Инфоурок Классному руководителю КонспектыМемлекеттік тілді білу – міндет

Мемлекеттік тілді білу – міндет

Скачать материал

Мемлекеттік тілді білу – міндет

– Алғаш «Тіл туралы» заң 1989 жылы қа­был­данғаны көпшілікке белгілі. Содан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті десек те, тіл мәселесі осы күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Осы орайда елімізде тіл мәселесінің толықтай шешімін табуы үшін қандай шаралар жасалуы қажет? Сөз басында осыған тоқталсаңыз…
– Біріншіден, 1989 жылмен салыстыратын болсақ, көп нәрсеге тәубе деуге болады. Құдайға шүкір, қазақ тілі дамып келеді. Тіліміздің өзі жаңарып қалды. Бұрын қазақ тілі мүлдем бармайтын, жоламайтын ғылыми салалардың өзіне барып жатыр, яғни тіліміздің қолданыс аясы кеңейіп келеді. Алайда осы жиырма жылдан астам уақыт ішінде тіл мәселесі толықтай шешімін тапты десек қателесеміз. Адамның өзінің бір метафизикасында бар нәрсе ғой. Бір мәселе күн тәртібінде тұрып, өз шешімін таппаса, онда оның шешімін тапқанға дейін күн тәртібінен түспейтіні анық. Мұны біреулер Мұхтар Шахановтың жыл сайын қыркүйекте бас­тайтын шарасы деп атайды. Олай емес. Қарап отырсаңыздар, қазақ тілінің мәселесі – жылдар бойы келе жатқан мәселе. Жақында ұлт патриоттарының бір бөлігі «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын жасап ұсынып жатыр, яғни елімізде қазақ тілінің конституциялық мәртебесі толықтай бекімей отыр десек болады.
Екіншіден, менің түсінігімде қоғамның амбициясы, ұлттың амбициясы мемлекеттің күшінің аясынан кеңірек болуға тиіс. Егер бұл заманда биліктің артында жүрген күш болса, көп нәрседен кем қалатын едік. Ұлт әрқашанда биліктің өзін алдыға қарай сүйрелеп тартып жүретін күш болуы керек. Сондықтан қоғамның талабы мемлекеттің мүмкіндігінен артық болып жатқандығы – жақсы нышан, яғни қазақ халқы өзінің шекарасын, уақытын, кеңістігін енді танып келеді. Мәселен, тіл мәселесінде болсын, ұлттық экономикада болсын, ұлттық байлық мәселесінде болсын, жалпы, қай-қайсысында болсын. Себебі, ең жаманы менің ойымша мынау – егер біз кейбір ағайындар сияқты «болды, біз құрыдық, ел болудан қалдық» деп қол қусырып отырсақ, онда жаманы сол болар еді. Бірақ, байқап отырсаңыз, қазір төл басылымдарда, қазақ ғаламторында «қазақ болудың шарты», «қайтсек ел боламыз» деген сияқты мәселелердің туындап, көптеген пікір алмасулардың болуы көңіл қуантады. Себебі, қазақ халқы тіл, дін, діл сияқты күрделі мәселелерді талқыға салып жатуы арқылы кем дегенде өзінің ояу екенін және өзінің кеңістігін айқындап жатқандығын көрсетіп отыр.
– Кейбір тіл жанашырлары «ана тіліміздің мәртебесін арттыру үшін «тіл инспекциясын», «тіл полициясын» құру керек» деген ұсыныс айтуда. Бұған сіздің пікіріңіз қандай?
– Өз басым осыған қатысты екіұдай пікірлерді көрдім. Біреулер айтады: «Ана тілін білмегендерге айыппұл салу керек және тағы басқа да шара қолдану керек», – дейді. Екіншіден, «тіл инспекция­сын құру керек» деп жатады. Бірақ, менің ойымша, тіл инспекциясын құру деген «біз ұтылдық» деген сөзбен бірдей сияқты. Біраз ағайын бұған ренжіп қалуы да мүмкін. Сондықтан түсіндіріп өтейін. Менің білетінім келесі жылы қыркүйек айын­да «Мемлекеттік тіл туралы» заң талқыға салына бас­тайды. Біз қазақ қауымы бұған үлкен дайындықпен барып, заңның дұрыс болуын қамтамасыз етуіміз керек. Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі конституциялық мәртебесін сөзсіз орындатып, «мемлекеттік тіл туралы» заңда бір­қатар талаптар болуына күш салуымыз қажет. Мәселен, біріншіден, мемлекеттік тілді биліктегі шенеуніктердің өзі жақсы білуі турасында талап болса. Кейбір орыстілді азаматтар «бұл – біздің азаматтық құқығымызды таптау» деп жатады. Мұның бәрі – бос сөз. Өйткені, мемлекеттік қызмет­ке келген адам белгілі-бір мәмілеге келеді. Мы­салы, «мен бизнеспен айналыспаймын, мем­ле­кеттік құпияларды ашпаймын» дегендей, өзіне бір шектеулерді алады. Сол сияқты «мемлекеттік тілді білу – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті» деген талап болса, кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметкер өзі үшін үйренер еді. Тілге деген сұраныс осындайдан туады. Бұл – бір. Екіншіден, халыққа қызмет көрсету деген сала бар. Полиция болсын, дәрігерлер болсын және тағы басқаларына да мемлекеттік тілді білу міндет болса. Сол сияқты кәсіптердің тізімін жасап, заңның ішінде бекітетін болсақ, жақсы болар еді. Оларға қазақ тілін игеру үшін белгілі бір уақыт берсек. Бірақ содан таймасақ. Осылай да қазақ тілінде сөйлетуге, жаздыруға болады. Ал тіл инспекциясына келетін болсақ, мысалы, заңның өзінің талаптары болады. Заңда қылмыстық және әкімшілік деген тараулар бар. Егер тіл заңын өрескел бұзып жатса, онда қылмыстық жазаға тарту керек. Ал көшедегі немесе ғимарат ішіндегі мемлекеттік тілдегі жазуларда қате болып, оны түзетпей жатса, онда әкімшілік айыппұл салу деген әңгіме болуы мүмкін. Бірақ, менің ойымша, мұнымен тікелей айналысатын орган, ол – прокуратура. Тіл инспекциясын құру жеме-жемге келгенде тағы бір жемқорлықтың пайда болуына әкеледі деп ойлаймын. Оның үстіне қоғамның ішінде баспасөз, БАҚ саласында жүрген адамдардың мүмкіндіктері артық. Мәселен, сексенінші жылдардың аяғы, тоқса­ныншы жылдардың басында осы «Ана тілі» газе­тінің өзі ұлттық мәселелерді, оның ішінде тіл мәселесін көтерген көшбасшы газеттің бірі болды. Тіл мәселесін тіліп айтып, көптеген мәселенің оң шешімін табуға жол ашқаны белгілі. Әлі де солай келе жатыр. Бұл төл басылымдардың мүмкіндігінің зор екендігін көрсетпей ме? Сондай-ақ маған Алматы телеарнасында болатын «Тіл сақшысы» деген бағдарлама ұнайды. Тілге қатысты нақты мәселелерді тауып, соны шешуге тырысады. Осындай хабарлар еліміздің әр өңірінде болса, қандай жақсы болар еді. Қазір жалпылама ұрандардың уақыты емес, мәселелердің нақты шешімін табуға күш салатын кезең.
– Өзіңізбен үзеңгілес жолдаста­ры­ңыздың ішінде орыстілді ортадан шығып, қазақ тілін үйреніп жүрген азаматтар бар ма?
– Баршылық. Мәселен, орыстілді ортадан шығып қазақ тілін тәп-тәуір игерген Мұхтар Тайжанды айтуға болады. Ол қазақ тілін оқу үшін маман жалдап, арнайы түрде қазақ басылымдарын жаздырып, өзіне алып отырды. Түсінбеген жерлерін сөздіктен қарап, қазақ тілін толықтай біліп шығуға күш салуда. Соның нәтижесінде қазір мемлекеттік тілді бір адамдай біледі. Одан бөлек, өзім «аға-жолдас» дейтін Уәлихан Төлеш деген азамат та қазіргі кезде қазақ басылымдарында кез келген мәселе бойынша өз пікірін білдіріп жүр. Басқа да азаматтарды ауыз толтырып айтуға болады. Құдайға шүкір, қоғам қазір өзгеріп келеді. Ең бастысы, қоғамның ішінде интеллектуалды топтар дейміз ғой, олардың өзі де осыдан он жыл бұрын көбіне орыстілді ғана болса, қазір екі тілді қатар білу керектігін айтып келе жатыр. Мысалы, біздің «Ұлы Дала» қозғалысына мүше болған Айдар Әлібаев деген азамат өткенде съезде толығымен қазақша сөйледі. Ол: «Мен үшін, бәлкім, экономика мәселесінде орыс тілінде сөйлеу жеңіл болатын шығар. Бірақ ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту үшін, оның ғылымның тілі болуы үшін өзіндік үлес қосқым келеді», – дейді. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Кейде біздің өзіміз, бір жағынан, «қазақ тілін білмейді», «ана тілімізді кұрметтемейді» деп жұрттың бәріне ренжіп жатамыз. Екінші жағынан, қазақ тілінде енді ғана сөйлеп келе жатқан азаматты «қойшы, сен қазақша сөйлемей-ақ қойшы» деп кеудесінен бір-ақ итере саламыз. Менің ойымша, ол да дұрыс емес. Қазақ халқы табиғатынан инабатты халық қой. Сондай кезде қазақ тілінде сөйлеуге, жазуға талпынып жүрген азаматтардың арқасынан қағып, қолдау көрсеткен дұрыс. Тілдік орта деген сол ғой.
– Алдыңғы толқын ағаларымыздың, кейбір зиялы қауым өкілдерінің балалары қазақ тіліне келгенде мүдіріп жататынын байқаймыз? Бұл қазақ тілінің болашағына сенбегендік пе, әлде кезіндегі Кеңес өкіметінің өктем саясатының салдары ма?

– Неге өздері қазақ тілді бола тұра, қазақ тілінің жанашыры бола отырып, балалары неге өзге тілде сөйлеп кетті дегенге келсек, ол кезде отарлық заман, тоталитаризмнің қайнап тұрған уақыты еді.
Кеңес өкіметі нақты талап қоятын. Орыс тілін білу абсолютті заң болатын. «Орыс тілін білмесең, сенің ешқандай болашағың жоқ» дегендей қатал талап қоя алатын. Сол себепті қалада өскен бірінші буын қазақы болды, ал екінші буын автоматты түрде орысша сөйлеп кетті. Олардың көбі жаңағындай талаптың әсерінен орыс тілінде сөйлеуге, жазуға бейім болды. Одан бөлек, көп азаматтар сол кезде орыс мектептеріндегі білім сапасы қазақ мектептерінен артық деп ойлады. Міне, сол үрдіс әлі де бар. Осы күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Сондықтан бұл үрдістен арылу үшін «Қазақ болсаң, балаңды қазақ мектебіне бер!», «Қазақша сөйлеу – мәдениетті адамның белгісі» деген сияқты мәдени, саяси-әлеуметтік стандартты жасап, соны кеңінен насихаттай білуіміз керек. Тағы бір мәселе. Қазақ мектептеріндегі білім беру сапасы артуы тиіс. «Қазақша білім алсаң, дүниеден мақрұм қаласың» деген отарлық, кеңестік стереотипті жоюымыз қажет. Құдайға шүкір, өмірдің өзі осындай қиғаш пікірлерді жоққа шығарып жатыр. Сондықтан қазақ ата-ана өз баласын қазақ мектебіне батыл түрде беруі қажет.
– Өзіңізге белгілі, елімізде екі түрлі тілдік мәдениет, яғни қазақтілді және орыстілді орта бар. Екі ортаның бір-бірімен етене тығыз араласып, белгілі бір мәселені талқыға салып жатқаны көріне бермейді. Орыстілді басылымдарда мемлекеттік тілді үйрету турасында, қазақтың төл руханиятына, мәдениетіне қатысты мәселелерге арналған мақалалар жоқтың қасы. Ал керісінше, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту турасында сөз бола қалса, олардың қарсы пікір айтып, аттандап, шулап қоя беретіні бар. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
– Иә, бір-бірімен араласа бермейтін екі кеңістік бар ғой. Қазақтілді және орыстілді. Осы орайда мына мәселеге баса назар аударғым келеді. Тіл деген кезде мұны тек лингвистикалық құрал деп қарамауымыз қажет. Тіл дегеніміз – дүниетаным, тарихи сана, өмірге деген көзқарасымыз, өмірде болып жатқан қақтығыстар мен карезияларға деген көзқарас, соларды шешудің жолы. Айналып келгенде мұның бәрі тілдік ортадан шығады. Шынын айту керек, қазақтың жемқорлыққа деген көзқарасы немесе ауыл шаруашылығына деген көзқарасы және тағы басқаға деген көзқарасы басқа ұлттармен салыстырғанда әртүрлі. Себебі оның ар жағында үлкен тарихи жады жатыр. Ертегілеріміз, аңыздарымыз, небір жырларымыз бар. Мұның өзі адамды қалыптастырады. Осындай дүниетанымнан, ортадан үзіліп қалған адамдар үшін, әрине, олар жат дүние болып табылады. Одан бөлек, бүгінгі орыстілді ортаның сырттан келіп жатқан қандастарымызға деген, тілге деген тым қайшы көзқарастары үлкен мәдениеттіліктен, толеранттылықтан, санадан туындап отырған жоқ. Бұл – ашыну, күйіну. Орыс
тілді орта кеше ғана дәуірі жүріп тұрған кезде бәрін аузына қаратып отыр еді. Ал бүгін өздеріне түсінікті, үйренген, өздері өмір сүргісі келетін әлемінен айырылып бара жатыр. Бұл – олар үшін үлкен трагедия. Мен сізге айтайын, кейбір орыс тілді азаматтар, лауазымды тұлғалар «ауылдан келіп жатқан қазақтар, шетелден келіп жатқан қандастар бізді өзімізге үйреншікті ортадан айырып жатыр» деген ойларын айтады. Олардың олай айтуға құқығы бар ма? Меніңше, жоқ. Себебі «мәдени стандарт» деген бар. Кезінде Алматының стандарты да әртүрлі болған. Мәселен, 1917 жылға дейінгі стандарт, анау өзіміз анда-санда жүретін 28 панфиловшылар саябағының дарбазасында «иттер мен қазақтарға кіруге болмайды» деп жазылып тұрған еді. Ол да мәдени стандарт емес пе? Бәлкім, оларға осындай стандарт керек шығар. Біз олай жасап жатқан жоқпыз ғой. Орыстілді ортамен болған бір кездесуде, мен осы жайтты толықтай айтқан едім. Қазіргі орыстілді азаматтар болашақ қазақ тілінде екенін біледі. Мемлекет ерте ме, кеш пе, қазақ тілінде сөйлейтінін біледі. Бірақ бұлардың бір ғана ойы «неге біз жанымызды қинауымыз керек» дегенге саяды, яғни қазақ қауымы ендігі кезекте бұл азаматтарды жүнжітіп жібермей, өзінің төл өркениетіне, төл мәдениетіне қайтадан табыстырудың ұтымды жолдарын қарастыруы қажет. Ал негізі ұлттық мәдениет дегеніміз, ұлттық мүдде дегеніміз әр азаматтың бірденені құрбандыққа шала білуінде емес пе? «Егер еліміздегі кез келген азамат қазақтілді газетті күніне бір сағат оқуға уақыт бөле алмаса, қазақ тіліндегі хабарды көруге қызықпаса, онда елімізде не бітіріп жүр» деген әңгіме туындайды. Осы орайда біздің алдымызда бірнеше міндеттер тұр. Біріншіден, қаланы қазақыландыру мәселесі. Ол қаланы ауылдандыру дегенді білдірмейді. Қаланы қазақыландыру дегеніміз – ұлттық нақыш­тармен безендіру, төл мәдениетімізде сусындау деген сөз. Әсіресе, солтүстік өңірдегі қалаларды қазақыландыру – басты міндеттің бірі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мемлекеттік тілді білу – міндет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл,  Өз тіліңді құрметте.   деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз жырлағандай еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбірегелі еліміз қарқынды дамып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артып келеді. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші жинақтаушы қызметін атқарады. Біздің Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығында қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Бұл көңіл қуантарлық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» және «әрбір қазақ ана тілін білуі-парыз, білмегені – ұят» деген сөздерін жалаң ұран ретінде пайдаланбай, оларды іс жүзінде жүзеге асыру боршымыз ғана емес, міндетіміз екенін бір сәтте де ұмытпауымыз керек. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» дегенді мемлекеттік қызметкерлерге міндеттегенде ғана оның өміршеңдігіне қол жетеді. Халықтың қаны мен жаны саналатын қазақ тілінің абройы мен беделі мәдениеттілігіміз бен елжандылығымыздың нышаны. Мен өз елімнің патриоты ретінде ең бірінші кезекте мемлекетті құрушы ұлт өкілдері-қазақтардың өзі бастап мемлекеттік тілдің абройын асқақтатуға ат салысуы керек. Мемлекеттік тілді білу мәртебесін арттыру барша қазақстандықтардың міндеті деп санаймын. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 516 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2014 1956
    • DOCX 30.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегайдарова Назгуль Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 148180
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 39 регионов

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе