Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі
Авторы: Досанова Камеля
Сынып: 4 «Ә»
Ғылыми бағыты : табиғи қоршаған орта
Секциясы : дүниетану
Жобаның басталуы : 2012 жыл
Жоба жетекшісі . Шаукенова Зайра Арсенқызы
Мазмұны:
1. Аннотация --------------------------------------------------------------------3-4- бет
2. Кіріспе -------------------------------------------------------------------------5 - бет
3. Зерттеу бөлігі ----------------------------------------------------------------6 - 18 - бет
4 . Қорытынды ----------------------------------------------------------------- 19 - бет
5. Жетекшінің пікірі ---------------------------------------------------------- 20 - бет
6 . Пайдаланылған әдебиеттер --------------------------------------------- 21 - бет
Аннотация
Жобаның мақсаты: Шырша ағашының пайдасын зерттеу.
Гипотезасы: Ауданымыз шырша ағашын мол өсірумен айналысып, оны өңдеп, ел тұрмысына жаратып, кәсіпорындар ашса, еліміздің әл-ауқаты нығаяр еді.
Зерттеу кезеңдері. Ғылыми жобаның зерттеуі үш кезеңнен
тұрады.
кезең - шырша туралы жалпы мәлімет;
кезең- шырша ағашының пайдасы;
кезең- орман шаруашылығында жұмыс жасайтын адаммен сұхбат.
Әдістері:
- бақылау
- іздену
- сұхбат
- мәліметтер жинау
Зерттеу жаңалығы:
- шырша өсімдігінің мемлекетіміздің экономикасына пайдасы.
Жұмыстың қорытындысы мен нәтижелігі
Annotation
Aim of project: to investigate benefit tree of Fir-tree.
Assumption:, if engaging our abundantly to grow tree of fir-tree, making, a country approved to the way of life, enterprises open her, force our of country was.
Pores research. Scientific project to investigate three pore stands.
Begins pore- about a fir-tree common taking;
pore- benefit tree of fir-tree;
meeting with by a man, at that pore- works in economy of the forest.
Methods:
- to control
- to engage in a search
it is meeting
- information collect
News research:
- to the economy our of the state plant of fir-tree benefit.
Conclusion of work I effective
- To Destroy unemployment.
- Natural things consumer.
- Economy of to revive.
- Raw Material to open enterprise, that makes.
Кіріспе
Мен зерттеу жұмысымды елімізде сирек кездесетін, ұзақ жыл бойы өсетін шырша өсімдігін алып отырмын. Шыршаның пайдасын, оны қандай өсімдік екенін зерттеп, ауданымызда қанша гектар жерді алып жатқанын білгім келді.
Өзектілік: ауданымызда шыршаның өсірілуі баяу жүргізілуі, одан алынатын өнімдердің аз болуы мені толғандырды. Сондықтан осы тақырыпты таңдап алдым.
Мақсаты: Шырша ағашының пайдасын зерттеу.
Міндеттері:
1. Шырша жайында ақпараттар жинау.
2. Шыршадан алынатын өнімдермен танысу.
3. Ауданымыздағы орман шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпорынға барып танысу.
Зерттеу кезеңдері.
1. Тақырыпты таңдау.
2. Ақпарат жинақтау.
3. Талдау жасау.
4. Жұмысты хаттау.
Зерттеу бөлігі
Шырша(Pіcea) – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Дүние жүзінде Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында өсетін 45 (кейбір деректерде 35-тен 50-ге дейін) түрі бар. Қазақстанда Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Алтайда таза шырша орманы ретінде өсетін 2 түрі: сібір шыршасы және Шренк шыршасы бар.
Сібір шыршасы (Р. ovovata) – қос үйлі ағаш, биіктігі 30 м-ге дейін, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5 – 7, кейде 9 – 12 жыл бойы сақталады. Тұқымынан көбейеді.
Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Жемісі – дәнек.
Көлеңке сүйгіш ағаш, 300 – 500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8 – 15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы
эфир майы жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады.
Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны жиһазда жасауда
целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде
музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады;
шайыр
қара май
скипидар
канифоль
сүрек сірке қышқылы алынады.
Жатаған шырша, шренк шыршасы (Pіcea schrenkіana) — қарағай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, өте сирек кездесетін ағаш. Теңіз деңгейінен биіктігі 2800 — 3100 м, ұсақ тасты, жартасты тау беткейлерінде бірыңғай шыршалы кейде сібір самырсынымен аралас орман құрап өседі.
Жатаған шырша 1842 жылы Жетісу (Жоңғар) Алатауында табылған. Биіктігі 150 — 250 см-ден 40 метрге дейін, жуандығы 2 метрге жетеді. Діңінің қабығы — қоңырқай сұрғылт түсті, қабыршақтанып оңай сылынады. Қылқаны (жапырақтары) 4 қырлы, үшкір, ұзындығы 2 — 3,5 см, ені 2,0 мм-дей, ұзарған өркенінің қабық төмпешіктеріне бір-бірден бекінеді. Жапырақтары түскенде төмпешіктері сақталып қалады. Бүрі сопақша, цилиндр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, жуандығы 2,5 — 4 см. Жеміс жапырақтары, көбінесе, бүрлерінде орналасады. Мамыр айында гүлдейді. Вегетативтік (өсімді) жолмен көбейеді.
Тұқымы — майда, қоңырқай түсті, жұқа қанатшалы өсіндісі арқылы желмен таралады, тамыз — қыркүйекте піседі. Алғашқы 15 жылда баяу (жылына 5 — 25 см) содан кейін тез өседі. 250 — 300 жыл жасайды. Жатаған шырша сүрегінен бағалы музыкалық аспаптар жасалынады, құрылысқа пайдаланады.
Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс.
Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады.
Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.
Мен орман шаруашылығында болып , оның басшысы Гетман Александр Яковлевичпен кездесіп , біздің ауданымызда шыршаның қанша аумақты алып жатқаның сұрағанымда, бұл ағаш түрі біздің ауданымызда өсірілмейтіндігің айтты . Өсірілмеу себебі , жер көлемінің аздығы және ұзақ жылдар бойы баяу өсетіндігін айтты.
Сондықтан мен осы Мендіқара ауданында шырша өсіріп отырған Сухенко деген отбасымен кездесіп шырша жайында сұхбат алдым. Бұл ағаштың көшетін Шучье- Боровое өлкесінен 1980 жылы әкелініп егілді. Алғашқы үш жылда оның бойы бір метрге көтерілді , тыңайтқыш ретінде малдың қиын пайдаланған. Сегіз жыл бойы баяу өсті , себебі бұл өлкенің табиғатына әрен бейімделді.Содан соң өте жылдам өсе бастады. Қазіргі уақытта оның биіктігі 11 метрге жетті . Бұл ағашты әсемдік , көркемдік үшін және біздің ауданымызда бұл ағаштың өсірілмеуінен, осы ағашты өсірсек қандай болады деген ой қызықтырды. Жаңа жылда қолданып жүрген шыршамыз-қарағай, ал нағыз шыршаны ауыл тұрғындары осы үйдің жанынан тамашалайды.
Қорытынды.
Бұл тақырыпты зерттей келе, шырша- қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш және дүние жүзінде 45 түрі бар екендігін білдім. Көлеңке сүйгіш, 300-500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8-15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Тіпті соңғы уақытта жерге жайылып өсетін түрлері де елімізде жерсіндіріліп жатыр. Ботаника бағында олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл түрлерін отырғызған абзал. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады.
Мен бұл тақырыпты зерттей отыра, шырша ағашының адам өмірінде маңызы зор екендігіне көз жеткіздім. Біздің ауданымызда бұл ағашты өсірсек, кәсіпорын ашсақ, еліміздің әл- ауқаты артып, экономикамыз өркендер еді
Жетекшінің пікірі:
Мектеп бағдарламасында дүниетану пәнінен "Өсімдіктер" тақырыбын өткенде, елімізде сирек өсетін өсімдіктің бірі - шырша , білім алушыны толғандырған еді. Камеляны әсіресе шырша ағашының неге сирек кездесетіні, бұл ағаштың қандай пайдасы бар екендігі қызықтырды. Сөйтіп ол әдебиеттерге шолу жасап, ғаламтор жүйесінен және орман шаруашылығында еңбек ететін адамдармен кездесіп, ауданымызда шыршаның қанша алапты алып жатқандығымен танысты. Егер осы ағаш түрін мол өсірсе, адам өміріне көп пайдасы бар екендігіне көз жеткізді. Сонымен қатар кәсіпорындар ашса, жұмыссыздардың саны азайып, жұмыссыздық жойылған бола еді.
Табиғи бұйымдарды тұтынса, адам денсаулығына пайдасы зор болар еді. Алдағы уақытта бұл тақырыпты толығырақ зерттеп, бұл өсімдіктің өсіру жолдарымен танысады деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
[1] Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар: Дидактикалық материал - Алматы
[2] Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том
[3 ] Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
[4] Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том
[5] "Жыл он екі ай" журналы №5
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.