Инфоурок Труд (технология) Другие методич. материалыҚазақстан Республикасының рәміздері

Қазақстан Республикасының рәміздері

Скачать материал

Тақырыбы: « Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойыны.

 

Мақсаты:

-         Оқушыларға  Қазақстан Республикасының  рәміздері  туралы  мағлұмат беру. Елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге  тәрбиелеу.Қазақстан Республикасының  рәміздері жайында берілген мағлұматтар бойынша оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе білуге,викториналық ойындар арқылы ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту.

 

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының  рәміздері.Н.Ә.Назарбаевтың портреті ,интерактивті тақта,қыйма парақшалар,сөзжұмбақ,үнтаспа (Әнұран).

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме оқушылар сіздермен бүгінгі « Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойынды өткізетін ұстаздарыңыз: ЖұлдызРымбек қызы және Ғалия Әбілмәжі қызы.

 

Мұғалімдердің   кіріспе әңгімесі:

-Отан деген не? Отан дегеніміз –адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен ,жақындарымен тұратын атамекені.Қазақ елінде  тұратын  адамдардың  Отаны-Қазақстан Республикасы.

Әр елдің өзіне тән рәміздері болады.Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?Оларды атаңдар!(Әнұран,Ту,Елтаңба)

Оқушылар кәне бәріміз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегімізге қойып,Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айтайық (үнтаспа).

           Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Жұлдыз Рымбек қызы: Қазір сіздерге Ғалия Әбілмәжі қызы Қазақстан Республикасының  рәмізінің бірі ту жайында мағлұмат беріп өтеді.Мұқият тыңданыздар!        

                          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы 

http://www.kgmr.kz/images/Gos%20Flag_ST%20RK%20988-2007.jpg 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттерге сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы         Шәкен Ниязбеков.

Мырзаханова Ғалия: Қазір сіздерге  Жұлдыз Рымбек  қызы  Қазақстан Республикасының  рәмізінің бірі Елтаңба  жайында мағлұмат беріп өтеді.Мұқият тыңданыздар!     

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы.

                               http://www.kgmr.kz/images/gerb_SR%20RK%20989-2008.jpg

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ салынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Мырзаханова Ғалия: « Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойынының сұрақтары 20  сұрақтан тұрады.Ойынның шарты бойынша әрбір дұрыс жауап берген оқушыға көк түсті жалау,ал қате берілген жауапқа сары түсті күннің белгісі беріледі. Қане осы сұрақтарға дұрыс, белсене жауап бере отырып, ұпай санын көптеу алуға тырысайық! (интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізу).

« Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойынының сұрақтары :

1.Рәміздер қай жылы  қабылданды?(1992жылы)

2.Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?(Әнұран,Ту,Елтаңба).

3.Әнұранның сөзін кімдер жазған?( Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).

4.Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші Қалдаяқов).

5.Рәміз сөзі қалай аударылады?(символика).

6.Тұңғыш елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).

7.Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков).

8.Ту қандай түсті?(көгілдір).

9.Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков).

10.Ата Заң сөзінің аудармасы қалай?(конституция).

11.Қазақстан қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз мемлекет).

12.Әнұран сөзі қалай аударылады?(гимн).

13.Мемлекеттік тіл?(Қазақ тілі).

14.Тұңғыш елбасы күні қашан?(1-ші желтоқсан)

15.Ту сөзінің аудармасы қалай? (флаг).

16.Ата Заң қай жылы, қай айда қабылданды?(1995жылы,30-шы тамыз)

17.Тәуелсіздікті қай жылы, қай айда алдық?(1991жылы,16-шы желтоқсанда)

18.Халық сөзінің аудармасы қалай?(народ).

19.Елбасы сөзінің аудармасы қалай?(президент).

20.Тарих сөзінің аудармасы қалай аталады(история).

 

 

Жұлдыз Рымбек қызы:  Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты берілген  6 өлең шумақтарын мәнерлеп,дұрыс екпінде  оқи білген оқушыға  көк түсті жалау,ал  төмен екпінде оқылған жауапқа сары түсті күннің белгісі беріледі.

Біздің ту

1.Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

2. Көк аспанда – қызыл күн,

Көк аспанда – жас қыран.

Естілгендей біздің үн

3. Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған

Біз қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

( Т.Молдағалиев.)

«Әнұран»

4.Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Жүрсем егер дүние  кезіп.

Туымыздың  көне күнін,

Даламыздың байтақ үнін ,

Ол әні ғой   жүрегімнің

Мың қайталап  айтам мұны.

«Елтаңба»

5.Қатар  шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.

6.Бұл таңбасы  елімнің

Елдігімнің белгісі,

Мұнда да бар ерлігім,

мұндада бар жер күші.

 

Мырзаханова Ғалия: -Балалар Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

 «Отан-оттан да ыстық» «Туған  жердің  топырағы да ыстық» «Отан әркімнің ары,ожданы». Дұрыс айтылған мақалға көк түсті жалау,ал  қате айтылған жауапқа сары түсті күннің белгісі беріледі.

 

Жұлдыз Рымбек қызы: Қазақстан, Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты сөзжұмбақты шешейік. Дұрыс жазылған жауапқа  көк түсті жалау,ал  қате жазылған  жауапқа сары түсті күннің белгісі беріледі.

 

                                                               1

Қ

 

 

 

 

                     2

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

З

 

                                                                                 4

А

 

 

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

                               6

 

С

 

 

 

 

                                                                                 7

Т

 

 

                                                             8

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

1.Ұлт

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.

3.Көктем мерекесі(ай аты).

4.Қазақтың ұлы ақыны.

5.Космодром (аудармасы)

6.Қазақстанның астанасы.

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.

8.Қазақстандағы теңіз.

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.

 

« Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойынының қорытындысы бойынша жүргізілген мынандай шараларға: сұрақтарға дұрыс жауап беруде,Қазақстанның рәміздері жайында берілген өлең шумақтарын жоғары екпінде мәнерлеп оқуда,отан туралы мақал-мәтелдерді айтуда,сөзжұмбақты дұрыс шешіп бүгіргі күнгі викториналық ойынға белсене қатысқандары үшін        сынып I-ші орынды иеленді.

 

« Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойынының қорытындысы бойынша жүргізілген мынандай шараларға: сұрақтарға толық жауап бермеуде,Қазақстанның рәміздері жайында берілген өлең шумақтарын төмен екпінде мәнерлеп оқуда,отан туралы мақал-мәтелдерді айтуда қателіктер жіберуде ,сөзжұмбақты  жартылай  шешіп бүгіргі күнгі викториналық ойынға орта дәрежеде  қатысқандары

үшін        сынып II-ші орынды иеленді.

 

« Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойын ретінде алынған  шағын сынып сағатты аяқтаймыз.

 

Сау болыңыздар!

 

Көгереміз көктейміз -,деп отыра біз бүгіргі күнге арналған шағын сынып сағатты аяқтаймыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Республикасының рәміздері"

Настоящий материал опубликован пользователем Рымбек Жулдыз Рымбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 07.04.2014 14270
    • DOCX 155 кбайт
    • 121 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рымбек Жулдыз Рымбеккызы
    Рымбек Жулдыз Рымбеккызы
    • На сайте: 10 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14139
    • Всего материалов: 2

Қазақстан Республикасының күні туралы презентация

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
14080
13
27.09.2024

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 9
Покупателей: 165

Об авторе

Категория/ученая степень: Кандидат наук
Работаю в сфере образования 13 лет. Начинал свой профессиональный путь в качестве учителя английского языка. Далее работал менеджером разных звеньев, дорос до должности проректора в двух университетах, первый из которых педагогический. На данный момент возглавляю InfoLesson.kz Я пытаюсь сделать продукты и сервисы лучше для своих дорогих пользователей.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Абуов Бауыржан Болатович. Инфоурок является информационным посредником

Қазақстан Республикасының күні туралы презентация – бұл мерекенің тарихи маңыздылығы, негізгі оқиғалары мен қазіргі дәстүрлері туралы жарқын әрі мазмұнды материал. Презентацияда Егемендік декларациясының қабылдануы, тәуелсіздік рәміздері және бұл күннің Қазақстанда қалай атап өтілетіні туралы маңызды фактілер қамтылған. Презентация оқушыларға тарихи аспектілерді тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен бірге Отанға деген патриоттық сезім мен мақтаныш сезімін қалыптастыруға көмектеседі.

Краткое описание методической разработки

Қазақстан Республикасының күні туралы презентация – бұл мерекенің тарихи маңыздылығы, негізгі оқиғалары мен қазіргі дәстүрлері туралы жарқын әрі мазмұнды материал. Презентацияда Егемендік декларациясының қабылдануы, тәуелсіздік рәміздері және бұл күннің Қазақстанда қалай атап өтілетіні туралы маңызды фактілер қамтылған. Презентация оқушыларға тарихи аспектілерді тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен бірге Отанға деген патриоттық сезім мен мақтаныш сезімін қалыптастыруға көмектеседі.

Развернуть описание
Смотреть ещё 6 054 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Т   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы         Шәкен Ниязбеков.             Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы.                                 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 364 716 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 352 047 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Теоретические основы педагогики и психологии

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психосоциальный анализ феминной идентичности в структуре общественных отношений

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование и развитие речи у детей

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек
Смотреть ещё 6 054 курса