122799
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыМахамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»

Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


82 ЖББ орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Казыбаева Жанар Калеловна

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»

  8-класс       Әдебиет

Сабақтың мақсаттары: Махамбет өлеңдерін оқып-түсіну; авторлық бейнені ашу; өлеңдерінің тіліне талдау.

  1. Жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушыларды өз бетінше жинап үйрену . Танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдалану Зерттеу біліктерін (өзектілігін анықтау, ақпарат жинау, бақылау)

  2. Талдау, жорамал жасау, қорытындалау дамыту

  3. Оқушылардың өз еліне, жеріне деген қызығушылығының, ынтасының артуы

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақтадан слайд-шоу: Махамбет Өтемісұлының портреті, Махамбеттің шығу тегі туралы сызба, «Кейіпкер портреті» сызбасы, Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақтың түрі: Эвристикалық жобалау технологиясы бойынша шығармашылық жұмыс

(Эвристикалық деңгейде: мақсаты анық, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда бұрынғы білімі өлең талдау сияқты білімі көмекке келеді. Оқушы жаңа хабарды, білімді өз ізденісімен алады.

Ғылымилығы: практикаға бағытталған

Негізгі қағидалар:

* бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды

* іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды

балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену

* шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де

өте маңызды

Өзектілігі:

1.Баланы оқи білуге үйрету

2.Баланы ойлауға үйрету

3.Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау

Сабақтың барысы:

... Жасырмай ойымды айттым талай, талай

Қайтейін кетті бәрі қарайламай.

... Айтарын ашып айтқан абайламай,

Дариға-ай Махамбеттер, Абайлар –ай! ...

М.Мақатаев

Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасына айналған Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңінің шығу тарихы, құрылысына тоқталмақшымыз.


«Туады ерлер ел үшін» Тақырып бойынша хронологиялық картамен танысу


1803 ж

Махамбет Өтемісұлы Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жерінде дүниеге келген

1834ж

Орынбора Жәңгідің баласымен болып, елге оралады.

1829-1831

Калмыков түрмесінде отырып, қашып шығады.

1836-1837

Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

1846 ж. қазан 20,

Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында жерленген

1908, 1912, 1925 жж

«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе» атты күй жинақтары жарық көрді

1939—89 жж

8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді

Ақын мерген

Добырашы


hello_html_m1762a0bf.gif

Батыр




Күйші

Көтерліс басшысы үгіт –насихатшы Палуан


Түртіп алу стратегиясы

Тарихи негіз «Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасы »


1837 жылы Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң қасындағы қырық жолдасымен далаға қонады.күн суық боран екен. Ертемен тұрса батырлар қар астында тоңып қалған екен. Сол заманда Бөкейлік қазақтары едәуір тәрбиелі екен.Сол кезде едәуірі тастан, ағаштан салған үйде, шайға үйреніп қалған. Етіктің орнына елдің бірқатары кебіс-мәсі киеді екен.

Далада қонып, тоңып тұрған жігіттердің көбі жылы үйді, жұмсақ төсекті, қызыл шайды жоқтайды.

Сонда Исатай айтыпты –мыс: «Ай, жігіттер! Қазақ жұртына сәлем айтыңыз! Ел болам десе-құс төсек төсенбесін, шай ішпесін, қималы етік кимесін»,-деп.

Қималы етік деп кебіс-мәсі айтқан. Сол уақытта Махамбет осы өлеңді айтып жолдастарын жұбатқан дейді.


Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!


Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді


Шұбыртпалы ұйқас

Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді


А қын тілінің сөздігін құрастыру

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат.

Тебінгі - тоқым қысқа болғанда, аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер тұрман құрамына қатысатын әбзелдің бірі

Терлік – тоқымның астына салатын киіздің бір түрі .

Малта – сүзбеден сығып, домалатып дайындаған уақ құрт.

Өзегі талу –шаршау, ашығу

Темір қазық- жұлдыз

Түйінді сөздер” стратегиясы



Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік – азаттық үшін күрес.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей


Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты.

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар болса, көретін азабын шынайы жыр арқылы айқын анық жырлап тұр.


Махамбет поэзиясының құрылысы

1. Бунақ, шумақ, ұйқас түріне талдау

Е реулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!





Тарихи деректер «Мұнар күн» өлеңінің жарық көру себебі.


Геккенің әскері Баймағамбет төрені басшы қылып Шыңғырлау деген өзенді өрлеп, Исатайдың әскерін тосып жатады. Жортуылда түстеніп жатқанда бір қазақ қаша жөнеледі. Бұл Баймағамбеттің жақыны,әрі тыңшысы Сүгір деген төре екен. Исатай және аздаған әскері қуа жөнеледі. Сайда жасырынып жатқан Геккенің әскері мен Баймағамбеттің әскерінің үстінен түсіп, сол жерде Исатай қаза табады, әрине тірідей қолға түсірмекші болады, ол ойлары жүзеге аспайды.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

Троп түрлері ( эпитет, теңеу ) Бейнелі, көркем тіл

Жұмыстың теориялық бөлімін жасау


Мысалдар

Бейнелі,

көркем тіл

Мұнар күн

Эпитет

Шұбар күн


Алма мойын ару


Құба арлан


Жаңбырдай

ТЕҢЕУ

Бұландай


Судай


Зымырандай



Фигура ( алитерация, ассананс, эпифораны табу )


Мұнар да мұнар, мұнар күн ,

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн.

Бура атанға шөккен күн.

Бұлықсып жүрген мырзадан,

Бұрынғы дәулет тайған күн


Қатарланған қара нар

Арқанын қиып алған күн

Алма мойын аруды

Ат көтіне салған күн.


Он сан байтақ бүлген күн

Ортақ белін сырланған

Оқ жаңбырдай жауған күн.

Оң қанатын теріс жайып


Желпілдеген ала ту

Жиырылып ойға түскен күн

Жез қарғылы құба арлан

Жез қарғыдан айрылып,

Қорашыл төбет болған күн



Білімді бағалау, жинақтау, коррекция жасау


Ой толғаныс. «Бүгінгі ұрпақтың үні…»

1. Батырлық, ерлік іс жасау үшін батыр болып туа ма?

2. Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге шірімей

Терлігі майдай ірімей, -деген шумағынан қандай түйін шығарар едің

Үйге тапсырма: «Мен кескекті ердің ұрпағымын» деген тақырыпта шығарма жазып келу. Қалаған өлеңді жаттау.

Оқушыларды бағалау. Бір тілек, екі жұлдыз тәсілі арқылы










Краткое описание документа:
Сабақтың мақсаттары: Махамбет өлеңдерін оқып-түсіну; авторлық бейнені ашу; өлеңдерінің тіліне талдау. Жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушыларды өз бетінше  жинап үйрену . Танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдалану Зерттеу біліктерін (өзектілігін анықтау, ақпарат жинау, бақылау)  Талдау, жорамал жасау, қорытындалау дамыту Оқушылардың өз еліне, жеріне деген қызығушылығының, ынтасының  артуы Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақтадан слайд-шоу: Махамбет Өтемісұлының портреті, Махамбеттің шығу тегі туралы сызба, «Кейіпкер портреті» сызбасы, Пәнаралық байланыс: тарих, музыка Сабақтың түрі: Эвристикалық жобалау  технологиясы бойынша   шығармашылық жұмыс (Эвристикалық деңгейде:  мақсаты анық,  ситуация түсініксіз, оны  оқушының  өзі  толықтырады,  табады,  шешеді. Бұнда  бұрынғы  білімі өлең  талдау сияқты білімі  көмекке  келеді. Оқушы  жаңа  хабарды,  білімді  өз  ізденісімен  алады. Ғылымилығы:  практикаға бағытталған Негізгі  қағидалар: * бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары  қызығушылықпен орындайды * іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында  ғана құрылмайды  балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену * шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де   өте маңызды Өзектілігі: 1.Баланы оқи білуге үйрету 2.Баланы ойлауға үйрету 3.Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау
Общая информация

Номер материала: 63991040826

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.