Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТүлкі мен тиін

Түлкі мен тиін

Скачать материал

Ана тілі

(2-сынып)

    Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен тиін

    Сабақтың мақсаттары: 1. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету.

     2. Ой-өрісін дамыту, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

     3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиет-терге баулу.

    Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы түлкі мен тиін бейнеленген сурет салынған плакат, тапсырмалар жазылған қағаздар, маркерлер.

    Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

    Стратегия: топпен жұмыс, ой қозғау, сахналау, ассоциация, RAFT - әдісі, танымдық сұрақтар, әңгіме кестесі.

     Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағымен байланыстыру.

 

Сабақтың барысы:

    І. Қызығушылықты ояту.

1) Психологиялық дайындық

Мұғалім: - Көз не үшін керек?

Оқушылар: - Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?

Оқушылар: - Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?

Оқушылар: - Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

Мұғалім: - Дұрыс балалар, отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

(Бүгінгі сабақтың күндегі сабақтан ерекше өтетінін хабарлап, оқушыларды сабаққа дайындап алу).

-         Балалар орманда жүретін қандай аңдарды білесіңдер?

-         Қасқыр, аю, түлкі, жолбарыс, т.б.

-         Жан-жануарлардың ішінде қулығымен танымал қандай аң?

-         Түлкі

-         Дұрыс айтасыңдар. Ағаштың діңіне ұя салып, жаңғақтар жинап, секіріп жүретін, ешқандай зияны жоқ аңды білесіңдер ме?

-         Ол – тиін

-         Дұрыс. Олай болса, біз бүгін түлкі мен тиін жайлы өлеңді өтеміз. (Тақтаға бүгінгі сабақ көрінісі бейнеленген суретті ілеміз)

-         Не көріп тұрсыңдар?

-         Түлкі, тиін, ағаш, дала. (Сабақ тақырыбын хабарлау)

      Өлең авторы – Әбдрахман Асылбеков ( автор жайлы тоқталып кету)

    ІІ. Мағынаны тану.

1.     Өлеңді өзім мәнерлеп, түсінікті етіп оқып беремін

2.     Оқушыларға оқыту

3.     Рөлге бөліп оқу (түлкі, тиін, автор)

4.     Сұрақтармен жұмыс

-         Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?

-         Тиін оған қалай жауап тапты?

-         Сол сәтте қандай жағдай болды?

-         Қай аңның айласы басына түсті?

5.     Өлеңнің толық мазмұнын айту.

-         Өлеңдегі негізгі ой не?

-         Мақтаншақтық әдеттен аулақ болу.

6.     Топпен жұмыс.

(Үш топ басшысы ортаға шығып, 1 карточкадан алады)

Тапсырма:

І топ: «Тоқсан тоғыз айлалы» дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.

ІІ топ: «Тайраңдар» сөзінің мағыналас қатарын тауып көр

ІІІ топ: Бұл мәтін өлеңнің қай түріне жатады? Неліктен? (Әр топтан топ басшылары дайын болған кезде сигнал белгілерін көрсетеді).

Әр топ жауаптарын тыңдау, бағалау.

7.     Сөздік жұмыс жүргізу

Қиыр – алыс.

Маң - өте жақын жер.

Жайрады – сұлап жатты, өліп жатты.

ІІІ. Сергіту сәті 

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып қаламыз.

Алақанды соғамыз,

Орымызға қонамыз.

IV. Ой толғау.  Бүгінгі өтілген сабақ жайлы білгендерін, бұрыннан білетіндерін пайдалана отырып жұмыстар жүргізу.

Топпен жұмыс. І топ – тиін; ІІ топ – түлкі; ІІІ топ – қасқыр.

Әр топқа плакат беру, әр топтағы оқушылар бүгінгі және бұрынғы білімдерін қоса отырып ассоциация құрады. Онда осы аңдар жайлы жалпы мәлімет көрсетілу керек. (Мінезі, жүретін жері, немен қоректенеді? Т.б.)

ТИІН

 
І топ жұмысы:

 

 

 

 

 

 

 

 


ІІ топ жұмысы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


       ІІІ топ жұмысы:

 

Қ

А

С

Қ

Ы

Р

 
 


                       Мінезі өте жаман.

                       Жыртқыш.

                       Орманда, тауда жүреді.

                       Азулы аң.

                       Терісінен тон тігеді.

                       Ет жейді.

                       Өте кекшіл

                       Адамды да жеп қояды.

                       Аңшылар атады.

 

     Сахналау.  Әр топ өздері келісіп алып сахналайды. Қай топтың сахналау өнері жақсы екенін айтып, бағалау.

    V. Қорытындылау.

     1) І, ІІ топ оқушыларына тапсырма: әңгіме кестесін толтыру.

 

Өлеңдер тақырыбы

«Тәкәппар»

«Түлкі мен тиін»

Авторы

Ш.Смаханұлы

Ә.Асылбеков

Оқиға орны

Суда

Далада

Негізгі кейіпкерлер

Балық

Түлкі, тиін

Негізгі ой:

Тәкәппарлық

Мақтаншақтық

Оқиға қалай аяқталды?

Балық өліп қалды

Түлкіні қасқыр жеп қойды

     Қорытынды ой: Тәкәппарлық пен мақтаншақтық әдеттен аулақ боламыз.

     2) RAFT - әдісі. ІІІ топқа тапсырма:

-  Тиінге, түлкіге не айтар едіңдер?

Оқушылар жауабы:

-         Түлкі, мақтана бергеннің пайдасы жоқ.

-         Мақтанғаннан гөрі сақ болуың керек.

-         Тиін, сен де дұрыс істедің.

-         Сен өте ақылдысың, бір айланың өзімен аман қалдың.

-         Үнемі осылай жүре бер!

    VІ. Үйге тапсырма. «Түлкі мен тиін» оқу, мазмұндау. Түлкі, тиін жайлы мәліметтер жинап келу.

    VІ. Бағалау.  

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Түлкі мен тиін"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

тема урока: Түлкі мен тиін.цель урока: правильно сформировать речь у ученика. выразительное  чтение, умение ставить интонацию в стихах. воспитательная цель урока была познать мир в настоящим виде, воспитать у ученика дух справедливости и честности,в входе  урока было использовано технологии  критического мышление,  методы RAFT, групповые задании. в прикрепительном блоке урока была использована интерактивная доска, разные таблицы, разные схемы.  Итог урока сделали сами ученики. они ответили на вопрос «Каким должен быть человек».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2014 1908
    • DOCX 59 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймергенов Бекайдар Бексултанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42156
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе