Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / «Манас» жыры 6-сынып Әдебиет

«Манас» жыры 6-сынып Әдебиет



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың құрылымы.

1

Апта,пәні:қазақ әдебиеті, күні.

3-апта, 2-сабақ.6 «Б»сыныбы. 06.05.2013жыл.

2

Сабақтың тақырыбы

«Манас» жыры

3

Сілтеме

«Манас» жыры, «Аңыз адам» журналы,

6-сынып оқулығы

4

Жалпы мақсаттар

Әлем әдебиеті жайлы, түркі халықтары жайлы мағұлматтар бере отырып, «Манас» жырының мәтінін оқу арқылы мазмұнын ашуға, мазмұнын ашудан соң, талдауға жетелеу және патриот,батыл, өзіне сенімді болуға баулу. Қазақ батырлар жырымен салыстырту.Жырды көркем оқыту.

5

Оқыту нәтижесі

Мәліметтер алады. Оқи отырып,мазмұнын ашады. Мазмұнын аша отырып, талдайды. Салыстырады және жырды көркем оқиды.

6

Түйінді идея

Әлем әдебиетінен ойып тұрып орын алып отырған қырғыз халқының «Манас» жыры, эпостық жырға жатады.Бұл жыр - қырғыз халқының ғана емес,түркі халқына ортақ шығарма.Қазақ батырлар жырларымен сарындас болып келеді.

7

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

8

Сабақтың тегі

Іздендіру сабағы

9

Модульдер

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(Диалогтік оқыту).

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық

10

Әдіс- тәсілдер

Топтық жұмыс. «Мені жалғастыр» стратегиясы.

Венн диаграммасы.Кластер «Ой тастау» стратегиясы.

11

Негізгі дерек

көздер, ресурстар

Оқулық.Слайдтар.Ватман.Маркер.Бағалау парағы.

Түрлі түсті қарындаштар.Тапсырмалар жазылған парақшалар.



Мұғалімнің сабақ бойынша жазбасы

Әлем әдебиеті, «Манас» жыры, 6 «Б» сыныбы,1-сағат.

Ұйымдастыру:сәлемдесу, түгендеу, сабаққа баулу.

Үй жұмысын сұрау.

Үй жұмысына қатысты мынандай сұрақтар жазылған парақшалар таратылады:

1.Д.Исабековтің «Ата үміті» әңгімесі қай повестен алынған?

2.Д.Исабековтің қандай шығармалары бар?

3.Д.Исабековтің туындылары қай тілдерге аударылған?

4. Жазушының «Бекет» атты туындысы қай жылы жарық көрді?

5. «Ата үмітіндегі» кейіпкерлер кімдер? Олардың араларында қандай байланыстар бар?

6. «Дермене» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

7.Тоқсанбайдың дермене жинаудағы басты мақсаты не болды?

8.Ергешбай Омашты не үшін ұнатпады?

Жеке сұрақ:

Тоқсанбай ақсақал әңгіме соңында нендей тілек тілеп келе жатады?

Сергіту сәті. «Балапан» биін бейнетаспадан көріп,музыка ырғағымен дене қимылдарын жасады.

Топқа бөлу.Оқушыларды сапқа тұрғызып,1-4-ке дейін санату арқылы төрттіктерді топтарға бөліп отырғызу.

Жаңа сабақ.

Әлем әдебиеті

«Манас» жыры

1.Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру.

Алғашқы бөлімді оқып,мазмұнын игеру және тақырып қою.Бірінші жеке оқып, одан соң топта мазмұнын игеру.

1-топқа 288-291-беттер; 2-топқа 291-294-беттер; 3- топқа 295-297-беттер;

4-топқа 297-300-беттер.Сөздікпен жұмыс жасалады.

Топ басшылары бағалау жасап отырады.Осыған қосымша жас ерекшелігіне, дарындылығына қатысты, сабақ үлгеріміне де қарай жеке тапсырма беріледі.

2.Бекіту тапсырмалары

1-топ «Манас» жыры мен «Алпамыс батыр» жырына Венн диаграммасын жасау керек.

2-топ «Манас кім?» деген тақырыпта кластер жасайды.3-топ Ақбалта бейнесіне кластер жасайды.

4-топ «Манас» жырын жан-жақты аша отырып тірек сызба жұмысын орындайды.


3.Мақал- мәтел айтысы.Ерлік, батырлық туралы мақалдар айтулары қажет.

Оқушылар әр топтан мақал-мәтелдерді айтады. Айтылып кеткен мақал- мәтелдерді қайталамаулары керек.

4.Жеке тапсырмаларды сұрау.

Жас ерекшелігіне байланысты жырдан үзіндіні көркем оқыту.

Дарынды ақын оқушы Манасқа шығарған өлеңін оқиды.

Үлгерімі төмен С деген оқушыға сөздіктерді жазып,жаттау берілген .

Бағалау.Топ басшылары бағалау парақтарындағы өз бағалауларын оқиды.

Мұғалім бағалауы әр кезеңде жүреді,жинақтық бағаны соңынан қою.

Үйге тапсырма:1. «Манас» жыры бойынша 5 сұрақтан дайындап келу.

2.Үзінді жаттау (өздеріне ұнаған жерлерінен).

3. «Манасшылар деген кімдер? Қазақстандағы тұңғыш манасшы кім?» деген сұрақтарға қатысты мағұлматтар жинап келу.

Кері байланыс. Инсерт әдісі.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Әлем әдебиеті жайлы, түркі халықтары жайлы мағұлматтар бере отырып, «Манас» жырының  мәтінін оқу арқылы мазмұнын ашуға, мазмұнын ашудан соң, талдауға жетелеу және патриот,батыл, өзіне сенімді болуға баулу. Қазақ батырлар жырымен салыстырту.Жырды көркем оқыту.Әлем әдебиетінен ойып тұрып орын алып отырған  қырғыз халқының «Манас» жыры, эпостық жырға жатады.Бұл жыр - қырғыз халқының ғана емес,түркі халқына ортақ шығарма.Қазақ батырлар жырларымен сарындас болып келеді.Мақал-мәтелдерді айтады. Айтылып кеткен мақал- мәтелдерді қайталамаулары керек. Жас ерекшелігіне байланысты жырдан үзіндіні көркем оқыту.Дарынды ақын оқушы Манасқа шығарған өлеңін оқиды.Үлгерімі төмен С деген оқушыға сөздіктерді жазып,жаттау берілген. 

Общая информация

Номер материала: 63569040822

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>