Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / География сабақтарында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы арқылы география сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

География сабақтарында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы арқылы география сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру.

библиотека
материалов

hello_html_1ee834df.gifhello_html_m8846792.gifhello_html_m2ebb4a1e.gif

Жоспар



І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім


  1. Оқу мен жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту

Жобасының ерекшелігі. (RWCT)


  1. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»

жобасын сабақта қолдану.


3.RWCT жобасының әдіс-тәсілдерінің тиімділігі.



ІІІ. Қорытынды.






















Мақсаты:

  • Сапалы білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқу-шылардыңсыни ойлауын, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Міндеттері:

  • Сын тұрғысынан ойлау теориясын зерттеу

  • Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің қалыптасу деңгейін анықтайтын критерилер жасақтау

  • Оқушылардың оқуға қызығушылығын, ойлау үрдісінің жылдамдығын, талдай білуі, түсініп ойлау ерекшелігін анықтау

  • Оқушыларды оқу мәтіндерімен өз беттерімен жұмыс жасауға, ақпаратты қабылдауға және оларды іс жүзінде қолдана білуге үйрету

  • «Оқу мен жазу арқылы сын түрғысынан ойлауды дамыту» жобасы әдіс-тәсілдерінің ережелері мен жадынамасын құрастыру. Слайд№1


Өзектілігі:

  • оқушылардың өз бетімен білім және ғылым ақпараттарымен жұмыс жасау деңгейінің төмендігі

  • оқушылардың білімді, ақпаратты өз бетімен тауып, оны іс жүзінде пайдалану деңгейінің жетіспеуі.


Болжамы:

  • «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін белсенділендіруге болады


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың оқуға қызығушылығы артады

  • Оқушылардың өз-өзін, бір-бірін бағалай білу қабілеттері қалып-тасады

  • Сұрақ қоя білу, негізгіні табу, салыстыра білу, себеп-салдарын анықтап және қорытынды жасай білу

  • Ақпараттың толық мағынасын түсіну, өзекті мәселесін анықтай білу

  • Зерттеушілік қабілеттерінің қалыптасуы,ізеу, анализ жасау, ақпаратты өңдеу


Жаңашылдығы:

  • «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасының әдіс тәсілдерін кәсіби қызметімде қолдану , өйткені оқушылар жетістіктерінің нәтижелерінің өзгерісі ұзақ мерзімді бақылауда болады

  • Жеке тәжірибемнен әдістемелік құралдар дайындау, оларды өңдеу

  • Жасалған жоба жұмысының мазмұнын ғаламтор сайттарына енгізу

  • Жасалған жоба жұмысын педагогикалық оқуларда қорғау

«Әлемдегі ең баға жетпес

құндылық – бұл терең

ойлы және білімді ересек

адамдар. Білім жүйесінің мақсаты ондай адамдардың

көп болуына жұмыстану»

Халперн. Д


Ақпараттық технологияның дамып, оны пайдалану нәтижесінде «Ақпараттық жарылыс», пайдаланатын ақпараттың ондаған есеге ұлғаюына әкеп соқты, және де олардың тез ескеріп қайта жаңартып отыруды талап етеді. Бұл тек экономика, ғылымда ғана емес күнделікті адам өміріне қатысты болып отыр. Мамандықтар тізімі әрбір 7 жыл сайын 50% жаңарып отыр, соған сәйкес уақытында жетістікке жетіп отыру үшін , адамға өз жүмыс орнын өзгертумен қатар, өз өмірінде 3-5 рет мамандығын ауыстыруға тура келіп отыр. Бұндай жағдайларда кәсіби қызметінің өнімділігі, жетістігі оның ақпарат ағымын қабылдай білу қабілетіне байланысты, ерік-жігерінің болуына және кездесетін қиындықтарды жеңе білу, жетіспеген білімді іздеуге және қолдана білуіне, сонымен қатар мақсат қоя білуге,оған жету үшін барлық ресурстарды тауып қолдана білуі керек.Слайд№2

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.

Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Респу-бликасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан): «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.

Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі. [1] [6-7бет]

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

«Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзіреттілік -оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін мең-геруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағат-тандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмен-дегідей анықтама берілген: «Құзыреттілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдас-тыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы».[5]

Жаңа технология – сапалы білім кепілі.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр.

Қазіргі заман оқушысын танымдық қызметіне, құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы яғни оқуға ынталандыру, ізденісін қалыптастыру т.б өте қиын. Бұл оқушылардың мектеп пәндерінің оқу материалдарын қабылдауда үлкен қиындықтарға тап болады. Бұның дәлелі оқушылардың ойлау қабілетітерінің деңгейі жоғары емес, соның ішінде сыни тұрғыдан ойлауы. [1] [16-17бет]

Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірін тыңдап, дәлірек қарастыру және зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады. Сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық ойлаудың дамуының бастапқы нүктесі деуге болады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін арнайы методикалық әдіс-тәсілдерді жасақтап және оны пайдалану керек.

Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет екендігін ескере отырып, біз, жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасап, өзіміз оқып, үйреніп, үш жылдан артық уақыт бойы тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор болар деген тұжырымға келдік.

Бұндай өте жақсы нәтиже беретін әдіс-тәсіл ретінде американдық педагогтар Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл, С.Уолтер ұсынған педагогикалық жоба «RWCT» жобасы, яғни «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» болып отыр. [1] [6-7бет]

Бұл бағдарлама Сорос Қазақстан қоры жанынан 1998 ж қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда –Reading and Writing for Critical Thinking - “Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стра-тегияларынан: әдістерінен тұрады.Бұл білім беру жобасының мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуы, тек сабақ үрдісінде ғана емес, күнделікті өмірде де аса қажет. Сондықтан, барлық жастағы оқушыларға кез келген маз-мұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету. Шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. [4] [35,49,85,86,75,77бет]

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ете-тіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет.

Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыр-уына жол көрсетеді.Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы оқушылардың қызығушылығын оятуда бағытталған (оларда зерттеушілік, шығармашылық белсенділігін оятып) әр түрлі әдіс-тәсілдер жиынтығын (стратегияларын) ұсынады. Содан соң оларға берілген материалды меңгеру үшін оойлануға жағдай жасайды. Соңында меңгерген білімін ортаға, талқыға салуға көмектеседі.Әр бала еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуде, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Озық ойлы, тақпыр да, сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау, оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу әр ұстаздың міндеті. [6]

Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, тиімдісін ұсыну. Өйткені ХХІ ғасырда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине дамудың негізі – білімде.

Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Мен оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда оқытудың жаңа әдіс-тәсілін пайдаланып сабақ беру сияқты мәселені ең басты міндет санап, 2012ж наурыз айында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарға қатынасып, алған білімімді тәжірибемде, өз сабақтарымда қолдануға тырыстым.
Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебімде абақтарымды түрлендіріп, «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту жобасының стратегияларын қолдана отырып өткіземін. Осы әдіс-тәсілдер арқылы сабақты түрлендіре өткізу тиімді деп ойлаймын.
Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы екенін түсіндім. Осы жоба бойынша әдіс-тәсілдерді қолданып жүргеніме екі жыл. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын еркін жеткізіп, тілін дамытып, бір-бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабына сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін.

RWCT жобасы бойынша сабақ құрылымы келесі сатылардан тұрады.

  1. Қызығушылықты ояту сатысы.Слайд №3,4,5

Бұл кезеңде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т.б деген сұрақтарды алмастырып керсінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.

Қызығушылықты ояту кезеңінде – «жаңа білімге көпір салу» . Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден аластатады. Орнына білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады. Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталып, белсенділігі арттырылады, психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.

  1. Мағынаны тану сатысы.Слайд №6,7,8

Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар : болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өз бетімен оқу, өзара оқу т.б. Осы әдістерді қолдану, кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекеттерінің ашу, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету, іздену, кезеңіне айналдырады. Барлық мүмкін байланыстырды өткізеді.

  1. Ой толғаныс сатысы.Слайд №9,10,11,12

Оқуды қортындылау. Оқушылар өз ойларымен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмаларды, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «эссе жазу» , «бес жол өлең» т.б стратегияларды пайдаланып қорғайды.

Базалық модель («Қызығушылықты ояту -Мағынаны тану-Ой толғаныс ») сабақ жоспарының ұтымды құрылымы мен қатар дәлдікпен жасаған әдіс-тәсілдердің бір-бірімен байланысып кезек-кезек келуіне мүмкіндік береді.

Өзімнің география сабақтарында мәтінмен жұмыс мәдениетін қалыптасуына және сыни ойлауды дамытуда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерге толығырақ тоқталайын.Слайд №

Оларды жұмыстың бағытына байланысты топтастыруға болады.

Бірінші. Ақпараттарды қабылдауды үйренеміз.

Ақпаратты қабылдап үйрену үшін, дамыту үшін – «ББҮ» (Білемін-Білгім келеді-Үйрендім), «Зигзаг», «ЖИГСО», «Идеялар,түсініктер, атаулар себеті»

Оқушылар өз кезегінде ақпаратты қабылдау және мақсат қояюда көптеген қиындықтарға тап болады. Ал бұл әдістер осы қиындықтарды жеңуде көмектеседі.

Екінші. Болжап үйрену.

Бүгінгі таңда маңызды қабілеттердің бірі болжау болып табылады. Бұл қасиет ересек адамдардың барлығында кездесе бермейді. Ол үшін «Дұрыс-Дұрыс емес ұғым» әдісін пайдалану қолайлы. Сабақтың қызығушылықты ояту сатысында мұғалім жаңа тақырып бойынша бірнеше ұғымдарды береді. Оқушылар өздерінің білімдеріне сүйеніп дұрыс тұжырымдарды табады. Бұл тұжырымдар сабақтың аяғына дейін өзекті болып қала береді. Ой толғаныс сатысында қандай тұжырымдар дұрыс болғанын салыстырады.

Тақырыптың мазмұнына сәйкес суретті, графикалық сызықтарды көрсетіп әңгіменің не туралы болатынын оқушылардың өздеріне табуын тапсыру.

Үшінші. Мәтінмен жұмыс жасап үйрену.

Мағнаны тану сатысында, жеке ойларын жинақтауда «Кідіріспен оқу», «Инсерт», «Қос жазба күнделігі», «Кластер құрастыру», «Фишбоун», «Бағытталған оқу», «Салыстырмалы таблица», «Әдеби үйірмелеу», «Ти-кестесі», «РАФТ», «Қабырғаға қарап оқу» т.б жатады.

«Кідіріспен оқу» - мәтін бөліктерге бөліп оқылады. Әр бөлік анализ жасалып, болжамдар жасалады.

«Фишбоун» әдісі – «Балық сүйегі» деген мағына береді.балықтың басында мәтінде берілген өзекті сұрақ беріледі. Барлық жоғарғы сүйектерде зерттеп жатқан мәселенің пайда болу себептерін, төменгі сүйектерге шешілу жолдарын жазады. Жазулар өте қысқа, факт болу керек.

Төртінші. Ақпаратты шығармашылық деңгейде өңдеу.

Мектеп сабақтарында ой толғаныс сәтінің болмауы оқушылардың материалды меңгеруде жеке іс әрекетінің және ойлауының жетіспеушілігін туындатады. Бұл кедергілерді жоюға жазбаша және ауызша ой толғаныстар көмектеседі.

Ауызша ой толғаныстар – өз-өзін көпшілік алдында ұстауға және зерттеу объектісіне деген өзінің көзқарасын айтуда көмектеседі.

- Сабақта сізге не қызықты болды?

- Ең ерекше не болды?

- Не нәрсе сізге қиындық келтірді?

- Қандай ұғымдар дәлелденді?

- Алдағы уақытта не туралы ойлану керек?

- Сабақ басында болған тұжырымға қатысты сіздің көзғарасыңыз

өзгерді ме? – деген сияқты сұрақтар арқылы оқушының ойын айтуға ықпал етуге болады.

Бесінші. Сұрақ қоюға үйрену.Слайд№13

«Қысқа және ұзақ сұрақтар» әдісі арқылы сұрақ қоюды үйренеді. Оқушының қойған сұрағы, оқушы білімінің диагностикасы және мәтінді қаншалықты меңгергенінің деңгейін белгілейді.

«Қысқа» сұрақтар – қысқа жауаптар алу үшін беріледі. «Ұзақ сұрақтар» - қосымша білімді, терең ойлауын, анализ жасауын талап етеді. Сабақ басындағы мақсаттарға жету үшін кестені пайдалануға болады.

«Қысқа және ұзақ сұрақтар» әдісін сабақтың үш сатысында да пайдалануға болады. Қызығушылықты ояту сатысында – бұл тақырыпты оқығанға дейінгі сұрақтар. Мағынаны тану сатысында – оқу кезіндегі белсенді сұрақтар, ой толғаныс сатысында – өткенді меңгергенін баяндау.

Қысқа сұрақтар

Ұзақ сұрақтар

  • Кім........

  • Не.........

  • Қашан....

  • Мүмкін....

  • Қалай аталады..

  • Солай ма....

  • Келісесіз бе....

  • Дұрысы ....

Табиғат кешені компонетнттері арасындағы байланысты түсіндір.

Мұхиттағы тіршіліктің маңызы, оны қорғау туралы айтып бер.

Дүние жүзілік су айналымы неге байланысты?

Тау пайда болу процесі немен түсіндіріледі?

Ішкі судың қалыптасуы мен климаттың байланысын қалай түсіндіресің?

Слайд№

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша сабақ құрылымда стратегияларды былай пайдалануға болады.

География сабақтарының кезеңдерінде қолданатын әдіс-тәсілдер.


Сабақтың сатысы

Қолданатын стратегиялар

1

Қызығушылықты ояту сатысы

  1. Миға шабуыл

  2. Кластер құру

  3. Халық даналығы былай дейді-

  4. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе?

  5. Бұл эпигафқа қандай түсініктеме берер едіңіз?

  6. Қызықты статистикалық дәйектер

  7. Сіз соған сенесіз бе?

  8. ББҮ

  9. Бұл не?

  10. Семантикалық карта т.б

2

Мағынаны тану сатысы

  1. Инсерт

  2. Борт журналы

  3. Қысқағ ұзақ сұрақтар

  4. Зигзаг

  5. Менің ойымша

  6. Миға шабуыл

  7. Фишбоун

  8. Не?Қайда?Қашан?

  9. Данышпан үкі

  10. ЖИГСО

  11. Салыстырмалы кесте

  12. Әдеби үйірмелеу

  13. РАФТ т.б

3

Ой толғаныс сатысы (Рефлексия)

  1. Эссе жазу

  2. Рефлексивті сұрақтар

  3. Венн диагармасы

  4. Өзің үшін жазу

  5. Бүгінгі тақырып бойынша 3 сұрақ құрастыр

  6. Менің пікірім

  7. Сабақтан не үйрендік?

  8. Синквейн

  9. Ең ерекше болғаны

  10. Менің есімде қалғаны т.б

Слайд№14

Сыни ойлау «сын» сөзімен төркіндес болғанмен біреуді не бірдеңені сынап-мінеу деген мағынада емес, бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады. Мәселені өз бетінше шешуді қамтамасыз етеді. Мысалы: өз пікірін еркін айту, өзгенің пікірін сынамай есепке алу, шыдамдылық сақтап айтылған ойдан қажеттілікті табуға ұмтылу, бірлесе ойланып, ортақ шешім қабылдау,т.б. Сол себепті бұл бағдарлама өздерінің кәсіби әрекетіне өзгеріс енгізуге ұмтылатын және білім беру жолын әртүрлі тәжірибе тұрғысынан талдай алатын мұғалімдерге арналады.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты

айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілікін арттыру. Белгілі ғалым Дайана Халперн: «Ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану»-деген пікір білдіреді

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді яғни құзырлы тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатынада алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп, жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған. [8]

«Ойталқы», «Миға шабуыл», «Идеялар көзі», «Сыншылар», «Сарапшылардың» қатысуымен шешім қабылдаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа, дара идеяларды табуды көздейтін тәсілдер қолданылы тиіс. Сол арқылы білім алушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын және оның теориялық, шығармашылық ойлауын жетілдіруге бағытталған бұл оқыту технологиясы білім алушының сөйлеу мәдениеті шеберлігін қалыптастыруға бастау болады.«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы төмендегі ортақ ұстанымдарды басшылыққа алады:

  • Білім алушының танымдық белсенділігін арттыру;

  • Пәнге қызығушылығын ояту;

  • Өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

  • Зерттеуге икемділігін дамыту;

  • Сөйлесу әрекеті белсенділігін арттыру; .

  • Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

  • Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

  • Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

  • Мұғалім мен оқушының арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.

Негізгі атап өтетін мәселе, берілген сабақ құрылымы тек қана оқыту үрдісі ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өз бетімен жүргізілетін таным үрдісі. Сабақтың үш сатысы кезек-кезек алмасып келіп отырады. Бұл тәсілдер әр сабақта болуы керек, өйткені ол ақпарат қабылдаудан бастап,мағынаны ұғыну мен шешім қабылдау сияқты күрделі ойлау үрдісін байқауға көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту – оңай жұмыс емес. Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын белгілі сатылардың тізімі болмайды. Дегенмен белгілі бір жағдайлар мен әдістер бар.

  • Оқушылар уақыт пен сын тұрғысынан ойлау іс-әрекетін өздері басқарады

  • Оқу үрдісі барысында оқушылар үнемі ынталандырып отыру керек

  • Әр түрлі пікірлер айтылып, жақсы идеялар қабылдану керек

  • Сыныпта біреудің пікіріне деген кемісітушілік жоқ атмосфера орнау

керек

  • Мұғалім әр оқушының мүмкіндігіне, қабілетіне сенім білдіру керек [2] [31-35 бет].

Бағалау кезінде оқушыларды бір-біріне серіктес қылу – оларға жақсы орындаған жұмыстың қандай екенін түсіндіреді. Ол үшін сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтары жүрігізілетін сынып мүғалімдері үшін бағалаудың дәл критерилерін жасақтау қажет. Мұғалім тек жасалған жұмыс пен іс-әрекетті жалпы бағалаумен қатар, сабақ барысында болған әр-бір жауапты есепке алу керек. Соған сәйкес жасалған жұмыстың қандай жағдайда жоғарғы баға алатыны, қай жұмыс орташа болатыны, сол сияқты төмен бағалауға ие болатын жұмыстарды анықтайтын бағалау рубрикасы көрсетілу керек. Сын тұрғыснан ойлауды дамытуда рубрикадан басқа да бағалаудың стратегиялары: өз-өзін бағалау, топтың жұмысына анализ жасау,жұмыс үлгісі, бағалау портфелі, сияқты түрлері бар.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған. [9]

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы әдіс – тәсілдері көп нәрсеге мүмкіндік туғызады: біріншіден, оқушылар ойлап үйренеде, өз ойын еркін жеткізуге; екіншіден, оқушылар білімді өз тәжірибесіне сүйене ой елегінен өткізіп өз күшімен табуға үйренеді; үшіншіден, «RWCT» жобасы оқушыларды демократиялық қарым-қатынасқа, оқу үрдісі барысында оқушылардың белсенділігін ынталандырып, бағалап отыруға, өзін тексеруге, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға үйретеді. Оқушылардың оқуға қызығушылығы артады, қызықтыру әрекеті өзгереді, оқушылар өздерін қызықтыратын қосымша ақпарат табуға көп уақыт бөле бастайды.

Сократтың керемет қанатты сөзі былай дейді,- «Баланың басы – ішін толтыратын ыдыс емес, ол шамшырақ, оның жарқырап жалындауына көмектеу керек». Менің ойымша осы қанатты сөздің ақиқатқа айналуына, «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы біздің алдымызға қойған мақсатқа жетуге көмектесетін бірден-бір тәсіл.Слайд №32

Үйрену - активті, күшті іс-әрекет. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін уақыт, зейін, мақсат керек . Егер – есіңе сақтау үшін үйренсең, ұмытасың. Ал түсіну үшін үйренсең , оқысаң , есіңе сақтайсың. «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасының стратегиясы болашақ ұрпақты жан-жақты, тәрбиелі азамат етуге сенімді қадам, нақты бағыт беруші деуге болады. . 

Бұл технология негізгі білімді бере отырып,өзін-өзі үнемі жетілдіріп 

отыруға ұмтылатын, жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады деп өзойымды түйіндеймін. 

Сондықтан сынтұрғысынан ойлау - бұл біздің ХХІ ғасырда өмір сүруімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Мен «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы стратегияларын тәжірибе жүзінде қолдану барысында жұмысымның біршама жеңілдеп өзгеріске ұшырағанын байқадым, төмендегі жетістіктерімді атап айтуға болады:

  1. Негізгі пәндер бойынша аудандық олимпиадада

10сынып Қабдолов Еркебұлан 2011ж - ІІІ орын

11сынып Мақсот Камшат 2012ж - ІІІ орын

6 сынып Есеналиева Бибінұр 2013ж- ІІ орын

  1. Аудандық ғылыми жобалар сайысынан

6 сынып Үсенғалиев Ілияс 2013ж -ІІІ орын

  1. ҰБТ қорытындысы бойынша 2012/13 оқу жылында

Мақсот Камшат , Құрманова Ару сапа -100%

Слайд №27-30

Ұсынысы:

  • Мектепте «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Да-

мыту» жобасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің санын

көбейтуге жұқмыстанса.

  • RWCT жобасы бойынша семинарлар өткізілсе.

  • Күнделікті сабақты RWCT жобасы әдіс-тәсілдерін қолданып

өткізілсе.

  • RWCT жобасын меңгеруді әр мүғалім - өз білімін көтеру жос-

парына енгізсе. Слайд №32,33


















Осы «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасының сабақ құрылымын пайдаланып өткізген сабағымның жоспары.

Сабақ№ Сыныбы:5 а Күні:11.12.13

Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзілік Мұхит және оның бөліктері

Мақсаты:

Білімділік:Жердің су қабығы-гидросфера туралы ұғымын тереңдете отырып дүние жүзілік мұхит бөліктерімен танысу.

Тәрбиелілік:Дүние жүзілік мұхит ерекшеліктерін танықтау.Картамен жұмыс істеуге үйрету

Дамытушылық:Оқушыларды үйымшылдыққа ,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа матералды меңгерту

Сабақтың типі: Ашық сабақ

Сабақтың технологиясы: Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, оқулық, электронды оқулық, таратпа қағаздар, проектор, постер.

Сабақтың әдісі: баяндау, анықтау,сұрақ-жауап, постер қорғау,

ой-толғау,рефлексия

Сабақтың жоспары:

І.Қызығушылықты ояту сатысы

«Тез сұрақтар»

«Кім жылдам»

ІІ.Мағынаны тану сатысы

«Кестемен жұмыс»

«Сәйкестендіру»

Кім картаны жақсы біледі»

«Географиялық диктант»

«Ең ерекше»

ІІІ.Рефлексия

«Ой толғаныс»

«Бүгінгі сабақта не үйрендің?»

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің сөзі: Балалар! Біздер өткен сабағымызда жер шарының қандай қабығымен таныстық? (оқушылар жауап береді) Ерте замандарда суға құрмет көрсетумен қатар, оған сыйынған. Ал есімізге түсірейік гректердің мифологиясында су құдайын кім деп атаған? (Посейдон) Римдіктерде су құдайы кім ? (Нептун) Алқазақша су патшасын қалай атайды?(Сүлеймен) Міне балалар су патшасы Сүлеймен бүгінгі сабағымызға су тамшыларын саяхатқа жіберіпті. Су туралы білімдеріңді жетілдіре отырып әр дұрыс жауаптарыңыз үшін су тамшысына ие боласыздар. Сабақтың соңына дейін кім және қай топ көп тамшы жинайды екен.Сол оқушылар ұшан теңіз білімге ие болады .Ол үшін топтасып орналасып алайық.. оқушыларға 1-4 бар конверт таратылады. Сандар бойынша топтарға отырады.

Енді тез сұрақтарға жауап берейік.

Өткенді қайталау

1.Су қабығы қалай аталады? (гидросфера)

2.Судың қандай түрі болады? (тұщы және тұзды)

3.Жер шарында қандай судың мөлшері көп? (тұзды)

5.Барлық тіршілік қандай суды пайдаланады? (тұщы)

6.1 литр теңіз суында қанша мөлшерде тұз бар? (35 гр)

7.Емдік қасиеті бар арасандар Қазақстанда қайда бар?(арасан)

8. Су қандай? (мөлдір, түссіз, дәмсіз)

9.Табиғатта су қандай күйде кездеседі?(сұйық, қатты,бу)

10.Су қайнағанда және қатқанда көлемі ұлғаяды. Мысал келтір.(шәйнек қайнағанда су төгіледі)

11.Мұздың су бетінде қалқып жүргені туралы не айтасыз? (су қаттқанда салмағы төмендейді)

12.Судың тағы қандай қасиеті бар? (су еріткіш)

13.Неге тұщы су таусылмайды? ( себебі дүние жүзілік су айналымы бар)

Кім жылдам?(постер)

1-мұхит; 2-күн; 3-бу; 4-өзен; 5-жер асты сулары; 6-бұлт; 7-жауын-шашын; 8-құрлық (2-1-3-6-7-1-8-5-1)

ІІ.Мағынаны тану. Жаңа сабақтың жоспары

1.Дүниежүзілік мұхиттың және оның түрлері, бөліктері.

2.Мұхит суының температурасы.

3.Мұхит суының тұздылығы қандай

4.Мұхиттағы ағыстар.

5.Мұхитта кездесетін пайдалы қазбалар.

6.Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай?

ІІ.кестемен жұмыс

Мұхиттың аты

Қай жарты шарда орналасқан

Мұхиттың ең терең жері

Қандай құрлықтың жағалауын шайып жатыр

Мұхиттың ерекшелік-тері

1






2






3






4






ІІІ.Сәйкестендір

Атлант мұхиты Тұздылығы 42‰ болатын теңіз

Қызыл теңіз Көлемі жағынан 2-орын алатын мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит 7209 м Зонд аралдары

Тынық мұхиты 11022м Мариан шұңғымасы

Үнді мұхиты Ең суық мұхит

ІҮ.Кім картаны жақсы біледі?Электронды оқулық 10 тапсырма

Ү.Географиялық диктант

1.Дүние жүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің ______ бөлігі немесе ______hello_html_m40b532db.gif тиесілі.

2.Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірі мен ____________ арқылы жалғасады.

3.Материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі____________ деп аталады.

4. Мұхиттағы ағыс түрлері ________ ,____________ .

5. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз ___________.

6.Теңіздер орналасуына қарай _____________ деп бөлінеді.

ҮІ «Ең ерекше»

Өзіндік ерекшелігі

Мұхиттың , теіңздің, бұғаздың аты

Ең үлкен мұхит


Ең суық мұхит


Ең терең мұхит


Ең тұзды теңіз


Ең аралы көп мұхит


Ең ұзын мұхит


Жануарлар дүниесіне ең бай мұхит


Ең ұзын бұғаз


Ең тұщы мұхит


Ең таяз мұхит


Сен тұрған жерге жақын мұхит


Сен тұрған жерден алыс мұхит


Ең төменде орналасқан теңіз


Ең кіші мұхит


Ең оңтүстіктегі мұхит



Бағалау

Аты

Аружан

Берік

Дильназ

Нұралы

Диас

Махамбет

Нұркенже

Елтай

Естай

Ералы

Альфия

Даниял

Жаңылсын

Алдияр

Там-шы саны















Бағасы
















Менің достарым!!!

Сіздерге «Дүниежүзілік мұхит бөліктерін» танып-білудегі ынталарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Оқуда озат болып,сіздер үшін табиғаттың ашылмағантылсым сырлары қалмасын.

Үйде §21,22 оқып, «Қазақстанның көлдері» туралы хабарлама жазып еңбектеніңіздер.

Сіздерге табандылық пен денсаулық тілеймін!!!


Су патшасы Сүлеймен.

2013ж

Слайд №15-25,26



































Пайдаланған әдебиеттер.


  1. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Кәсіби даму мектебі Қарағанды 2011ж [6-7бет] [16-17бет]

  2. Материктер мен мұхиттар географиясы әдістемелік нұсқау Қ.Д.Қарпеков ; Ш.Айтақынова 2011ж[31-35 бет].

  3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Үшінші (негізгі) деңгей НИШ [14,22 бет]

  4. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Сапаргүл Мерситова . Қарағанды 2011ж. [35,49,85,86,75,77бет]

  5. Физикалық география әдістемелік нұсқау Қ.Д.Қарпеков; Ш.Айтақынова 2011ж

  6. http://bilim.idhost.kz/ustaz/1978-syn-turgysynan-okytu-degenimiz-ne.html

7. http://bankreferatov.kz/psihologiya/1268-ou-men-zhazu-arili-sin-trisinan- oylaudi-damitu.html

8. http://www.bsh.kz/news/1264700811.html

9. https://www.google.kz/search?ie=UTF-8&hl=ru&q=B0&start=30

















Қ . Қалыбеков атындағы орта мектебі география пәні мұғалімі Курмашева Шынардың Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту жобасы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру тақырыбындағы баяндамасына


п і к і р.


Білім беру жүйесінде 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай – ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»

Бұл Курмашева Шынардың «География сабақтарында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» баяндамасында жаңа бағдарламаның ерекшеліктері және оның стратегияларын сабақта тиімді қолданып отырғанын көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының басты мақсаты – оқытуды оқушыға бағыттау болса, мұғалім оқытуды оқушының дамуына қарай ұйымдастыра біледі. Баяндамада жаңа әдіс тәсілдерге негізделіп жасалған география сабақтарының құрылымы толық көрсетілген. Сабақта қолданатын стратегиялар оқушылардың білімді меңгеруге және өзі ізденуге , зерттегенін баяндауға негізделе отырып сыныптағы психологиялық ахуалды да реттейді. Бұл технологияның мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді екендігін мұғалім жеткен жетістіктері арқылы дәлелдеп отыр.


Аудандық білім бөлімінің

Әдістемелік кабинет меңгерушісі: М.Б.Бекимова

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облыстық білім беру басқармасы










География сабақтарында «Оқу мен Жазу арқылы Сын

Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы арқылы

оқушылардың қызығушылығын арттыру







Махамбет ауданы, Махамбет селосы

Қ. Қалыбеков атындағы орта

мектебінің география пәні мұғалімі:

Курмашева Шынар Насипкалиевна


















Атырау – 2014 ж

Краткое описание документа:

Жоспар     І. Кіріспе   ІІ. Негізгі бөлім   1.     Оқу мен жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту Жобасының ерекшелігі. (RWCT)   2.     «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын   сабақта қолдану.   3.RWCT жобасының әдіс-тәсілдерінің тиімділігі.     ІІІ. Қорытынды.   Мақсаты: o  Сапалы  білім беруде  жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқу-шылардыңсыни ойлауын, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.   Міндеттері: o  Сын тұрғысынан ойлау теориясын зерттеу o  Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің қалыптасу деңгейін анықтайтын критерилер  жасақтау Әлемдегі ең баға жетпес құндылық  –  бұл тереңойлы және білімді ересек адамдар. Білім жүйесінің  мақсаты  ондай адамдардыңкөп болуына жұмыстану«Халперн. Д   Ақпараттық технологияның дамып, оны пайдалану нәтижесінде «Ақпараттық жарылыс», пайдаланатын ақпараттың ондаған есеге ұлғаюына әкеп соқты, және де олардың тез ескеріп қайта жаңартып отыруды талап етеді. Бұндай жағдайларда кәсіби қызметінің өнімділігі, жетістігі оның ақпарат ағымын қабылдай білу қабілетіне байланысты, ерік-жігерінің болуына және кездесетін қиындықтарды жеңе білу, жетіспеген білімді іздеуге және қолдана білуіне, сонымен қатар мақсат қоя білуге,оған жету үшін барлық ресурстарды тауып қолдана білуі керек. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  жобасында  жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ете-тіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын,  адами  жақсы  қасиеттердің  қалыптасқандығын,  мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.  Мен оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда оқытудың жаңа әдіс-тәсілін пайдаланып сабақ беру сияқты мәселені ең басты міндет санап, 2012ж наурыз айында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарға қатынасып, алған білімімді тәжірибемде, өз сабақтарымда қолдануға тырыстым. Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын Қ.Қалыбеков атындағы орта  мектебімде абақтарымды түрлендіріп, «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту жобасының  стратегияларын  қолдана отырып өткіземін. Осы әдіс-тәсілдер арқылы сабақты түрлендіре өткізу тиімді деп ойлаймын. Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы екенін түсіндім.  RWCT жобасы бойынша сабақ құрылымы келесі сатылардан тұрады. 1.     Қызығушылықты ояту сатысы. Бұл кезеңде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т.б деген сұрақтарды алмастырып керсінше сабаққа жағымды ахуал туғызады. Қызығушылықты ояту кезеңінде – «жаңа білімге көпір салу» .  Бұл  сәт «Бүгінгі біздің  өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден аластатады.  2.     Мағынаны тану сатысы. Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар : болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өз бетімен оқу, өзара оқу т.б.  Барлық мүмкін байланыстырды өткізеді. 3.     Ой толғаныс сатысы.Слайд  Оқуды қортындылау. Оқушылар өз ойларымен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмаларды, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «эссе жазу» , «бес жол өлең» т.б стратегияларды пайдаланып қорғайды. Өзімнің география сабақтарында мәтінмен жұмыс мәдениетін қалыптасуына және сыни ойлауды дамытуда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерге толығырақ тоқталайын.Бірінші. Ақпараттарды қабылдауды үйренеміз. Ақпаратты қабылдап үйрену үшін, дамыту үшін – «ББҮ» (Білемін-Білгім келеді-Үйрендім), «Зигзаг», «ЖИГСО», «Идеялар,түсініктер, атаулар себеті» Екінші.   Болжап үйрену. Бүгінгі таңда маңызды қабілеттердің бірі болжау болып табылады. Бұл қасиет ересек адамдардың барлығында кездесе бермейді. Ол үшін «Дұрыс-Дұрыс емес ұғым» әдісін пайдалану қолайлы.  Үшінші. Мәтінмен жұмыс жасап үйрену. Мағнаны тану сатысында, жеке ойларын жинақтауда «Кідіріспен оқу», «Инсерт», «Кластер құрастыру»,  Төртінші.  Ақпаратты шығармашылық деңгейде өңдеу. Бесінші. Сұрақ қоюға үйрену.Слайд№13 «Қысқа және ұзақ сұрақтар» әдісі арқылы сұрақ қоюды үйренеді. Оқушының қойған сұрағы, оқушы білімінің диагностикасы және мәтінді қаншалықты  меңгергенінің деңгейін белгілейді.
Автор
Дата добавления 05.04.2014
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1916
Номер материала 60081040541
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх