Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Заң білмеген зардап шегеді
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Заң білмеген зардап шегеді

библиотека
материалов




Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Тауағаш орта мектебі














Ашық тәрбие сағаты


«Заң білмеген зардап шегеді»

(Интеллектуалды жарыс)










Өткізген тарих пәнінің мұғалімі :Шаймергенов Б.Б.









2011-2012оқу жылы


Заң білмеген зардап шегеді. (Интелектуалды жарыс)

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, заңгер ретінде өз сөзін қорғай білуге, мемлекет басқару ісіне араласу құқығын пайдалануға үйрету, құқықтық тәрбие арқылы оқушыларлың бойында заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, заң жөніндегі білімін дамыту.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, түрлі заңдар, екі топ шығаратын газеттер, төс белгілері, түрлі жазулар. («Заң адамды бағындырады Заңды ақыл бағындырады» Т.Фуллер) т.б.

Кіріспе.

Балалар, бүгін біз ойын дебат-жарыс, ролдік ойындар түрінде құқықтық жарыс –ойын сағатымызды бастймыз.
/Мақсатымен таныстыру/
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың тқоғамдағы демократиялық жолы тікелей құқықтық тәрбиеге байланысты. Ұлы ойшыл Платонның қөзқарасы бойынша , өркениетті мемлекет ақыл-ой ұштасуынан дамиды.
Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажеті. Азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғарғы деңгейде қалыптасуы керек. Жеке тұлғаның құқықтық дамуы /құқықтану, құқыққа көзқарасын қалыптастыру, құқықтық қатынасты жақсарту және т.б./ -құқықтық тәрбиенің арнайы мақсаты.
Әділқазылар алқасын таныстыру:
Сайысқа қатысатын екі топты таныстыру, жарыс-ойын кештің мақсат міндеттері мен екі топқа қойылатын, берілетін тапсырмаларымен таныстыру. Жарыс-ойын кештің мақсат міндеттері мен екі топқа қойылатын , берілетін сұрақтарымен таныстыру.
Ал, балалар әйгілі Перикл де мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруде құқықтың алатын орнын айрықша атаған. Сондай-ақ, Аристотель адамдардың құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру-құқықтық мемлекеттің негізгі нысаны екендігіне өзіндік бағдар береді.

І. Бөлім
«Көкпар»
Екі команда өздерін таныстырып, шығарған газеттері мен төс белгілерін қорғайды /уақыттары 5 минут/
Ежелгіь Римнің саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон «Мемлекет барлық еркін адамдардың келісімі мен ерікті қатынастардан тұрады» деп түсіндіреді. Ежелгі дәуір ойшылдарынан олар азаматтардың құқықтық жағларын жақсартуға, әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс дасағанына көз жеткізуге болады.

ІІ Бөлім
«Заң және біз»
Екі топқа ауызша сұрақтар қою арқылы жарысқа қатысқан екі топтың құқықтықбілімінің қаншалықты терең екендігін байқаймыз;
1-топ:
1. «Конституция» деген сөздің аудармасы қалай?
2. Қазақстан тарихында қабылданған қандай заңдарды білесің?
3.Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция неше рет қабылданды?
4. ҚР-ның «Балалардың құқықтыры туралы заңы» қашан қабылданды?
5. ҚР-ның «Бала құқықтары туралы заңы» қанша баптан тұрады?

2-топ:
1. Құқық дегеніміз не?
2. Қылмыс дегеніміз не?
3. Жаза дегеніміз не?
4. Жазаның түрлерін ата.
5. ҚР Конституциясы қанша тарау, қанша баптан тұрады?

ІІІ. Бөлім
«Үй тапсырмасы»
Әр топ үйден дайындап келген сөзжұмбақтарын бір-біріне ауыстырып шешеді.
Тәуелсіздік Декларациясының авторы Томас Джефферсон халық егемендігін , ұлттардың өзін өзі билеуі мен олардың өзара теңдігі ұстанымын бекітіп беруде мынадай қағиданы ұсынады: Әр адамның өмір сүру, азат болу, бақытты болу құқықтарын жүзеге асыру үшін адамдар арасында билеушілер сайланып, бағынушылар келісімімен әділ билік жүргізуге міндетті.
ІV. Бөлім
«Қас-қағым сәт»

Екі топқа дайындап келген дайын тапсырмаларды беру (уақыт 3 минут)
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында құқықтық тәлім-тәрбие саласында көзге түскен көрнекі заңгер әрі жазушы, сыншы А.Ф.Кони «шынайы гуманизм мен психологизм істі қарауға философиялық тұрғыдан келу, адамға деген ізет пен құрмет, мінсіз тіл шеберлігімен ерекшеленеді». Осындай тәсілдер арқылы құқық бұзушылықтың алдын алып, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетінқалыптастыруды жан-жақты талдайды.
V. Бөлім
«Кездейсоқ марафон»
Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді
5.1. Екі топқа үлкен ақ қағаз, түрлі-түсті бояулар беріледі;
5.2. Бірнеше сұрақтар беріледі, сол сұрақтар бойынша топ мүшелері өздері өмір
сүретін мемлекеттің құрылысын сызады;
5.3. Өздері сызған келешек мемлекеттерін қорғайды (уақыт 7 минут)

Кездейсоқ марафонның сұрақтары:
1. Өздерің тұратын мемлекеттің атын қойыңдар, шекарасын сызыңдар /қандай
мемлекеттермен шектеседі, қандай мұхит, теңіздер мен шектеседі?/
2. Өз мемлекетіңнің туын, елтаңбасын сызыңдар;
3. Мемлекеттің астанасы /құрылысы қай жылы салынған, кім салды, атын ойлап
тап/.
4. Мемлекеттің негізгі өзендерін белгіле;
5. Негізгі ірі қалаларын белгіле;
6. Қандай адамдар тұрады, портретін сызыңдар;
7. Ірі кәсіпорындарын орналастырыңдар;
8. Неізгі жол торабын түсіріңдер;
9. Қандай атақты адамдар тұрады
10. Өз отандарыңа арнап 4 жол өлең шумақтарын арнаңдар;(қорғау 7минут)
Сондай-ақ, балалар, қазақ даласында сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би болды. Ал, осы билер Сотының ерт еден келе жатқан ерекшеліктері жайлы қазақтың бір туар ұлы Шоқан Уәлиханов айтып кеткен.

VI. Бөлім
«Заң – басты бағдар»
Әр топ өздері дайындап келген ролдік көрініс көрсетеді (уақыттары 10 минут)
Қазақ халқында би-көп жағдайда талқыға салып, демократиялық түрде шешім шығару шы болып есептелген. Би сонымен қатар адам жан дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен танып, білетін психолог болған. Билер – тәрбиешілер, көкірегінде сәулесі, көзінде оты бар жастарды тәрбиелеген. Сондықтан, Төле бидің мынадай даналық сөзіне көңіл бөлмеске болмайды.
Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.

VII. Бөлім.
«Дебат»

Егер, ерте кезде шешендік өне Грецияда, Афиныда болған болса, ал қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім. Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар демекші, қазақ кез-келген сөзге, ән мен күйге шешен. Халық өзінің от ауызды, орақ тілді қара қылды қақ жарған әділ билік айтатын шешен билерін бетер қадірлеп, сыйлап, айтқан сөздерін жадында сақтап келген. Ал енді сендер болашақ заңгер ретінде шешендік өнерге өз ойларыңды ашық айтып, дәлелдей білуге қалайсыңдар?
Екі топ берілген сұрақтар бойынша екі нұсқаны таңдайды: «А» немесе «Ә» , осы нұсқалар бойынша өз ой пікірлерін айтып, өз жауаптарын дәлелдейді.

7.1. Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде дамып отыр ма?
А/ Иә Ә/ Жоқ
7..2. Өлім жазасы керек пе?
А/ Иә Ә/ Жоқ
ҚР Президентінің тапсырмасымен өлім жазасына маротории жарияланды. Біз де өз үлесімізді қосып, заңгер болмасақ та ойымызды еркін айтуымызға болады.
Іске сәәт!

Қорытынды.
Міне, балалар, біз бүгін дебат, жарыс-ойын түрінде өткізген кешімізде өзіміздің құқықтық біліміміздің қаншалықты екендігн көрсете білдік. Болашақта заңгер болмасақ та, қарапайым азамат ретінде өз құқығын қорғай алатын адам болу үшін үнемі құқықтық білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Болашақ құқықтық Қазақстан Республикасының тағдыры өз қолдарыңда.

Краткое описание документа:

тема урока : Заң білмеген зардап шегедіцель урока :  Совершенствуя навыки работы с историческими документами средневековых авторов, учить уч-ся умению определять историческое значение, воспитательную роль произведений в жизни общества, делать выводы.Воспитывать чувство патриотизма, мужества и гордости.Ход урока:ОргмоментПсихологический настрой на урок.Я рада видеть ваши лица, ваши улыбки, и думаю, что этот день принесет вам радость, общение друг с другом. Сядьте удобно, закройте глаза и повторяйте за мной: «Я в школе, я на уроке. Я радуюсь этому. Внимание мое растет. Я как разведчик, все замечу. Память моя крепка. Голова мыслит ясно. Я хочу учиться. Я готов к работе. Я работаю.
Автор
Дата добавления 09.04.2014
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров679
Номер материала 65053040900
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх