Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӨтірік өлеңдерінің жинағы

Өтірік өлеңдерінің жинағы

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы

Бородулиха ауданы

«Ивановка орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтірік өлеңдерінің

жинағы

 

Шакенова Б.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ивановка ауылы

2011

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Түсіндірме  хат

О. Әубәкiровтiң өтірік өлеңдері

Суайттың өтірік өлеңдері

Тазшаның өтірік өлеңдері

Оқушылар шығармашылығынан

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіндірме  хат

 

  Өтірік өлең – қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты шығарылған ауыз өдебиетінің көне түрі.Біріне бірін шендестіре айту арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелегін, артықтығын көрсету.Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанмен ,ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: «Аспанға алты жерден тіреу қойдым,Той қылып,мың масаны сонда сойдым» сияқты үлкен фантастикалық қиялға,қызықты күлкіге құрылады.Өтірік өлеңде қиыннан қиыстырылған тапқырлық,ойдың өткірлігі мен логиканың күштілігі сарапқа түседі.Әсіресе салалардың ақыл-өрісін кеңейтетін фантазиялық қиял пырағы кең шарықтауға мүмкіндік береді.

     Бастауыш сыныптарда күнтізбелік-тақырыптық  жоспар бойынша 2-сынып   «Ана тілі» пәнінен « Өтірік өлең»тақырыбы өтіледі.    Оқулықта аз өлеңдер берілген соң,  мен балаларға қосымша түрінде авторлардың,оқушылардың жазған өтірік өлеңдерін оқып бердім. Содан соң үйге тапсырма берілді өтірік өлең жазып келу.Оқушыларымның өлеңдері жинақта берілді. Бұл қандай нәтиже берді? Ойлау қабілеттерін,мазмұндама жазу, шығарма жазуға әсер етті. Мен бұл « Өтірік өлең» жинағын бастауыш сынып мұғалімдеріне  қосымша ақпарат ретінде ұсынып отырмын.

 

 

Жинақтаған: Шакенова Б.Б.                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қазақ сатирасының классигi Оспанхан Әубәкiровтiң жары Нұрсұлу Рақымжанқызының айтуынша, Осекеңнiң әлi баспа жүзiн көрмеген бiраз дүниелерi бар екен. “Егер мұның бәрiн жинастырсам, бiр кiтаптың көлемiндей болып қалады” дейдi Нұрсұлу жеңгей. Нұрсұлу Рахымжанқызы Осекеңнiң еш жерде жарияланбаған бiр топ өтiрiк өлеңiн “Сүзеген сөзге” ұсынды. Осекең бұл өлеңдердi кезiнде неге жариялатпаған? Бiздiң ойымызша, өнерге аса зор жауапкершiлiкпен қарайтын Осекең бұл өлеңдердi әлi де пiсiре түсудi, жетiлдiре түсудi ойластырған секiлдi. Бәлкiм, басқалай себептерi де болуы әбден мүмкiн...

Не десек те, қазақ сатирасының өрен жүйрiгiнiң артына қалдырған әрбiр сөзi – бiз үшiн үлкен мұра. Iрi сый. Сондықтан да Осекеңнiң өлеңдерiн “Тәбәрiк” деген айдармен жариялауды жөн көрдiк.

 

***

Түсiмде мая-мая түбiт көрдiм,

Жылы дүние жинауға үмiткермiн.

“Бөкебай табылды!” деп ұмтылғанда

Мөңiреп ұшып кеткен бұлтты көрдiм.

***

Бiр жасымнан жұмысқа орналастым,

Қазанның қақпағына қазан астым.

Қазанымды басыма киiп алып,

Өрт шығарған қақпағын ала қаштым!

 

 

***

Жөнi жоқ ақша шашып шашыл­ғанның,

Iсi ол көзi ағарып асынғанның!

Қысып ап башпайыма ұстараны

Аяғыммен өзiмнiң шашымды алдым.

***

Көрiп едiм аюды, арыстанды,

Қасқырды, Қабаныңды, Сауысқанды.

Бiр күнi өз көзiммен өзiм көрдiм

Өзiн даттап, өзiмен алысқанды.

 

***

Бiр күнi дәп алдымнан  айна көрдiм,

Бос айнаға қарауды пайда көрдiм.

Қарасам қарсы алдымда көк желкем тұр,

Ойладым “мұндай адам қайда көрдiм!”

 

 

***

 

Тау мен шөлiм өзiме өзi мекен,

Тау – рахат, шөл деген төзiм екен.

Ай жоқ, Күн жоқ. Бiрдеме жарқырайды,

Бұл не десем...өзiмнiң көзiм екен.

 

***

Спорттың шұғылдандым түрнiгi­мен,

Үй тiктiм үй үстiне түндiгiмен.

Қызымыздың бiр қызы ұл туғанда

Салып қалды басыма кiндiгiмен.

 

***

Қорықпаймын Аюдан, Арыстаннан,

Қасқырдан, Құмырсқадан, Сауысқаннан

Қорқамын өз-өзiмнен бәйге алғаннан,

Тамағын жұрттан бұрын тауысқаннан.

***

Мен өзiм кiшкентайдан  өрге бастым,

Табаныма сурет сап көрме аштым.

Көлеңкемдi қораға байлап қойып

Өтiрiк сурет салғаннан  жалықпаспын...

 

                                                       Оспанхан Әубәкiров

 

 

 

 

 

 

 

 

Суайттың өтірік өлеңдері

 

 

Есімде ессіз тауда қонақ болдым,

Бал тамған бармағымнан олақ болдым.

Шілдеде үш саусағым үсіп түсіп,

Өмірге келмей жатып шолақ болдым.

 

 

Жетпіске келгенімше доп ойнадым,

Есімнен кетер емес сол ойнағаным.

Қандырдым мың жылқыны «ә» дегенше.

Шелек қып жеғешемнің қол оймағын.

 

 

Жасымнан жалғыз жүріп,жапада өстім,

Жаз күні жалаң аяқ ақ қар кештім.

Байқаусыз бөркім бауы шие байлап,

Ойланып,алты жылда әзер шештім.

 

 

Сайран сап бес ай жүрдім көк аспанда,

Ақ бұлтты белгі қылдым адасқанда.

Тура айттым қисық сөзбен төрелігін,

Ай мен шолпан жұлдыз таласқанда.

 

 

Жайлауда шыбын баққан тайлақ сойдым,

Ұйқымды бір күн емес, айлап қойдым.

Алты айда ала мешін үйге сыймай,

Тұсына тереземнің байлап қойдым.

 

 

Өмірге немереммен бірге келіп,

Жүйрігін қуып жеттім ту еліктің.

Кірпінің бір талшығын таяқ етіп,

Қаңтарда қарбыз егіп күн көріппін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тазшаның өтірік өлеңдері

 

Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,

Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Адыр-адыр қойтасты түлкі қылдым.

 

 

 

Мен өзім жас күнімде тырна бақтым,

Тырнамды семірсін деп қырға бақтым.

Байлықтың бас-аяғын түгендеуге

Іледе итке мініп үш жыл бақтым.

 

 

Мен өзім жас күнімде қарға бақтым,

Қарғаны семірсін деп жарға бақтым.

Менің жылы ақ сүйек үлкен жұт боп

Арығына қарғаның жабу жаптым.

 

 

Қарға жеріп ішпеді суын қақтың,

Қашықтық қылды суы белбұлақтың.

Ақөзектен инемен құдық қазып,

Күнде үш уақ қарғамды суға жаптым.

 

 

Шымшықтың шылым қылдым қу басынан,

Шылбыр естім бозторғой шудасынан.

Көбелектін қанатын көпір қылып,

Теңіздің өте шықтым турасынан.

 

 

Көбелек тумай жатып ойын көрдім,

Балықтың соймай жатып миын көрдім.

Өзгем өтірік болса да, осыным шын,

Астыма тышқан мініп, түйе өңгердім.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар шығармашылығынан

 

****

Көгершінмен достасып,

Аспанға ұштым қалақтап.

Бұлтты кезіп,көкті асып,

Биіктерде шарықтап.

Жұлдыздарды тіздім де

Санап алдым анықтап.

 

                   Қарлығаш Сейдімханова, 3-сынып оқушысы.

                    Қарағайлы ауылы,қарасай ауданы,Алматы облысы.

 

 

*****

Бар екн бір құмырсқа,

Жорғалауға тым ұста.

Ерттеп оны мініп ап,

Жетіп алдым жұмысқа.

                  Мақсат Дүйсебиев,2-сынып оқушысы.

                  Томпақ ауылы,Ақжайық ауданы,Батыс Қазхақстан облысы.

 

*****

Тышқанды арқандадым,

Өзім де талтаңдадым.

Күн бойы құмырсқаны

Қуам деп салпаңдадым.

 

 

****

Мысықты жылаттым,

Тышқанды құлаттым.

Пілді әкеп тақтаға

Есептер шығарттым.

 

 

 

      Аида Жұбанияз,Жұрын ауылы,Мұғалжар ауданы,Ақтөбе облысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қошқар орта мектебінің оқушылары

 

    Шегіртке кеп орманға,                                        Наурыздың сегізінде

    Аюларды ұстады.                                                Балық келді базарға.

    Перісінен аюдың,                                                Шоқ-шоқ қызыл гүл алып,

    Өзіне тон жасады.                                               Сыйлады гүлін шаянға.

               Жансая Сәрсенханқызы                                             Нұрдос Маратұлы

 

 

Ерттеп мініп тышқанды,                                        Көктем келіп жеткенде,

Шауып келдім қалаға.                                            Лақтады сиырым.

Таксиден түскен қоянды,                                       Сиырымнан сүт шықпай

Мінгестіріп тышқанға.                                           Тауыққа мен еміздім.

              Шерхан Қадырханұлы                                         Гүлмира Дәулетбекқызы

 

Орамалын жамылып,                                               Жұмыртқалап ешкілерім,

Сиыр сауды тауығым.                                              Балапандар шығарды.

Отырып алып әтешім,                                              Балапанның үлкендігі,

Сүтті тартты ағызып.                                               Мені таң қалдырды.

           Мәрлен Балтабекұлы                                              Шыңғыс Амангелдіұлы

 

Түлкі келді ауылға,                                                  Көкектеді тырна,

Бақша салды ауылға.                                               Тыраулады қарға.

Өске кезде жемістері,                                              Қаңқылдады үйрек,

Жинай алмай мәз болды.                                        Саңқылдады терек.

         Бекболат Нұрланұлы                                      Көктем келді деп күшік,

                                                                                   Көңілденді жүз мысық.

                                                                                                   Аян Ерланұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

****

 
          Аспанға ұшып едім мен,
            Екі тауықпен.
            Бірінші тауық ақ еді,
            Екінші тауық көк еді,
            Қара тауықпен Айға дейін,
            Көк тауықпен Күнге дейін,
            Ақ тауықпен Айға барып едім,
            Ол жерде көрдім Алтын адамды,
            Көк тауықпен Күнге барып едім,
            Ол жерде көрдім қарт адамды.
            Жерге қайтадан ұшып келдім. (2005 жыл)

 

 

Сымбат Тағаева, Қарағанды қаласы, №6 орта мектебінің 5-сынып оқушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, «Ивановка орта мектебі»ММ, 2 сынып оқушысы ,Аширхан Ернар

 

      *****

Бір күні қоян жүгіріп келеді,

Қасқырды мұрнынан бір переді.

Қасқыр жылап, қашып кетеді.

Қоян күліп, қасқырды басып кетеді.

 

  ***

Аширхан мен Ернармын,

Ай мен күнге дегдармын.

Жерде жүріп жалығып,

Айға да ұшып барғанмын.

 

 

Сайлаубаева Мақпал ,2 сынып оқушысы

 

***

Беліме буынғаным бесті бұқа,

Жетпейді екі орауға тұрқы қысқа.

***

 

Шегірткенің құйрығын үзіп алдым,

Масаның қызын тоқалдыққа алдым.

 

****

Әуеде боталы інген айнала ұшқан,

Жетеле ала арғымақ,міндім тышқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

 

1.     « Жас Алаш», №11 2010 жыл.

2.     «Жыл - он екі ай» , № 6(31) 2009 жыл.

3.     Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық. –

     Алматы: «Аруна Ltd .»ЖШС,2005.-576 б.

4.     Мектепалды сыныптары мен топтарына арналған көркем әдебиеттің хрестоматиясы.- Алматы. «Аруна», 2010. – 144 бет.

5.     Балдырған, № 6, 2010

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өтірік өлеңдерінің жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

бастауыш сыныптарда күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша 2-сынып «Ана тілі«пәнінен «Өтірік өлең«тақырыбы өтіледі.Оқулықта аз өлеңдер берілген соң,мен балаларға қосымша түрінде авторлардың,оқушылардың жазған өтірік өлеңдерін оқып бердім.Содаң соң үйге тапсырма берілді өтірік өлең жазып келу.Оқушыларымның өлеңдері жинақта берілді.Бұл қандай нәтиже берді?Ойлау қабілеттерін,мазмұндама жазу,шығарма жазуға әсер етті.Мен бұл «Өтірік өлең«жинағын бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша ақпарат ретінде ұсынып отырмын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 942 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2014 22826
    • DOCX 99.5 кбайт
    • 41 скачивание
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакенова Батима Баркеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакенова Батима Баркеновна
    Шакенова Батима Баркеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29740
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов