Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыҰлы жібек жолы және оның тарихи маңызы

Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы

Скачать материал

Қызылорда қаласы

№171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

Тарих пәні мұғалімі:Насырова Бахыт Ахметбекқызы

6 001

Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолы   және  оның   тарихи    маңызы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес,халықаралық қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету. Қазақстан территориясын басып өтетін жолдың сауда-экономикалық дамуын қазіргі заманмен салыстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.Ұлы Жібек жолы , қазіргі заманда бүкіл әлемдегі туризмнің экономикалық маңызды тармақтарының бірі болып   отыр. Осы жолда  болған маңызды оқиғаларға сүйене отырып жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу.
Білімділік: Қазақстан Республикасының әлемдегі орнын терең білуге,ой-пікірін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,жүйелі ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше қорытынды жасау, бағыт-бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық намысын оятуға,адамгершілік сана-сезімін қалыптастыруға,туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,кестелер.Ұлы Жібек жолының картасы мен қосымша әдебиеттер.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс,пікір алысу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын,оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

                   Үй тапсырмасын сұрау

1.Дәстүрлі  қазақ  қоғамында “қарқаралы  көшті”бастаған  қарқаралы  түйені  кім  жетекке  алады?

2.Ислам  дініне  дейінгі  қазақтарда  мал  шаруашылығына  тікелей  байланысты  құрал-саймандарды  киелі  деп  санаған.Әсіресе,әйел  адамдар  аттап  өтуге  тыйым  салынады?Бұл  қандай  құрал?

3.Күйеу  жағынан  келғен  бас  құданың  қалыңдыққа  берген  сыйлығы?

4.Қазақ  халқының  түсінігі  бойынша  өсімдік  жемістерін,тау  жуасын  не  басқа    жарамды  өсімдіктерді  жеуге  рұқсат  етіледі?

5.Қазақ  халқында  жастар  жиынында  ойналатын  күлдіргі  ойын?

6.Араб  қолбасшысы  Кутейба  Хорезм,Бұхара,Самарқан  қалаларын  қай  жылдары  жаулап  алды?

7.Қазақтар  ислам  дінінің  сопылық  ағымын  ұстанған.Бұл  ағымның  бір  қасиеті  қандай?

8.Исламның  таралуына  еңбек  сіңірген  Қараханның    есіміне  байланысты   аталады?    

ІІІ. Жаңа тақырып

                                 Жоспары:

1.Ұлы  жібек  жолының  пайда  болу  тарихы?

2.Ұлы  жібек  жолындағы  сауданың  шаруашылықтың  дамуына  тигізген  әсері?

3. Ұлы  жібек  жолының  халықаралық   мәдениеттің  дамуына  тигізген  әсері?

4. . Ұлы  жібек  жолының   халықаралық  қарым-қатынастағы  тарихи  маңызы?

5.Қазақстан  аумағындағы Ұлы  жібек  жолының   тармақтары?

6.Жібек  жолының  әлеуметтік-экономикалық  маңызы.

Бір көпестің сауда сапарын ортағасырлық Шығыс ақыны Фирдауси былай деп суреттейді:

Таңдаулы мыңға жуық түйе тізген,

Жүк артқан келе жатыр бай керуен.

Жүз жирен түйесіне дирхем артқан,

Тағы да қырық түйе динар артқан.

Мускус пен таңдаулы алой теңдері бар,

Қызықтырып сәндікпен жібектер сал.

Осыларды Шын мен Мысыр, Иран сатып,

Керуенге ерген отыз түйе алған артып

Құпия... Осы сөздің өн бойында адамды өзіне тартатын қанша жұмбақ бар десеңізші! Тынымсыз, білуге құмар Жер бетінің тұрғыны үнемі ғасырлар қойнауындағы қатпарлардың жұмбақ сырын шешуге ұмтылған. Күндер өте береді, біз осы уақыт мезеттерінің жылдарды, ғасырларды, мыңжылдықтарды құрайтындығын байқамай да қаламыз.Шынында да бұл жол үнемі Жібек және тегіс болмаған. Ұлы жол сауда мен мәдени қарым – қатынастар жасауға қолайсыз болған кезеңдерді де басынан өткізген.Сол уақытта түсіністік пен бейбіт күндердің орнын қастық пен араздық басқан.

     Бір қазақ жазушысының кейіпкері былай дейді: «Жібек жолы жабылып қалғанға ұқсайды? Е, демек ақырзаманның жақындағаны ғой!»

     Континентарлық күретамырдағы және жолдағы халықтар қарым- қатынастарының маңызы жоғары болғаны соншалық, мұны «Патша жолы», «Халықтар жолы » деп те атаған...

      Соғыс өрті қайнап,өзендер ағысын өзгертіп, теңіздер кеуіп жатса да, Ұлы Жібек жолы өзінің таңғаларлық тауарларымен, кезбе әртістердің өнерімен және тамаша адамдардың кездесулерімен жалғаса берді. Ұлы жол таланттарды туғызбай қоймады. Себебі бұл жермен жер жүзінің барлық адамдары жүріп өтетін. Жолды сауда ағыны десе болғандай еді. Озық ойлар мен пікір алмасулар, географиялық жаңалықтар, жерді игерудің жолдары мен әдіс – тәсілдері, қалалар салу, сәулет өнері т.б жөнінде дамылсыз пікір алмасулар жүріп жататын.Әртүрлі халық бұл жерге өз өлеңдерін, әндерін, билерін, музыкасын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін ала келетін. Осының нәтижесінде адамзаттың ғасырлар, мыңжылдықтар бойы жинаған тәжірибелері баии түсті.

     Бірақ жол бойындағы қалалар өркендеуімен қатар жойылып кету қаупін де бастан кешірді. Оларды өрт шалды, аштықтан құтылудың жолын іздеген адамдар қалаларды тастап кетті. Неше қилы заман өтті. Кейбіреулері ойрандалып бүлінді. Кейбір орталық қалалар мәңгі құрдымға кетті, кейбіреуі осыған қарамастан жаңғырып, жүргіншілерді зәулім көк күмбезді мазарлар өз көркімен таңдандыра берді.

     Теңіздің арғы жағынан әкелінген тауараларымен, түрлі-түсті киімдерімен көп тілді   шығыс базарларының аты кеңінен жайылды. Түйе керуендерінің қай жақтан келгендігі мен, саудагерлер мен керуеншілердің қандай дінге сенетіндіктерімен ешкімнің ісі болмады. Мешіттер, шіркеулер, синагогтар, будда шіркеулері салынды.

     Өз үйінің табалдырығынан аттап шығып, адам баласының аяғы баспаған жерде homo sapiens қандай ойда болды екен? Жүздеген жылдар бұрын Ұлы Жібек жолына шыққан адамдарды осы ойлар мазалаған болу керек. Айтпақшы, бұл әдемі әрі үндесіп тұрған жолдың аты «Халықтар Жолы» жойылғаннан кейін пайда болды! Авторы – 1877 жылы «Қытай» атты кітабын шығырған неміс тарихшысы Фердинанд Рихтгофен. Осы ғылыми басылымда алғаш рет «Ұлы Жібек жолы» термині айтылды.

     Бұл тарихи шежіренің ерекше тарауы – ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ! Ең ұзақ, тарихи маңызды – 7 мың шақырым! Бұған дейін де, бұдан кейін де жер шарында барлық адамзат пайдасына жараған мұндай жол болып көрмеген.

     Жібек – жібек құртынан өндірілетін жіп. Бүгін де жіп өндіру ауыл шаруашылығының бір саласы. Қазіргі кезде өнім өндірумен Үндістан, Жапония, Түркия және Бразилия, Италия, әрине, Қытай елдері айналысады. Жібек барлық құрлықты жаулап алды.

     Бірақ мұны ойлап таппастан бұрын, тұт ағашын өсіру, содан соң жібек құртын табиғи жібек өндіретін шикізат ретінде пайдалану біреудің ойына келді емес пе! «Барлық ұлылық – оп-оңай нәрседен туды», - деген классиктің айтқаны шындық! Соңғы кезге дейін жібекті ойлап табуды біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мыңжылдық деп келді. Жақында қытай археологтары жоққа шығарды.

      Олар Чжецзянь провинциясынан неолит дәуіріне жататын жібек жіп тапты.Матаның жасы 5 мың жылдай! Жасалған сараптамалар сол кездің өзінде жібек өндірісінің жақсы дамығанын көрсеткен. Егер адамдар Ұлы жолдың бойымен тек жібек маталар ғана тасыған десек, аңғырттық болар еді. Мирт пен хош иісті қара май, хош иісті жасмин суы және амбре, жұпар жаңғақ, женьшень, алмас пен яшма, янтарь, теңіз маржаны, піл сүйегі, інжу, алтын мен күміс, қымбат тері, қару, фаянс және фарфор ыдыстар, асыл тастар, бұрыш және....жыланның өті – барлығын тізіп шығу мүмкін емес! Сатуға: үнділік пілдер мен асыл тұқымды арабтың жүйрік жылқылары, түйелер мен аңшы қырандар, тауыстар, сөйлейтін тотықұстар... Тағы да шығыс тәттілері, дәмдеуіштер мен әшекейлер тасылды. Жібек алтынмен тең халықаралық алтын ретінде жүрді. Матамен тауардың құны төленді, сыйлық ретінде берілді, қарыздың құны өтелді...Жібек киімдерді тек «мықтылардың мықтысы» киді.

Алғашқы  сауда  байланысы

                          Б.з.д.  III-II ғасырлар

Маңызы

1.Отырықшы  және  көшпелі  мәдениеттің  қарым-қатынасы

2.Қалалар  санының  артуы

3.Сыртқы  байланыстың  өріс  алуы

4.Сауда-саттықтың  дамуы

Жолдары

1.”Лазурит”-Бадахшан  тауынан  Иран  мен  Месопотамияға,Мысыр мен Сирияға,Қытайға  дейін

2.”Дала”-Қара  теңіз  маңынан  Дон  жағалауына  дейін,Оралдың  оңтүстігіне,Ертіске,Алтай  менҚытайға дейін

3.”Нефрит”-Жаркентдариядан  Шығыс  Түркістан  мен  Қытайға  дейін

Бағыттары

1.Батыстан  Шығысқа

2.Іле

3.Еуропа

4.Орталық  және  Шығыс  Қазақстан

Тоқталу  уақыты

XIV-XV  ғасырлар

Тоқтау  себебі

Теңіз  саудасының  шығуы

     1424 жылы Мин династиясының императоры Юнле Аспанасты елінің солтүстік – батыс шекарасын жабуды бұйырды. Мың жарым жылдан соң  «Бүкіл кезең мен Халықтар жолы » өз тіршілігін тоқтатты.

     Бүгінгі күні Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы қайта қолға алына бастады. Бұл жөнінде бұрынғы ЮНЕСКО – ның Бас директоры Федерико Майор былай деген еді: «Ұшы – қиырсыз далалар, теңіздер мен қуаң шөлді жерлер арқылы өткен бұл Жібек жолы өзара қарым – қатынас, пікір алысуларды қалыптастыруға, жоғары өркениетті байыта түсуге тамаша жағдай туғызды. Бүгінде Жібек жолы жобасының кешенді зерттелуінің мақсаты – халықтардың өзара пікір алмасуларын қайта жаңғырту, түсіністік пен келісімге келудің қажеттілігіне сендіру, осы жолдың бойындағы өзара тарихи маңызы бар озық өркениетті өзара бірігіп байыту ».

        Біздің жолымыз болды. Біз Ұлы Жібек жолы – Бейбітшілік, Түсіністік пен халықтар арасындағы Достық жолының қайта жаңғыруының куәгеріміз.

       Жол жүрсе қысқарады,- дейді қазақтар.

       Өмір кешу – жазық даланы жүріп өту емес, - дейді орыстар.

       Егер қатты шаршасаң, тағы бір миль жүріп өт, - деп әзілдейді американдықтар.

       Жол жүрсе қысқарады. Адам баласы жер бетінде өз ізін қалдырады, - дейді шығыс даналығы.

       Жол атты құдіретті күшке бас имейтін пенде жоқ шығар.

        Олай болса біз де жолға шығамыз.

Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.

Қойлық

Қаялық Іле алабындағы аса ірі ежелгі қаланың орны (ІХ-ХІІІ ғ.). Қойлық Қарлұқ қағаны - Арыслан ханның ордасы болған. Бұл қала туралы монғол кағаны Мөңкеге жіберілген француз елшісі Вильгельм де Рубрук 1253 жылы жолжазбаларында: «Біз сол жерден бұрын базары болған және оған көптеген көпестер катынап тұрған Қаялық деген үлкен қала таптық» - деп жазады. Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан Республикасы ҰFA археологтары жүргізген соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер қаланың орны қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданы Қойлық ауылы маңындағы қираған құрылыстар екенін анықтады.

Тараз

Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қорытынды жасалды.

Құлан

Орта ғасырдағы (VII-XII ғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам жолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (ҰҒА) археологиялық экспедициясы ( Қ. А. Ақышев) зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді.

 

Саудакент

Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. ҚазКСР ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.

Отырар

Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті, өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын монғол шапқыншылығы тежеді. 1219 жылы күзде монғолдар қаланы қоршап, 6 айдан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған.

Ахмет Йасауи кесенесі

Ахмет Йасауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі - БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене - халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.

Қорқыт ата ескерткіші

Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) - ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған. Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. 19 ғасырдың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті. 1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші кайта тұрғызылды.

Сарайшық

Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.

.

Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта колға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Монғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.

Бұрынғы ЮНЕСКО – ның Бас директоры Федерико Майор былай деген еді: «Ұшы – қиырсыз далалар, теңіздер мен қуаң шөлді жерлер арқылы өткен бұл Жібек жолы өзара қарым – қатынас, пікір алысуларды қалыптастыруға, жоғары өркениетті байыта түсуге тамаша жағдай туғызды. Бүгінде Жібек жолы жобасының кешенді зерттелуінің мақсаты – халықтардың өзара пікір алмасуларын қайта жаңғырту, түсіністік пен келісімге келудің қажеттілігіне сендіру, осы жолдың бойындағы өзара тарихи маңызы бар озық өркениетті өзара бірігіп байыту ».

IV.Сабақты бекіту.

 Сұрақ-жауап  ойыны:

1.Жібек  матасы  Қытай  жерінде  қай  ғасырдан  жасала  бастаған?

2..Батысқа  жібек  артқан  керуендер  қай  кезден  бастап  жолға  шыға  бастады?

3.X-Xiғғ.Пенджикентте  жасалған  биші  қыздың  ағаш  мүсіні  қай  жерден  табылды?

4.Жібектің  сауда  орнына  шығарылып  сатыла  бастаған  немесе  айырбас  саудаға  түскен  мерзімі?

5.Археологиялық  зерттеу  кезінде  Византия  шеберлерінің  қолынан  шыққан  тамаша  қыш  құмыралар  қай  жерден  табылды?

6.568  жылы  Түрік  қағанаты  мен  Византия  мемлекеті  саудаға  байланысты  одақ  құрды?

7.XVIII ғ  2-ші  жартысынан  бастап  Қазақстанның  саудасы  оңтүстік  жағында қай  елмен  жүре  бастады?

8.XVIII ғ  2-ші  жартысынан  бастап  Қазақстанның  саудасы  солтүстік  жағында қай  елмен  жүре  бастады?

Үйге тапсырма.

1.Тақырыпты  оқу

2. «Туризм ел дамуының көрсеткіші»Жоба дайындау,слайд-шоу жасау.

3.Кескін  картаға  Ұлы  жібек  жолы  керуендерінің  жүрген  жолдарын  түсіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолы   және  оның   тарихи    маңызы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес,халықаралық қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету. Қазақстан территориясын басып өтетін жолдың сауда-экономикалық дамуын қазіргі заманмен салыстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.Ұлы Жібек жолы , қазіргі заманда бүкіл әлемдегі туризмнің экономикалық маңызды тармақтарының бірі болып   отыр. Осы жолда  болған маңызды оқиғаларға сүйене отырып жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу. Білімділік: Қазақстан Республикасының әлемдегі орнын терең білуге,ой-пікірін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,жүйелі ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше қорытынды жасау, бағыт-бағдар беру. Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық намысын оятуға,адамгершілік сана-сезімін қалыптастыруға,туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,кестелер.Ұлы Жібек жолының картасы мен қосымша әдебиеттер. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс,пікір алысу. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын,оқу құралдарын түгелдеу. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау                    Үй тапсырмасын сұрау 1.Дәстүрлі  қазақ  қоғамында “қарқаралы  көшті”бастаған  қарқаралы  түйені  кім  жетекке  алады? 2.Ислам  дініне  дейінгі  қазақтарда  мал  шаруашылығына  тікелей  байланысты  құрал-саймандарды  киелі  деп  санаған.Әсіресе,әйел  адамдар  аттап  өтуге  тыйым  салынады?Бұл  қандай  құрал? 3.Күйеу  жағынан  келғен  бас  құданың  қалыңдыққа  берген  сыйлығы? 4.Қазақ  халқының  түсінігі  бойынша  өсімдік  жемістерін,тау  жуасын  не  басқа    жарамды  өсімдіктерді  жеуге  рұқсат  етіледі? 5.Қазақ  халқында  жастар  жиынында  ойналатын  күлдіргі  ойын? 6.Араб  қолбасшысы  Кутейба  Хорезм,Бұхара,Самарқан  қалаларын  қай  жылдары  жаулап  алды? 7.Қазақтар  ислам  дінінің  сопылық  ағымын  ұстанған.Бұл  ағымның  бір  қасиеті  қандай? 8.Исламның  таралуына  еңбек  сіңірген  Қараханның    есіміне  байланысты   аталады?   ІІІ. Жаңа тақырып                                  Жоспары: 1.Ұлы  жібек  жолының  пайда  болу  тарихы? 2.Ұлы  жібек  жолындағы  сауданың  шаруашылықтың  дамуына  тигізген  әсері? 3. Ұлы  жібек  жолының  халықаралық   мәдениеттің  дамуына  тигізген  әсері? 4. . Ұлы  жібек  жолының   халықаралық  қарым-қатынастағы  тарихи  маңызы? 5.Қазақстан  аумағындағы Ұлы  жібек  жолының   тармақтары? 6.Жібек  жолының  әлеуметтік-экономикалық  маңызы. Бір көпестің сауда сапарын ортағасырлық Шығыс ақыны Фирдауси былай деп суреттейді: Таңдаулы мыңға жуық түйе тізген, Жүк артқан келе жатыр бай керуен. Жүз жирен түйесіне дирхем артқан, Тағы да қырық түйе динар артқан. Мускус пен таңдаулы алой теңдері бар, Қызықтырып сәндікпен жібектер сал. Осыларды Шын мен Мысыр, Иран сатып, Керуенге ерген отыз түйе алған артып Құпия... Осы сөздің өн бойында адамды өзіне тартатын қанша жұмбақ бар десеңізші! Тынымсыз, білуге құмар Жер бетінің тұрғыны үнемі ғасырлар қойнауындағы қатпарлардың жұмбақ сырын шешуге ұмтылған. Күндер өте береді, біз осы уақыт мезеттерінің жылдарды, ғасырларды, мыңжылдықтарды құрайтындығын байқамай да қаламыз.Шынында да бұл жол үнемі Жібек және тегіс болмаған. Ұлы жол сауда мен мәдени қарым – қатынастар жасауға қолайсыз болған кезеңдерді де басынан өткізген.Сол уақытта түсіністік пен бейбіт күндердің орнын қастық пен араздық басқан.      Бір қазақ жазушысының кейіпкері былай дейді: «Жібек жолы жабылып қалғанға ұқсайды? Е, демек ақырзаманның жақындағаны ғой!»      Континентарлық күретамырдағы және жолдағы халықтар қарым- қатынастарының маңызы жоғары болғаны соншалық, мұны «Патша жолы», «Халықтар жолы » деп те атаған...       Соғыс өрті қайнап,өзендер ағысын өзгертіп, теңіздер кеуіп жатса да, Ұлы Жібек жолы өзінің таңғаларлық тауарларымен, кезбе әртістердің өнерімен және тамаша адамдардың кездесулерімен жалғаса берді. Ұлы жол таланттарды туғызбай қоймады. Себебі бұл жермен жер жүзінің барлық адамдары жүріп өтетін. Жолды сауда ағыны десе болғандай еді. Озық ойлар мен пікір алмасулар, географиялық жаңалықтар, жерді игерудің жолдары мен әдіс – тәсілдері, қалалар салу, сәулет өнері т.б жөнінде дамылсыз пікір алмасулар жүріп жататын.Әртүрлі халық бұл жерге өз өлеңдерін, әндерін, билерін, музыкасын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін ала келетін. Осының нәтижесінде адамзаттың ғасырлар, мыңжылдықтар бойы жинаған тәжірибелері баии түсті.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 053 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2014 19416
    • DOCX 1.7 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бексеитова Гулжанар Шахжаргеровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41540
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 54 регионов

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов