Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҒЫЛЫМИ ЖОБА «Сүлік – сиқырлы емші»

ҒЫЛЫМИ ЖОБА «Сүлік – сиқырлы емші»

Скачать материал











ҒЫЛЫМИ ЖОБА



Аты – жөні: Маханбетәли Нұрсұлтан



Мектебі: Ш.Ермағанбетова атындағы

246 орта мектеп


Сыныбы: 4


Тақырыбы: «Сүлік – сиқырлы емші»


Секциясы: медицина


Жетекшісі: Жаңабергенова Гүлнар


Ғылыми жетекшісі: Жолболдиов Серік Қыдырқоджаев

Дәрігер, шығыс медицинасының доктары халық емшісі,

«БМС» клиникасының меңгерушісі
















2013-2014 оқу жылы

МАЗМҰНЫ


І Кіріспе: а) Сүлік сөзіне түсінік беру (сөз тіркестері)...............................................1
ә) “Әулие” құрт туралы аңыз.......................................................................2

ІІ Негізгі бөлім: а) Сүлік-сиқырлы емші (гирудотерапия)........................................3
ә) Сүлік түрлері
б) Сүлік салу......................................................................................4
в) Сүліктің қан соруы
г) Сүлікті сақтау................................................................................5
д) Сүлік салып емдеу........................................................................6

ІІІ Қорытынды: Сүліктен кейінгі сауал (менің ұсынысым)....................................7


ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................8































Мақсаты: Инемен емдеу сияқты сүлік те адамның денсаулығына шипа бола алады. Сүлік сілекейі арқылы адамның қанын тазартып, имунитетін күшейтіп, ағзасын жақсартып, қанның ұюына тосқауыл болады.

Міндеті: Сүлікпен емдеудің пайдасын терең зерделеу


Мазмүны: Сүлік-әулие құрттар


Әдістері: іздену, зерттеу, деректі әңгімелер жинау, жазып алу

Нәтижесі: Гирудотерапия-денсаулық кепілі
















hello_html_5e27da34.jpg

Маманның рецензиясы


Шығыс медицинасы және халық медициналарының арасында инемен емдеу тәсілі, жылы балшықпен, ара балымен, араны шақтыру арқылы емдеу, шөппен қыздыру арқылы емдеу тәсілдері секілді енді сүлікте науқас денсаулығына тікелей ықпал тигізе алатынын дәлелдеді. Инемен емдеу сияқты сүлікте биологиялық белсенді нүктелердің терісіне қадалады. Сүлік 60-тан аса түрлі науқасқа емдік қасиеті бар. Сүлікті адам денесіне жабыстыру арқылы және 3 түрлі тәсілмен емдейді.

  1. Шағу арқылы (нерв жүйесіне пайдасы бар)

  2. Бойындағы сікелей арқылы (сілекейді қан тамырына жіберіп, қанды сұйылатын қызметі бар)

  3. Адамның бойындағы үйыған қанды бойына алады.

Сонымен қатар қан құрамындағы қабынуға қарсы қасиеттері бар шлактар мен токсиндерден тазартады және жүрек аруына, қан қысымы, бронхиалық астма, созылмалы гепатит, тамыр (варикоз) ауруы, мұрын, құлақ, бел, омыртқа, гинекология, урология, аллергия, геморрой және т.б ауруларға мыңнан бір пайдасы көп. Сүліктің 600-ге жуық түрі бар. Соның ішінде:

  1. Емдік дәрігерлің сүлік.

  2. Дәріханалық сүлік.

  3. Шығыс сүлігі.

  4. Ресейлік конскаясүлік.

Осы сүліктердің ішіндегі емдік қасиеті мол ұзаққа шыдамдысы – ресейлік конская сүлігі. Қызылорда облысында сүлікті 1997 жылдан бастап 16 жыл бойы пайдаланып келемін. Осы аралықта 5000-нан аса халық емделіп, көптеген аурудан айығып сүліктің қаситені мойындағандары айдан анық. Сүліктің емделу барысында науқастың денесі таза болғаны абзал Себебі: сүлік өте секемшіл, таза, шаш және тері арасындағы жағымсыз иіс болған жағдайда жабыспайды. Қазіргі таңда ғылымда сүліктің бойындағы қасиеттерін алдеде ешкім ашпағаны айдан анық.
















Аннотация


Республикамыздың сүлік салумен айналысатын медициналық

орталықтар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Сүлікті барлық ауруға ем деп айтуға болады Инемен емдеу сияты сүлік те биологиялық белсенді нүктелердің терісіне қадалады cүлік-қан құрамындағы қабынуға қарсы қасиеттері бар. Шлактар мен токсиндерден тазарта алады.

1991 жылы Украинаның Донецк қаласында дүниежүзілік дәрігерлердің басқосқан жиынында сүлікті емшара мақсатында қолдану керектігі жайлы әңгімеленіп медицинада толық дәлелденген.





Аннотация


Из года в год в нашей Республике увеличиваются медицинские центры лечения пиявками.

Пиявками можно лечить много болезни .Как и в случае иглотерапии, пиявкии тоже всасываются в биологический активные точки.

У пиявок есть противовоспалительные качества , они могут очищать крови и токсины. На конференции , прошедшем в городе Донецке Украины в 1991 году ,была доказана использование пиявок в медицине для лечения людей.




Abstract


From year to year the medical centers of treatment leeches increase in our Republic.

It is possible to treat much illness leeches .As well as in case of stylostixis, пиявкии is too sucked in biological active points.

Leeches have antiinflammatory qualities, they can clear to blood and toxins. At conference, last in city Donetsk of Ukraine in 1991, was well-proven the use of leeches in medicine for treatment of people.











I.Кіріспе

Сүлік сөзіне түсінік беру(сөз тіркестері ).


hello_html_m3c94208f.jpghello_html_m26db28fe.jpg


Мен әжемнің баласымын. Әжемнің күнде аяғы ауырады. Отырып– тұруы қиындады. Бір күні папам сүлік салып емдеу жайлы әжеге ұсыныс жасады. Әжем көп ойланды. Мен сүлік деген не? Біліп іздеп зерттеп әжеме көмектескім келді…

Халқымыздың баяғыдан келе жатқан сөз саптауларында (сүліктей сұлу, сүліктей жұтылған, сүліктей сорды, сүліктей жылтыр) дейтін ауыспалы мағынадағы тіркестер кездеседі. Сүлік сорғандай-өңі қуарды, қаны ашты, сүліктей қадалып, жабысып алды, айырылмады. Сүліктің жып-жылтыр, мөлдіреген, қара түсті көркем бейнелері көз алдымызға келе қалады. Оның өте жабысқақ екенін, қадалған жерінен қан алмай жан қоймайтынында нақты көрсетеді емеспе?!

Олай болса ерте заманда-ақ көпшілік қауым сүліктің сыр – сипатын, ерекшеліктерін жақсы тани білгендігіне күмәніміз жоқ. Ал, бүгінде біз сүлік жайлы не білеміз?

hello_html_654b031f.jpg

hello_html_15380ad9.jpg













2.“Әулие құрт”туралы аңыз.


hello_html_12856612.jpg


Сүлікпен емдеу ежелден бар әдіс. Египет фараондарының қа­бірі қабырғаларынан осындай ем­дердің болғанын растайтын жазулар табылғаны ақиқат. Тағы бір тарихи деректі алға тартып көрелік. Үндістанның көп қолды Дханвантари емші Құдайының бір қолында сүліктің суреті болса, бір қолында шөптің суреті бейнеленген екен. Демек, сүліктің көне заманнан бастап емдік қасиеті болғанына бұлар бірден-бір дәлел емес пе?!

Би кешіне әзірленген сәнқойлар беттерінің ұшында қызғылт рең пайда болып, жанарлары жарқылдап тұруы үшін құлақтарының сыртына сүлік салдырғаны белгілі, оның үстіне таңға созылған би кешінде олар шаршамайтын болған.

Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе аяғының ісігінің кетіп, бойындағы ауырлықтың жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрт­тардың арқа тұсынан сипап, ри­зашылығын білдіреді. Бүгінде меди­циналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектер пайғамбардың төрт сау­сағының іздерінен қалған екен деген аңыз бүгінгі күнге осылайша жеткен екен.Қазақтар осы аңыз әңгімеге сәйкес медециналық сүліктерді “Әулие құрттар”деп атаған.

Яғни біздің ата-бабаларымыздың түсінігенше медециналық сүліктер су патшасы сүлейменнің әулие құрты.





ІІ 1. Сүлік - сиқырлы емші (гирудотерапия)

Шығыс медицинасындағы тиімді тәсіл-сүлік салу. Ертеректе қазақ ауылдарында тамыр қиып,сүлік салып сырқат адамның бойындағы ауруды табатын халық емшілері болатын. Олар емдік шөптерді жақсы білетін-ді.

Қай өзеннің суы таза, қай өзеннің суы кір, балықты қай жерден аулаған жөн –адамға салатын сүлікті қай судан алуға болады, оны аталарымыз әңгіме үстінде айтып отыратын еді. Сол кісілердің сүлік салып емдеудің шипасы мен пайдасы туралы айтқан әңгімелері әлі күнге дейін есімізде.


hello_html_m215996e3.jpghello_html_4e24e5a6.jpg


Сүліктің түрлері :

Сүліктер суда, топырақта өмір сүреді .Сүлік денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады. Алдыңғы сорғышындағы аузының айналасын ұшы тіс тәрізді өте үшкір 3 - өсінді қоршап тұрады. Жануарлардың немесе адамның денесіне сорғышымен жабысып,үшкір өсінділерін қадайды да терісін теседі, сүлік өсінділері қадалған жерінен аққан қанды сорады.

Сүлік – буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Қылтанақтары жоқ, сүліктер – қос жынысты жәндіктер.

Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 см болады.


hello_html_7ac9029d.jpg


Сүліктің көбеюі:

  • Сүліктер қосжынысты жәндіктер. Жұмыртқасын пілләге салады. Ұрықтанған жұмыртқадан жас сүліктер өрбиді.

  • Қорегі: Сүліктер-паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де тіршілік ететін жәндіктер. Олардың негізгі қорегі-әртүрлі су жәндіктері, былқылдақ денелілер, бунақденелілер, итшабақ, балық шабақтары, жануарлардың қанымен қоректенеді. Үш тісті аузы бар. Ол жануарлардың денесін тістеген кезде теріде үш бұрышты із қалады. Өткір тістер теріні теседі. Сүлік тіс орнынан аққан қанды сорады.

Сүлік салу

  • Қан алдыруда көнеден қолданылып келе жатқан қарапайым тәсілдердің бірі – сүлік салу. Сүлік салу қазіргі медицинада «гирудотерапия» (лат«gerudis»-сүлік салу) деп аталады. Кез - келген нәрсені кемелдікпен жаратқан Аллаh тағала сүліктің сілекейін биологиялық заттарға бай түрлі ферменттерден түзген. Жай уақытта аққан қан тез ұйып қалатын болса, ал сүлік сілекейі қанды ұйытпай ұстап тұратын гирудин Гирудотерапия бүгінгі таңда, жүрек, склероз, бұлшық еттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызады.

hello_html_b632aba.jpghello_html_me22ec61.jpg


Сүліктің қан соруы – медициналық аш сүлік бір сорғанда 10мл қан сорып, оған тойған соң адам денесіне 8-10 сүлікті қоятын болса, олар 300-400мл қанды сорып алады және де сүліктің сорған жерінен қан өздігінен алты сағаттан бір тәулікке дейін аға береді,-дейді мамандар. Егерде адам ағзасынан қанды аздап қана алу қажет болса, онда кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Сүлік салғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, дене салмағына, қан қысымына, сүліктің жағдайына көңіл бөлу қажет. Сүлікті қолданғанда тәндегі өзгерістердің қатерлі болып кетуі мүмкін болғандықтан, сүлікті аллергиялық ауруы бар сырқатқа, қансыраған адамға, қан қысымы төмендерге, қан ұю процесі нашарлаған ауруға пайдалануға болмайды.


hello_html_m76aa5dcc.jpghello_html_m43c591a2.jpghello_html_m7c6ac73f.jpg

Сүлікті сақтау

Сүлікті сулы ыдысқа салып қояды. Сырқатты емдеу үшін аш сүліктер қолданылатындықтан, олар 2-3 ай суда қалқып жүруі тиіс. 3-5 литрлік банкіде 300-ге дейін сүлік ұстайды. Сүлік сақталған судың құрамында хлордың болмауы керек. Және де оның жылылығы бөлме жылылығындай болады. Ыдыстағы суды 24 сағат сайын ауыстырып отырады. Ыдыстың бетін темір тормен немесе дәкемен жауып қояды. Мамандардың айтуынша, сүлікті тұндырып қайнатылған температурасы 18 градус су құйылған таза ыдыста-банкіде сақтап, сүліктердің ауырып қалмауын және бөлмеде тыныштық болуын қадағалап отырады. Бөлмеде қатты шу болса, сүліктер бұралып қалады, аш болса да қан сора алмайды.


hello_html_me5abae4.jpg




Дәрігер, шығыс медицинасының доктары халық емшісі,

«БМС» клиникасының меңгерушісі

Жолболдиев Серік Қыдырходжаев


hello_html_m415920a6.jpghello_html_46567fef.jpg




3. Сүлік салып емдеу

(дәрігермен сұхбат)



hello_html_m49a8fe59.jpg






III. Қорытынды

Сүліктен кейінгі сауал(менің ұсынысым)


hello_html_m3c94208f.jpg


Мен осы жоба барысында сүліктің бірқатар емдік қасиеттеріне қанықтым Сүлікті жәндік, құрт деп қарамай емшара мақсатында қолдану науқастың сауығуына сүліктің де ықпал тигізе алатынна көз жеткіздім.

Мен әжемнің сүлік салу ойын сейілттім.Әжемді көп ойланбастан гирудотерапия емшісіне көрінуіне өз ойымды толық айта аламын.

Дені сау адамның өзі жылына бір рет сүлік салдырып тұрғаны дұрыс себебі:сүлік ағзаны жақсартады шлакты шығарады.



Менің ұсынысым:


  1. Біз облыс орталығынан 75 километр қашықтықта орналасқанбыз. Қаншама қарт, жас аға- апаларымыз ауыру азабын тартып отыр. Жол азабын қиынсынып үйде жатыр. Аудан орталығынан неге бір кабинет ашып осы сүлік салып емдеуді өз ауылымызда ашпасқа.


  1. Адамдардың «Жалағаш жаршысы» газеттерінде осы сүлікпен емдеу мақалалары жарық көрсе, қанша адамның батасын алар едік.









Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақ совет энциклопедиясы (сүлік сөздігі сөз тіркестері) [1]

  2. Биология 7-сынып Алматы:Атамұра баспасы, 2012 жыл (198-199 бет). [3]

  3. Қазақ әдебиеті тілінің сөздігі (С-Т;13том). [4]

  4. Мамаев Асылхан Мұхамедиярұлы: Мәскеу медицина университетінің биохимия кафедрасының ғылыми қызметкері. “Гирудотерапия –дәстүрлі емес медицина”еңбегі (97-105 бет). [5-6]


14



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҒЫЛЫМИ ЖОБА «Сүлік – сиқырлы емші»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Инемен емдеу сияқты сүлік те адамның денсаулығына шипа бола алады. Сүлік сілекейі арқылы адамның қанын тазартып, имунитетін күшейтіп, ағзасын жақсартып, қанның ұюына тосқауыл болады. Из года в год в нашей Республике увеличиваются медицинские центры лечения пиявками. Пиявками можно лечить много болезни.Как и в случае иглотерапии, пиявкии тоже всасываются в биологический активные точки. У пиявок есть противовоспалительные качества, они могут очищать крови  и токсины. На конференции, прошедшем в городе Донецке Украины в 1991 году , была доказана использование пиявок в медицине для лечения людей.         

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 240 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2014 8311
    • DOCX 313 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаңабергенова Гүлнар Маденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5354
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 187 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек