, Аңқылдаған, жарқылдаған от жалын, Сұнқар жігіт, аққу қыздар қайдасың, Мектепті еске аламыз жүрегімізде от жанып. 1жүргізуші: Ақын ағамыздың сөзін еске алып, түлектер кездесу кеші ашық деп жариялаймыз! 2 жүргізуші: «Парасат» мектеп-лицейінің 1-ші түлектері -2004 жылы үлкен өмір жолына шыққан. Олардың мектеп бітіруіне 10 жыл болды. 2004 жылдың түлектерін дөңгелек үстелге шақырамыз! 1-жүргізуші: 5 жыл бұрын біздің мектепті бітірген 2009 жылдың түлектерін де дөңгелек үстелге шақырамыз!

Общая информация

Номер материала: 59964040543

Похожие материалы