Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Наурыз-жыл басы!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Наурыз-жыл басы!

библиотека
материалов


Наурыз – жыл басы!


Мақсаты:

1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілік: Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер.


Барысы:


1-жүргізуші:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

2-жүргізуші:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.


1- жүргізуші:

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.

Кел, балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық..

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық..


2-жүргізуші:

Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсыша «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.


1-жүргізуші: Сондықтан біріншіден, Наурыз тепе-теңдік мерекесінің негізгі арқауы деп есептелген.

2-жүргізуші: 2-ден, Наурыз - күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.

1-жүргізуші: 3 -ден, Наурыз күні — имандылық мереке. Алдыңа келгенді атанның құны болса да кеш деген екен

2-жүргізуші: 4-ден, Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен мошылық бастауы.

1-жүргізуші: 5-ден, Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.



Бәрі:

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық!


2 – жүргізуші:

Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!

Атар таңға, батар күнге тәу-тәу!


Күн Ана.

- О, қасиетті Жер Ана! Алла – тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас  иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.


1 – жүргізуші:

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,

Құтты болсын қуанышың Ару көктем,

Шақыратын бәрімізді бірлікке.


Көктем Ару.

-Армысыздар халайық,

Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.


2 – жүргізуші:

- Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ

«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.


1 – жүргізуші:

- Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып шын жүректен,

Ел болып қарсы алайық!


Күн Ана.

- Зарыға күткен жаңа жылым да,

Наурызым келді – ау!

Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.

Ұрпақтарым аман ет.

Жамандық әрі кет, әрі кет.

Наурыз батырым келе ғой!


Наурыз батыр.

Сәлем Анам алтын күн,

Нұр шуаға халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас – кәрің.

Жыл иесі тышқаным,

Құт иесі тышқаным,

Бақыт әкел еліме

Құт – береке молшылық

Дари берсін жеріме.


2 – жүргізуші:

- Рахмет; Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

1 – жүргізуші:

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!


Бәрі: Жарқыраған жыл нұрды, Жаса, Наурыз дәстүрлі!


2– жүргізуші:

Наурыз – бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін.


(Ортаға Қыдыр ата келіп бата береді)


1 – жүргізуші:

Наурыз тойым,

Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.


(«Наурыз» әні орындалды.)


2– жүргізуші:

Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай,

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық!


«Қара жорға» биін қабыл алыңыздар


1 – жүргізуші:

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.


(«Көктем келді әні»)



2– жүргізуші:

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айып, би билеп,

Қол соғайық бәріміз!


«Жұмыр қылыш» биін қабыл алыңыздар


1- жүргізуші:

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер!

Бүгін бізде – Наурыз көже

Құрт – қатық, бұршақ  қосқан.




2 - жүргізуші:

Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Татайық Наурыз көжеден

.

Барлығыңызды Наурыз көжеге шақырамыз.

Мерекелік кеш әсем ән, би, өлең – жырмен жалғасты. Наурыз көже таратылды.

Краткое описание документа:

Мақсаты:1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілік: Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер.Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсыша «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды 
Автор
Дата добавления 09.04.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров329
Номер материала 65133040941
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх