Инфоурок Технология Рабочие программыАшық сабақ. Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі.

Ашық сабақ. Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі.

Скачать материал

 

Алматы облысы, Қаратал ауданы

                                                                    Үштөбе қаласы

                                                                                          Тленова Жанар Тургеновна

                                                                                     технология пән мұғалімі

                                                                                                   № 13 орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ою – өрнек түрлері және

дайындау реттілігі

Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Мақсаты:

1.     Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;

2.     Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісін дамыту;

3.     Оқушыларға ою – өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, әдебиет.

Көрнекілігі: ою-өрнек түрлерінен жасалған буклет, кітаптар, оюлардың үлгілері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша үлестірмелі парақтар арқылы топ жұмысын ұйымдастыру. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

 

        

І – топ:

-         Ою  дегеніміз не? (Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті  кесу арқылы өңдеу)

-         Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)

-         Ритм дегеніміз не? (Ою – өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм дейміз)

-         Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты. Енді үйден дайындап келген өлеңдерін болса, оқиық.
Оюларға сүйсініп,

Қайран қалып тұрасың

Көре білсең түсініп

Одан көп сыр ұғасың

ІІ – топ:

-         Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)

-         Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің екі жағының тең болуы)

-         Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою – өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп аталады)

-         Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты.

Оя алсаң ою әдемі,

Үйлессін оған көлемі.

Бояуымен үндескен

Ою әсем түр – түспен

ІІІ. Жаңа сабақ

Жайлаудың шырынды шөптерінің арасында, тау етегінде ауыл сұлап жатты. Алау түтіні, қойлардың маңырағаны, иттердің үрі, балалар күлкісі – осының бәрі ауылға жақындағанда естіледі.Міне, киіз үйлерде тұр. Қазақ халқы көшпенді ел болып, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда заман ағымына сәйкес киіз үйде тұрмыс құрып өмір сүрген. Сол ата – бабаларымыздан қалған асыл мұра – қазақтың киіз үйі.

Бүгін көп қызықты заттар көріп, ою – өрнек туралы білуіміз үшін және шығармашылық жасау үшін үш киіз үйге кіріп – шығуға шақырамыз.

 

4738215534_ca56f9d8b9_b.jpg

 

а) - Қане, бірінші киіз үйге кіріп көрейік.

«Өнер – таусылмас  азық, жоғалмас байлық»,- дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою – өрнектер.

-         Ою – өрнек не үшін қолданылады? (Ою – өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)

-         Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою – өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында – өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім – кешектерге безендіріліп салынған)

 

Кезенде өнертанушы В.Чепелев «қазақтар тек ою – өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты»,- деп атап көрсеткен.

Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа оюланған  қажетті бұйымдар өте көп.

Қазақ шеберлері әр нәрсені жарық, көркем, төлді етіп жасауға тырысқан.

 

ә) - Ал,  енді білейік, қандай ою түрлері бар. Ол үшін екінші киіз үйге кіріп көрейік. (Ою-өрнек кестесі, слайд)

Ою – өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар  бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған.

«Ою – өрнекті қайдан, кімнен үйрендің ?» - деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:

Таудың бұлағынан,

ойдың құлағынан

Апамның киізінен

Ешкінің мүйізінен, - деген өлең жолдары жоғарыда айтылғандардың дәлелі.

 

б) Әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою – өрнегінің шебері – оюшы.

 - Келесі киіз үйге кіріп көрейік. Бұл киіз үй – шеберхана. Шағын еңбегімізде – қолөнерді әрі қарай дамытып, осы шеберханада  жетілдіру керекпіз.

 - Балалар, әжелеріміз  ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.

IV. Сарамандық жұмыс

-         Балалар, мүйіз оюын қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс

техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.

1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.

2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме

3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.

5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

 -  Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд – қағазды бір бүктеу әдісін көрсету)

1) тапсырма: Топпен жұмыс

         1 – топ. «Қошқармүйіз» оюын ою

         2 – топ. «Сынық мүйіз» оюын ою

2) тапсырма: Ою, өнер туралы мақал – мәтел айтып жарысады.

3) Мақалдың жалғасын табу.

         1. Ер қадірін ер білер, ....( зер қадірін зергер білер)

         2. Ақыл көпке жеткізір, ...(өнер көкке жеткізер)

         3. Оюды оя алмаған....(ойсыз)

         4. Ойсыздан...(оюшы) шықпайды

4) Сұраққа жауап

 - Қазақ оюының кең тараған түрі (мүйіз оюы)

 - Қыз есімімен аталған өрнек (ботакөз)

 - Гүл оюы нені бейнелейді? (қуаныш)

 - Үзілмейтін бағыт, мәңгілік нышаны не? (дөңгелек оюы)

5) Сөзжұмбақ шешу

 

 

қ

о

й

 

 

а

ю

 

 

к

ө

ж

е

қ

о

р

А

 

 

н

а

н

 

е

р

 

 

ә

к

е

 

 

1. Төрт түліктің бірі

2. Маймақ аң

3. Наурыз тағамы

4. Мал жайы, қонысы

5. Ас атасы не?

6. Ат әбзелі

7. Асқар таудай адам

6) Оюларды өз тобына жинау.

7) Семантикалық карта. Ойын шарты:қай топ бірінші белгілейді, мұғалімге көрсетеді.

 

V. Сабақты қорытындылау.

 - Ою – өрнек қанша топқа бөлінеді? Және қандай?

 - Ою дегеніміз не?

 - Симметрия дегенініміз не?

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: Бүктеу, қырқу тәсілдері бойынша ою – өрнек түрлерін орындап келу.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық сабақ жоспарында жалпы қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерімен,  орындалу әдісімен оқушыларды таныстыруы көрсетілген. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмыс жүргізілді. сонымен қатар ою-өрнек әлеміне саяхат жасап, оюлардың түрлерімен танысты. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, орындалу әдістерін түсіндіріп өтті. Сарамандық жұмыстарын оқушылар қызығушылығымен орындады. техника қауіпсіздігін сақтай отырып әр-түрлі ою-өрнектерді қағаздан бүктеу әдісі арқылы орындады.  Сөз-жұмбақтар шешілді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 954 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2014 18859
    • DOCX 751.1 кбайт
    • 83 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тленова Жанар Тургеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тленова Жанар Тургеновна
    Тленова Жанар Тургеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24650
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 983 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 571 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе