Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Су - өмір көзі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Су - өмір көзі

библиотека
материалов

233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектебі














hello_html_m2b176c1f.gif





Сыныбы: 3 «Б»

Өткізген: Бақтыбаева Г
















Қызылорда қаласы

2014 жыл, мамы


Тақырыбы: «Су - өмір көзі»

Мақсаты: «Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу;

Міндеттері:

  • судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру ;

  • суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

  • суды қадірлеуге,үнемдеуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып тұрады.Мұғаліммен бірге төменде ұсынылған сөздерді және қымылдарды қайталайды.

Теңіз болып толқимыз – бір / оқушылар мұғаліммен бас изеп

амандасады/

Теңіз болып толқимыз – екі /оқушылар екі – екіден бір - біріне

қол беріп амандасады/

Теңіз болып толқимыз –үш /оқушылар үшеуден тұрып бір-

бірімен қол беріп амандасады/

Әңгімелесу

  • Су адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Су болмаса тіршілік,өмір болуы мүмкін бе?

  • «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

СУ – адамға ең қажет тағамның бірі,су тазалық көзі,су – жан сұлулығының нәрі ,су – шынығу көзі.Су болмаса тіршілік те болмайды.Өйткені адам,өсімдіктер,жан-жануарлар,аң,құстар сусыз өмір сүруі мүмкін емес.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың судың адам өміріндегі маңыздылығын түсінуі үшін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады. Үнтаспадан әр түрлі әңгімелерден теріп алынған сөйлемдер тыңдатылады. Оқушылар әр бір сөйлемнен кейін суға сипаттама береді.

Мұғалім тақтаға «Су...» деп жазып қояды да балалардың берген жауаптарын жалғастырып жазып отырады.

  1. Бұлақ сылдыры қандай әсем!

  2. Алақай бұлақ ән салып жатыр!

  3. Су қандай мөп-мөлдір! Тап-таза!

  4. Рахат ай! Денемнің сергігені ай!

  5. Уһ! Салқын судың шөлімді басқаны ай!

Мұғалімнің сөйлемдер санын көбейтуіне болады.

Су-жанға сұлулық береді.

Су-көңіліңді көтереді.

Су-тазалық көзі.

Су-шынығу көзі.

Су-тағам.

  • Су шөліңді қандырып, денеңді тынықтырады, шынықтырады, сергітеді, жаныңды, тәніңді таза және сұлу етеді, сондай-ақ табиғатқа сән, өмірге мән береді.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу

«Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин

  • Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер?

  • Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білдіңдер?

  • Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?

-Адамдар судан тынбай еңбек етуді, еліне қызмет жасап, мұратқа жетуді, ешкімнен ақы дәметпей, міндет етпей, риясыз жақсылық жасауды, өзін таза ұстауды, ақ - жарқын көңілді жүруды үйрене алады.


Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық,

Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық,

Бу боп аспан төрінде,

Бұлттар санын құрайық.

Бұлттан жаңбыр сөгілер,

Жер әлемге төгілер.

Әңгімелесу

«Судың адамға пайдасы» тақырыбында әңгімелесу

Тыныштық сәті

Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір су жағасына келдік, деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай ағады. Тап-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты. Біз су жағасына жақындап, екі қолымызбен бір уыс су іліп алдық. Су бізге қарап жылт-жылт етеді. Тіпті, осы су тамшылары да бізге әлденені айтқысы келетіндей. Біз алақандағы су тамшыларын төгіп алмайық деп, уысымызда аялай ұстап тұрмыз. Ал енді сезімімізбен бұрынғы қалпымызға келейік. Көзімізді ашайық.


  • Сендердің алақандарыңа аяллай алған суларың сендерге не айтуы мүмкін деп ойлайсыңдар және сол суды сендер қалай пайдаланар едіңдер?

Күтілетін жауаптар:

Мен қолымдағы тамшыны бөлмедегі гүлге жақсы өссін деп құямын.

Мен бұл суды тап-таза судай болайын деп ішер едім.

Мен осы сумен тәнім сұлу, таза болсын деп бетімді жуар едім және т/б.

Дәйексөз

М.Хакімжанова «Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат»

-Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек, нәр беретін байлық көзінің бірі-Су. Су-біздің өміріміздің көзі. Өйткені су жоқ жерде тіршілік жоқ. Суды халқымыз ерекше қадір тұтқан. Олар адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы деп қараған.

Бүгінгі таңда өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады, таза су ішпеген, таза суда шомылмаған халық науқастанады. Сондықтан суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда.

Жүректен - жүрекке

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тірлік тамам, бауырым.

Судың мәнін, түсіндік түп маңызын,

Суды сақтап, ұмытпайық қадірін.

Краткое описание документа:

Оқушылардың  судың адам өміріндегі маңыздылығын түсінуі үшін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады. Үнтаспадан әр түрлі әңгімелерден теріп алынған сөйлемдер тыңдатылады. Оқушылар әр бір сөйлемнен кейін суға сипаттама береді.                    Мұғалім тақтаға «Су...» деп жазып қояды да балалардың берген жауаптарын жалғастырып жазып отырады. 1.     Бұлақ сылдыры қандай әсем! 2.     Алақай бұлақ ән салып жатыр! 3.     Су қандай мөп-мөлдір! Тап-таза! 4.     Рахат ай! Денемнің сергігені ай! 5.     Уһ! Салқын судың шөлімді басқаны ай! Мұғалімнің сөйлемдер санын көбейтуіне болады. Су-жанға сұлулық береді. Су-көңіліңді көтереді. Су-тазалық көзі. Су-шынығу көзі. Су-тағам.
Автор
Дата добавления 05.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров811
Номер материала 60290040506
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх