Инфоурок Классному руководителю КонспектыҚазақстан - Республикам менің!

Қазақстан - Республикам менің!

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы :

Қазақстан - Республикам менің!


Мақсаты:
Білімділік
: Қазақстанның ынтымағы жарасқан көп ұлтты мемлекет екендігін дәріптеу ,оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту; қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру; мемлекеттік белгілер - рәміздер жөнінде білімін жетілдіру, құрметтеуге үйрету.


Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; елінің тілін, тарихын құрметтеуге үйрету; туған жеріне деген сүіспеншілік , мақтаныш сезімін арттыру; еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.


Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін , тілін; танымдық қабілетін , жеке дара тұлға ретінде дамыту; оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау.


Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң , Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың портреті, слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер, шарлар, буклеттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Түрі: дөңгелек үстел


Барысы:


ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалім:

-Оқушылар , біздің Отанымыз қалай аталады?

-Оқушылар: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.

- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98, 7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мұғалім: - Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке – айналды.Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?

- Көп ұлтты.

- Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

Отан деген не?

- Ия, балалар, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз - Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.

Отан деген не, кім қалай түсінеді ?

- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені.


1 бөлім.

«Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір»

(Әдеби – музыкалық монтаж )


Ділназ:

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді


Алихан:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау , орман тоғай елімізді.

Тәуелсіздік туын тіккен төріне,

Аңсап ең ғой осы сәтін ғасырдың.

Енді міне , айта аларсың менмін деп,

Қазақ деген егеменді елмін деп.


Қырмызы:

Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан- өлең, Отан- жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.

Назгүл:

Көк айна көлім бар,
Кең жайлау жерім бар.
Еңбегі еленген
Атақты ерім бар.

Нұрсауле:

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені , Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген - атамекен

Отан деген - туған жер

Отан - ана

Отан - үлкен

Қазақстан - туған ел !


Досымжан:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Бекболат:

О, алақай, туған жер!

Жақсы-ау, бақша-бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің жырларын

Жүр, аралап келейік!

Жүр, аралап келейік!


Жасұлан:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.


Хор. « Отан»

Айхан:

Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,

Аямай-ақ, менен ал керегіңді,

Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп,

Түгендеумен келемін берерімді.


Анық басып тірлікте әр ізімді,

Адалдықпен өтесем қарызымды.

Отан үшін, ел үшін ешқашанда,

Ерінбеймін ақтаудан парызымды.


Жандос:

Күн шаңырақты күміс отау далам бар,

Сүйсініңдер суретіне қараңдар.

Туып өскен Отаным Қазақстан,

Күлімдеп гүл жайнаған - күн шығыстан.

Нұрайым:

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді


Ермахан:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Аружан:

Бақыт нұры шалқыған гүл-өңінен,

Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен.

Елге деген махаббат тыншымайды,

Мұңая да біледі, күле білген.

Өмір маған құшағын жайса дәйім,

Жарқылдатып жүремін найзағайын.

Майыспаймын қашан да елім үшін,

Махамбеттер ұстаған найзадайын.

Денис:

Отаным - жүрегім сен,

Күш алам өзіңнен мен.

Жаралғам топырағыңнан,

Нәр алғам бұлағыңнан.

Сен үшін күресемін,

Аялап құшақтасып

Өтермін өзіңмен мен.

Нұрболат:

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!


Гүлфайруз:

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз

,Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.


Хор. «Атамекен» .

Ділназ:

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Гүлфайруз:

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Алихан:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата- бабам аңсап өскен бақытым,

Айналайын Қазақстан - Гүлістан.



Хор. «Отаным - Қазақстан » .





2 бөлім.

«Отанды сүю - суығына шыдап, ыстығына күю» Н.Ә.Назарбаев.

(Мақал - мәтелдер айту )

Мақал мәтелдің бірінші бөлігін  айтамын, сіздер екінші бөлігін айтуыңыз керек.

1.     Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

2.     Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

3.     Хан тірегі - ...(халық)

4.     Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

5.     Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

6.     Отанға опасыздық еткенің, ...(қз түбіңе жеткенің)

7.     Батылдық – рухы күшті ...(адамдар қасиеті)

8.     Күш – білімде, ...(білім – кітапта)

9.     Есепсіз не... жоқ? (ақша)

10.   Байлықтың атасы - ...(еңбек)

11. Әркімнің өз жері... (жұмақ)


3 бөлім.

«Тәуелсіздік рәміздері»

(Викториналық сұрақтар )






1.  Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл)

2. Ән ұран авторы кімдер?(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов)

3. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу)

4. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)

 

5. Байрақта не бейнеленген? (күн, қыран, өрнек)

6. Байрақ авторы кімдер? (Шәкен Ниязбеков)

7. Қай жылы тұңғыш Президент сайланды?(1 желтоқсан 1991 жыл)

8. Қай жылы Тіл туралы Заң қабылданды? (11шілде 1997)

9  Қай жылы ҚР-ның Ата Заңы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

10. ҚР Негізгі заңының 7 бабы не туралы? (мемлекеттік тіл туралы)

11 ҚР-нда қандай білімді міндетті түрде әр азамат  алу керек? Бұл қай бап?

12. ҚР Негізгі заңының 34 бабы не туралы? (Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.

(Әркім ҚР рәміздерін құрметтеуге міндетті.)


Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997жж. Алматы қаласы.

1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.





«Қазақстан бүгін»

Мақал мәтелдің бірінші бөлігін  айтамын, сіздер екінші бөлігін айтуыңыз керек.

1.     Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

2.     Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

3.     Хан тірегі - ...(халық)

4.     Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

5.     Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

6.     Отанға опасыздық еткенің, ...(қз түбіңе жеткенің)

7.     Батылдық – рухы күшті ...(адамдар қасиеті)

8.     Күш – білімде, ...(білім – кітапта)

9.     Есепсіз не... жоқ? (ақша)

10.                       Байлықтың атасы - ...(еңбек)

11.                       Әркімнің өз жері... (жұмақ)


4 бөлім.

« Қазақстан бүгін »

(Фото - көрсетілім)





5 бөлім.

« Қорытынды. »



Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.


Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі

Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен.

Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!






























М.Әуезов атындағы №251 қазақ орта мектебі





Ашық тәрбие сағатының тақырыбы :

Қазақстан - Республикам менің!














Сыныбы: 5 «Б»

Сынып жетекшісі: Дуйсебаева З






2013-2014 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан - Республикам менің!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Мұғалім:  -Оқушылар , біздің  Отанымыз  қалай  аталады? -Оқушылар:  Біздің  Отанымыз  Қазақстан  Республикасы. - Біздің президентіміз кім? - Н. Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды? - 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98, 7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды. Мұғалім:  - Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке – айналды.Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?      - Көп ұлтты.     - Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт                      өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 166 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2014 4062
    • DOCX 28 кбайт
    • 95 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әлімқұлова Айгерім Әділханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 146548
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе