76143
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалы1-сынып. Математика сабақ әзірлемелері.

1-сынып. Математика сабақ әзірлемелері.

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_m3ae8c3da.gifhello_html_m3ae8c3da.gifhello_html_2007bc0e.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_68ad4ffe.gifhello_html_m3ae8c3da.gifhello_html_m3ae8c3da.gifhello_html_m3ae8c3da.gifhello_html_m394dcf1d.gifhello_html_78eb080d.gifhello_html_78eb080d.gifhello_html_78eb080d.gifhello_html_78eb080d.gifhello_html_78eb080d.gifhello_html_m3a464961.gifhello_html_m3a464961.gifhello_html_m3a464961.gifhello_html_m3a464961.gifhello_html_m1f60c65f.gifhello_html_m1f60c65f.gifhello_html_m1f60c65f.gifhello_html_m6aa55129.gifhello_html_m6aa55129.gifhello_html_m620865cc.gifhello_html_m67c791f0.gifhello_html_m23578c07.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m224e9734.gifhello_html_mb40e38.gif1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Бірнеше бірлікке артық санды табу. Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есеп.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Заттардың екі тобын салыстыру нәтижесін сипаттайтын «Сонша және тағы» түсіндірмесінің мән-мағынасын ашу. Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есеппен танысу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, ойын,

Көрнекіліктер: сандар тізбегі, суреттер, ойыншықтар

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, Заттардың екі тобын салыстыру нәтижесін сипаттайтын «Сонша және тағы» түсіндірмесінің мән-мағынасын ашу. Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есеппен танысу. Сабағымызды бастамастан бұрын үй тапсырмасын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі.

(Математикалық диктант)

1. Бірінші қосылғыш 7, екінші қосылғыш 1. Қосындыны тап.

2. Азайғыш 5, айырма 4, азайтқышты тап.

3. Азайғыш 7, азайтқыш 2, айырманы тап.

4. Екінші қосылғыш 3, қосынды 8, бірінші қосылғышты тап.

5. 5 шығу үшін 1- ді қандай санға артыру керек?

6. 4 шығу үшін қандай саннан 1- ді азайту керек?

7. 7 шығу үшін 6 – ға нешені қосу керек?

8. 6 санының 5 – тен нешеуі артық?

9. 6 мен 8 – дің , 7 мен 9 – дың арасында қандай сан тұр.

10. 5 – тен кейінгі санды атаңдар. Ол бестен нешеге артық?

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сөреге заттық суреттер мен ойыншықтар қойылады. Мәселен, бірінші қатарға 4 қызыл доп қойылсын, екінші қатарға сонша көк доп қойылады. Неше көк доп қойылды? Бірінші қатарда қанша доп болса, екінші қатарда сонша доп және керісіншн. Ал енді екінші қатарға тағы 3 доп қойыңдар. Доптардың қайсысы артық? Көк доптар ма әлде қызыл доптар ма? Нешеуі артық? Екінші қатардағы доптар бірінші қатардағы доптар қанша болса сонша, тағы нешеу? Көк доптар қызыл доптар қанша болса сонша тағы нешеу?

Қима дидактикалық материалдармен «артық», «сонша», сонша және тағы» түсіндірмелерінің мән-мағынасын жете түсіну үшін жұмыс жүргізу. Мысалы: әр оқушы 6 шаршыны партаға қояды. Екінші қатарға «сонша және тағы» 3 үшбұрыш қояды. Үшбұрыштар нешееу? Үшбұрыштардың шаршылардан нешеуі артық? Екінші қатарға шаршылар қанша болса, сонша (яғни 6) және тағы 3 үшбұрыш қойдық. Сонда үшбұрыштардың шаршылардан 3-еуі артық.





<

3-еуі артық

6 < 9

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрамыз,

Біз тынығып аламыз.



5. Cабақты бекіту.

Дидактикалық ойын. «байқағыш бала» ойынын ойнату.

«Қанша», «Қанша болса сонша» түсініктерін қалыптастыру. Санау дағдыларын бекіту.

1-тапсырманы орындау арқылы сәйкс іс-әрекетті бекіту.

Үстелдің үстінде 4 кітап жатыр. Ал сөредегі кітаптар 4-тен артық. Сөреде неше кітап болуы мүмкін? Мысалы: 2-еуі, 3-еуі, 4-еуі, т. с.с. артық болуы мүмкін.

2-тапсырма бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есеп.

Жоғары сөреде 5 кітап бар, ал төменгі сөреде одан 3 кітап артық. Төменгі сөредегі кітап нешеу?

3,4-тапсырмаларды талдау және орындау.

Дәптермен жұмыс.

А) 6 цифрын үлгі бойынша жазу;

Ә) 2-тапсырма бойынша көрнекілікті талдау, есептің жауабын жазу.








Сонша және тағы 3-еу





Сонша





6. Сабақты қорыту.

«Қанша» дидактикалық ойынын ойнату арқылы сабақты қорыту. Дидактикалық мақсаты: заттарды санауға үйрету. Саластыру арқылы «артық», «кем», «сонша» деген математикалық термин сөздердің түсінігін қалыптастыру.


7. Үйге тапсырма.

8. Бағалау.









2-сабақ.


Бірнеше бірлікке кем санды табу. Бірнеше бірлікке кем санды

табуға арналған есеп.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Заттардың екі тобын салыстыру нәтижесін сипаттайтын сонша болуға ...-еуі жетпейді» түсіндірмесінің мән-мағынасын ашу. Бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған есеппен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа үйрету.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ойын, түсіндіру, талдау.

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе цифрлар, ойыншықтар, геометриялық фигуралар.


Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, Заттардың екі тобын салыстыру нәтижесін сипаттайтын сонша болуға ...-еуі жетпейді» түсіндірмесінің мән-мағынасын ашу. Сабағымызды бастамастан бұрын үй тапсырмасын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Тақырыпқа өту кезеңі.

«Қанша» дидактикалық ойынын ойнату. Дидактикалық мақсаты: заттарды санауға үйрету.Салыстыру арқылы «артық», «кем», «сонша» деген математикалық термин сөздердің түсінігін қалыптастыру.


4. Тақырыпты түсіндіру.

Сөреге заттық суреттер мен ойыншықтар қойылады. Мысалы 1-ші қатарға 5 төртбұрыш қойылсын, 2-ші қатарға 4-үшбұрыш қойылады. Сонда 2-ші қатарда үшбұрыштың сонща болуға нешеуі жетпейді?

Жоғарға сөреде 8 кітап бар, ал төменгі сөреде одан 3 кітап кем. Төменгі сөредегі кітап нешеу?


5. Сабақты бекіту.

Дидактикалық ойын арқылы сәйкес іс-әрекетті орындауға машықтандыру.

«Таныс фигураларды ата» ойынының мақсаты, оқушылардың сан тізбегі, «артық», «кем», және геометриялық фигуралар туралы алған түсініктерін бекіту.


Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма. Үстелдің үстінде 7 кітап жатыр. Динараның сөмкесіндегі кітап 7-ден кем. Динара сөмкесіне неше кітап салы мүмкін? Мысалы: 7-ден кем 6,4,2 т. с. с. болуы мүмкін.

ә) 2-тапсырма. Берілген есеп екі-үш рет оқылады. Жоғары сөреде 8 кітап бар, одан 3 кітап кем. Төменгі сөредегі кітап нешеу? Шешуі: 8 – 3 = 5 Жауабы: төменгі сөреде 5 кітап бар.


3-тапсырма. Қосындының және айырманың мәндерін табу.

10 – 7 3 + 7 10 – 3 7 + 3

Қосу кестесіндегі өзің қолданған теңдікті жазу.

9 – 6 3 +6 9 – 3 6 + 3


4-тапсырма. Қосындының мәні 9 және бірінші қосылғыш 3 екенін ескеріп, айырма жаз. Айырманың мәнін тап. Оны қосындының мәнімен салыстыр. Не байқадың?


3 + 6 = 9 3 – 2 = 1 3 – 1 = 2 3 – 0 = 3

3 – 3 = 0 9 > 1 9 > 2 9> 3

9 > 0


Сергіту сәті.


6. Сабақты қорыту.

«Ойыншықтар дүкені» дидактикалық ойынын ойнату арқылы сабақты қорыту. Дидактикалық мақсаты, заттарды түр-түсіне қарай ажыратыға, санауға үйрету, ретімен орналастыру, салыстыру дағдыларын қалыптастыру.


7. Үйге тапсырма.


8. Бағалау.














3-сабақ .


Сабақтың тақырыбы: Қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыру.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға араналған есептерді салыстыра қарастыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың есеп туралы білімдерін арттыру.

3. Тәрбиелік: оқушыларды байқампаздыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік

Көрнекіліктер: санау құралдары, ойыншықтар, суреттер


Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, Заттардың екі тобын салыстыру нәтижесін сипаттайтын сонша болуға ...-еуі жетпейді» түсіндірмесінің мән-мағынасын ашу. Сабағымызды бастамастан бұрын үй тапсырмасын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.


3. Тақырыпқа өту кезеңі.

Қызықты тапсырма орындау. Айгүл мен Нұргүл апалы-сіңілі. Айгүл менің 8 ағам бар дейді. Нұргүл де менің 2 ағам бар деді. Олардың жанұясында неше бала бар?

Шарты: 8, 2 ағалар

Сұрағы: Олардың жанұясында неше бала бар?

Шешуі: 8 + 2 = 10

Жауабы: Олардың жанұясында 10 бала бар.


4. Тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Кітаптың оң және сол жағындағы есептердің негізгі ерекшеліктеріне мән бере отырып, оқушылардың көңілі аударыла екі үш мәрте оқылады. Сол жақтағы есеп талданады және шығарылады.

7 + 3 = 10 теңдігін талдау

-Есеп неге қосу амалымен шығарылады?

-Себебі, бізге барлық баланың санын табу керек.

Екінші есеп (оң жықтағы) шыңарылады.

7 + 3=10 теңдігі талдандаы.

-Есеп неге қосу амалымен шығарылады?

-Себебі, ұл балалардың қыз балалардан 3-еуі артық. Осыдан кейін, есептердің ұқсастығы және айырмашылығы салыстырылуы керек.


Ұқсастығы:

-Есептегі сандық деректер бірдей (3және 7)

-Еуі есептің мазмұнындағы қарасытырылып отырған обьектілер бірдей.

-Есептердің шешуі бірдей теңдікпен өрнектеледі. Ол 7 +3 = 10

-Есептердің екеуін шығару үшін бірдей амал – қосу пайдаланылды.

Айырмашылығы:

-Бірінші есепте ауладағы барлық балалардың санын, ал екінші есепте ауладағы тек қана ұл балалардың санын іздестірдік.

-Бірінші есепте ұл балалардың саны қыз балалардың санынан артық, ал екінші есепте керісінше, т.б.


Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдамнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.


5. Сабақты бекіту.

Дидактиакалық ойын «Ойыншықтар дүкені». Дидактикалық мақсаты: заттарды түр-түсіне қарай ажыратуға, санауға үйрету, ретімен орналастыру, салыстыру дағдыларын қалыптастыру.


Дәптермен жұмыс.

8 цифрын үлгі бойынша жазу.

1-ші тапсырма есептердің қысқаша жазу үлгісімен оқушыларды таныстыру және есептердің жауаптарын жазу.

2, №3 -тапсырмаларды сәйкес нұсқауларға сай орындау.


6. Сабақты қорыту.

«Жеміс жинау» ойынын ойнату. Дидактикалық мақсаты: заттарды санауға және олардың екі тобын саластыруға, өлшеміне, пішініне,және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.


7. Үйге тапсырма.


8. Бағалау.

Оқушыларды бағалау.






4-сабақ.


Тақырыбы: Қалдықты және бірнеше бірлікке кем санды табуға араналған есептерді салыстыру.


Мақсаты:

1. Білімділік: Қалдықты және бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған есептерді салыстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік: оқушыларды саналылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру

Көрнекіліктер: текшелер, кеспе цифрлар, суреттер, санау құралдары.


Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, Қалдықты және бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған есептерді салыстыру. Сабағымызды бастамастан бұрын үй тапсырмасын тексеру.


2. Үй тапсырмасын тексеру.


3. Тақырыпқа өту кезеңі.

Перфокартамен жұмыс.

Қосынды мен айырманың мәнін табу табу, салыстыру.


4. Тақырыпты түсіндіру.

Есеп шығару. Аулада 9 ұл бала ойнап жүр еді. 3 бала үйлеріне кетті. Аулада неше бала қалды? Шешуі: 9 – 3 = 6 жауабы: 6 бала қалды. 2-ші бағандағы есепті берілгенін оқып, есепті шығару. Аулада 9 ұл бала және одан 3-еуі кем қыз бала ойнап жүр? Аулада неше қыз бала ойнап жүр?

Салыстыру. Ұқсастығы:

-Есептегі сандық деректер бірдей (9-3)

-Екі есептің мазмұнындағы қарастырылып отырған обьектілер бірдей.

-Есептердің шешуі бірдей теңдікпен өрнектеледі. Ол 9 – 3= 6

-Есептің екеуін шығару үшін бірдей амал (– )азайту пайдаланылды.

-Есептер жауабының сандық мәні бірдей. Ол 6.

Айырмашылығы:

-Бірінші есепте ауладағы барлық балалардың қалған санын, ал екінші есепте ауладағы тек қана қыз балалардың санын іздестірдік.




5. Сабақты бекіту.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойынын ойнату. 8 < [] «әйнекшенің орнына тура теңсіздік шығатындай етіп сандарды таңдап ал. 8<9, 8<10

Басқа сандарды алсаң, тура теңсіздік шығуы мүмкін бе? Неліктен?

«мүмкін, себебі 9-дан кейінгі сандардың бәрі үлкен сандар».

1. ә) 9 – 3 айырмасының мәнін тап. 9 – 3 = 6

Айырманың мәнін азайғышпен салыстыр 6 < 9 .

Азайғышты және айырманың мәнін пайдаланып, айырма жазу. 9 – 6 = 3

Айырманың мәнін және азайтқышты пайдаланып, қосынды жазу.

3+ 6 = 9

2. Шығармашылық есеп. Үстел үстінде түстері қызыл және жасыл, барлығы үш текше тұр. Олардың ішінде түстері бірдей 2 текше бар ма? Қызыл түсті 3 текше болуы мүмкін бе?

Шығармашылық тапсырманың жауабы:

-түстері бірдей 2 текше бар.

-түстері бірдей 3 текше жоқ.

Сергіту сәті.

Күзгі жаңбыр себелеп

Алдымнан жел еседі.

Көп ізденген балалар,

Білімді боп өседі.


Дәптермен жұмыс.

1) 9 цифрын үлгі бойынша жазу жалғастырылады

2) 1-ші тапсырма есептердің қысқаша жазу үлгісімен оқушылар таныстырылады және есептердің жауаптары жазылады.

3) 2,3- тапсырмалар сәйкес нұсқауларға сай орындалады.


6. Сабақты қорыту.

Дидактикалық ойын. «Шырша безендіру». Дидактикалық мақсаты: ауызша қосу,азайту амалдарына есеп шығаруға қатысты оқушылардың білігін қалыптастыру.


7. Үйге тапсырма.


8. Бағалау.Оқушыларды бағалау.








5-сабақ.


Тақырыбы: Сабақты қорытындылау.


Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың есеп туралы білім-білік дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптасу деңгейін анықтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөйлеуге дағдыландыру, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілікті тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қайталау.

Әдіс-тәсілдері: сұоақ-жауап, көрненкілік, ойын, карточкамен жұмыс

Көрнекіліктер: геометриялық фигуралар, суреттер,санау құралдары, карточкалар.


Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, есеп туралы білім-білік дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптасу деңгейін анықтау.

Сабағымызды бастамастан бұрын үй тапсырмасын тексеру.


2. Үй тапсырмасын тексеру.


3. Тақырыпқа өту кезеңі.

Ребус шешу.

1). 6 н

2). 7 су

3). К 3 ік

4). 100 ім


4. Өткен сабақтарды пысықтау.

Математикалық диктант.

1) 9 - 6 9 – 3 10 – 8 8 -4

3 + 6 6 + 3 2 + 5 7 + 3

2. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.

5 -2 * 5 – 3 6 – 3 * 7 – 3 8 – 2 * 9 – 3

6 + 1 * 5 + 1 5 + 2 * 5 + 3 8 + 2 * 9 + 1


Сергіту сәті.

Кел балалар, тұрайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Қане, қанат жазайық,

Ұшып,ұшып алайық.



5. Сабақты бекіту.

«Ойлан тап» дидактикалық ойыны. «Әйнекшенің» орнына тура теңсіздік шығатындай сандарды таңдап алып, тура теңсіздіктерді жазу.

4>[], 8<[], 5>[], 9<[]


Оқулықпен жұмыс.

2.Есеп шығару. Бір ыдыста 3 алма екінші ыдыста да сонша алма бар. Екінші ыдыста неше алма бар?


Сонша

3 3

4. Логикалық есеп. Неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?






6. Сабақты қорыту.

Дидактиаклық ойын «Қосындыны (айырманы) ата» дидактикалық мақсаты: тез есептеу дағдыларын бекіту. Байқағыштыққа тәрбиелеу, есте сақтау қабілетін дамыту.


7. Үйге тапсырма.


8. Бағалау.

Оқушыларды бағалау.






Краткое описание документа:
Бірнеше бірлікке артық санды табу. Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есеп.  2-сабақ.Бірнеше бірлікке кем санды табу. Бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған есеп.3-сабақ .Сабақтың  тақырыбы: Қосындыны және бірнеше  бірлікке артық  санды  табуға арналған  есептерді  салыстыру.4-сабақ.Тақырыбы: Қалдықты және бірнеше бірлікке кем санды табуға араналған  есептерді салыстыру.  5-сабақ.Тақырыбы: Сабақты қорытындылау.  Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту.  Қайталау.Сабақтың мақсаты. Сабақтың түрі.КөрнекіліктерӘдіс-тәсілдеріСабақтың барысы. 
Общая информация

Номер материала: 64906040943

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.