1543983
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыБаяндама «Ы.Алтынсарин»

Баяндама «Ы.Алтынсарин»

ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс
Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Баяндама Ы.Алтынсарин..docx

библиотека
материалов

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»

«Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын меңгеру үрдісі ретінде мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбы бойынша педагогикалық оқулар.



Баяндама

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин еңбектерінің бала тәрбиесіндегі ролі












Т.А.Ә. Шаукенова Зайра Арсеновна

Жұмыс орны: « Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» ММ

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі























2013 ж.

Денесі оның Тобылдың жағасында,

Мүсіні тұр Қостанай қаласында

Ыбырай бұлағының мөлдір суы

Шүпілдейді білімнің шарасында.


Ы.Алтынсариннің өмір жолы,еңбек еткен ортасы, әлеуметтік істері өзгешелеу. Біріншіден, Ыбырай, Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл-педагог.

Екіншіден, өзінің шығармаларын қос тілде бірдей жазды. Үшіншіден, соқтықпалы соқпақты, дүбірлі кезеңдерде Ыбырай өз халқымен бірге болып, оның барлық ауыртпалығын бөлісті.

Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда, Ыбырайдың шығармашылығы мен өмір жолы инновациялық идеялар мен іс-әрекеттерден тұрады. Ыбырай шығармашылығына арналған зерттеулерге жүгінер болсақ, ол өзінің қолға алған барлық істерінде тұңғыш, негізін қалаушы, көшбасшы ретінде көрінеді. Мысалы, Ыбырай қазақтың әдебиет тарихында алғашқы балалар жазушысы болды.

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,-

деп басталатын әйгілі өлең шумақтары жасөспірімдерді сауат ашып, білім алуға, материалдық емес, рухани байлықты азық етуге шақырады:

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар.

Оқымыстың байлығы

Күннен-күнге көп болар,-

деп,- өнер-білім құдіретін өлеңмен өрнектеген Ыбырай-ақынның өсиет өлеңдерінің тілі көркем, ойы мейлінше терең.

Ыбырай-қазақ балаларының менталдық бейнесін жасаған жазушы, көркем сөз шебері. Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын, кәсіби ойлау қабілетін ұлттық рухта сипаттайды. Жастарды еңбексүйгіштікке, ізгілікке, тапқырлық пен әрекетшілдікке, ізденімпаздылыққа тәрбиелейді.

Жалпы, Ыбырай әңгімелерінің қазақтардың экономикалық санасына ықпалы да едәуір байқалады. Қазіргі таңдағы әрекетшіл адам болу парадигмасымен үндестік те бар. Бала тәрбиесінде Ыбырай Алтынсариннің тәлімгерлік мұраттарына тереңдеп үңіліп, оның ой- маржандарын іс-әрекетке пайдаланудың берері мол.

"Қазақ хрестоматиясы" оқулығының "сөз басында" Ы.Алтынсарин туған елінің "азбаған, талап, тілегі біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайтын ой - пікірі еркін халық" екенін айта келіп, "оның келешегі үшін сана-сезім жағынан, жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрету керек болып отыр"деген. Бұл ойын жүзеге асыру үшін жетекші құрал ретінде қызмет атқарған оқулығында бала тәрбиесінің сан түріне нұсқау беретін әңгімелер енгізген.

Әдебиетші, ғылым, әдіскер Ә.Қоңырбаевтың айтуынша: "Ы.Алтынсариннің хрестоматиясындағы өлеңдер мен әңгімелері, аудармалары жас буынға эскетикалық тәрбие ғана емес, үлкен жүйелі білім мен және қоғамдық ұғым берді. Жастарды адамгершілекке, ағартушылық идеясына, қоғамдық міндетке баулыды" деген.

Ы.Алтынсарин шығармаларының қайсысын алсақ та мектепте дейінгі және бастауыш сыныптарда жаттатып қана қоймай, кез - келген әдіс-тәсілдерімен шығарманы бала бойына ашық, түсінікті еткізу мұғалім шеберлігі. Сөйтіп, оқыту тәжірибесінде алғашқы Ы.Алтынсариннің мектептерінен дамыған әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы да мүлде ескірген деуге болмайды. Бүгінгі оқудың басты шарты - оқылатын мазмұнды оқушының танымдық әрекеті арқылы меңгеруін қамтамасыз ету, тиімділігіне қарай қолдана отырып, балалардың қызығушылығын арттыру, еркін ойлауға, ой - сезімін көркем тілмен жеткізе білуге тәбиелеу.

Қазақ балаларына білім беріп, халқын оқыған, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандаған, осы мақсатқа бар өмірін арнаған ұлы ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің еңбегі өте зор. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күресіп өткен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Ы.Алтынсарин әңгімелері біздің өмірімізде ең керекті, әсіресе бүгінгі тәуелсіздік алған тұста халқымыздың адал еңбек етіп, өмір жеңісіне қол жеткізу үшін қажет. Халықтың рухани өміріне зор әсерін тигізген үздік туындысы "Қазақ хрестоматиясына" ақынның өлеңдері мен әңгімелері кірген. Әңгімелерінің негізгі тақырыптары еңбекті сүю, қадірлеу. Ұстаздың әңгімелерін оқи отыра, білім алушылар оның ұлағатты ойын, үлгі етер өнегесін бойларына азық етеді. Әңгімелесу, пікірлесу, әдеби шағын пікір-таластар өткізу арқылы білім алушылардың бойына жақсы ізгіліктерді қалыптастыруға болады. Ағартушы-ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына үлкен мақсат қойды."Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін" дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздейді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді.

Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту, ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпы халықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті.

"Ананың сүюі" деген өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді. Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетін жеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын, асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Сол сияқты"Аурудан-аяған күштірек" деген әңгімесінде де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың шыдамдылық, төзімділік,имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады. "Бір уыс мақта" деген әңгімесі балаларды ұқыптылыққа тәрбиелесе, "Жеміс ағаштары"әңгімесі бала тәрбиесінде дұрыс бағып-қағудың, дұрыс бағыт берудің маңызды екендігін ашып көрсетеді. Аталған әңгімелердің оқытушылар мен білім алушылар үшін тәрбиелік мәні зор. "Баланы жастан"дегендей, жас кезінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек.

Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды.

Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді.Ұлы ұстаздың қандай шығармасын алсақ та білім алушысының санасын оятып, балаларға үлгі-өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс-әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю,талаптылық, жигерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық т.б. осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.

Ы.Алтынсарин балаларға білім мен тәрбие беру ісінде маңызды роль атқаратын мұғалім дей келіп, оларға бірқатар педагогикалық талаптар қоя білді. Оқу тәрбие ісінде дұрыс қолданған тәсіл жемісін берері хақ дейді. Оқытудың тым теориялық жағын ұстамай, білім алушылардың қабілетіне қарап, үлкен шыдамдылықпен қажырлы еңбек етуді ұсынады.

Бүкіл қазақ халқының жарық жұлдызы болған Ы.Алтынсарин мұралары - өшпейтін мұра. Сол мұрадан сусындаған ұрпағымыз білімді де ойлы, зерделі де тәрбиелі болып шығатынына сенімдіміз.

"Ақын бол, болма өз еркің, азамат болу міндетің" демекші, ұстаз міндеті әр баланың өмірде өз орнын тауып, үлкен азамат болуына үлесін қосу.

Ұрпақ тәрбиесі - ұлттың болашағы. Ендеше сол ұрпақ үшін ұстаз қауымына артылатын жүк оңай емес. Жақсы оқушы, жақсы азамат тәрбиелеу - уақыт талабы.

"Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды"десек,еселі табысымыз туған елге арналады.

Баяндамамды Ы.Алтынсариннің мына нақыл сөздерімен аяқтағым келеді:"Өз Отанымызға қолымыздан келгенше пайда тигізу-әрбір азаматтың парызы,борышы."










































Қосымшалар

Тәрбие бағу-қағудан басталады

Шығармалары

Оқушыларды неге тәрбиелейді?

1

«Әке мен бала» әңгімесі

«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмыска тап боларсьң, азға қанағат етпесең, кептен қарыз қаларсьң», дейді.

2

«Асыл шөп» әңгімесі

- Ол шөп сенің қолыңа түшей ме ден қорқамын, аты - «сабыр» деген, - деді. Сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамды болуға үндейді.

3

«Бақша ағаштары» әңгімесі

Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңдейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.

4

«Байулы» әңгімесі

«Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге аркау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.

5

«Алтын шекілдеуік» әңгімесі

«Не нәрсенін де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар»

6

«Тәкаппарлық» әңгімесі

Кішіпейілдіктен опық жемейсін, тәкаппарлық ұятқа қалдырады.

7


«Мейірімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек»


Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеггерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек . Махаббат - зор сезім.

8

«Талаптың пайдасы»


«Кім талап етсе, сол мақсатына жетеді. Талапты ерге нұр жауар». Өнерге, оны сүюге, талапты болуға, өз бойындағы дарынды тәрбиелеуге шақырады.


9

«Бір уыс мақта» әңгімесі

Үнемшілдікке, қолда барды қадірлей білуге шақырады. Ұқыптылықка тәрбиелейді.


Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
C:\Users\улжан\Pictures\1.png



Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия.
C:\Users\улжан\Pictures\2.png





Қостанай қаласындағы тұңғыш педагог, ұстаздың ескерткіші.C:\Users\улжан\Pictures\Новый рисунок (1).png









Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Почему учителям и воспитателям следует проходить курсы повышения квалификации и профессиональной переподготовки в учебном центре «Инфоурок» ?

• Огромный каталог:  677 курсов профессиональной переподготовки и повышения квалификации;
• Очень низкая цена, при этом доступна оплата обучения в рассрочку – первый взнос всего 10%, оставшуюся часть необходимо оплатить до конца обучения;
• Вы можете начать обучение уже сегодня (группы формируются ежедневно);
• Курсы проходят полностью в дистанционном режиме (форма обучения в документах не указывается);
• Возможность оплаты курса за счёт Вашей организации.
• Дипломы и Удостоверения от проекта «Инфоурок» соответствуют всем установленным законодательству РФ требованиям. (Согласно ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» от 2012 года).
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
Ы.Алтынсариннің өмір жолы,еңбек еткен ортасы, әлеуметтік істері өзгешелеу. Біріншіден, Ыбырай, Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл-педагог. Екіншіден, өзінің шығармаларын қос тілде бірдей жазды. Үшіншіден, соқтықпалы соқпақты, дүбірлі кезеңдерде Ыбырай өз халқымен бірге болып, оның барлық ауыртпалығын бөлісті. Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда, Ыбырайдың шығармашылығы мен өмір жолы инновациялық идеялар мен іс-әрекеттерден тұрады. Ыбырай шығармашылығына арналған зерттеулерге жүгінер болсақ, ол өзінің қолға алған барлық істерінде тұңғыш, негізін қалаушы, көшбасшы ретінде көрінеді.
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.