Предпросмотр материала:
Выберите файл для просмотра:
Всего файлов: 3
|
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні |
Болатова Марал Канатовна |
8 сынып биология |
Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектеп |
|
|
№21 кабинет |
|
|||
|
Сабақтың атауы |
Тақырыбы: §39 Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. |
|||
|
Сілтеме |
8 сынып биология оқулығы, Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева Сабақ жоспары |
|||
|
Жалпы мақсаты
|
7 модульді қолдана отырып, тыныс алудың маңызы және тыныс алу мүшелерінің құрылысы туралы бірлесе отырып, білім алу. |
|||
|
Міндеттер:
|
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту 2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру 3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау 4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау |
|||
|
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері |
1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу 2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру 3.Оқушылардың өз тобын және басқа топтың жұмыстарын бағалау мүмкіндіктерін жасау |
|||
|
Сабақта туындаған негізгі идеялар |
1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену 2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау |
|||
|
Күтілетін нәтиже |
1. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы, қызметі, туралы білімнің негізін қалау; 2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға тыныс алу мүшелерін қорғау қажет екенін сезіндіру; |
|||
|
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары |
||
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
уақыты |
Оқушының іс-әрекеті |
|
1. Амандасу. |
0,5 мин. |
Амандасады. |
|
2. Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерін сұрау. |
0,5 мин. |
Көңіл-күйлерін айтады. |
|
3. Әр оқұушыға бағалау парағын таратып беру. |
0,5 мин |
Бағалау парағын алады. |
|
4. Үй тапсырмасын тексеру.
|
5 мин |
«РАФТ» әдісі бойынша тапсырманы орындап келу.Орындап келген оқушылар «Автор орындығына» отырып оқиды. РАФТ –әдісі бойынша, гормондарға ертегі, мінездеме,хат ,қолхат,өтініш т.б. жазып келу болатын. Р-роль А-аудитория Ф-форма Т-тақырып (жүрек) |
|
5. Сергіту сәті ретінде,әрі жаңа топ құрып алу үшін, оқушылар ортаға шақырылады және алдыңғы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға қолдарын ұстап қалу арқылы жауап береді.Сөйтіп жаңа топ құрып аламыз. |
2 мин.
|
Жаңа топ құру. Қанайналым шеңбері нешеу?(2) Жүрек неше қуысты?(4) Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады? (3) Тамырдың неше түрі бар?(3) Қанша қан тобы бар? (4) Осы жерде ең соңғы сұрақ қойылғанда оқушылар 4-4 ен қол ұстасып қалады, осы бойынша жаңа топ құрылады. |
|
6. Жаңа ақпарат. «Өзара оқыту стратегиясы бойынша жаңа ақпаратты алады. 1-топ: Мәтіннің басынан көмекейге дейін оқиды (139-141 бет) 2-топ: Көмекейді оқиды(141-142 бет) 3-топ: Кеңірдек, бронхыларды оқиды. (142 бет) |
4 мин. |
Жаңа ақпаратты алу : «Өзара оқыту стратегиясы бойынша жаңа ақпаратты алады. 1-топ: Мәтіннің басынан көмекейге дейін оқиды (139-141 бет) 2-топ: Көмекейді оқиды(141-142 бет) 3-топ: Кеңірдек, бронхыларды оқиды. (142 бет) |
|
7. Ойларын ортаға салу: - Жұппен жұмыс - Топпен жұмыс |
4 мин. |
Ойларын ортаға салу: -Жұппен жұмыс -Топпен жұмыс |
|
8. Алған білімдерін қағаз бетіне түсіру. (әр топқа флипчарттар мен түрлі-түсті маркерлер таратылады) |
4 мин |
Алған білімдерін қағаз бетіне түсіреді. |
|
9. Ортада қорғау. |
6 мин. |
Әр топ ортада қорғайды. |
|
10. Білімдерін толықтыра түсу. |
|
Видео тамашалау, білімдерін толықтыру. |
|
11. «Бес жолды өлең» құру ( тыныс алу мүшесіне )
|
5 мин. |
Оқушылар бес жолды өлең құрады да,кезекпен оқиды. |
|
12. Бағалау парағына оқушылар өздерін және басқа оқушыларды бағалайды. |
1 мин. |
Әр оқушы бүгінгі істеген жұмысы бойынша, бағалау парағына, олар өздерін және достарын бағалайды |
|
13. Кері байланыс парағы таратылады, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ойларын жазып тақтаға іледі. |
1 мин. |
Бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамады ,не қосар, не өзгертер едіңдер,әр оқушы өз ойын жазып іледі. |
|
14. Үйге тапсырма. |
1 мин. |
Үйге тапсырма алады §39 Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. «Тыныс алудың маңызы» атты эссе жазып келу. |





Профессия: Учитель биологии
Профессия: Преподаватель биологии и химии
В каталоге 7 585 курсов по разным направлениям