Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / «Денің сау болсын десең...»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Денің сау болсын десең...»

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif



Сабақтың тақырыбы: «Денің сау болсын десең...»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.

Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен:

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені./ оқушылар иіліп сәлемдеседі/


2. Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.

(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады) .Жаттығу жасау

Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі -дені сау ұрпақ. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығының

3. Ой шақыру. Тапсырма. Балалар, Байлық деген не? Денсаулық деген не? (Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)


Байлық

Машина


білім


денсаулық


Табиғат


Мал

Саябақ

ақша





(Оқушылар топтастыру бойынша ойларын айтады.)


4. Түйіндеме: Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы.





5. Дәйексөз:

Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,

Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.

Халық даналығы.

(Оқушылар дәйексөзді оқып, түсінген ойларын мысалдар келтіре отырып айтады.)

2.Ойланайық, пікірлесейік.


  • Салауаттылық-саулық негізі” деудің мәні неде?

  • Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Салауатты өмір салты не үшін керек?

  • Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.

/Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқыылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./

Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі:

Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

1. Тапсырма:

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

/Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды/


Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, күйзелісті болдырмау



Зиянды әдеттерден аулақ болу








Салауатты өмір салты


Бос уақытты тиімді пайдалану



Денсаулықты сақтау, нығайту, спорпен шұғылдану





Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау





















2.Назар аударайық!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.

Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”

Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”

Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”

3. Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.

Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас.

Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:

-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;

-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;

-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;

-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;

-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.


  • Зиянды әдеттерге нелер жатады?

  • Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

  • Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

  • Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.




Зиянды әдеттер

Есірткі

Темекі

Ішімдік











4. Сергіту сәті:

Домбырам күмбірлеп,(сол қолын жанына көтеріп домбыра тартады)

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп, (екі қолын кезекпен көтеріп, би қимылдарын жасайды)

Сурет те саламын, (қылқалам ұстаған қимылын көрсетеді)

Ұқсатып кілемге,(ауада төртбұрышты сызады)

Кесте де тігемін (ине ұстап, тігін тіккен қимыл жасайды)

Актерше рөлде (күліп, қабағын шытып, әдемілеп, киімін қолы мен шашын түзейді)

Ойнай да білемін,

Жалықпай талай күн

Жасаймын еңбек те.(гүлге су құю, су әкелу қимылын көрсетеді)

Өнер көп бойымда (екі қолын жаяды)

Мақтану маған жат.(өзін көрсетеді)

5. Назар аударайық!

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

Темекі


Қызық көрушілікпен еліктеушіліктен пайда болады.




Ашуланшақ, тез ренжиді, зейіні нашарлайды,ұмытшақ,есте сақтау қабілеті төмендейді, ұйқысы бұзылады.





Жүрек,асқазан, өкпе мүшелері зақымданады







ҚР темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңдары 4-5 бап

-Қоғамдық орындарда -Қоғамдық көліктерде-Жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі өнімін сатуға -Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады





никотин, шайыр, күйе.



Ауыз ашиды, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, басы аурп жүрегі айниды.
























Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.


Емделу үшін 3-6 айдан 2 жылға дейін уақыт керек



Есірткі

Гашиш, героин, анаша, кокайн, апиын, марихуана.







-Отбасына, өзіне, қоғамға, туысқандарына зардабын тигізеді



Иіскеу, шегу, ішке қабылдау, тері астына, тамырға енгізу.


Миы зақымданады, шалықтайды, сандырақтайды, қорқыныш пайда болады. Қан қысымы жоғарлайды, қолы дірілдейді, жүрек соғыс жиілейді







Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы

Денсаулығы нашарайды,ағзаның әрбір мүшесі зақымданады.



-Қызметінен, отбасынан алшақтайды,жақн адамдармен қарым-қатынасы бұзлады. Кекшіл, қатгез адамға айналады.



Ішімдік

Өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауы

-Ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеуі;

Тұқымқуалаушылық;

-Өзін өзі бағаламау


Қылмысқа ұрынады.

-Зорлық-зомбылық;

-Ұрлық, қарақшылық;

-Жол апат т.б.














Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру



Дене шынықтыру жаттғуларын жүйелі орындау







Спортпен шұғылдану






Зиянды заттардың алдын алу








Тиімді, құнарлы тамақтану




Салауатты өмір салтын ұстану



Өзін өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы;










6. Назар аударайық! Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесі:


Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр уақытта өз денсаулығына жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе білу.

Адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін, ренжігенін басу үшін шылым шегіп ішімдік ішеді, бұл адам өміріне зиян екендігін өздері білсе де, сезінбейді.

Мұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек, жақсы ән мен музыка жан азығы. Ол ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен Фортепионо адамның жанын жай таптырып жүйкесін тынықтырады, ал домбыраның күмбірлеген үні, қобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады. Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде-ақ белгілі болып ол біздің дәуірімізге музыка терапия немесе вокало терапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына ырғағына байланысты адам ағзасы әрқалай әсер алады, сондықтан оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі.


7. Дәйексөз.

Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.

Т. Карлейль.

/Оқушылар адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдей отырып, өз түсініктерін айтып көз жеткізеді./

8. Шығармашылық жұмыс. /оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тиянақтап бекіту мақсатында/

«Жаны саудың-тәні сау» тақырыбына эссе, шығарма жазу.





9 .Жүректен жүрекке.

Бала тілегі.

Сөзі: С. Молдасынұлыныкі

Әні: Ф.Лұқпанованікі

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)


10. Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.

1-топ Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жинақтап жазу.

2-топ. Денсаулық туралы нақыл сөздерді жинақтап жазу, мағынасын

түсіндіру.


































Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы

Абай атындағы орта мектептің мұғалімі

Қалиханова Фарида Рашидқызы


Краткое описание документа:

тема урока: «Денің сау болсын десең...«цель урока: правильно использовать слова в любых  ситуациях. использовала методы развивающие инновационных технологий, критического мышление. как использовать слова в трудные моменты жизни.  Воспитательные задачи. С целью проверить на сколько отреагирует ученик на данное задание.В входе урока было предоставлено учащимся  карточки  с разными заданиями. на уроке была использована интерактивная доска, разные таблицы, разные схемы. на уроке были проведены игры с целью показать как слова могут изменить все.
Автор
Дата добавления 09.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров523
Номер материала 64684040959
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх