Инфоурок Начальные классы Рабочие программыМатематика. 1 саны мен цифры.

Жұмыс парағы «1 саны және цифры»

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
2
10.07.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Амангелді Аружан Болатбекқызы

Бұл жұмыс парағы «1 саны мен цифрына» арналған, бастауыш сынып оқушыларының математикалық түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар 1 санының жазылуын, оның цифр түрінде қалай көрінетінін және нақты өмірмен байланысын үйренеді. Тапсырмада 1 санының жазылуы – сөзбен, цифрмен, сондай-ақ оны бейнелеу тәсілдері (мысалы, суреттер арқылы бір затты белгілеу) қамтылған. Сонымен қатар, оқушы 1 саны бар заттарды санау, заттарды топтастыру, салыстыру, 1-ге қосу және 1-ге азайту сияқты қарапайым амалдарды орындайды. Бұл жұмыс балалардың ойлау қабілетін, моторикасын, зейінін, сандық түсінігін арттырады. Тапсырмалар ойын түрінде немесе суреттер арқылы берілуі мүмкін, бұл баланың қызығушылығын оятып, оқу үрдісін жеңіл әрі қызықты етеді. 1 саны – барлық математика ұғымдарының негізі, сондықтан оның мағынасын терең түсіну өте маңызды.

Краткое описание методической разработки

Бұл жұмыс парағы «1 саны мен цифрына» арналған, бастауыш сынып оқушыларының математикалық түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар 1 санының жазылуын, оның цифр түрінде қалай көрінетінін және нақты өмірмен байланысын үйренеді. Тапсырмада 1 санының жазылуы – сөзбен, цифрмен, сондай-ақ оны бейнелеу тәсілдері (мысалы, суреттер арқылы бір затты белгілеу) қамтылған. Сонымен қатар, оқушы 1 саны бар заттарды санау, заттарды топтастыру, салыстыру, 1-ге қосу және 1-ге азайту сияқты қарапайым амалдарды орындайды. Бұл жұмыс балалардың ойлау қабілетін, моторикасын, зейінін, сандық түсінігін арттырады. Тапсырмалар ойын түрінде немесе суреттер арқылы берілуі мүмкін, бұл баланың қызығушылығын оятып, оқу үрдісін жеңіл әрі қызықты етеді. 1 саны – барлық математика ұғымдарының негізі, сондықтан оның мағынасын терең түсіну өте маңызды.

Развернуть описание

Математика. 1 саны мен цифры.

Скачать материал

Ақмола облысы

 Зеренді ауданы

Троицк орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама:

Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағылшын тілі пәнің мұғалімі:

 Жужжанова С.Н.

 

 

 

 

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқұшының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын  тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығұшылығын артыраттын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.

Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.  Ойын кезінде кез-келген адамның, әсіресе оқушыларың қабілеттері толығымен байқалады.Ойын – ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ түрі. Ойын- қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Осы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл – ой әрекеттерін дамытады. Егер оқушылар онымен қатар шет тілінде сөйлессе, онда ойын олар үшін  бай оқыту мүмкіндіктерін ашады. Ойын- сауық және демалыс түріндегі ойын оқушылардың ара- қатынас үлгісіне, шығармашылыққа және оқытуға үйретеді.

«Дидактиқалық ойын сөзі» оқыту үшін арналған арнайы ойындар деген түсінікті алғаш рет Ф.Фребель және М.Монтессори енгізген. Оның мақсатты- грамматиканы оқып үйрену арқылы шетел тіліндегі мәтіндерді түсіну және оқу болған. Кейін оқутудың коммуникативтік әдістері пайда бола бастады.Оқытудың ойын әдісінің психо-педагогикалық негізі ойын әрекеттері болып табылады.

Оқытудың  ойын әдістері мотивацияның әр түрлі тәсілдерін қолданады.

Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық даму үшін аса маңызды екені дәлелденген. Мотивация – кез –келген іс-әрекеттің басты механизмі болып табылады. Ойын әдісі психотерапевтік және өте бай оқып үйрену потенциалына ие. Ойын жасөспірімдердің ақыл ой әрекеттерін жасайды, мұнсыз белсенді оқу үрдісі мүмкін емес.  Ойын тілді төмен деңгейде немесе жеткіліксіз меңгерген оқушылар үшін де мүмкіндік береді.

         Қазіргі кезде оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту үшін қолданылатын ойын түрлерінің әрбірінің белгілі бір мақсаты және ерекше спецификасы бар.Кейбір ойын топтары: шығармашылық ойындар, сюжеттік- ролдік ойындар қолданылады.

Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойын түрлері танымдық әрекеттерін белсендіреді, міндеттерді шешудің проблемалық сипатына тән.

Дидактиқалық ойындар. Бұл ойындар оқу міндеттерін шешу үшін арналған дайын ережелермен әзірленген ойын түрі. Бұл топқа лингвистикалық ойындар кіреді.

Лингвитикалық ойын кезінде ойынға қатысушылардың санына қарай жеке, жұптық және топтық болып бөлінеді. Жеке ойын түріне- кроссвордтар, анаграммалар, ал жұптық және топтық ойындарға бинго тәрізді сұрақтардың көмегімен белгісіз сүреттердің орнын табу, «суретті» диктант жазу ойындары жатады. Ойындық ситуацияларды жасау үшін, суреттер ситуациялық жағдайды бейнелеу, нұсқаулар, мәтіндер кеңінен қолданылады.    Көптеген авторлар сабақтың қорытынды бөлігінде ойын элементтерін қолдануды дұрыс деп есептейді, себебі ойын оқушылардың  алған білімдерін қарым-қатынас ситуацияларында қолдануға мүмкүндік береді. Ойын түрлерін ағылшын сабағының кез-келген кезеңінде қолдануға болады.

Оқұшының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқушы мен оқытушы тікелей қарым- қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тіл үйрету тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі негізгі алынады. Ағылшын тілі сабақтарында бұл әдістің тиімді жақтары «жүйелік ұстанымдары». Біріншіден, коммуникативтік қарым-қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білімі мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады. Ал екіншіден, тілдік материал жүйелік ұстанымға  негізделе құрылып, қарапайымнан күрделігі қарай күнделікті қарым-қатынас жасау мақсатында іріктеліп беріледі.

 Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқыту: оқу, сөйлеу, тындау, жазу- ауызша  өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас бір уақытта дамиды. Себебі, оқытудың бұл төрт түрі де сөйлесушілердің бір-бірін түсінуін қамтамасыз етеді.

Оқу процессі негізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойын элементтерін пайдаланып, топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқұшының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейде өзі баға беруіне көмектеседі.

 Сонымен ойын өмір тәжірибесінде жаңалық пен тұрақтылықты орнықтырады, мұның мәнісі оқушының даму негізінде қалыпастыратын ойын ережелері, салт-дәстүрлер негізінде қалыптасқан ойын шарттарымен ережелерін көрсететін тұрақты іс-әрекет болып табылады.

Әр түрлі ғылыми мектептердің , педагогтардың, психологтардың ойын түсінігінің мағынасын бірнеше түрге бөліп көрсетеді:

 

1)Ойын - әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі.

2) Ойын- оқушының өзін-өзі тану белсенділігі, жеке шығармашылығы үшін кеңінен ашылатын қоршаған әлемді таңдап білетін ең еркін түрі.

3) Ойын- есею барысында өз мақсаттарын өзгертетін жастардың, жасөспірімдердің  тең және қалып үлгі іс -әрекеттері алғашқы қадамы.

4) Ойын- даму тәжірибесі.

5) Ойын- ақыл- ой мен шығармашылық түйсік арқылы өзін дамыту, өзін ашу еркіндігі.

6) Ойын – балалардың қарым-қатынас саласындағы ең маңыздысы, онда өзара қарым-қатынас мәселелері шешіледі, адамдар арасындағы қарым- қатынас орнығады.

 

 Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының негізгі алты мақсаты бар:

1.Белгілі бір дағдыларды қалыптастыру.

2. Белгілі бір тілдік білімдерін дамыту.

3. Қарым-қатынас жасай алуға  үйрету.

4. Қажетті психиқалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту.

5. Танымдылық.

6. Тілдік материалды есте сақтау.

 

Сонымен ойын- жағымды эмоционалды күу құралы ретінде дәріханада жалықтыратындай көңіл-күйге түсіретін белгілі тапсырмаларды бірқалыпты орындауға қарағанда оқушы мен оқытушының қызығушылығын және еңбекке қабілеттілігін жоғартылады. 

                           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика. 1 саны мен цифры."
Смотреть ещё 6 054 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

менің бұл жолдап отырған ашық сабағымның тақырыбы  математикадан «1 саны мен цифры». меніңше бұл тақырып бастауыш сыныптағы ең бір қажетті материал деп білемін. сабақтың мақсатында балалар 1 санымен танысады,жазылуын көріп үйренеді. балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және топпен жұмыс істеуге дағдыландырылады. сабақта балалар үш топқа бөлінеді: «үшбұрыш», «төртбұрыш», «дөңгелек». әрбір кезеңінде әртүрлі қызықты тапсырмалар беріледі. сабақ барысында 1 санымен байланысты балаларға сұрақтар қойылады. сабаққа 1 санының макет іқонаққа келеді. сөйлеп тұрған бір санын көргенде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түсті.сабақты өткізу барысында мен өз алдыма қойған мақсатыма жеттім.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 365 226 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 05.04.2014 1786
    • DOCX 36.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожекова Акмарал Жанымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожекова Акмарал Жанымхановна
    Кожекова Акмарал Жанымхановна
    • На сайте: 10 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3229
    • Всего материалов: 2

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 354 700 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Вязание стильных аксессуаров: шапка-тыковка и косынка крючком

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационное общество и особенности интернет-коммуникаций

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство сторителлинга и цифровые инструменты в работе экскурсовода

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек
Смотреть ещё 6 054 курса