Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Алкены
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Алкены

библиотека
материалов

Қышқылдар құрамы, алу жолдары

Жарияланды 22-01-2014, 17:29 Категориясы: Химия 

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, құрамы, алу жолдары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен, олардың жіктелуі мен номенклатурасымен таныстыру. Зерттеу әдісі арқылы индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру.

Міндеттері: Білімділік: Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйрету. Қышқылдардың құрамын, алынуын сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.
Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру. Химиялық биологиялық тұрғыдан тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы емдік қасиеті тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге, әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға бірін бірі құрметтеуге, бір бірінің пікірін тыңдап баға беруге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақтың түрі: аралас сабақ, дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, зерттеу әдісі

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, интерактивті тақта кітапханасынан суреттер, тірек - сызбанұсқалары, қышқылдар формуласы, қышқыл үлгілері, құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон, сүт, айран, сірке суы, аскорбин қышқылының таблеткалары, индикаторлар(әмбебап, метилоранж, фенолфталейн), таратпа материалдар, бағалау парақтары, түрлі түсті қарындаштар, А3 қағаз

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (сәлемдесу, оқушыларды тексеру)
II. Үй тапсырмасын тексеру
2. 1 «Ой шақыру» (тест)
1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек
A. Молекула
B. Атом
C. валенттілік
D. индекс
2. Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты
A. Ж. Пруст
B. А. Авогадро
C. М. Ломоносов
D. Р. Бойль
3. Өнеркәсіпте оттегін неден алады
A. Ауа
B. Су
C. Марганцовка
D. Бертолле тұзы
4. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс
A. Қышқыл
B. Оксид
C. Тұз
D. Атом
5. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы
A. Фотосинтез
B. Тотығу
C. аллотропия
D. валенттілік
6. жылу бөле жүретін реакция
A. экзотермиялық
B. жай
C. эндотермиялық
D. күрделі
7. жылу сіңіре жүретін реакция
A. экзотермиялық
B. жай
C. эндотермиялық
D. күрделі
8. Химиялық реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттардың массасына тең
A. Авогадро заңы
B. Газдар заңы
C. Зат массасының сақталу заңы
D. Периодтық заң
9. Ауадағы оттектің мөлшері
A. 78%
B. 21%
C. 1%
D. 0. 03%
10. оттек элементін кім ашты
A. Дж. Пристли мен К. Шееле
B. А. Авогадро
C. М. Ломоносов
D. Ж. Пруст

2. 2 «Сутек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест «иә» - Ʌ, «жоқ» - __ деген жауапты белгілеп отырады.
1. сутектің ең басты қосылысы су иә
2. сутекті алғаш рет 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавендиш алды иә
3. өнеркәсіпте сутекті ауадан алады жоқ
4. сутек иіссіз, түссіз газ иә
5. сутектің салыстырмалы атомдық массасы – 16 жоқ
6. сутек металдармен гидрид түзеді иә
7. лабораторияда сутекті марганцовкадан алады жоқ
8. сутек ең жеңіл газ иә
9. сутек оттекпен әрекеттеспейді жоқ
10. күн жүйесі планеталарының 92%- ін сутек атомы құрайды иә
тест кілті
Ʌ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
2. 3 «Сутек пен оттекті» салыстыру Венн диаграммасы

III. Жаңа сабақ
3. 1 «Қызығуды ояту» (Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында)
А. Біз тәжірибе жасау барысында сутегін алу үшін қандай реактивтерді пайдаландық?
сонымен біз сутек алуда тұз қышқылын пайдаландық. Яғни өткен тақырыптарда қышқыл деген сөзді жиі кездестірдіңдер. Күнделікті тұрмыста да тағам өнімдеріне «дәмі қышқылтым» деп баға беріп жатасыңдар.
3. 2. Түсіну ( мұнда жаңа сабақты топтасып талқылайды)
Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, оқулықпен өз беттерінше топпен жұмыс жасау, болжам жасату т. б
Оқушыларға « Қышқылдар, құрамы, алу жолдары» тақырыбын оқу ұсынылып әр топқа тапсырма беріледі.
I топ – «қышқылдарға жалпы сипаттама»
II топ – «қышқыл құрамы, жіктелуі»
III топ – «қышқылдарды алу тәсілдері»
(Оқушыларға түрлі түсті қарандаштар, А3 қағазы таратылады)
3. 3 Қолдану ( жасалған жұмыстарды көрсетеді, сипаттайды)

IV. Cергіту сәті:
Алдарында тұрған аскорбин қышқылы, алма мен лимонның дәмін татып көріңдер. Дәмі қандай? Себебі неде?
«Техника қауіпсіздік ережесі»
Бүгін химия сабағында бірінші және соңғы рет сендер бір заттың дәмін мұғалімнің рұқсатымен ғана татып көрдіңдер. Негізі химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде:
№ 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»!
№ 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%- к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.

V. Бекіту
Тәжірибе ( топ жетекшілері)
Алдарында тұрған сынауықтарға біреуіне – фенолфталейн, екіншісіне – метилоранж тамызыңдар, үшіншісіне - әмбебап индикатор қағазын салыңдар. Не байқадың?
Кестені толтыр

Үш топқа ортақ есеп (әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауы)
Күкірт қышқылы құрамындағы сутегі, күкірт, оттегі элементтерінің массалық үлесін есепте
VI. Үйге тапсырма беру
Қышқылдар жайлы қызықты мәліметтер жинақтау
VII. Бағалау
Топ басшысы берілген критерийлер арқылы мүшелерін бағалайды.
Мұғалім қорытынды баға шығарады
Рефлексия «Кластер құру»
Қосымша: Қышқыл дегеніміз сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыс.





8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, жіктелуі, алынуы мен қасиеттер
і
Сабақтың мақсаты: 
а) білімділік: Оқушыларға қышқылдардың химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы түсінік беу,
ә) дамытушылық: деректерді талдау, қорытынды жасау, ақпарттарды қабылдау дағдысын дамыту;
б) тәрбиелік: Адамгершілікке баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: білім мен дағдыны қолдану
Сабақтың түрі: аралас, дәріс сұхбат
Сабақтың әдісі: СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, периодтық кесте
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
§ 46 бойынша 3 топқа тапсырма беру
І топ – «№8 есеп»
ІІ топ – «№9 есеп»
ІІІ топ – «№10 есеп»
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. Кесте толтыру
Р/с Сұрақтар Жауабы
1 Заттарды, олардың қасиеттері мен айналуларын зерттейтін ғылым
2 Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі
3 Құрамы металл атомы мен гидроксотоптан тұратын күрделі заттар
4 Біреуі оттек болатын екі элементтен құралған бинарлы қосылыстар
5 Металдар белсенділігіне байланысты .... орналасқан
6 Оксидтер ..., ..., ... болып 3 топқа бөлінеді

ІV. Жаңа сабақ 
І. «Қызығушылығын ояту» «Қышқылдар» сөзжұмбақ шешу.
ІІ. «Мағынаны тану»
Қышқылдар дегеніміз – сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар. Мысалы; H2 SO4, HCl, H3 PO4
Қышқылдардың жіктелуі

Қышқылдардың алынуы:
1. Р2О5 + Н2О = Н3РО4
SO3 + Н2О = Н2SО4
2. NaNO3 + Н2SО4 = NaНSО4 + HNO3
3. H2 + Cl2 = 2HCl
H2 + S = Н2S
Қышқылдардың химиялық қасиеттері:
1. Fe + 2HCl = Fe Cl2 + Н2
2. FeO + 2HCl = Fe Cl2 + Н2O
3. Ca(OH)2 + 2 HNO3 = Ca(NO3)2 + 2 Н2O
4. Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + Н2O + CO2

Қышқылдар түзетін қосылыстардың негізі бейметалдардан басталады. Қышқылдық оксидтер суда еріп, оттекті қышқыл түзеді. Қышқыл ерітіндісін анықтау үшін лакмус пен метилоранж индикаторлары пайдаланылады.
V. Сабақты бекіту
«Мағынаны тану»
І топ – «№5, 9 есептер»
ІІ топ – «№6, 8 есептер»
ІІІ топ – «№7, 10 есептер»
VІ. Қорытынды. Кесте толтыру

Қышқыл аты Қышқылдың формуласы Қышқыл қалдығының валенттігі Қышқыл қалдығының атауы
Тұз қышқылы
Н2SО4

VІІ. Оқушыларды бағалау
VІІІ. Үйге § 47 №11 есеп



Тақырып: «Қышқылдардың химиялық қасиеттері.»

Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен таныстыру. Зерттеу әдісі арқылы қышқылдардың қасиеттерін анықтау және индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу. 
Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге, қоршаған ортаны
Сабақтың түрі: аралас сабақ, көрнекілік тәжірибе
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу әдіс
Құрал жабдықтар:тұз қышқылы, күкірт қышқылы,мырыш, магний.
Сабақтың барысы
I. Кіріспе мотивациялық бөлім.
ІІ. Ой шақыру.
1. Сұрақ-жауап әдісі:
1) Қышқылдар деген не?
2) Құрамына қарағанда қышқылдар қандай екі топқа бөлінеді?
3) Сутегіне қарағанда қандай қышқылдар болады?
Өзіндік жұмыс
1) Мына берілген заттардың ішінен CuSO4,H2S,H2O,CuCl2, H2SO4,
Ca3(PO4)2, HNO3,P2O5,HBr,NaOH,H2CO3,Ca(OH)2,H2SiO3
Қышқылдарды теріп жазыңдар, төмендегі кестені толтырыңдар

Қышқылдың аты мен формуласы Құрамында оттегі бар Құрамында оттегі жоқ Бір негізді Көп негізді
Азот қышқылы
HNO3 + - + -

2.Реакция теңдеулерді аяқтап алынған өнімдердегі тұздарды атын атаңдар.
Fe+HCl= CaO+ HCl= 
Mg+ H2SO4= Al+ HCl= 
III. Жана тақырыпты игеру.
Енді көптеген қышқылдарға ортақ олардың жалпы химиялық қасиеттерімен танысайық.

Көрнекілік тәжірибе.
Әр түрлі металдардың қышқылдармен қалай әрекеттесетінін білу үшін үш сынауық алып, тәжірибе жасайық.
Бірінші сынауыққа бір түйір мырыш,екіншісіне магний,үшіншісіне мыс сымның кесінділерін салайық.Әр сынауыққа 2 мл тұз қышқылының сұйылтылған ерітіндісін құямыз.Қай сынауықта газ бөлінетінін бақылап. Қышқылдан сутекті қандай металдар ығыстыратынын байқайық.
Тәжірибеден көретініміз:қышқылмен шабытты әрекеттесетін магний, одаң соң мырыш,ал мүлде реакцияға түспейтіні мыс.Соңғы сынауықта сутек бөлінбейді.Демек,металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі.Соған байланысты оларды мынадай қатарға орналастырған:

IV.Жана материалды бекіту.
1.Химиялық диктант.
Иә - 1,жоқ - 0.
1)Қышқылдар дегеніміз-құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар. ( иә)
2) Қышқылдарда лакмус түсі-көк болады.(жоқ)
3) Қышқылдар қышқылдық оксид пен су әрекеттескенде түзіледі.(иә)
4)Тұз қышқылы мыс пен әрекеттескенде түзіледі тұз бен сутек.(жоқ)
5) Қышқылдар металл оксидтермен әрекеттеседі.(иә)
6) Қышқылдық оксид қышқылмен әрекеттеседі.(жоқ)
Рефлексия.
2.Карточка бойынша жұмыс жасау.
№ 1 2 3 4
1 Li 2O LiOH CO2 H2CO3
2 Na2O NaOH SO2 H2SO3
3 K2O KOH SO3 H2SO4
4 CaO Ca(OH)2 N2O5 HNO3
5 BaO Ba(OH)2 P2O5 H3PO4
А. Қышқылдық оксид+су
2+су=
3+су=
В.Негіз+қышқыл
4+1=
5+1=
С. Негіздіқ оксид+қышқыл
3+4=
5+5=
Негіз +қышқыл
4+1=
5+2=

V. Қорытындылау.
1. Бағалау.
2. Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
3. Не қиын болды?
4. Не қызық болды?
VІ. Үйге: § 33, 34 ЕЖ: 4-81, 4-84 логикалық ойлау, 4-95 (қиын)







Пәні Химия
Сыныбы 8
Сабақтың тақырыбы. Қышқылдар құрамы, алу жолдары

Сабақтың мақсат-міндеттері: Оқушыларға қышқылдардың құрамы, оларды алудың түрлерімен таныстыру.
а) Білімділік. Оқушылардың қышқылдар жайлы білімдерін қалыптастыру
ә) Дамытушылық. Химиялық сауаттылығын, ойлай білу дағдысын дамыта отырып оқыту.
б) Тәрбиелік. Оқушылардың дүниетанымын, өзңне қажетті білімді өзң ңздеп тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі Сұрақ- жауап, баяндау, талдау
Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта слайд-шоу
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ой- қозғау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Жаңа тақырыпты бекіту
5. Үйге тапсырма беру
6. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Елбасы жолдауында 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары бойынша бес жылда химия кешендерінің дамытатындығын айтты. Ол үшін химиялық сауатты, білімді саналы ұрпақтардың қажет екендігін баса назар аударыпсөз етті. Сондықтан біз ел басынығ сөзіне назар аударып, химия пәнінен терең білім алып елбасы сөзіне лайықты болуға тиіспіз! Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.

Ой-қозғау (өтілген тақырыпты пысықтау)
І. Сұрақтауға жауап алу.
1. Бейорганикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
2. Оксидтер дегеніміз не? 
3. Қышқылдар дегеніміз не?
ІІ. «Адасқан формулаларды» табыңдар. 

Оксидтер CaO HCL CaCO3
Оттекті Қышқылдар BaO HBr H3PO4
Оттексіз қышқылдар H2SO4 K2O KNO3
Тұздар H2CO3 MgCL2 HI

Жауабы: 
Оксидтер: CaO, BaO, K2O
Қышқылдар:HCL, H3PO4, H2SO4
Негіздер: Zn(OH)2, NaOH, Al(OH)3
Тұздар: CaCO3, KNO3, MgCL2
Жаңа сабақ: қышқылдарды қандай белгісіне байланысты жіктей аламыз? 
1-тапсырма: Сіздердің алдарыңызда 2 қатарда формулалар тізілген, әр қатардан тек қышқылдарды теріп алайық. 

Жауабы: 
Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз? Қышқылдардың құрамы қандай болады екен? 
Жауап: Тізіп жазып алынған кейбір қышқылдардың құрамында оттегі болса, ал кейбіреулерінде оттегі элементі жоқ.
Осы белгісіне байланысты қышқылдарды екі топқа жіктейміз. 

Енді қатардан теріп алған қышқылдарды оттек атомына байланысты жіктелуіне мысал етіп жазамыз.

Қышқылдар сонымен қатар сутек атомының санына байланысты бір, екі, үш негізді болып бөлінеді. 

Қышқылдардың алынуын «кім зерек» ойынымен жүзеге асырамын. Ол үшін тақтаға реакция теңдеуін мәтінмен жазамын, ал оқушылар сол мәтін бойынша тиісті реакция теңдеуін жазып шығады. 

«Кім зерек» ойыны
1. Қышқылдық оксид + су қышқыл
2. Тұз + қышқыл жаңа тұз + жаңа қышқыл
3. Сутек газы + бейметалл қышқыл 

Қышқылдардың химиялық қаситеттерін жақсы түсіну үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз. 
1-тәжірибе: Белсенді металл + қышқыл тұз + сутек газы
2-тәжірибе: Белсенді металл оксиді + қышқыл тұз+су
3-тәжірибе: негіз+қышқыл тұз+су
4-тәжірибе: Тұз + қышқыл тұз + су + көмірқышқыл газы 
Тәжірибелер нәтижесін оқушылар өздері шығарады. 

Бекіту: Есеп шығару. №6,7
Үйге тапсырма: §33
Аяқтамаған тапсырмаларды аяқтау. 

Краткое описание документа:

Пәні ХимияСыныбы 8Сабақтың тақырыбы. Қышқылдар құрамы, алу жолдарыСабақтың мақсат-міндеттері: Оқушыларға қышқылдардың құрамы, оларды алудың түрлерімен таныстыру.а) Білімділік. Оқушылардың қышқылдар жайлы білімдерін қалыптастыруә) Дамытушылық. Химиялық сауаттылығын, ойлай білу дағдысын дамыта отырып оқыту.б) Тәрбиелік. Оқушылардың дүниетанымын, өзңне қажетті білімді өзң ңздеп тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Сабақтың типі Жаңа білімді меңгертуСабақтың әдісі Сұрақ- жауап, баяндау, талдауСабақтың көрнекілігі интерактивті тақта слайд-шоуСабақтың барысы1. Ұйымдастыру кезеңі2. Ой- қозғау3. Жаңа сабақты түсіндіру4. Жаңа тақырыпты бекіту5. Үйге тапсырма беру6. БағалауІ. Ұйымдастыру кезеңіЕлбасы жолдауында 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары бойынша бес жылда химия кешендерінің дамытатындығын айтты. Ол үшін химиялық сауатты, білімді саналы ұрпақтардың қажет екендігін баса назар аударыпсөз етті. Сондықтан біз ел басынығ сөзіне назар аударып, химия пәнінен терең білім алып елбасы сөзіне лайықты болуға тиіспіз! Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.Ой-қозғау (өтілген тақырыпты пысықтау)І. Сұрақтауға жауап алу.1. Бейорганикалық қосылыстар қалай жіктеледі?2. Оксидтер дегеніміз не? 3. Қышқылдар дегеніміз не?ІІ. «Адасқан формулаларды» табыңдар. Оксидтер CaO HCL CaCO3Оттекті Қышқылдар BaO HBr H3PO4Оттексіз қышқылдар H2SO4 K2O KNO3Тұздар H2CO3 MgCL2 HIЖауабы: Оксидтер: CaO, BaO, K2OҚышқылдар:HCL, H3PO4, H2SO4Негіздер: Zn(OH)2, NaOH, Al(OH)3Тұздар: CaCO3, KNO3, MgCL2Жаңа сабақ: қышқылдарды қандай белгісіне байланысты жіктей аламыз? 1-тапсырма: Сіздердің алдарыңызда 2 қатарда формулалар тізілген, әр қатардан тек қышқылдарды теріп алайық. Жауабы: Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз? Қышқылдардың құрамы қандай болады екен? Жауап: Тізіп жазып алынған кейбір қышқылдардың құрамында оттегі болса, ал кейбіреулерінде оттегі элементі жоқ.Осы белгісіне байланысты қышқылдарды екі топқа жіктейміз. Енді қатардан теріп алған қышқылдарды оттек атомына байланысты жіктелуіне мысал етіп жазамыз.Қышқылдар сонымен қатар сутек атомының санына байланысты бір, екі, үш негізді болып бөлінеді. Қышқылдардың алынуын «кім зерек» ойынымен жүзеге асырамын. Ол үшін тақтаға реакция теңдеуін мәтінмен жазамын, ал оқушылар сол мәтін бойынша тиісті реакция теңдеуін жазып шығады. «Кім зерек» ойыны1. Қышқылдық оксид + су қышқыл2. Тұз + қышқыл жаңа тұз + жаңа қышқыл3. Сутек газы + бейметалл қышқыл Қышқылдардың химиялық қаситеттерін жақсы түсіну үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз. 1-тәжірибе: Белсенді металл + қышқыл тұз + сутек газы2-тәжірибе: Белсенді металл оксиді + қышқыл тұз+су3-тәжірибе: негіз+қышқыл тұз+су4-тәжірибе: Тұз + қышқыл тұз + су + көмірқышқыл газы Тәжірибелер нәтижесін оқушылар өздері шығарады. Бекіту: Есеп шығару. №6,7Үйге тапсырма: §33Аяқтамаған тапсырмаларды аяқтау. 
Автор
Дата добавления 05.04.2014
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров515
Номер материала 60627040524
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх