Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАна-өмірдің шуағы!

Ана-өмірдің шуағы!

Скачать материал

 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

 

Күннің жылынғанын, көктем мезгілінің келгенін «Аққу» биімен көрсету.

 

Музыка әуенімен балалар ортаға шығады.

 

1-жүргізуші:   Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
                             Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
                             Сейілмесін жанарынан ананың
                             Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
                             Аялайық аналарды әрдайым
                             Қуанышқа бөлейікші өздерін
                             Әжелердің, аналардың, қыздардың
                             Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана барлық - өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, 
Аяулы аналар мен әжелер, арулар! 

                                

    2-жүргізуші: Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке ! 
      Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. 

   

1-жүргізуші:

     Той пердесін ашайық 
     Аналарды құрметтеп 
     Ән маржанын шашайық 

2-жүргізуші:

                       Құтты болсын ардақты анам 
                      Асыл анам мерекең 
                      Құтты болсын ұстаздарым 
                      Қуанышты берекең 

Алиакбар Ұлдананың орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші: Көрініс: «Ана мен бала».

Сахнада әке мен бала отырады. Әкесі қайтаратын қарыздарын есептеп отырады, оны көрген баласы бірден бөлмесіне келеді. Басына бір ой келіп, анасына жасаған ұсақ-түйек көмегі үшін ақша сұрамақшы болады.

Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен қағазды көріп оқиды. Онда былай деп жазылыпты. Анасының ұлына қарызы: дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 100 теңге, хаттарды поштаға салғаны үшін – 70 теңге,  жақсы бала болғаны үшін – 500 теңге, гүлдерге су құйғаны үшін – 300 теңге, барлығы – 970 теңге.

Келесі күні бала үстелдің үстінен 970 теңгені көріп қатты қуанып кетеді. Оның қасында тұрған бір парша қағазды алып оқиды. Онда былай деп жазылған екен. Ұлының анасына қарызы: үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ешнәрсе, 10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ешнәрсе, ауырған кезде бағып-күткені үшін – ешнәрсе, жақсы анасы болғаны үшін – ешнәрсе. Оны көрген бала ұялғанынан анасына қарай жүгіреді. Анасын құшақтап кешірім сұрайды. Ақшаны анасына қайтарып береді.

 

2-жүргізуші:

     Дүниенің жарық күні анамыз 
            Дана болсақ анаменен данамыз 
            Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын 
            Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

Ән: «Мама» әні. Орындайтын Серікұлы Нұрбек.

 

 

1- жүргізуші: 
-Жандос, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой. 
 2- жүргізуші: 
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен? 


   1- жүргізуші: 
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. 

  2- жүргізуші: 
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік. 

 

  1-жүргізуші:
-Ол үшін «Аялы алақан» атты  ойынымызды ойнап жіберсек. Ойыннын шарты бойынша аналарымыздың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу. 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

     Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
             Мерекеге өнерімен келген бүгін.
             Таң қалдырып, қанекей би билеші,
             Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Арамызға аяулы аналарымызды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтау үшін «Көктем аруы» өз достарымен келіпті. Олай болса қонақтарымызды ортаға шақырайық.

«Көктем аруын» қарсы алу.

Музыканың сүйемелдеуімен ортаға көктем аруы болып киінген оқушы қыз достарымен шығып, аналар мен балаларды көктемнің мерекесі-аналар күнімен құттықтайды.

Көктем аруы:  Ана – жүрек, жүрегіңді құрметте,

                 Ана – тірек, тірегіңді құрметте.

                 Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,

                Ана – күнің, күніңе табынып өт.

Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні «Ана» деген осы ұғыммен өзектес жатқан секілді. Өмірдегі ең қадірлі ең сыйлы, ең мейірімді адам – ана! Ана сөзі барлық тілде де қасиетті, нәзік, жылы сөз. Ал, аналар мейрамы – адамзат мейрамы. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы ұрпағының бойына адамдық асыл қасиеттерді дарытып, ұлы мен қызын үкілеп өсіретін аналарымызды бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

1-оқушы:

Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасып.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

Қуанышқа кенеле бер, анашым.

2-оқушы:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

3-оқушы:

Ана десем сезім билеп тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананвң мейірімін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

4-оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.

                                                                                      

 

 

 

   1-жүргізуші:

Жасынан сүйіп өскен балапаның,

Бір сенің сенім артқан балапаның

Бір сәтке ұмытатын қиындықты,

Сипаса маңдайымнан алақаның.

Ортада Абишбекова Арай «Мамочка моя» әнімен

 

2-жүргізуші: Көрініс: «Ананың жұмбағы».

Автор:  Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?

Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.

Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.

Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.

Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.

Ана: Жарайсың, кенжетайым!

Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.

Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!

Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

1-жүргізуші:

Анашым менің, саялы қамқор шынарым,

Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.

Тілерің болса алдағы жерде анашым

Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!

Келесі орындалатын ән барлық аналардың құрметіне, қабыл алыңыздар!

Әбдіхалықова Гүлдананың орындауында «Аяулы ана» әні

 

Ән шырқалып тұрғанда оның тұсында балалардың аналарымен бірге түскен суреттері слайд шоу ретінде бейнеленеді.

 

2-жүргізуші:
              Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
              Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
              Иықтан шашып, төгіліп жерге,
              Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қазақтың «Қазақ биі», қабыл алыңыздар.

 

 

 

 

 

Би «Қазақ биі»

 

1-жүргізуші:    Менің анам алтын 
2-жүргізуші:    Менің де анам алтын 
1-жүргізуші:    Аналарды құрметтеп 
2-жүргізуші:    Қол соғыңдар жалпың. 


1 - жүргізуші: Ардақты аналар, әжелер, арулар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын!
Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

 

2-жүргізуші: Бүкіл әлемді мейірім-шуақтарыңызбен, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен  нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-сәлеметте болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ана-өмірдің шуағы!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.   Күннің жылынғанын, көктем мезгілінің келгенін «Аққу» биімен көрсету.   Музыка әуенімен балалар ортаға шығады.   1-жүргізуші:   Ана-өмір қолдаушысы әлемнің                              Шаңырақтың шаттығы мен шуағы                              Сейілмесін жанарынан ананың                              Тіршілікке төккен нұрлы шуағы                              Аялайық аналарды әрдайым                              Қуанышқа бөлейікші өздерін                              Әжелердің, аналардың, қыздардың                              Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін. Ана барлық - өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,  Аяулы аналар мен әжелер, арулар! 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2014 8520
    • DOCX 53 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамышева Жанат Нысановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамышева Жанат Нысановна
    Мамышева Жанат Нысановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 204001
    • Всего материалов: 40

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек