Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Шығармашылық жоба
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Шығармашылық жоба

библиотека
материалов

"Үстірт орта мектебі" мемлекеттік мекемесі













Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба

«Өз қолыңмен жасалған сыйлық»






дайындаған: технология пәні

мұғалімі Ш.Сайманова
















Бейнеу селосы 2014 жыл

Сабақтың тақырыбы : Шығармашылық жоба «Өз қолыңмен жасалған сыйлық»

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың білімін тереңдету, қолдан сыйлық жасау технологиясын үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Дамытушылық : Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой – өрісі мен еске сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік : Оқушыларды еңбектенуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жауапкершілікке, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде айқындау.

Сабақтың көрнекілігі: жасалған бұйымдар, слайд, құрал – жабдықтар.

Әдіс – тәсіл : үйрету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру : а) Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,

б) сабаққа дайындығын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау.

  1. Шығармашылық жоба деген не?

  2. Кез – келген жобаның мақсаты неде?

  3. Шығармашылық жобаның техникалық құжаттарына не жатады?

  4. Шығармашылық жобаның сапалы орындалуы неге байланысты?

  5. Шығармашылық жобаның негізгі кезеңдерін ата.


Сөзжұмбақ:


с

ә

у

к

е

л

е


т

о

р

с

ы

қ


ф

и

т

о

д

и

з

а

й

н



м

у

л

и

н

е

с

а

н

д

ы

қ


қ

ұ

р

а

қ



  1. Қалыңдықтың бас киімі?

  2. Мал терісінен жасалатын ыдыс?

  3. Өсімдіктерден күрделі композиция құрау өнері?

  4. Кесте тігетін жіп?

  5. Төрт бұрышты бір ауызды бұйым не?

  6. Мата қалдықтарынан құрастырылып жасалатын ерекше бұйым?




Жаңа сабақ: Шығармашылық жоба «Өз қолыңмен жасалған сыйлық»

Жоба – оқушылардың өз білімдерін практика жүзінде қолдануға, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін және өз бетімен атқаратын қорытынды жұмыстары.

Жобаның тақырыбын әркімнің өзі таңдайды. Жобаны оқу материалдары бойынша ғана емес , сонымен бірге өздеріңізді қызықтыратын проблема бойынша да орындауға болады.

Туған күн кешіне барарда немесе мереке қарсаңында ең бірінші ойымызға «нендей сыйлық алып барамын», «не сыйлаймын» деген ойлар келеді. Туған күн иесіне немесе мереке қарсаңында сыйлық беретін жақынымызға не ұнайтынын еске түсіре бастаймыз. Кей кезде таңдау жасай алмай қиналып қалатын да кездеріміз болады.

Қазіргі таңда сыйлыққа қолдан жасалған бұйымдарды өте бағалы болып есептеледі.

Мысалы: Гүл. Қай қыз-келіншек болмасын гүл десе жүздеріне нұр ойнап, сыйлыққа гүл алғанда ерекше қуанады. Барлық сыйлық атаулының ішінде гүлге жетері жоқ. Гүл өзінің әдемілігі мен керемет иісінің арқасында сыйлық иесіне тамаша шаттық сыйлайды. Гүлге барлық сыйлық атаулы тең келмейді.

Гүлді әртүрлі қағаздардан, мата қиындыларынан, сумоншақтардан жасауымызға болады.

Сарамандық жұмыс: Гүл жасау

Нұсқау картасы

Жасалу жолдары

Қолданатын құралдар

1

Материалды дайындау

Әртүсті ленталар

2

Үлгісін жасау

Қайшы, ине- жіп

3

Лентадан және қағаздан гүл жасау

Үлгі

4

Дайындаған гүлді тігу және жапсыру

Мата, ватман



Қауіпсіздік ережесі:

  1. Инені киімге қыстыруға, ауызға салуға болмайды.

  2. Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.

  3. Инені жіпсіз тастауға болмайды.

  4. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  5. Инені ине қадауышқа шаншы.

  6. Қайшыны ашық тастама.

  7. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

  8. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.

  9. Жұмыс істеп жатқан кезде бір-біріңнің көңілін бөлме.

Сергіту сәті: мақал-мәтел айту. (жалғасын табу)

  1. «Өнерлі болу – зейнет

Өнерсіз болу ............» (бейнет)

  1. «Әке - асқар тау,

Ана...... (бауырындағы бұлақ)

Бала - ......». (жағасындағы құрақ)

  1. «Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ............» (ортақ)

  1. «Байлық атасы – еңбек,

Анасы - .............» (жер)

  1. «Еңбекке үйренем десең, ерінбе,

Өнерге үйренем десең, ............ » (ерінбе)

  1. «Шешенің сөзі мерген,

Шебердің ............... мерген» (көзі)

Сабақтың теориялық және практикалық бөлімін қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану арқылы INSERTәдісі


Не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?









Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Сыйлық жасау

Бағалау.

Өмірде сыйлықтар саны өте көп. Ерекше талғаммен таңдаңыз да, сыйлай беріңіз. Не сыйласаңыз да шын жүректен сыйлаңыз, шын жүректен шыққан лебіз арзан сыйлықты да ең керемет ете алады.












Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы : Шығармашылық жоба  «Өз қолыңмен жасалған сыйлық» Сабақтың  мақсаты :  Оқушылардың білімін тереңдету, қолдан сыйлық жасау технологиясын үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру; Дамытушылық :   Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой – өрісі мен еске сақтау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік :  Оқушыларды еңбектенуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жауапкершілікке, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде айқындау. Сабақтың көрнекілігі:   жасалған бұйымдар, слайд, құрал – жабдықтар. Әдіс – тәсіл : үйрету, түсіндіру, сұрақ – жауап. Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ Сабақтың барысы : Ұйымдастыру :  а) Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,                                б) сабаққа дайындығын тексеру. Өткен сабақты пысықтау. Шығармашылық  жоба деген не?Кез – келген жобаның  мақсаты неде?Шығармашылық жобаның техникалық құжаттарына не жатады?Шығармашылық жобаның сапалы орындалуы неге байланысты?Шығармашылық  жобаның  негізгі кезеңдерін ата. 
Автор
Дата добавления 10.04.2014
Раздел Технология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров5164
Номер материала 65390041020
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх