Инфоурок / Математика / Рабочие программы / »Miss mathematics-2014»

»Miss mathematics-2014»

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Мектебімізде жыл сайын пәндік апталық өткізу дәстүрге айналған.Биылғы жылы 21-28 қаңтар күндері «Математика-ғылымдар патшасы,информатика-ақпаратану ғылымы,технология-іскелік пен шеберлік мектебі» деген тақырыппен апталық жұмысы жүрзілді.Апталық барысында әр пән мұғалімі өзіне тиісті бірнеше іс-шаралар өткізеді.Мен оқушылардың математикалық терминдерді үш тілде меңгеру қажеттігін түсіну мақсатында «Miss mathematics-2014» атты қыздар арасында сайыс өткіздім

«Miss mathematics-2014»

/7а,7б-сынып қыздар арасындағы математикалық сайыс/

Барысы:

1-жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті көрермендер!

2-жүргізуші:Бүгінгі «Miss mathematics-2014»атты математиканы жақсы көретін,есептерін көзді ашып-жұмғанша шешіп тастайтын есепке жүйрік қыздар сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Мен математик қыздарға қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

« Білімді қыздар өссе,ел-ырысы »деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан ,қайран бабам.

1-жүргізуші:Өнер-білім-тапқырлықтың тарланы,

Сабақтағы құрбылардың мақтаны.

Біліміңді,өнеріңді ортаға сал,сайысқа,

Өнер көрсет,аруларым жарыс та.

2-жүргізуші:Есеп шешу сайысына билей басып,

Келеді міне,ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші:Үміт қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

2-жүргізуші:Сезім қыз білімді

Меңгерген бар ғылымды

1-жүргізуші:Нафиса қыз елгезек

Шығарады тез есепті.

2-жүргізуші:Ақша бетті Аймереке

Ұқсайды Әл-Хорезми қызына

1-жүргізуші:Әсел қыз шығады

Қиын-қиын есептерді шығарып.

2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,

Математик аруларға тамсанайық

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әді-қазы алқасымен танысайық.

1-жүргізуші:Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерлерін көрсетеді. Сайысымыз 9 сынақтан тұрады.

1-сынақ: Сәлемдесу,өзін-өзі таныстыру

2-сынақ: «Тапқырлық» (үш тілде жұмбақ шешу)

3-сынақ: «Білімділік» (сұрақ-жауап үш тілде)

4-сынақ: «Математикалық сиқырлар»

5-сынақ: «Ұшқыр ой» (суреттегі оюды салып қиып көрсету)

6-сынақ: «Математикалық лото» ойыны

7-сынақ: «Қызықты санамақ» (суреттегі фигураларды көрсетілген тәртіппен санап шығу)

8-сынақ: «Ойымды жалғастыр»

9-сынақ: «Математикалық сән үлгілері»

2-жүргізуші:Кел, достар, бастайық,

Бастайық қыздар сайысын.

Қызықтан еш адам,

Қалмасын кұр қалып.

1-жүргізуші: Көңілге түй сен мұны,

Әр қызымыз – ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.(сәлемдесіп өздерін таныстырады.)

1-сынақ: Сәлемдесу,өзін-өзі таныстыру....

2-жүргізуші Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп

Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

1-жүргізуші:Жұмбақпен сайысады қыздарымыз,

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік тапқырлығын қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдына

2-сынақ: «Тапқырлық» (үш тілде жұмбақ шешу).....

2-жүргізуші: Көңілді білімді математик қыздарымыз

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді,көп оқыған болса егер

Осы сынақ жеңімпазы болады.

1) Бір ұғым бар ғажайып

Көрсетеді нәрсенің

100 ден бір бөлігін.

Асып кетсе, егер 100-ден

Істің пайда тапқаны.

Жетпей қалса, егер 100-ге

Істің кері қайтқаны.

(пайыз,процент,percent)

2)Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде.

Бұл не өзі,бар ма ,сірә,дара пайым.

(Түзу,прямая,straight)

3) Нүктеден, екі сәуледен,

Құралған фигура бар қарапайым.

Айтыңдаршы, бұл не болды екен?

(Бұрыш,угол,angle)

4)Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады?

(Дәреже,степень,level)

5) Түзудің бір бөлігі,

Екі шеткі нүкте көрігі.

Ұзындығы және бар,

Айтшы бұл не болады?

(Кесінді,отрезок,segment)

2--жүргізуші:Алдарыңда тұрғандар,

Білім жолын қуғандар.

Жолы болса олардың

Жеңем деген ойы бар.

1-жүргізуші:Қыз сұлу көрінеде білімімен.

Кең даланын ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

3-сынақ: «Білімділік» (сұрақ-жауап үш тілде).....

1.Екі қатынастың теңдігі (пропорция, пропорция,proportion)

2.Бұрыштың ең үлкен өлшем бірлігі (градус,градус, degree)

3.Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр,век,centiry)

4.Ғасырдың 100-ден бір бөлігі ( жыл,год,year)

5.Сандарды не арқылы жазамыз?(цифр,цифр,cipher,nymer)

6.Бір жағы тұйықталған түзудің бөлігі(сәуле,луч,ray)

1-жүргізуші:

4-сынақ: «Математикалық сиқырлар».......

1-жүргізуші:

Әдет- ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

1-жүргізуші:Ою ойғанның ойы ұшқыр болады»,деп айтқандай,қыздарымыздың қайсысының ойы ұшқыр екенін білу үшін кезекті «Ұшқыр ой» сайысына береміз.

5-сынақ: «Ұшқыр ой» (суреттегі оюды геометриялық фигуралардың көмегімен қиып көрсету)

hello_html_4b4d4b56.jpg

6-сынақ: «Математикалық лото» ойыны

(а±в)2=а2±2ав+в2 а22=(а-в)(а+в)

а3+в3=(а+в)(а2-ав+в2) а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2)

(а+в)33+3а2в+3ав2+в3 (а-в)33-3а2в+3ав2-в3

7-сынақ: «Мақал-мәтелдер» (1,2,3,4,5,6,7,9)

Үстел үстіндегі сандарды таңдап алып,сол сандарға байланысты кемінде 2 мақал-мәтелдан айтып шығу керек.

8-сынақ: «Ақпараттану»

Жасырылған құрылғыладың атын айтып, сол құрылғының дыбыстарына пародия жасап және дыбыстың шығуын түсіндіру
hello_html_1007013d.png
2-жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сынағымызға көшейік.

9-сынақ: «Математикалық сән үлгілері»

Мұнда қыздарымыз өздері шығарған математикалық сән үлгілерін көрсетіп,сол киім үлгісінде қандай математикалық фигураларды,ұғымдарды пайдаланғандықтарын айтып өтеді.........

1-жүргізуші:Енді сөзді төрешілерімізге берейік.

Қорытынды: Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша («Miss mathematics-2014»,

«білімпаз» қыз, «өнерпаз» қыз, «тапқыр» қыз, «ұшқыр ойлы» қыз) жүлде тағайындайды.

.



Краткое описание документа:

Мектебімізде жыл сайын пәндік апталық өткізу дәстүрге айналған.Биылғы жылы 21-28 қаңтар күндері «Математика-ғылымдар патшасы,информатика-ақпаратану ғылымы,технология-іскелік пен шеберлік мектебі» деген тақырыппен апталық жұмысы жүрзілді.Апталық барысында әр пән мұғалімі өзіне тиісті  бірнеше іс-шаралар өткізеді.Мен оқушылардың математикалық терминдерді  үш тілде  меңгеру қажеттігін түсіну  мақсатында «Miss mathematics-2014» атты қыздар арасында сайыс өткіздім «Miss mathematics-2014» /7а,7б-сынып қыздар арасындағы математикалық сайыс/ Барысы: 1-жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті көрермендер! 2-жүргізуші:Бүгінгі «Miss mathematics-2014«атты математиканы жақсы көретін,есептерін көзді ашып-жұмғанша  шешіп тастайтын есепке жүйрік қыздар сайысына қош келдіңіздер! 1-жүргізуші:Мен математик қыздарға  қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайраңдаған. « Білімді қыздар өссе,ел-ырысы «деген сөзді Қапысыз қалай айтқан ,қайран бабам. 1-жүргізуші:Өнер-білім-тапқырлықтың тарланы, Сабақтағы құрбылардың мақтаны. Біліміңді,өнеріңді ортаға сал,сайысқа, Өнер көрсет,аруларым  жарыс та. 2-жүргізуші:Есеп шешу сайысына билей басып, Келеді міне,ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! 1-жүргізуші:Үміт қыз өнерлі  Бойға өнер жиған қыз. 2-жүргізуші:Сезім қыз білімді Меңгерген бар ғылымды 1-жүргізуші:Нафиса қыз елгезек Шығарады тез есепті. 2-жүргізуші:Ақша бетті Аймереке Ұқсайды Әл-Хорезми қызына 1-жүргізуші:Әсел қыз шығады Қиын-қиын  есептерді шығарып. 2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық, Математик аруларға тамсанайық Әділдік пен шындықты арқа тұтқан Әді-қазы алқасымен танысайық. 1-жүргізуші:Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерлерін көрсетеді. Сайысымыз  9 сынақтан тұрады. 1-сынақ: Сәлемдесу,өзін-өзі таныстыру 2-сынақ: «Тапқырлық» (үш тілде жұмбақ шешу) 3-сынақ: «Білімділік» (сұрақ-жауап үш тілде) 4-сынақ: «Математикалық сиқырлар» 5-сынақ: «Ұшқыр ой» (суреттегі оюды салып қиып көрсету) 6-сынақ: «Математикалық лото» ойыны 7-сынақ: «Қызықты санамақ» (суреттегі фигураларды көрсетілген тәртіппен санап шығу) 8-сынақ: «Ойымды жалғастыр» 9-сынақ: «Математикалық сән үлгілері» 2-жүргізуші:Кел, достар, бастайық, Бастайық қыздар сайысын. Қызықтан еш адам, Қалмасын кұр қалып. 1-жүргізуші: Көңілге түй сен мұны, Әр қызымыз – ел гүлі. Бақытты елде туғаның Есіміңнен белгілі.(сәлемдесіп өздерін таныстырады.) 1-сынақ: Сәлемдесу,өзін-өзі таныстыру....

Общая информация

Номер материала: 63916040801

Похожие материалы