Инфоурок Русский язык КонспектыҚазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

Скачать материал

«Туралы» және «бойынша» септеуліктерін қолдану

«Туралы» септеулігі негізгі нормативтік құқықтық актілердің, яғни: заңдардың, жарлықтардың атауларында қолданылады.

Мысал.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) – Кодекс Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс);

«Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы – Закон Республики Казахстан от 24 декабря 1996 года «О валютном регулировании».

 

Негізгі нормативтік құқықтық актілердің атауларында құжаттың атауы мен құжат түрі бас әріппен жазылады (Заң – Закон, Жарлық – Указ). Егер сөйлемде құжаттың атауы қолданылмаса, онда құжат түрі кіші әріппен жазылады:

Перзидент жарлығы туралы әртүрлі салалардың мамандары өз пікірлерін айтты. – Специалисты различных отраслей высказали свое мнение об указе Президента.

Құжаттардың келесі түрлері: қаулы – постановление, ереже – положение, шешім – решение, заңнама – законодательство, өкім – распоряжение, хаттама – протокол, бұйрық – приказ – кіші әріппен жазылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже – Положение о Национальном архивном фонде Республики Казахстан.

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпараттар министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі №128 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару Үлгілік ережелерінің 33-тармағына сәйкес: «Мәтіннің тақырыбы құжаттың мазмұнын қысқаша, анық беруі тиіс. Ол құжат түрінің атауымен келісіп, «не туралы?» («Кім туралы?»), «нені» («Кімді?») деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Мысал.

*Сақтауға жататын мөр-бланкілік өнімнің жарамсыз даналарын жоюға бөлу туралы акт – Акт о выделении к уничтожению испорченных экземпляров печатно-бланочной продукции, подлежащей защите.

*Іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықты енгізу туралы бұйрық – Приказ о введении Инструкции по делопроизводству.

*Хабарлама-хат: Тыңдаушыларды қабылдау туралы – О зачислении  слушателей.

*Хабарлама: Еңбек кітапшасын алу туралы – О получении трудовой книжки.

Мемлекеттік тілдегі мәтінде «туралы» септеулігі үйлесетін сөздер, атау септігінде қолданылады, сондықтан құжаттардың атауы (шарт – договор, бұйрық – приказ және т.б.) з-жақтың тәуелдік жалғауларынсыз қолданылады.

Мысал.

Ақылы қызмет көрсету туралы шарт – договор об оказании возмездных услуг.

«Туралы» септеулігі нормативтік құқықтық актілердің атауларында құжаттың жалпы тақырыбы ретінде, сондай-ақ ресми құжаттардың (бұйрықтың, актінің, шарттың және т.с.с.) атауларында журналда тіркеуге арналған тақырып ретінде қолданылады. 

«Бойынша» септеулігін қолдану

Бөлім атаулары

 

Названия отделов

Монетарлық операциялар бойынша есеп айырысу бөлімі

 

Отдел расчетов по монетарным операциям

Басшылықтың қызметін қамтамасыз ету бойынша құжат айналымы бөлімі

 

Отдел документооборота по обеспечению деятельности руководства

Мемлекеттік емес ұйымның істер номенклатурасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар

 

Методические рекомендации по разработке номенклатуры дела негосударственной организации

Сонымен бірге, валюталық режімді одан әрі ырықтандыру үшін қажетті шарт болып табылатын қаржы секторының тәуекелдерін азайту және пруденциалдық реттеуді жетілдіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.

 

Кроме того, осуществлялись мероприятия по снижению рисков финансового сектора и совершенствованию пруденциального регулирования, что является необходимым условием дальнейшей либерализации валютного режима

«Бойынша» септеулігі бөлімдер атауларында, құжаттар атауларында, құжаттардың мәтіндерінде белгілі бір нысанға қолданбалы әрекетерді бағыттау мағынасында қолданылады.

 

«Қатысты» септеулігі туралы бір ауыз сөз

Қате.

Техникалық салалардың мамандары құжат атауында «қатысты» сөзін жиі қолданады. Бұл дұрыс емес. Құжаттамаларды ресімдеу стандарттары (Үлгілік ереженің 33-тармағы) бойынша құжат тақырыптары атауында «туралы» септеулігін қолдану қажет. Ал «қатысты» сөзі мәтіннің тақырыбын ашпайды, яғни мынадай мағына пайда болады: «осы тақырыпқа қатысты, бірақ бұл жөнінде емес».

Осылайша, келтірілген мысалдардың негізінде біз, орыс тіліндегі «о» (об) көмекші сөзі мемлекеттік тілдегі ұқсас мәтінде «туралы» және «жөнінде» ретінде аударылады, ал орыс тіліндегі «по» көмекші сөзі мемлкеттік тілдегі ұқсас мәтінде «жөнінде» және «бойынша» септеуліктері түрінде пайдаланылады.

Осы септеуліктерді мемлекеттік тілдегі мәтіндерде дұрыс қолдану үшін, олардың мән-мәтіндегі мағынасын айыру қажет.

Тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмалар. Нүктелердің орнына мағынасы бойынша қажетті «туралы», «жөніндегі», «бойынша» септеуліктерін қойыңыз.

1. Сыртқы экономикалық операциялар ... ақпарат базасын жетілдіру валюталық операцияларды жүргізудің рұқсат беру тәртібінен кейіннен мониторинг жүргізуге және іріктемелі бақылау жүйесіне тиімді көшуді қамтамасыз етеді.

 

1. Совершенствование информационной базы о внешнеэкономических операциях обеспечит эффективный переход от разрешительного порядка проведения валютных операций к системе последующего мониторинга и селективного контроля

2. Нарық субъектілерінің ішкі немесе шетелдік активтерге салымдар ... шешімдер қабылдауы экономикалық факторлармен айқындалады.

 

2. Принятие решений субъектами рынка о вложении во внутренние или иностранные активы определяется экономическими факторами

3. Осы заңға сәйкес валюталық реттеу … нормативтік құқықтық актілер қабылданып, жаңа немесе өзгертілген редакцияда қолданылуда.

 

3. согласно данному закону приняты и действуют в новой или измененной редакции все нормативные правовые акты по валютному регулированию.

4. 2003 жылдың ішінде банктер аудиторлық ұйымдардың ескертулеріне сәйкес көрсетілген жүйелерді ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою … жұмысты жүргізді.

 

4. в течение 2003 года банками была проведена работа по устранению недостатков  в организации указанных систем в соответствии с замечаниями аудиторских организаций.

5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлкеттік реттеу мен қадағалаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері ... өзгерістер мен толықтырулар енгізу ...».

 

5. «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам организаций единой системы государственного регулирования и надзора финансового рынка и финансовых организаций».

6. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау ... ақпаратқа талдау жасалды.

 

6. Был проведен анализ информации по лицензированию операций, связанных с использованием валютных ценностей.

7. Халықаралық валюта қорының валюталық режимді  ырықтандыру мәселелері ... техникалық көмек миссиясы сыртқы күйзеліс индикаторларын ішкі қаржылық сектордың жай-күйі және оның сыртқы конъюнктураның жағымсыз дамуына әсер ету қабілеті ... бірдей мәлімет алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді; капитал ағыны және оны пайдалану, валюталық активтер мен пассивтердің құрылымы ... жан-жақты ақпаратты қамтитын ерте хабардар ету индикаторлары жүйесін құру қажеттігін бірнеше атап көрсетті. 

 

7. Миссии Международного валютного фонда технической помощи по вопросам либерализации валютного режима неоднократно подчеркивали необходимость создания системы индикаторов раннего оповещения, включающей индикаторы внешних шоков; показатели, позволяющие получать адекватную картину о состоянии внутреннего финансового сектора и его способности реагировать на неблагоприятное развитие внешней конъюнктуры; детализированную информацию по потокам капитала и его использованию, структуре валютных активов и пассивов.  

8. Сізге ұйымға жүргізілген аудиторлық тексеру ... дайындалған анықтаманың үзіндісін келісуге және қол қоюға жіберіп отырмыз.

 

8. Направляем Вам на согласование и подписание выпуску из справки по аудиторской проверке организации.

9. Қазіргі кезде жаңа өнімге бағаны белгілеу ... мәселе шешілмей отыр.

 

9. В настоящее время остается нерешенным вопрос об установлении цен на новую продукцию.

10.Төлем жүйелері департаменті «ХХХ» автоматтандырылған жүйесін құру ... жұмыс тобының құрамын өзектендіруге қатысты 2011 жылғы 30 мамырға дейін қатысушылардың кандидатураларын ұсынуды сұрайды.

 

10. Департамент платежных систем касательно актуализации состава рабочей группы по созданию автоматизированной системы «ХХХ» просит в срок до 30 мая 2011 года представить кандидатуры участников.

11. Жаңа дербес компьютерлерді бөлуге және департаментінсіз пайдаланып жүрген Бағдарламалық қамтамасыз ету сертификаттарын жаңарту қажеттілігіне байланысты Сізге жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің жиынтық тізбесі мен 2006 жылғы 06 мамырдағы жағдай ... компьютерлер саны ... мәліметтерді жіберіп отырмыз.

 

11. В связи с распрелением новых персональных компьютеров и необходимостью обновления сертификатов программного обеспечения, используемого в Вашем департаменте, направляем сводный перечень общесистемного и прикладного программного обеспечения и сведения о количестве компьютеров по состоянию на 06.05.2006.   

12. 2006 жылғы аудиторлық тексеру нәтижелері ... орындау мерзімі 2007 жылғы 01 шілдеге дейінгі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ... шаралар қабылдау қажеттілігі ... ескертеміз.

 

12. Напоминаем Вам о необходимости принятия мер по обеспечению аыполнения мероприятия по результатам аудиторской проверки 2006 года со сроком исполнения 01.07.2007

Дұрыс жауаптар:

1.     Жөніндегі

2.     Жөніндегі

3.     Бойынша

4.     Бойынша

5.     Бойынша, туралы

6.     Жөніндегі

7.     Жөніндегі, туралы, бойынша

8.     Бойынша

9.     Жөніндегі

10. жөніндегі

11. бойынша, жөніндегі

12. бойынша, жөніндегі, туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу        №3(51) 2011ж.

 

Ресми құжаттарда аты, әкесінің аты, тегінің дұрыс жазылуы

Мемлекеттік тілде құжаттар жасау кезінде көбісі тегін, атын және әкесінің атын (бұдан әрі – Т.А.Ә.) жазуға байланысты қиналады. Біз сіздердің назарларыңызға осындай проблемаларды игеруге көмегі тиетін мақаланы ұсынып отырмыз.

Біз ең алдымен Қазақстан Республикасының заңына сүйенгеніміз жөн. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 11.07.1997 жылғы №151-1 Заңының 20-бабында: «Ресми құжаттарда жеке аты, әкесінің аты, тегі Қазақстан Республикасының заңнамаларына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазылуы тиіс» - деп көрсетілген.

Назар аударыңыз.

Ресми құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларында бұл азаматтың жеке куәлігіне сәйкес жазылуы тиіс.

Егер ұлты қазақ азаматтың жеке куәлігінде Т.А.Ә. орыс тілінде жазылса, онда ресімделетін құжатта да қазақ және орыс тіліндегі нұсқалары орысша жазылуы қажет.

Егер ұлты қазақ азаматтың жеке куәлігінде Т.А.Ә. қазақша жазылса, мысалы, Өмірбайұлы Сақтаған, онда ресімделетін құжаттың орыс және қазақ тілді нұсқаларында субъектінің Т.А.Ә.қазақ тіліндегі жеке куәлігіне сәйкес (құжаттың мәтіні қай тілде ресімделетініне қарамастан!) жазылады.

Заңнан үзінді.

2009 жылдың 25 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру және құжаттамалық басқару типтік ережесінің 10-бабы бойынша: «Құжаттар мемлекеттік тілде жасалады, онымен қатар орыс тілі ресми қолданылады, ал Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңында қарастырылған жағдайларда, басқа да тілдер қолданылады. Мемлекеттік тілдегі құжат және бір уақытта өзге тілде жасалатын аутентикалық құжат әр қайсысы жеке бланкілерде (жеке парақта) басылады және бірдей реквизитпен ресімделеді».

Назар аударыңыз.

Тиісінше, құжаттың әр нұсқасын жеке бланкіде (парақта) басып шығару қажет, қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларда азаматтың Т.А.Ә. жеке куәлігі бойынша ресімделеді.

Жеке куәлігі бойынша ресми құжаттарды заңды түрде ресімдеген жөн, өйткені әртүрлі қиындықтардың туындауы мүмкін. Мысалы, құжат ресімделген азаматтың Т.А.Ә. мемлекеттік тілде бір данада жасалып, қазақ қарпімен ресімделсе, ал оның Т.А.Ә. жеке куәлігінде қазақ қарпінсіз орысша жазылған болса, онда бұл құжаттың кез-келген инстанцияларда (банкте, сотта, ҚҚО, әкімшілікте және т.б.) заңдық күші болмайды, өйткені құжатта жазылған азаматтың Т.А.Ә. оның жеке куәлігінде жазылғандарға сәйкес келмейді.

Егер құжат (мысалы, шот-фактура) азаматқа оның жеке куәлігі бойынша жасалғанны ңөзінде, банк қызметкері шот-фактураны азаматтың жеке куәлігімен салыстырып, субъектінің деректер базасындағы СТТН тексереді. Егер онда азаматтың тіркелген тегінде ұзақ дауысты «и», ал оның жеке куәлігінде және құжатта (шот-фактурада) – қысқа дауысты «й» болатын болса, оның шот-фактурасын қабылдамайды, ол жарамсыз деп саналады.

Мұндай проблемаларды болдырмас үшін, барлық қазақ және орыс тілдеріндегі ресми құжаттарды жеке куәлігі бойынша ресімдеу қажет.

 

Адресаттың тегін, атын, әкесінің атын жазу

Типтік ереженің 30-бабына сәйкес: «... ұйымның құжатын, оның құрылымдық бөлімшесіне, лауазымды тұлғаға жолдау кезінде, олардың атауы жазу әріптерімен, жартылай қалың қаріппен атау септігінде, құжат бағытталған лауазымды тұлғаның атауы – барыс септігінде жазылады.

Құжатты ұйым басшысына жолдау кезінде оның атауы адресаттың лауазымдары атауының құрамына кіреді. Құжатты жеке тұлғаға жіберу кезінде пошталық мекен-жайы, ол сонан соң – алушының тегі, аты жөні көрсетіледі. Ұйым ішінде хат алмасу кезінде, лауазымды тұлғаның тегі және инициалдары барыс септігінде көрсетілуі мүмкін» (1-қосымша).

1-қосымша.

Жолданған жері:

Жолданған жері:

Адресат:

1. «Оралстройматериалы» АҚ

Жабдықтау және өткізу бөлімі

 

090012, Орал қ.,

Евразия даңғылы, 89-үй

1. АО «Оралстройматериалы»

Отдел снабжения и сбыта

 

090012, г.Уральск

Пр-т Евразия,89

2. «Болашақ» АҚ

Бухгалтерия

Аға экономист

К.Ж.Сакеноваға

2. АО «Болашақ»

Бухгалтерия

Старшему экономисту

Сакеновой К.Ж.

3. «Востоктранссервис» фирмасының президенті И.П.Мұратовқа

 

492000, Өскемен қаласы, Манас көшесі, 15-үй

3. Президенту фирмы «Востоктранссервис» Муратову И.П.

 

492000, г.Усть-Каменогорск, ул.Манаса,15

4. 050009, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 11-үй, 31-пәтер

А.Жұмабаевқа

4. 050009, г.Алматы,

ул.Желтоксан, д.11, кв.31

Жумабаеву А.

 

Грамматикалық тұрғыдан, адресаттың мемлекеттік тілде ресімделуі мен орыс тілінде ресімделуі арасында граммматикалық алшақтықтар болады. Мысалы, орыс тіліндегі нұсқада, 2-ші жағдайда: «Старшему экономисту Сакеновой К.Ж.», 3-жағдайда: «Президенту фирмы «Востоктранссервис» Муратову И.П.», барыс септігінің жалғауы адресаттың лауазымына және тегіне жалғанып тұр. Қазақ тіліндегі нұсқада, 2-жағдайда: «Аға экономист К.Ж.Сакеноваға» және 3-жағдайда: «Востоктранссервис» фирмасының президенті И.П.Мұратовқа», барыс септігінің септік жалғауы тек адресаттың тегіне ғана жалғанады, ал оның лауазымы Атау септігінде қолданылады.

Адресатты қазақ және орыс тілдерінде жазудың келесі ерекшеліктері инициалдарының жазылуында болады. Адресаттың инициалдары қазақ тілінде тегінің алдына жазылады «К.Ж.Сакеноваға, И.П.Мұратовқа», орыс тілінде – тегінен соң жазылады «Сакеновой К.Ж., Муратову И.П.»

 

Қол қоюды ресімдеу

Типтік ереженің 37-бабаында: «... құжатқа қол қойғанда:

1. құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның атауы (егер құжат бланкіде ресімделмесе), құрылымдық бөлімшенің немесе ұйымның ресми атауы;

2. жеке қолы және аты-жөні (аты  мен тегінің инициалдары) көрсетіледі деп айтылған (2-қосымша).

2-қосымша

Бланкіде емес

«ВОСТОК» АҚ

Конкурстық басқарушысы           өз қолы                    Д.Сагинбаев

 

Не на бланке

Конкурсный управляющий

АО «ВОСТОК»                            личная подпись       Д.Сагинбаев

 

Бланкіде

Директор                                       өз қолы                     М.Мұхтаров

 

На бланке

Директор                                        личная подпись      М.Мұхтаров

 

Өздеріңіз байқап отырғандай, «Қолы» реквизитін ресімдеу, «Адресат» реквизитін ресімдеуден ерекшеленеді. «Қолы» реквизитін ресімдеу кезінде, әкесінің аты инициалы жазылмайды, ал атының инициалы тегінің соңына емес, алдына жазылады.

 

Тегіне септік жалғауларының жалғануы

Ресми құжаттарда атын, әкесінің атын, тегін орыс тілінде толық ресімдеу кезінде септік жалғау атына, әкесінің атына және тегіне де жалғанады. Мысалы, бұйрықтарда:

Мысал.

Приказываю:

Прекратить 20.11.2009 трудовой договор с Жунусовой Лилией Ермековной, менеджером отдела маркетинга, в связи с истечением срока, согласно подпункту 2) статьи 51 Трудового кодекса Республики Казахстан.

Или

Приказываю:

Принять 04.09.2009 Камашеву Перизат Сакеновну на должность менеджера по хозяйственным вопросам

 

Ресми құжаттарда атын, әкесіні атын, тегін мемлекеттік тілде толық ресімдеу кезінде септік жалғау субъектінің тек тегіне ғана жалғанады, аты мен әкесінің аты тегінің алдында атау септікте (кез-келген құжаттың мәтінінде) қолданылады.

 

Мысалы, қызметтік хатта:

Қызметкерлерді басқару бөлімінің маманы Елена Николаевна Перованы Астана қаласындағы «Сенім» АҚ филиалына тоқсандық есеп құрастыруда тәжірибелік көмек көрсету мақсатында 2010 жылғы 12-16 тамыз аралығында 5 күнге қызметтік іссапарға жіберуіңізді сұраймын.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кеңсесі басшысының 2005 жылғы 3 қазандағы №и-536 «Құжаттарды дайындау кезінде терминдер мен сөз тіркестерін қолданып, әртүрлі атауларды жазудағы қысқаша анықтамалығының» 24-бабында:орыс тіліндегі құжаттарда «... қатаң немесе жіңішке дыбыстармен аяқаталатын, әйел азаматшалардың тегі септелмейді» деп көрсетілген. Мысалы: Маиря Озолинг – Марии Озолинг, Елена Коломиец – Елены Коломиец.

А-жалғауының алдында дауысты и қарпі болатын тектер де септелмейді. Мысалы: Гарсиа, Гулиа.

Екпінді дауыстылар а, -я, қаріптерімен аяқталатын славяндық емес тектер де есептелмейді. Мысалы: Дюма, Золя.

-аго, -яго, -ово, -их, -ых, -ях, -ко аяқталатын тектер де септелмейді. Мысалы: семаго, Седых, Гладких, Петренко.

Қазақ тіліндегі мәтіндерде осы тектердің бәрі септеледі: Мария Озолингке, елена Коломиецке, Гарсиаға, Гулиаға, Дюмаға, Золяға, Семмагоға, Седыхқа, Гладкихқа, Петренкоға.

Қазақ, славян немесе өзге ұлттардың тектеріне септік жалғаудың жіңішке немесе қатаң түрлерін жалғауды таңдау кезінде, сөздің соңғы дауысты буынына бағдарлану қажет. Егер жіңішке дауыстылар болса («ә», «ө», «і», «ү», «е»), онда жіңішке жалғау жалғанады, мысалы: Зверевке. Егер соңғы буында жуан дауыстылар болса «а», «о», «ы», «ұ», онда жуан дауысты жалғау жалғанады, мысалы: Копыловқа.

Дауысты «и», «у» жіңішке және жуан болуы да мүмкін, бұл сөздегі жетекші дауыстыға байланысты.

Егер сөз «ё», «э», «ю», қаріптерімен аяқталатын болса, онда жіңішке жалғаулар жалғанады, мысалы: Воробьевке. (қараңыз: С.М.Исаев. Қазақ тілі. С.14).

Егер сөз «х» қарпімен аяқталатын болса, онда қатаң жалғау жалғанады, мысалы: Седых, Гладких (қараңыз: Қазақ тілі. ҰБТ дайындалу: «Шың» баспасы. С.19).

Мемлекеттік тілдегі құжаттардың мәтінінде қазақ ұлты тұлғаларының аты және әкесінің аты, тегінің алдында жалғаусыз қолданылады, септік жалғауы мәтіннің мәніне байланысты тек тегіне жалғанады.

Мысал.

Қызметкерлерді басқару бөлімінің маманы Елеукен Нартаевич Пернебаевты ... қызметтік іссапарға жіберуіңізді сұраймын. (Прошу направить в служебную командировку ... специалиста отдела управления персоналом Пернебаева Елеукена Нартаевича ...).

-ов-/-ев- жұрнақтары ер адамның қазақы тегінде жіңішке немесе жуан септік жалғауларының жалғануына әсер етпейді. Септік жалғаулардың қазақ ұлты тегіне жалғануы кезінде тек түбірінің соңғы буынындағы дауысты дыбыс рөл атқарады.

Яғни, «Пернебаев» тегінде «-бай» түбіріндегі соңғы дауысты «а» жуан, сонда, «Пернебаев» тегіне «-ты» жуан жалғау жалғанады. «Есимов» тегіне «-ті»жіңішке жалғауы жалғанады, өйткені «Есім» сөзінің түбіріндегі соңғы дауысты дыбыс «і», – жіңішке.

«ТрансСтройСервис» ЖШС                 Директору Филиала

Филиалының директоры                      ТОО «ТрансСтрой Срвис»

Б.К.Есімовке                                             Б.К.Есимову

 

Дауысты «а» қарпімен аяқталатын ұлты қазақ әйел азаматшалардың тегін ресімдеу кезінде, әрдайым жуан жалғаулар жалғанады, өйткені дауысты «а» – жуан болып саналады.

Мысал.

өкімнің орындалуын бақылау директордың орынбасары Е.Г.Баедиловаға жүктелсін (Возложить контроль исполнения распоряжения на заместителя директора Баедилову Е.Г.).

«Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №2923 Жарлығы бойынша «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуға тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады».

Осы жарлық қазақ хылқының салт-дәстүріне сәйкес «ұлы» немесе «қызы» морфемасымен жазу ұлты қазақ тұлғалардың құжаттарын ресімдеу кезінде өте қолайлы, өйткені септік жалғауы тегіне жалғанады. Мысалы: Жадыра Сәрсенбайқызына, Омар Битуғанұлына және т.с.с..

Соңғы уақытта ұлты қазақ тұлғаларының тегін «ұлы», «қызы» жалғауынсыз түбірлі формасымн қолдану сәнге айналуда, бұл құжаттарды ресімдеу кезінде үлкен қиындықтарға соқтырады. Бұл жағдайда: азаматтың қайсысы аты, ал қайсысы тегі және қай атына септік жалғауын жалғау қажет екендегі түсініксіз. Мысалы: Бижан Нұржан.Мұның қайсысы аты, ал қайсысы – тегі?

Азаматтың атына септік жалғауын жалғау қате болады, ал осылайша жасалған құжаттың ешқандай да инстанцияларда заңдық күші болмайды, өйткені оның жеке куәлігі бойынша басқа аты тегі болып саналады.

Және әйел азаматшалардың да есімдерімен құжат жасауда оңай болмайды. Яғни, кейбір аймақтарда ер азаматтардың есімдері әйел есімдерімен де аталады. Мысалы: Самал Мұрсал, Саяхат Баян және т.с.с. осы мысалдардың қайсысында әйел, қайсысында ер адамның есімі?

Мысалы: азаматшаның Т.А.Ә. «Сүлеймен Рәзия Бүркітқызы» арыз жазу кезінде: Р.Б.Сүлейменнен деп ресімделеді. Осы жазу бойынша еш нәрсе де түсінікті емес: арыз жынысы қандай тұлғадан жазылғаны белгісіз, өйткені құжатта аты және әкесінің аты инициалдар ретінде қолданылуда, ал толық формада септік жалғау жалғанатын тегі көрсетілген.

Біздің көзқарасымыз бойынша ең оңтайлысы, (қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша) азаматтың бірінші атын, сонан соң – оның тегін қолдану болып саналады. Мысалы: Қамар Балтабайқызы немесе Сұңқар Батырбекұлы.

 

 

Есіңде болсын, бұл маңызды....

·        Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар бас әріппен жазылады:

«Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін»медалі, «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелік белгісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы.

·        Әскери және ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер кіші әріппен жазылады:

1.     Авиация маршалы (Ескерту: Егер авиацияның Бас маршалы болса, бас әріппен жазылады)

2.     Армия генералы, генерал-майор.

3.     Профессор, академик, техника ғылымдарының докторы, доцент.

·        Мерзімді баспасөз атаулары тырнақшаға алынып, бас әріппен жазылады:

«Тіл» журналы

«Айқап» журналы

«Егемен Қазақстан» газеті

«Қазақстан әйелдері» журналы

·        «Мемлекеттік» деген сөз мынадай реттерде бас әріппен жазылады:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Ескерту: Төмендегідей жағдайларда «Мемлекеттік» сөзі кіші әріппен жазылады:

Мемлекеттік ұйым

Мемлекеттік орган

Мемлекеттік басқару органдары

Мемлекеттік меншік

Мемлекеттік комиссия

·        Дүниежүзілік қоғамдық ұйымдардың аталары бас әріппен жазылады:

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі

·        Ресми құжаттарда күрделі атаулардың қысқарған нұсқасы қолданылады және олар бас әріппен жазылады:

ЕтЗК – КЗоТ – Еңбек туралы заңдар кодексі

БҰҰ – ООН – Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҚР АҚ – ГК РК – ҚР Азаматтық кодексі

АҚ – АО – Акционерлік қоғам

ХҚО – ЦОН – Халыққа қызмет көрсету орталығы

ЖК – ИП – Жеке кәсіпкер

ҰБТ – ЕНТ - Ұлттық бірыңғай тест

·        Төмендегідей атауларда барлық сөз бас әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Президетінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының Парламенті

Қазақшаланбайды!
САММИТ, УЕФА, ЮНЕСКО, НАТО.
Бұларға жалғанатын қосымшалар дыбысталуына сәйкес жалғанады.

 

 

 

Ресми құжаттардағы грамматикалық қателер

Сөздердің септік формаларын анықтау қазақ және орыс тілдерінде әр түрлі болады. Дәл осы ерекшеліктер сөйлемді орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде орыс тілінің септік формаларын қазақ тіліндегі сөйлемдерде қате қолдануға итермелейді.

Орыс тілінде тәуелді сөздің септік формасын анықтау үшін, етістікпен немесе басқа да сөз таптарымен айтылған негізгі сөзден сұрақ жеткілікті (ехать (на чем?) на автобусе – предложный падеж).

Қазақ тілінде сөздің септік формасын анықта үшін басыңқы сыңарынан бағыныңқы сыңарына жеке сұрақ қою қажет. Сонымен бірге сұрақты дұрыс қою керек. Осыны істеу үшін, бірінші осы сөздің мағынасын мән-мәтінде анықтап алу қажет. әр септік формасының нақты мағынасы болады.

 

Барыс септігі формасындағы сөздердің мынадай мағыналары болады:

Іс-әрекет бағытталған тұлға, мағына немесе іс-қимыл

 

Келісуге Заң департаментіне беріңіз.

Отдайте на согласование в юридический департамент.

Темекі шегуге болмайды! Курить нельзя!

Сіздерге ескерткім келеді. Хочу вас предупредить.

Форумға қатысаымн. Буду участвовать в форуме. Конференцияға қатысушылар. Участники конференции.

Қозғалыс бағыты

 

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментіне кетті. Пошел в Департамент по работе с персоналом.

Уақыт, бұған дейін іс-әрекеттер орындалуы тиіс

 

Сізден 2011 жылғы 05 мамырға дейін жауап беруіңізді сұраймыз. Просим Вас дать ответ до 05 мая 2011 года.

Сізден 2011 жылғы 05 маусымға мәліметтерді ұсынуыңызды сұраймыз. Просим Вас предоставить сведения к 05 июня 2011 года.

Бір нәрсеге арналған

 

Көруге арналған. Предназначен для просмотра.

Себепті байланыс: бір нәрсемен сәйкес, бір нәрсеге орай

 

 

Іс-әрекеттердің орындалу мақсаты

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ тiлiнің мемлекеттiк тiл pemiндe қызмет emyiнiң алғы шартmарының бiрi - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет emyi және соған орай ic қағаздарының қазақша жүргiзiлyi. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тiлi бiр жүйеге түспей, стильдiк жағынан қалыптаспай, мемлекеттiк ресми құжат¬тардың барлығы алдымен қазақ тiлiнде жазылмай, барлық құрылымдағы ic қағаздары қазақ тiлiнде жүргiзiлмей қазақ тiлiнiң қолданыс аясы, қызмет қарымы өpiciн кеңейте aлмайды. Іс қағаздары қоғам өмiрiнде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саясu, тарихи, құқықтық, экономuкалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәciпopын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда ic қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзi бола алады. Құжаттар фактiлердi, оқuғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтiн айғақ қызметiн де атқарады. Іс қағаздары - басқару қызметiндегi негiзгi бiр сала. Ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың қызмет emyi барысында шығарған түрлi шешiмдерi, басқару icmepi, атқарған қызметi ic қағаздарынан айқын көрiнедi.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 987 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2014 2564
    • DOCX 132 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Купашева Жанар Тулегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Купашева Жанар Тулегеновна
    Купашева Жанар Тулегеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10184
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 36 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Русский язык")

Учитель русского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проектирование и проведение современного урока русского языка с учетом реализации ФГОС основного и среднего общего образования нового поколения

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 322 человека из 64 регионов

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции