Инфоурок География Другие методич. материалыЖаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұнын кіріктіру нәтижесіне бағытталған білім беруде іске асырудағы дидактикалық ұстаным

Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұнын кіріктіру нәтижесіне бағытталған білім беруде іске асырудағы дидактикалық ұстаным

Скачать материал

Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұнын кіріктіру нәтижесіне бағытталған білім беруде іске асырудағы дидактикалық ұстаным

 

Султанов Данияр Амангелдыұлы

Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі

                                                          

 

 

 «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың

                                                              қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры

                                                              ұстаздардың қолында»

                                                                                                          Н.Ә.Назарбаев.

 

        Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы , оның жедел ақпараттануы мен дамуы білімге және оқушылардың құзыреттілігін дамытудағы ролі арта түсті. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе.

 

І – бөлім.Жаратылыстану ғылымдарының ерекшелігі.

 

     Оқушылардың түйінді құзыреттерін қалыптастырудағы жаратылыстану білім саласы пәндерінің мүмкіндіктері мол, атап айтқанда, олардың әлеуметтік-практикалық мәнділік деңгейлерінің жоғары болуын, оларды зерделеу үдерісінде оқушылардың оқу-танымдық әр түрлі іс-әрекет түрлерін пайдалануын, оқу материалы мазмұнының қолданбалы бағытталғандығын, игерген білімдерін оқушылардың тәжірибеде қолдана алуларын жатқызуға болады.

             Құзыреттілік тұрғыдан қарау аясында жаратылыстану пәндері проблемалардың шешімін табу құзыреттерін қалыптастыруда көшбасшылық орын алады.

            Біріншіден, жаратылыстану пәндері өздерінің арсеналында дүниені танып-білудің ғылыми таным әдістерін пайдаланады және өздері де, бір жағынан, оларды танып-білудің әдісі болып табылады, өйткені жаратылыстану пәндерін оқу барысында оқушылар қандай да бір дәрежеде қандай да бір әдістермен қаруланады. Ондай әдістердің қатарына идеалдау, модельдеу, аналогтау, ойша эксперимент, болжам, модельдеу сияқты жеке әдiстерді жатқызуға болады. Олар жаратылыстану пәндерін оқытудың басты мақсаттарының бірі болып табылатын оқушылардың логикалық ой-өрістерінің дамуына, оқу-танымдық біліктерінің қалыптасуына ықпал ететін болады.

         Екіншіден, жаратылыстану пәндері териялық және практикалық мәселелерді шешу арқылы проблемаларды қоя алуға, оның шешімін табуға және жүзеге асыруға бағыттайды, ал бұл оқу-танымдық іс-әрекеттің маңызды компоненті болып табылады.

        Үшіншіден, жаратылыстану пәндері оқушыларды эксперименттік зерттеу жүргізуге және шығармашылық жұмыстар орындауға қарай бағыттайды.

        Жаратылыстану пәндері ақпараттық құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл ғылым салалары сан алуан модельдерді пайдаланады, олардың көмегімен іргелі заңдар қорытылып шығарылады, теориялар құрылып, нақты және виртуал эксперименттер жүргізіледі. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылар жаратылыстану пәндерінің әр түрлі тақырыптары мен бөлімдері бойынша слайд-презентациялар түрінде өздерінің жауап модельдерін құра алады. Бұл оларға пән бойынша білімдерін арттыруға, жаратылыстану ғылымдарының таным әдістерін саналы түсінуге, әр түрлі көздерден ақпараттық ағынмен жұмыс жасауға үйренеді. Сонымен ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудың мәні, мысалы, физикалық теориялардың жүйесіне, сәйкестік принципіне және ол теориялардың қолданылу аясына негізделе құрылатын ғылым ретіндегі физиканың мәнділігімен анықталады.

         Құзыреттілік деп, көбінесе, тұлғаның қызметке өзбетімен әрі үздік араласуға бағдарланған жалпы қабілеттілігінде, оның оқуы және әлеуметтенуі барысында алған білімдері мен тәжірибесіне негізделген іс-әрекетке дайындығында көрініс беретін кіріктірілген сапасын түсінеді.

          12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастыруға жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзіреттілік тұрғылар жалпы білім берді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда.

 «Құзырет» – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс.

          «Құзыреттілік» – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет (немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы).

          Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде:  құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпатараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек, каммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген. Яғни, мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. Демек, бүгінгі таңда құзіреттілік тұрғы білім мазмұнын таңдау, білім берудің мақсаты мен міндетін, нәтижесін айқындауда дәстүрлі бағыттармен тікелей байланыста бола отырып, білім берудің жетекші парадигмасына айналуда.     

Жалпы білім мазмұны жеке тұлға санасын қалыптастыруға, оның ойын дамытуға бағытталған білім, білік, дағдылар, құзыреттіліктер жүйесі ретінде қарастыруға болады. Демек, білім берудің негізгі қағидаларын (положения) анықтау-білу мазмұнын таңдау ұстанымдарын (принциптеріне) тәуелді деуге болады. Бүгінгі жеке тұлға ерекшелігін ескере отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуге бағытталған 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жаңаша әдіснамалық және әдістемелік зерттеулер одан әрі жалғасын табары анық.

ІІ – бөлім.Дидактика.Дидактикалық модульдер.

    «Педагогика», «Дидактика» терминдерінің шығу генезисі - неміс ғалымы В. Раткенің (1571-1635) тұжырым-түйіндерінен («Краткий отчет из дидактики или искусство обучения Ратихия») бастау алып, оның жалғастық жүйесін чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1679) 1657 жылы Амстердамда баспадан жарық көрген «Ұлы дидактикасы».Дидактика, соның ішінде, әдіснама негізін психология іліміне бағындыра зерттеген Ян Амос Коменский десек, оның жалғастығын Адольф Дистерверг (1790-1866) еңбектерінен кездестіреміз. Ол 1835 жылы «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегінде I тарауды дидактикаға, II тарауды әдістемеге арнайды. Дистерверг өзінше пікірі бар адам тәрбиелеуді ұйғарған. Оқыту үрдісінде ақыл-ой, қабілет сияқты категорияларға ерекше мән берді. Мұны жүзеге асыру үшін дидактика нысанын құрастырды. Міне, осы бағытта ол Коменскийдің дидактика жайлы қағидалары мен заңдылықтарын дамытты.Дидактика жайлы ашқан жаңалығының басымдығын былайша түйіндейді: «Оқыту баланың ақыл-ойын ғана дамытып қоймайды. Оның еркін, сезімдерін, мінез-құлқын қалыптастырады. Әсіресе, ойлау әрекетін дамытуға әңгіме әдісінің рөлі зор. Оқушылар өзінің ой-әрекетінің дамып отырғанын үнемі сезетін болсын. Оқуда оқушы табанды болуы керек».

Модульдер мынандай жіктемеден тұрады:

- дәстүрлі;

- педагогикалы ыңғайға орталықтанған;

- жаңа жүйеге ыңғайланған.

 

Аталған модульдердің қоғамда алдырған тарихи іздері, шежіресі бар. Мәселен, дәстүрдегі оқыту жүйесін құрған, оның теориялық-инструментальді қырларын тәжірибеге қолданған авторлар - Ян Амос Коменский, И. Пестолоцци, И. Гербарт.Ал, екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульдің доминат-субъектісі – Д. Дьюи, Т. Кершенштейнер, В. Лай. Бұлар - XX ғасырдағы педагогикалық істің реформалық теориясын жасаған ғалымдар.Үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульдің авторлары - Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов, К. Роджерс, Дж. Брунер, ресейлік 80-жылдардағы жаңашыл педагогтер.

Бұл үш модульдің қайсысы «озық», «ілгерішіл» деген аналитикалы сарындағы заңды сұрақ өз-өзінен туары сөзсіз. Оған жауап былай болып жинақталып беріледі:

- бірінші, дәстүрдегі модульдің негізгі мақсаты дәрісті жүргізудің әдісін тізбелеу, сұрыптау, оқыту үрдісі.

- екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульде студент қызметі басыңқы, былайша айтқанда, студенттің оқу ғылыми (егер ол қабілет бар болса) қызметін ұйымдастыру басты рөльде;

- үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульде аталған екі үрдістің басын қосып қарастыру басым.

Нәтижесі - бір нүктеге келіп тоқтамай, толассыз үнемі үзіліссіз даму әрекетіне бейімдеу. Соның ішінде, ұлттық, жалпы әлемдік психология негізіне құрылған когнитивті психология (Дж Брунер), ассоциативті, перцетивті, түйістеу деңгейліктері дамыған субьектіні сомдау көзделеді.

ІІІ-бөлім.Дидактикалық ойындар.

Мұғалімнің шеберлігінің кілті оның сабақ технологиясын меңгеруі, әдістемелік тәсілдерді тиімді қолдана білуі болып табылады.Осындай  тиімді де, нәтижелі әдістердің бірі-дидактикалық ойындар.Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі т.б.Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» - деген.

Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды   дидактикалық ойындар дейді.

                  Дидактикалық ойын дардың мақсаты мен міндеттері

Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту, таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Міндеті:

1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,

адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда төмендегі элементтерге сүйінеміз:

-         Дидактикалық ойынның құралы, сабақтың да құралы  болып есептеледі. Мысалы: таблицалар, модельдер, таратылу материалдары, интерактивті тақта, т.б. Дидактикалық ойынды сабақтың кезеңдеріне байланысты қолданудың  орындылығы да байқалады.

 Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықтыжеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

2) Шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.

4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындардың сапалылығы:Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

 

 

ІV- бөлім.Қорытынды.

 

XX ғасырдың құндылықтары мен дүниетанымына жаңа философиялық пайыммен (парадигмамен) қарағанда, адамдардың білімі, ғылыми ізденімпаздығы мен ізгі тілегі ғана бірден-бір маңызды ресурстар болып табылатыны белгілі болып, оларсыз бейбітшілік, гумандық сипат пен адамзаттың құқықтары мен негізгі бас бостандықтары ешқандай озықтық, ілгерішіл қарқында орнықпайтыны айқын бола бастады. Мұндай сүбелі де салиқалы мәні бар қасиеттерді дамытуда ғылым мен білімнің атқарар орны ерекше. Оқытудың дидактикалық жүйесін біртұтастық принципте алу заңдылығын жобалау амалының нәтижелі іске ықпалы зор екені байқалды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұнын кіріктіру нәтижесіне бағытталған білім беруде іске асырудағы дидактикалық ұстаным"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың                                                               қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры                                                               ұстаздардың қолында»                                                                                                           Н.Ә.Назарбаев.           Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы , оның жедел ақпараттануы мен дамуы білімге және оқушылардың құзыреттілігін дамытудағы ролі арта түсті. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе.   І – бөлім.Жаратылыстану ғылымдарының ерекшелігі.        Оқушылардың түйінді құзыреттерін қалыптастырудағы жаратылыстану білім саласы пәндерінің мүмкіндіктері мол, атап айтқанда, олардың әлеуметтік-практикалық мәнділік деңгейлерінің жоғары болуын, оларды зерделеу үдерісінде оқушылардың оқу-танымдық әр түрлі іс-әрекет түрлерін пайдалануын, оқу материалы мазмұнының қолданбалы бағытталғандығын, игерген білімдерін оқушылардың тәжірибеде қолдана алуларын жатқызуға болады.              Құзыреттілік тұрғыдан қарау аясында жаратылыстану пәндері проблемалардың шешімін табу құзыреттерін қалыптастыруда көшбасшылық орын алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 391 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2014 2286
    • DOCX 29.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанов Данияр Амангельдыевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 43323
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 440 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 430 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 162 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 88 человек