Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Оқушылардың оқу қабілетін дамыту» - доклад
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Оқушылардың оқу қабілетін дамыту» - доклад

библиотека
материалов

Баяндама

«Оқушылардың оқу қабілетін дамыту»


Оқушы үлгерімінің негізгі факторы – жылдам оқу. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі.

Психологтардың пікірі бойынша оқушы үлгеріміне 200-ден артық әртүрлі жағдайлар әсер етеді екен. Ал осы жағдайлардың ішінде ең күшті орын алатыны балалардың оқу қабілеті, яғни оқу жылдамдығы болып шыққан.

Жылдам оқу не үшін қажет деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Егер оқушы нашар оқыса, мысалы оқу үлгерімі нашар 3-сынып оқушысы минутына 37 сөз оқыса, ота есеппен үй тапсырмасы сол күгі дайындалатын барлық пән бойынша 4 бет, яғни 3000 сөз болады екен. Сонда 3000-ды 37-ге бөлсек 80 минут мәтінді оқу керек. Ал бір рет оқығанда бала ұға қоймайды. Ол осы мәтінді 3 рет оқыса, оған 4 сағат уақыт керек. Әрине, бұдан кейін баланың оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді.

Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, еске сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Олай болса, жылдам оқи білуге үйрету жолдарын, оның мүмкіндіктерін қарастыра жүргізген жұмыстардың негізінде мынадай ұсыныстар жасалмақ. Оқуға жаттығу жұмыстары бірден ұзақ жүргізілгеннен гөрі жиі жүргізілгені тиімді деп есептеледі.

  1. 5 минуттық оқу.

Ата-ана мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, баласын 5 минуттан оқытса, әлде- қайда тиімді. Алдымен бала мәтіннің бір бөлігін оқып, мазмұнын айтады. Содан кейін үзіліс жасайды. Біраз тыныққаннан кейін мәтінді ары қарай жалғастырады.

Адамның есі күнделікті көз алдында көріп жүрген нәрседен гөрі сирек те жылдам көріп қалған нәрсені есте жақсы сақтап қалуға бейімделген. Ата-анаға осына түсіндіріп, үйде баласының оқу қабілетін қалай дамыту керектігі жөнінде әдістемелік көмек беру керек.

2. Егер баланың оқу темпі нашар болса, оқығысы келмесе не істеу керек?

Мұндай жағдайда үзіп-үзіп оқу тиімді. Бала суретті кітапшалардан 1-2 жол оқып, суретін көреді де, дем алады. Мұндай суретті кітапшалар, ертегілер кітапханада немесе балаларға арналған «Ерке» журналында жиі шығады.

3. Ата-ана бақылауы.

Ата-ана үйде баласының оқу жылдамдығын бір уақытта тексеріп, қадағалап, жазып отырса, баланың оқу жылдамдығы арта түсері сөзсіз.

Ата-ананың қолында мынадай дәптер болады:

Күні, айы

Кітаптың аты

Оқытқан шығармасының аты, беті

1 мин. оқыған сөз саны

Оқытушы

17.01

«Балдырған» журн. №5 2010 ж

«Үзілген жіп» 62 бет

75 сөз

Анасы

4. Сабақ соңындағы 1 минуттық оқу.

Оқушы қолындағы дәптердің үлгісі:

Күні, айы

1 мин. оқыған сөз саны

Тексеруші

17.01

65 сөз

Мұғалім

18.01

67 сөз

Өзім


Сабақ қорытылып, үй тапсырмасы түсіндіріліп берілген соң, әр оқушы өзінің жеке «Минутқа оқу» дәптерін ашып, бәрі мұғалімнің «баста» деген бұйрығымен оқыған сөз санын дәптерлеріне жазып қояды.

Оқушы аз оқыса да аз көрсеткіш жазуға ұялып, өтірік сөз санын көбейтіп жазуы да мүмкін, бірақ нәтижесінде келесі жолы достарынан қалмауға тырысып, үйге берілген мәтінге жақсы дайындалуы әбден мүмкін.

5. Үйге берілген мәтінді оқытуда оқушы дайындығы мен жылдамдығын байқау.

Ана тілі сабағында мәтінді оқымай кететін бірде-бір оқушы болмау керек. Оқу жұмысына сыныптың барлық оқушысы қатыстырылуы тиіс. Минутқа оқытудың қажеті жоқ, тек әр оқушының үй тапсырмасына дайындығын тексеру арқылы әр оқушының жылдамдығын да байқауға болады. Оқушы сыныпта міндетті түрде үйге берілген мәтіннен 1 сөйлем оқитынын білгендіктен дайындалады. Өз оқу жылдамдығы қандай екенін ешкім айтпай-ақ, «кімнің өз оқығаны өзіне ұнады?» десеңіз, оқушылар өз-өздерін бағалай біледі.

6. «Сен – мұғалім, мен – шәкірт ».

Жақсы оқитын балаларға мұғалімдік рөл беру. Олардың нашар оқитын балаларды қамқорлыққа алуы – жақсы әдістің бірі. Бұл әдістемені жүзеге асырғанда балалар еркін сөйлесе алады, сұрақ қоя алады, жұмыс жасайды. Сыныптағы балаларды топқа бөліп, әр топтың басына мұғалім рөліндегі баланы қою керек. Бұл сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта да болады. Негізгі мұғалім бақылаушы, ұйымдастырушы ретінде жұмыс атқарады.

7. Үнтаспадан тыңдату.

1 минутта оқуға тиіс сөздерді таспаға жазып әкеп, бірнеше рет балаларға тыңдату арқылы нашар оқитын оқушының оқу жылдамдығын арттыруға болады.

8. Мұғалімнің бақылауы:

Үлгі: Оқушылардың оқу дағдыларын тексеру және бағалау



Оқушының аты-жөні

Күні,

айы

1 мин.

сөз саны

Жібер-

ген қате саны

Дұрыс оқу

Мәнер-леп

оқу

Тү-

сініп

оқу

Баға-сы

Орфо-

эпиялық

талаптарға

сай оқу

қатесіз,

анық оқу




















Мұғалім оқушыларды топқа бөліп оқытып, олардың оқу дағдыларын жан-жақты бағалап отырса, әр топтың оқушылары бір-бірінен асып түсуге тырысады. Осы орайда ескеретін жағдай бір топтағы оқушылардың оқу жылдамдығы деңгейлес болуы тиіс.

9. Сыныптас тыс оқу

Сыныптан тыс оқу әдістемесінің алдына қойылып отырған мақсаты – жалпы білім беру жүйесінде оқушының өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу сабағында негізгі құрал – балалар әдебиеті.


«Сыныптан тыс оқу» дәптерін төмендегі үлгідей жүргізуге болады.


Күні, айы

Кітаптың

аты

Оқыған шығарманың түрі, аты

Авторы

Шығармадағы кейіпкерлер

Қысқаша мазмұны







10. Көру диктантын жазу

Оқу жылдамдығының төмен болу себебінің бірі – баланың есте сақтау қабілетінің нашар болуынан. Айталық, бала 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқыса, аяғына келгенде басындағы 2-3 сөзді ұмытып қалады да, сөйлемнің мазмұнын түсінбейді. Осы орайда баланың еске сақтау қабілетін нығайтуға, сауатты жазуға және бірнеше әріптен тұратын сөздерді тез оқуға, әрі жаттауға жаттықтыратын көру диктантын жаздырудың пайдасы зор.

Қорыта келгенде, әр мұғалім шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру-

дың тиімді тәсілдерін қарастырып, ғылыми-әдістемелік еңбектерді зерделеп, шығармашылықпен еңбектенсе ғана нәтижелі болады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

тема доклада: «Оқушылардың  оқу қабілетін дамыту.доклад читался в педагогическом совете школы. Доклад был посвящен  основном  быстрому чтению ученика. как можно и нужно работать с учащимися в входе урока, вне урочное время и дома. контроль родителей должен быть постоянным. техника чтения должно проверяться ежемесячно. учитель должен уделять внимание на домашнее задание. количество и на объем   работы. нужно использовать инновационные технологии: аудио и видео техники. различные виды контрольных работ. особенно зрительные диктанты, упражнение на память. 
Автор
Дата добавления 09.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров695
Номер материала 64483040905
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх