Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / «Өнерлі болсаң,озып көр» (Сыныптан тыс сабақ)
  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өнерлі болсаң,озып көр»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қаблетін дамыта отырып,ептілікке, шеберлікке, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке, еркін сөйлеуге,іскерболуға тәрби елеу.

Даярлық кезеңі: 7-сынып оқушыларының арасынан екі топ құру,қонақтар шақыру.әділқазылар алқасын тағайындау,тапсырмалар, сұрақтар дайындау.

  • Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар .Бүгінгі оқушылар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер.

Қолөнер –ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып ұрпақтан ұрпаққа буріліп келеді. Қазақ халқы қол өнерін аса жоғары бағалаған. Баланы жастайынан өнерге баулып,жұмбақ шешкізіп , еркін ойлап, кең көсіліп сөйлеуге баулыған.

Біздің сайыс сабағымыздың да мақсаты тіл ұстартып, ой ұштауға жатықтыруға,тапқырлыққа,іскерлікке тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер өнерлі болсаң, озып көр атты сайыс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше сайысқа қатысып, кешімізге нәр беретін ойыншыларымызды ортаға шақырайық.

1.Таныстыру кезені:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Кілемге біреулер өнер салыпты,

Терме ұстап,енді бірі ши тоқыса.

Оюдан түйін түйіп тамсанып –дей келе ,кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруына берейік.

2.кезең.

Кім жылдам.

Бауырласқан тәніміз.

Бұзылмаған сәніміз,

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де

Бар қолөнер салтымыз.

-Бұл бөлімде қыздар салат дайындайды, қай топтың салаты дәмді әрі жылдам дайындалса, сол топ жеңеді. Ал, ұлдар арнайы дайындалған тақтайдың бетіне қарандашпен сызық сызып,сол сызықтың бойымен ағашты аралап кесу керек.Бұл жерде оқушының қырағылығын,ептілігін,жылдамдығын анықтаймыз.

3 кезең Егер де мал керек болса,қол-өнер үйренбек керек-деп Абай атамыз жырлағандай,келесі кезекті мақал-мәтелдер сайысына береміз.Екі топ кезек- кезек мақал айтады,қайсы топ көп мақал айтса,сол топ жеңеді.Мақалдар қайталанбау керек..

4кезең.Кім өнерлі?

Шебер біздің әжеміз

Шебер біздің атамыз.

Шебер болған бабамыз

Бізде шебер боламыз.

-Келесі кезекте сайыскерлеріміз үйге берілген қолөнер бұйымдарын қорғайды.

5-кезең Топ жетекшілерінің сайысы.

Х алқымыздың қолөнері қашанда.

Мәңгі жасап жалғасады заманға.

Бұл сайыста топ жетекшілері.

1.Үй тапсырмасын қорғайды.

2 Қарсылас топ мүшелері 5- сұрақтан қояды.Келесі топ капитаны сол сұрақтарға жауап береді.

6-кезең Бұйымда рмен заттарды

Сәндеу үшін көрнекті.

Қиында болса қиналмай

Менде үйрендім өрнекті -деп , келесі кезекті қылқалам шеберлеріне береміз.

7-кезең Білікті жықса біреуді

Білімді мыңды жығады.

Инемен құдық қазғандай,

Білімнің шыңына шығады-дей отырып кезекті білім сайысына берейік. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Қорытынды

Сіздер біздің шебер іскер және қйыннан қйыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар.

Өнер құдыретті күш,адамның жан серігі,рухани байлығы.Кез келген озып шықпайды,талапты,өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады.

Талант пен өнер атауларының көтерілер шыңы-дарындылық.Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарымыз талмай, дарындылық қасиеттеріңіз арта берсін.

Мұғалім сөзі.

Халқымның қолөнері өрістесін.

Әрқашан Алла берсін берекесін.

Осымен сайысымыз аяқталып,

Өнерлі жастарымыз өсіп-өнсін.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Мақсаты: оқушылардың ойлау қаблетін дамыта отырып,ептілікке, шеберлікке, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке, еркін сөйлеуге,іскерболуға тәрби елеу.                                                                                                                                       Даярлық  кезеңі: 7-сынып оқушыларының арасынан екі топ құру,қонақтар шақыру.әділқазылар алқасын тағайындау,тапсырмалар, сұрақтар дайындау. -          Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар .Бүгінгі оқушылар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер.    Қолөнер –ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып ұрпақтан ұрпаққа буріліп келеді. Қазақ халқы қол өнерін аса жоғары бағалаған. Баланы жастайынан өнерге баулып,жұмбақ шешкізіп , еркін ойлап, кең көсіліп сөйлеуге баулыған. Біздің сайыс сабағымыздың да мақсаты тіл ұстартып, ой ұштауға жатықтыруға,тапқырлыққа,іскерлікке тәрбиелеу.
Автор
Дата добавления 05.04.2014
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров827
Номер материала 60186040507
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх