Инфоурок / Музыка / Конспекты / Музыка пәнінде диалогтық оқытуды пайдалану

Музыка пәнінде диалогтық оқытуды пайдалану

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов





Қос –Истек орта мектебі













БАЯНДАМА



Музыка пәнінде диалогтық оқытуды пайдалану























Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39бет)

Менің ойымша білім беру процесі диалогсыз өтпейді. Мен әр сабағымда диалогтік оқыту әдісін қолданып отырамын. Бірақ бұрын дәстүрлі сабақ беру әдісінде сабағыма сұрақтар дайындағанда тақырыпқа байланысты алатынмын да, ол сұрақтың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні туралы ойланбайтынмын. 1-ші бетпе-бет кезеңінде оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлері болатынын, сонымен қатар ашық сұрақтар мен жабық сұрақтардың оқушының ойлауына әсерін білгеннен кейін сабақ жоспарын құрарда қандай сұрақ қоятынымды дайындадым.Сондай ақ осы мақсатпен «Кембридж» бағдарламасынан бірінші «бетпе - бет» кезеңінде оқып біліп үйренгенімді іс жүзінде қолдану үшін мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізетін сабақтарыма пайдаландым. Александр(2004) оқудағы әңгімелесу қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.

Айталық «Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері» атты сабағым.

Мақсаты: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнеріне, ән өнеріне зор үлес қосқан әнші композиторлармен, олардың шығармашылығымен танысу, сыни ойларын дамыту.

Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың сабақ үстінде би билеп, қозғалысқа түсуі  аса құптала бермейді. Сергіту сәтінде балалардың көңілді әуенмен демалуы, бақытты балалық шағын ескере отырып, көңілдеріне қуаныш ұялату, ұяң балалардың ашыла түсуіне өте жақсы ықпал етті. Оқушылар дәстүрлі әншілермен танысып қана қоймай бір - біріне берген жауаптарына қайталана ашық сұрақтар қойып отырды. Осы сабақта композитор Нұргиса Тілендиевтің өмірбаяны мен шығармашылығын оқушылар зерттеу арқылы «Аққу күйін» композитор Нұрғисаның өзі емес, оның әкесі Тіленді шығарған екенін атап айтты, әсіресе Қазақстан композиторлары арасындағы көптеген шығармаларға зор үлесін қосқан Е. Рахмадиевтің өмірден мәңгілік сапарға аттанғанын естеріне сала кетті. Ойларын дәлелдеу үшін сыни тұрғыдан ойлана жауап берулері көзделді. Үлгерімі орташа оқушылар өз достарынан қалай оқу керектігін, өз ойларын қалай дәлелді жеткізуге болатындығын, топ ішінде өз пікірлерін айтуды, достарының алдында қате айтып қалам деп қысылмай, өз ойларын айта білуге үйренді. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. «Аққу» күйіне байланысты аққудың суретін салып 2 жұлдыз 1 тілек жазды. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарады дегендей шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да, өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Ашық сұрақтарды көбірек қолдануға тырыстым. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: әңгіме -дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 40 бет) Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлерінен зерттеушілік әңгіме мен топтық әңгімені қолдандым. Топ арасында «Күйшілер ауылына барамыз» атты саяхат сабақ болды . Онда балалар сұрақтар жазылған корточкаларды алып жауап берді, және әр топ бір - біріне дайындаған сұрақтары арқылы тақырыпты аша білді. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен жинақтауға көмек береді, іс әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларды пайдалануға болады. Қабырға газеті Сиқырлы сұрақ, Не ұқтың ? Не білдің? Сіз мысал келтіре аласыз ба? Көмектесе алатындар бар ма? «Біз Отанның ұланымыз» атты сабағымда қандай патриоттық әндерді білесіңдер? Қай жанрға жатады? Оқушылар сұраққа жауапты өздері тауып топтық жұмыстың ұйымшылдығымен қабырға газеттері ілінді. Сабаққа байланысты эссе жазды . Оқушыларды елін сүюге, Отанды қорғай білуге, батылдыққа және әншілікке баулуды көздедім. Оқушыларға ән орындау кезінде кездесетін қиыншылықтарды табыңдар дегеннен гөрі ән айтылып тұрған кезде қандай қиыншылықтарды аңғардыңдар?, қалай айтқанда дұрыс орындалады? жазылғандағы сөз бен айтылғанда сөздің айырмашылығы бар ма?деген амалдарды қарастыру керек деп таптым, сонда ғана әннің кездесетін қиыншылықтарын сезінуге болатынына көз жеткіздім. Мысалға өлең жолдарында «Гүлді өмірде мәуелі, Нұрлы өмірде мәуелі» деген сөздерінде айтылуында болар болмас естілетін «і», «ы»жалғауы түсіп қалатындығын Абат, Юлия атты оқушылар сыныптастарына түсіндіріп берді. Сабағымда Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалана отырып сабақты ашу мақсатында Шәмші туралы бейне фильм көрсетілді. Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі (бастама жауап кейінгі әрекет ) нысаны бойынша қойылған сұрақтар болды. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралы болып табылады. Оқушылар алдында тілек жеткізуде үндемейтін оқушым Айнұр ойын жеткізе алмай қысылып еді, құрдастарына еліктеп ұмтылыс пайда болды. Оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру ғана емес, оларға ойын ашық анықтауға дамытуға және кеңейте беру үшін пайдаланылады. Оқушыларға сұрақтар қойып, сыни ойлауға бағыттадым. Нота сызығы неше сызықтан тұрады? Қай нота қай сызықта жазылады? деген сұрақтар қойып интерактивті тақтаны пайдалана отырып, ноталарды нота сызығының бойына орналастырды. Сабаққа қатыспай отырған оқушы болған жоқ. Сабақ соңында оқушылар смайликке өз ойларын жазып кетті. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет.(Нұсқау-58 бет) Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы жүрді. Балалар өз топтарына баға беріп қателерін айтты. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін «Кім жылдам?» деген ойын өткіздім. Екі оқушы ортаға шығарылады, оларға он бес сөз оқылады оның ішінде бір оқушы «Ш» дыбысы, бір оқушы «Д» дыбысы бар сөздерді есіне сақтап қалу керек. Ал қалған оқушылар қай оқушы қанша дыбыс көп айтқандарын санап отырады. Осылайша шапшаң, тез естеріне сақтайтын оқушыларды анықтауға болады. Диалогтік оқыту ұжымдық талдауға жетелейді, ұжымдық талдау, сыни көзқарасты қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауға әкеледі. Оқушы топтық, жұптық жұмыстарда өзінің пайымдауын, түсінігін ауызша баяндау арқылы да, сұрақ қою, қайта сұрақ қою арқылы да жеткізеді, мәселе қоя отырып, оны шешудің жолдарын ұсынады. Диалог барысында қатарлас құрбысының деңгейімен өзінің деңгейін іштей саралап ой түйеді, өзінің әлсіз тұстарын мойындайды және өзін жетілдіруге ұмтылыс жасайды деп ойлаймын. Диалогтік оқытудың ең маңызды шарты - оқушылар топтық жұмыстар арқылы бірін -бірі үйретеді, оқытады әрі бағалайтындықтарымен ерекшеленеді. Білім беруде диалогтің маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Барнс сыныпта қаншалықты тіл қолданса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін анықтаған. Бұны өзім «Төлдер» атты сабағымда олардың адамға деген пайдасын, өмірдегі маңызы туралы толық жауаптарынан көрдім,оқушылар өздеріне мәліметтерді түртіп алғанымен ойларын жеткізуге асықты, өздерінің сабақта теориялық білімін іс жүзінде іске асыра білді, және сыныптағы әріптестермен бөлісті. Мұғалім жай бір, сарынды үнмен сөйлесе немесе тек өзі сөйлейтін болса оқушыларда селқостық пайда болады. Оған мысал жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде кіріспе әңгімені өзім баяндап, дәлелдеп, өзім талдау жасап тек олар тыңдаушы көшіріп алушы болды. Келесі жолы тақырыпты сыныпта топтарға бөліп бердім,оқушылардың өздері бір- біріне кеңес беріп, талқылап, мағынаны ашып, одан нәтиже шығаруы өте жақсы болды. Нұсқаулықта оқытуда қолданатын әңгімелесудің түрлері берілген. Олар әңгіме- дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлетін болсақ, сапалы білім берудің бірден бір жолы диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру.Диалогтық оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қалыптастырады.
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білім Ең алғашқы сабағымнан бастап оқушылар диалогқа түсті. «сабағымда мұғалім мен оқушы арасындағы диалог көрінді. Оған себеп қызығушылықты ояту кезінде суреттер беріп, суреттердің артына сұрақ жасырдым. Сол суреттерді талдау арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді, бір – бірінің жауаптарын толықтырып та отырды. «Бірінші бетпе- бет» кезеңінде диалогтік әңгімені оқыту тақырыбында түрткі болу техникасын айтып өткенбіз, сол бойынша тақырыпты ашу үшін де осындай түрткі болдым. Ал 2 – ші техникасы қайта бағыттау кезенінде де «Көмектесе алатындар бар ма?» деген сұрақтар қойып отырдым. Әрине, ең алғаш сабағымда оқушылар көп ештеңе қоспады. Сондықтан 1 – ші сабағымда үлгерімі жоғары оқушылардан сұрап, басқа оқушылардың қосылуына себеп болдым. Содан кейін барып 2 – ші сабағымнан бастап оқушылар жоғарыда айтылған сұрақтар бойынша өз ойларын айтып отырды. Диалогтік оқыту топқа тақырыпшалар берген кезде де оқушылар бір – бірлерімен постер дайындау үстінде өз идеяларын айту арқылы диалогқа түсіп, қарым – қатынас жасады. Постер жасау жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды. Постер таныстырып болғаннан кейін оқушылар бір бірімен қатынасқа түсіп, бағалауда өздерінің жауаптарын тексеру арқылы диалогқа түсті. Сабағымды қорытындылау кезінде «Сиқырлы сұрақ» әдісі арқылы жуан, жіңішке сұрақтар ойып, жауабын алдым. Оқушылардың диалогқа түсіп кеңінен білім алғандығын бірінші сабағымда байқаған соң қалған сабақтарымды осындай әдіс арқылы құруды жөн көрдім. Диалогқа бірінші сабағымда бәрі қатыса қойған жоқ, өз ойларын еркін айта алмаған оқушыларда болды, мысалы Амир, сияқты оқушылар. Амир өз ойын еркін жеткізе алмаса, Айнұр тым ұяң болатын. Сондықтан топтық жұмыс жасатып, бір – бірін критерийлер арқылы бағалаттым. Осы топтық жұмыс жасап жасап жатқан уақытта Амир өз ойын айтып жатқанын байқадым және өздеріне берілген тақырыпты Амир өзінің түсінгенінше таныстырып толық жауап берді. Амирдің таныстырылымына от шашу шапалағы арқылы мадақтадым. Енді 3 – ші сабағымда «Блиц кездесу» әдісі арқылы өткен тақырыптарды бір – біріне түсіндіру мақсатпен 2 оқушы шығарып, қарама – қарсы отырғызып тақырып бойынша сөздер беріп мағынасын ашуларын сурадым. Оқушылар бір – біріне қалай түсіндіреді екен деп, бар оқушының назары тақта алдына шыққан оқушыларда болды, әрі түсіндірулерін тыңдап, дұрыс түсіндірмесе өздері айтуын сұрады. Ендігі бір диалогқа түсетін әдіс -«Көзге көрінетін айғақтар» әдісі болатын. Оқушыларға түрлі формулалар, схемалар, суреттер бердім да топтастырыңдар деп уақыт бердім. Оқушылар берілген тапсырмаларды өздері қалайша топтастырғысы , солайша топтастырды. Олар бір – бірінің ойлары арқылы жұмыс жасады. Ал «Елші», «Кезбе тілші» әдістері арқылы оқушылар ізденіп, өмірмен байланыстырып сұрақтар қойып, бір – бірімен ынтымақтаса отырып диалогқа түсті. Осындай әдістерден кейін оқушылардың бір – біріне деген көзқарастарын, пікірлерін тыңдайтынын байқадым. Ал бір сабағымда сабақтың тақырыбын ашу үшін қазіргі заман сәйкес ертегіден бастап, оқушыларға өз ойларынша аяқтауға бердім. Сол уақытта оқушылар ананы қосып жібер деп бір – біріне бағыт- бағдар беріп отырды. Осындай бір – біріне көмектескесін оқушы мен оқушы арасындағы диалогтың пайдасының зор екенін байқадым. Тағы да байқағаным оқушылар өздері бар шешімді өздіктерін қабылдап жатыр, ал мен бағыт бағдар беруші екенінді байқадым. Қорыта айтқанда диалогтың оқу үдерісінің өсуіне зор ықпал ететіндігіне көзім жетті.











7



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Менің ойымша білім беру процесі диалогсыз өтпейді. Мен әр сабағымда диалогтік оқыту әдісін қолданып отырамын. Бірақ бұрын дәстүрлі сабақ беру әдісінде сабағыма сұрақтар дайындағанда тақырыпқа байланысты алатынмын да, ол сұрақтың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні туралы ойланбайтынмын. 1-ші бетпе-бет кезеңінде оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлері болатынын, сонымен қатар ашық сұрақтар мен жабық сұрақтардың  оқушының ойлауына әсерін білгеннен кейін сабақ жоспарын құрарда қандай сұрақ қоятынымды дайындадым. Осы мақсатпен  «Кембридж»  бағдарламасынан бірінші «бетпе -  бет» кезеңінде  оқып біліп үйренгенімді іс жүзінде қолдану үшін  мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізетін сабақтарыма пайдаландым. Александр(2004)  оқудағы әңгімелесу  қарым- қатынас жасаудың  бір сарынды үдерісі емес керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Мерсердің  зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.        

Общая информация

Номер материала: 65054040918
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>