Инфоурок Обществознание Рабочие программы»Құрметтейік кітапты»

»Құрметтейік кітапты»

Скачать материал

Құрметтейік кітапты!

 

Тақырыбы: Құрметтейік кітапты!

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға кітаптың ерекше қасиеті туралы айта отырып, кітаптың сарқылмас рухани қазына екендігін ұғындыру, бар білімнің қайнар көзі осы кітаптан алынатынын, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

 Тәрбиелік: Оқулықтары мен басқа да толып жатқан кітаптарды, журналдар - ды күтіп ұстап, құрметтей білуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру;

Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелеу, түсіндірмелі

Көрнекілігі: Кітап туралы қанатты сөздер, «Кітап» көрмесі, қақпа, кітап атрибуттары,

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Кіріспе

Біз бүгін балалар, осы жерге белгілі бір себеппен жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін жолымызға кедергі болып тұрған мына қақпаның есігін өз біліміміз арқылы ашуымыз керек. Ол үшін мына беріліп тұрған екі тапсырманы орындауымыз қажет.

1 - тапсырма

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.

Бұл не? (Кітап)

2 - тапсырма

Қабат - қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Мұғалім: - Балалар, сонда біздің өткелі отырған тақырыбымыз не туралы екен?

- Кітап туралы екен.

ІІІ Негізгі бөлім

Мұғалім: Тәрбие сағатының тақырыбы «Құрметтейік кітапты»деп аталады. Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсатымыз қаншама білім нәрін беріп, білім, білігімізді жетілдіріп отырған кітаптарымызға ұқыптылықпен қарап, күтіп ұстау, құрметтей білуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру. Кітаптың сарқылмас рухани қазына екендігін ұғындыру, бар білімнің қайнар көзі осы кітаптан алынатынын, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

(Осы кезде музыка әуенімен қақпа ашылып Кітап ханшайымы сыныпқа кіреді)

Кітап ханшайымы: Мен адамның досымын. Менің атым - кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл - ауылға, қала - қалаға таратады. Міне, мен, енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын!

1 - оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

2 - оқушы:

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.

Сонау ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

3 - оқушы:

Ағаш кесіп қаншама адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған,

Ағаш тиеп үнемі.

4 - оқушы:

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы,

Сол ағашты тасыған,

Білер ме екен көп адам.

5 - оқушы:

Заводтарда күн - түні,

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адам кім үшін,

Маңдай тері тамады.

6 - оқушы:

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

7 - оқушы:

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

8 - оқушы:

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

9 - оқушы:

Оқулықты мектебің

Берер саған теп - тегін.

Білмейсің - ау еш бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

10 - оқушы:

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Мұғалім:

- Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі сіңеді екен. Сондықтан біз оны қалай ұстауымыз керек, балалар?

11 - оқушы:

- Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей, таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек.

(Осы кезде сынып бөлмесіне қатты ренжіп, жылаған Әліппе кітабы кіреді. Артынан бірнеше кітап атрибуттары қосыла кіріп, ренішті кейіппен балаларға қарап тұра қалады.)

Әліппе: Не деген сұмдық, сұмдық...

Кітап ханшайымы: Бар білімнің, кітаптың көш басы қымбатты Әліппем - ау, сіз қайда жүрсіз? Сізді іздеп таппағаныма неше күн, неше түн болды? Қайда болдыңыз?

Әліппе: О, кітап ханшайымы, менің қайда болғанымды тәртіпсіз оқушылар біледі, жоғалып кетпегесін әйтеуір осы жерге келіп тұрмын ғой, бұған да шүкіршілік. Мана бір әдепті бала көмек беріп, жолға салып жібергені, әмәнда аман болсын.

Кітап ханшайымы: Қатты реніштісіз ғой.

Әліппе: Қалай ренжімейін?! Бар білімнің көш басы Әліппе едім салмақты. Бүлдіршіндер менімен Сауат ашып достасып, Құрметтеп мені қоштасқан. Біле алмадым мен, асқаны ма, әлде сасқаны ма? Парағымды паршалап, қорғаныш мұқабам қабырғасын күйретіп, күресінге тастады, мені апарып сүйретіп...

(жылайды)

Кітап ханшайымы: Қиын болған екен, бұл бұзық балалардың ісі ғой. Аман құтылған екенсіз, сабыр сақтаңыз. Айналайын, «көш басым», кел мұнда, мен бірдеңе білсем, сіз бүгін осы жерден нағыз дос табасыз. Бізге қонаққа келген мына оқушылардың жүзі жылы екен. «Түсі игіден түңілме»деген ғой атам қазақ.

(Әліппені отырғызады)

Кітап ханшайымы: Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану мүмкін емес қой. Сендер өзі қай кітап боласыңдар?

Көрініс: «Кітаптар мұңы»

Ана тілі: Мен «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұстаса келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай - сүйегім сырқырайды. Іші - бауырымнан сау жерім қаламады. Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде - кем.

Математика: Менің де оңып тұрған жерім жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Математика» оқулығы боламын. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасына аттағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей - ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып - бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп - тепкілеп тастап кетті.

Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес, бар. Алайда олардың бір кемшілігі - Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді.

Математика: Менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуміз - мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Сызбайды, сия тамызбайды.

Ана тілі: Әй, достым, бізден енді оқулық шықпайды. Бізді қайтадан фабрикада баяғыдай қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді, ол жерден қайта кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен. (Екі кітап мұңайып тұрады, сол кезде қазақ тілі оқулығы келеді)

Қазақ тілі: Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.

Кітап ханшайымы:

Кітаппен дос болайық,

Ата - баба үмітін біз ақтайық!

Балаларым, оқы, ойна,

Оқу - білім саған пайда.

Ана тілі: Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Әліппе:

Оқы талмай, құй санаңа, бүлдіршін,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Математика:

Таза ұстап, оқы мені, қастерле,

Бар білімді мен егемін санаңа.

Мұғалім: Есті адам баласы кітапқа қолының қалай жеткенін біледі ғой, ал мынадай істі тек әдепсіз, сотқар балалар ғана жасауы мүмкін. Дұрыс па, балалар? Осы мұңын шаққан кітаптардың алдында біз Адырбай мен Сотқарбай сияқты оқушылар болмаймыз деп уәде береміз бе?

Оқушылар: Ия, уәде береміз.

Жақсылықты жақтаймыз,

Еш кітапты жыртпаймыз.

Бар кітапппен дос болып,

Сенімдерді ақтаймыз.

Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап бізді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітап бізге ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге береді.

12 - оқушы:

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние - мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

13 - оқушы:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

14 - оқушы:

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

15 - оқушы:

Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

16 - оқушы:

Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап көрсем жаңадан.

Кітап маған ұнады,

Кітап - білім бұлағы.

Хор:

Мұғалім: - Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыз - дың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?

17 - оқушы

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

Абай

18 - оқушы:

- Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал.

19 - оқушы:

- Өмірде ең жақсы кеңесші - кітап.

20 - оқушы:

- Кітапсыз үй - жансыз дене.

21 - оқушы:

- Кітап – асып - таспайтын адал досымыз.

22 - оқушы:

- Білім біздің шамшырағымыз, кітап біздің ұстазымыз.

23 - оқушы:

- Кітап ғажап дос. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді.

24 - оқушы:

- Кітап дегеніміз қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді. Сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.

Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңі қалай аталатын еді? (суреті көрсетіледі)

«Біз бақытты баламыз» әні орындалады.

Көрініс:

Оқушы:

Асыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі,

Қуанышты көңілдің, баспалдағы өмірдің.

Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап:

Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін,

Бірақ білмес парқымды,

байқап жүрмін әркімді.

Оқушы:

Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап:

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы:

Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінде.

Кітапханашы апайға сөз беріледі. Анар апай мектеп кітапханасынан өзінің әкелген кітаптар қорымен таныстырып, әр кітаптың ерекшелігі мен маңыздылығын түсіндіреді және оқушылардың журналдарға жазылу деңгейіне, кітапханаға бару, кітаптарды алып оқу жағдайларына да тоқталып өтеді.

Мұғалім:

Біз неғұрлым кітапты көп оқысақ, барынша білетініміз де толыға түспек. Өз оқулықтарымызды болсын, өзгеден оқуға алған, кітапханадан алған кітаптар болсын өте ұқыпты, таза ұстап, кейбір тозып тұрған жерлері болса желімдеп, тыстап, жапсырмалап ұқыптап ұстауға тырысуымыз қажет. Сонымен бірге кітапты үзбей оқып, өзімізге сенімді дос ете білуіміз қажет. Кітаптан алған білімдеріңмен самғап ұшып, білімнің биік шыңдарына көтеріліп, Қазақстанымыздың Туын, мәртебесін жоғары көтеретіндей саналы ұл - қыз болып өсе беріңдер дегім келеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "»Құрметтейік кітапты»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрметтейік кітапты!   Тақырыбы: Құрметтейік кітапты! Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кітаптың ерекше қасиеті туралы айта отырып, кітаптың сарқылмас рухани қазына екендігін ұғындыру, бар білімнің қайнар көзі осы кітаптан алынатынын, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;  Тәрбиелік: Оқулықтары мен басқа да толып жатқан кітаптарды, журналдар - ды күтіп ұстап, құрметтей білуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру; Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелеу, түсіндірмелі Көрнекілігі: Кітап туралы қанатты сөздер, «Кітап» көрмесі, қақпа, кітап атрибуттары, Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Кіріспе Біз бүгін балалар, осы жерге белгілі бір себеппен жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін жолымызға кедергі болып тұрған мына қақпаның есігін өз біліміміз арқылы ашуымыз керек. Ол үшін мына беріліп тұрған екі тапсырманы орындауымыз қажет. 1 - тапсырма Ұсынған қойнынан, Білімнің үлесін. Шықпайды ойыңнан, Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап) 2 - тапсырма Қабат - қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. (Кітап) Мұғалім: - Балалар, сонда біздің өткелі отырған тақырыбымыз не туралы екен? - Кітап туралы екен. ІІІ Негізгі бөлім Мұғалім: Тәрбие сағатының тақырыбы «Құрметтейік кітапты«деп аталады. Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсатымыз қаншама білім нәрін беріп, білім, білігімізді жетілдіріп отырған кітаптарымызға ұқыптылықпен қарап, күтіп ұстау, құрметтей білуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қыз

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 644 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2014 1757
    • DOCX 67 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамышева Жанат Нысановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамышева Жанат Нысановна
    Мамышева Жанат Нысановна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 201700
    • Всего материалов: 40

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 44 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе