Инфоурок Обществознание КонспектыПроектная работа «Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту»

Проектная работа «Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту»

Скачать материал

                  

 

 

 

                          Жоспары:

 

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім:

    2.1. Өзіндік жұмыстың маңызы зор

    2.2. Бастауыш сынып оқушыларының біліктері мен дағдыларын    

           қалыптастыруда танымдық белсенділіктің рөлі

    2.3. Зейін, түйсік, қабылдау, ес және оның түрлері туралы жалпы түсінік

 

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

     3.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдісін дамыту

    3.2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту

    3.3. Есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

 

ІҮ. Қорытынды     

 

Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

    Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половнткова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Р.С.Омарова т.б еңбектері. Сонымен бірге танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф.Бэкон, Д.Локк, Я.А.Каменский, И.Кант еңбектерінде айтылған.

     Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Каменский: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп ерекше атап өткен.

     Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді.

     Оқушылардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімінің саналылығы және біліктілігін қамтамасыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.

    Танымдық белсенділік-оқушылардың оқуға, білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.

    Танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектегі зерттеу мынадай қорытындыға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады.

    Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оны білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі.

     Таным теориясы (гносеология немесе эпистеминология)-айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

     Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім-«таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол-білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттық жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.

     Дүниені танудың түрлі формалары болады. Ғылыми теориялық тану дегеніміз-дүниені меңгерудің формасы, мұның негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік жатады. Ғылыми тану толып жатқан жеке жақтардан заңдылық шығаруға сипат табуға бағытталған.

    Оқушылар бойында кездесетін қабілеттіліктері-білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс. Ол оқушылардың сыртқы дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу-оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Оқушылардың танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқушының өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.

     Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, оқушылардың танымдық теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, танымдық, белсенділіктің анықтамалық, ғылыми негіздемесін жасауым керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

                2.1. Өзіндік жұмыстың маңызы зор

       Қазіргі кезеңде еліміздегі ғылыми-техникалық жаңару мен даму, қоғам өмірінің барлық салаларындағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш-жігерін, саналы әрекеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісінің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді. Демек, жастарды еңбектің қай саласында да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын оқушы етіп даярлау қажет болып отыр.

   Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыруға байланысты. Осыдан келіп, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдаструдың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Демек, оқушылардың өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Қазіргі заман талабына сай өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс.

      Өзіндік жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады.

      Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Өзіндік жұиысқа берілетін анықтамалардың әртүрлілігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.

    Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша ашады. Бұл жұмысты оқушы өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.

    Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты оқушының іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіреді.

    И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерліктің жұмысы.

      Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу. Р.Сүлейменов өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте оқушылардың іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс». Шығармашылық жұмыстар оқушылардың дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі.

      Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оларды топтастыру өте күрделі мәселе. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеруіміз керек.

    Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер т.б. Осыған орай, оқушылардың өзіндік жұмысын арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс деп айту жеткіліксіз. Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білу және оқушылардың дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы-осы жұмыстың белгілері болып табылады.

    Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.

1.     Оқушылардың дербестік қабілетін мейлінше арттыру.

2.     Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.

3.     Оқушыларға оқуға қажет біліктер мен дағдылар қалыптастыру.

4.     Таным ақыл-ой қабілетін дамыту.

Сонымен, өзіндік жұмыс оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық,ғ табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді. 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зейін туралы жалпы ұғым

    Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

   Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

    Дамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

    Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшйте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

      Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғтын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.

    Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқалада қоймайды. Өйткені осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне қарап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.  Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейіннің қасиеттерін тәрбиелей отыру-мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.

     Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

   Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызда өзіне тартады. Мәселен, көшеде кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу-ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу-ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.

     Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

   А) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);

   ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауның дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл-күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

    Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір зейін қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;

1)    Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

2)    Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

3)    Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

4)    Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

5)    Зейінді болуды өзіңе үнемі ескеріп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

      Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқандай қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады,  ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.

       Зейіннің үйреншікті деп алатын түрі де бар. Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, дамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

   

                            Түйсіктер туралы жалпы ұғым

   Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.

    Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын ода оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.

    Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.

   Кейбір философтар мен психологтар адам түйсіктері заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді дейді. Олардың айтуынша, түйсіктердің мазмұны  сыртқы тітіркендіргіштердің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланыстыемес,  түгелдей сезім мүшелерінің қздерінің қасиеттерімен белгіленетін болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер, символдар, иероглифтер болып шығады.

   Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлде қашан дәлелденген жәйт.

       Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз- сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық-түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі.

   Айырма сезгіштік деп сезіп мүшелерінің тітіркендір гіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгішітікті сипаттау үшін не  айыру табалдырығының мөлшерімен пайдаланады.

  Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.

  Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мұндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты,  екіншілері-көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Синестезия-түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.

         Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.

1.     Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, тері түйсіктері жатады.

2.     Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.

3.     Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.

 

                                 Көру түйсіктері

Көру түйсіктері  біздің  көзімізге электрмагнит  толқындарының  әсер етеуінің нәтежесінде пайда болады.Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон  мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады.

                            

                                Есту түйсіктері

Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелісі – дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиелігі, амплитудасы  (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарлылығы – бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы – бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі- тербеліс тірінің сәулеленуі.

Түйсік туғызатын дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығаратын дыбыстар) және шулар (сан алуан сықыр-тықыр, дүрсіл, гүрсіл-сарыл т.б.) болып жіктеледі.Бұлардың құлаққа жағымдыларын консонас, жағымсыздарын диссонас дыбыстары дейді.

 

                           Иіс түйсіктері

    Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (қош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б.).  Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады. Иіс түйсіктері адамның көңіл-күйіне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін.

    Мектеп оқушыларының иіс түйсіктерін тәрбиелеу-мұғалімдердің төл істерінің бірі. Мұғалім сабақ үстінде де, сабақтан тыс кездерде де баланың айналасындағы заттарды жан-жақты танып білуге мүмкіндік туғызуы қажет.

  

                             Дәм түйсіктері

     Дәмді айыратын мүше-тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды.

 

                               Тері түйсіктері

    Тері түйсігінің рецепторы-денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері, температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тері түйсіктерінің қалыптасуына да ми қабғы астындағы жүйке құрылымдары елеулі рөль атқарады.

 

                                  Сипай сезу түйсіктері

     Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі-сипай сезу түйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі-пассив сипай сезу. Бұған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі-актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу, түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік-әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.

 

                                   Органикалық түйсіктер

      Түйсіктердің екінші тобына-органикалық түйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т.б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т.б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И.М.Сеченов сондықтан да түйсіктердің бұл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И.П.Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.

 

                         Кинестезиялық түйсіктер

      Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс  түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары-ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары. Осы түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де, жазу, сызу жұмыстарын атқаруда да зор маңыз атқарады. Бір сөзбен айтқанда, адамның қозғалысқа түсетін мүшелерінің барлығы да осы түйсікке сүйенеді.

       

                                     Тең басу түйсіктері

     Мұндай түйсіктерді статикалық түйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік-бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді. Космос әлемін меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігінің сезгіштігін арттырудың маңызы ерекше артып отыр.

 

                                      Вибрациялық түйсіктер

     Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бұл түйсіктердің болуын байқамайды.

    

                        Қабылдау туралы жалпы ұғым

   Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

   Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Қабылдау-ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

     Сөйтіп, қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.

 

                              Ес туралы жалпы ұғым

   Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес-күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.

   Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін.  Бір нәрсені есте сақтау-оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды. Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық прмнципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель болды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар.

    Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де (қабылдау, ойлау, қиял т.б.) тығыз байланысып жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе дұрыс есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж.Аймауытов: «...еске түсіру өнері дегеніміз-ойлау өнері... Байланыстардың мәнісі-ойлау деген сөз»,-дейді.

   Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын алады. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі-баланың есін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау-әрбір мұғалімнің міндеті.

   Ойда қалдыратын не қайда жаңғыртылатын нәрсеннің сипатына қарай ес төрке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естер.

   1)  Қозғалыс  (немесе   моторлық)  есі деп ойын, еңбек әрекетіне  байланысты туып отыратын қимыл-қозғалтарды еске қалдырдыру  мен  қайта  жаңғыртып отырды  айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен,  конъки  тебу, жазу, оқу,  машинкада  қағаз басу, самолет  жүргізу, турникке ойнау  т.б ) қалыптастырудың  негізгі болып табылады.

   2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық  ес  деп  атайды. Суретшішілер мен архитекторлардың  музыканттар мен  актерлердің  есі  көбінесе нақты, көрнекті болып  келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмынын есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз алдындажақсы келтіре алады.

  3) Адам ойының түрлі формаларын, (ұғым, пікір, ой қортындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логиколық ес деп аталады.Сөз жүйесін есте сақтау-ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен матиматиктерде жиі кесдеседі. Сөз-логикалық  естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақыртарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.

  4) Сезімдерді  есте қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезіміздегі тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.

   Адам сондай-ақ бір нәрседен қатты қорықса да, тентектік жасап, өзін ұялтқан күнді басынан кешірсе, мұндайды еш уақыт     ұмытпайды. Эмоциялық ес жөнінде орыс сахнасының шебері К. С. Станиславский (1863-1963) жақсы айтқан: «Егер сіз бастан кешіргеніңізді есіңізге түсіргенде бозарып және қызаратын болсаңыз, сіз иертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңсаңыз – сізде сезіну есі немесе эмоциялық естің болғаны».

   Естің жоғарыда аталған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы ролъ атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз –логикалық түрі болып табылады.

  Соңғы кездегі ғылыми зертеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығы көрсетіп тұрады. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып екі ге бөлінеді. Қысқа уақыттық естің әрекетінің нақтылы міндеттерін орындаға байланысты көрінетін түрін опера тивтік ес деп атайды. М әселен, оқушы тексті көшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен  (жеке әріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру ) орындайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып табылады. 

 

                          Қабылдау туралы жалпы ұғым

    Егер түйсік сыртқы дүние зарттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

  Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттерді тұтас күйінде бейнеленеді.

   Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірбиесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрән бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес,белсенді қабылдау.Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

  Қабылдау- ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтежесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы ) заттың түрі түсі, мөлшерінде қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

  Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегіндей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтежесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту )өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

        

                        Ойлау  туралы  жалпы түсінік

      Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Адамның ойы-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жинастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

    Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. 

    Адамны ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.

    Ойлау-өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. 

    Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау-түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.  

 

Надпись:     табиғи Надпись:    жасанды
 

 

 


                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                 

жалпылау

 

нақтылау

 
 


                                                                                    

 


салыстыру

 
                                                                                        

       

 

 

        Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдісін дамыту

  Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де, олардың оқу ісіндегі қабылдау формалары мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Бірінші сынып оқушылары өздері қабылдайты заттардың қасиеттері мен салаларына жүйелі талдау жасай алмайды. Бұл жағдай арнайы жасалған тәжірибеден айқын көрінеді. Мәселен, 1-сынып оқушылары қарап отырып салу үшін түрлі-түсті құмыра алды. Балалар оны тез қарап шығып, атын атады, содан соң оның өзіне онша көңіл аудармай, бірден оның суретін салуға ұмтылады. Олардың салған суреттерінде құмыралардың көлемі де, формасы да, әртүрлі болып шықты, тіпті бір-бірінен едәуір айырмашылығы да болды, өйткені балалар форманың өзіне талдау жасамаған еді. Құмыраның түсін беру мәліметтері де ұқсас болды. Бірінші сынып оқушылары бұл түсті танып, атап та берді, бірақ оның нақты ерекшеліктері оларды қызықтырмады. Саралап қабылдауға кемшіліктер басқа тәжірибелерден де байқалады.

     Баланың қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктері онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін аңғару мен айырудан гөрі күрделілеу қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл қызмет түрі мектептегі оқу процесі кезінде ерекше жедел қалыптасады. Сабақтардың үстінде оқушы қандай да бір пәннің және құралдың қабылдау міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де кең түрде тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау мақсатқа бағытталады.

      Зейінді дамыту. Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге аударды (ырықсыз зейін), мектеп жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілерге зейінін бағыттап, оны дәйекті ұстауды үйренеді. І-ІІІ сыныптарда көптеген оқушылар ырықты зейінді игереді, оны мұғалім түсіндірген немесе кітапта бар кез-келген материалға көздей алады. Ырықты зейін, оны қандай да бір міндетке алдын-ала ойластырып бағыттай білу-бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік ретінде айқын байқалады.

    Бірінші сынып оқушыларының ырықты зейінін олар әлі өздерін-өздері алып жүрудің ішкі құралдарын игермегендіктен тұрақты болмайды. Сондықтан тәжірибелі мұғалім оқу ісінің сабақты бірін-бірін ауыстырып отыратын және балаларды шаршатпайтын әр алуан түрлерін (түрлі тәсілдермен ауызша есептеу, есептер шығару және нәтижелерді тексеру, жазбаша есептердің жаңа тәсілдерін түсіндіру, оларды орындап жаттығу және т.б.) қолданып отырады. І-ІІ сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетінен гөрі сыртқы іс-әрекетті орындауда зейіні неғұрлым тұрақты. Бұл ерекшелікті ақыл-ой сабақтарын графикалық схемалар, суреттер, макеттер, аппликациялар жасаумен алмастыра отырып сабақтарда пайдалану абзал. Қарапайым, бірақ біркелкі сабақтарды орындауда бастауыш сынып оқушылары жұмыстың түрлері әдістері мен тәсілдерін қолдануды талап ететін неғұрлым күрделі тапсырмаларды шешу кезіндегіден көрі көбірек алаңдайды.

      Зейінді дамыту, сондай-ақ оның көлемін кеңейтумен және зейінді іс-әрекеттің алуан түріне бөле білумен байланысты. Сондықтан оқу тапсырмаларын былайша қойған дұрыс: бала өз тапсырмасын орындай отырып, жолдастарының жұмысын қадағалауы керек және қадағалай алатындай етіп, мысалы, берілген мәліметті оқи отырып, оқушы басқа оқушылардың мінез-құлқын тексеріп отыруға міндетті. Қате жіберіп алған жағдайда ол жолдастарының теріс әсерін байқап, оны өзі түзетуге тырысады. Кейбір балалар сыныпта зейінін бөле лмайтындықтан «алаңғасар» болады: олар бір іспен айналысып отырып, басқаларын естен шығарады. Мұғалім оқу ісінің әр түрін балалар бір мезгілде бірнеше іс-әрекетті бақылауды үйренетіндей (алғашқыда, әрине, біршама қарапайым), жалпы жанама жұмысқа даярланатындай етіп ұйымдастыру керек.

      Есте сақтауды дамыту.  Мектепке келген жеті жасар бала көбіне сырттайашық және эмоциялы оқиғаларды, суреттерді, әңгімелерді дәл есте сақтайды. Бірақ мектеп өмірі бастан-ақ балалардан материалдарды еркін есте сақтауды талап етеді. Оқушылар күн режимін, мінез-құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды өзінің мінез-құлқына басшылыққа ала білуі немесе оларды сабақта еске түсіре білуі керек. Балалар ең мнемикалық міндеттерді ажырата алатын болады. Олардың біреуі материалды дәлме-дәл есте сақтауды, екінші оны тек өзі сөзімен айтып шығуды қарастырады және т.б. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауының табыстылығы олардың мнемикалық міндеттердің сипатын түсінуіне, есте сақтау мен еске түсірудің тиісті әдіс-тәсілдерін меңгеруіне байланысты.

    Ал алғашында ең қарапайым тәсілдерді қолданады-материалды мағыналық бірліктері бойынша сәйкес келмейтін бөлшектерге бөлу кезінде оны, әдетте, бірнеше қайталау. Есте сақтау нәтижесін баланың өзінің тексеруі тану деңгейінде ғана болады. Мысалы, бірінші сынып оқушысы тексті бір қарайды да таныс сияқты болып көрінгесін жаттап алдым деп ойлайды. Аздаға ғана балалар есте еркін сақтаудың тиімді әдістерін қолданады. Көпшілігі мектепте және үйде арнайы әрі ұзақ үйретуді керек етеді. Мұндай жұмыстың бір бағыты балалардың мағыналық жағынан еске түсіру тәсілдерін, есте сақтау нәтижелерін өзіндік тексеру тәсілдерін қалыптастырумен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

     Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту

 

  Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында оқушылардың білім алуға деген ынтасының төмендеп кеткені бізді қатты алаңдатады. Оқуға білім алуды мақсат етіп келетін оқушылар ынтасы, қызығушылығы, ұмтылысы неге нашар деген сауал әрбір ұстаздың көкейінде тұратыны мәлім. Оқушылардың ынтасының төмендеу себебі әр түрлі.

   Нәтижеге бағдарланған білім моделінде «Мұғалім оқуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылық қарастыруға жауапты»-деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқытуды емес» оқушыны оқуға қалай үйрету қажеттілігі ойластыруды талап етеді. «Ұстаз оқушының танымдық іс-әрекетін жақсы ұйымдастырушы, баланың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықтиятты да қамқор адам».

    Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі қосалқы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген. Дәннің өсіп-өнуі топырағына, күтіміне байланысты болатыны сияқты, бала ақыл-есінің қалыптасуы да өскен ортасына, алған тәрбиесіне, білім алған мектебіне байланысты.

    «Мектеп білім ордасы, ұстаз мектеп тұлғасы»-дейді халық даналығы. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деп білімді күннің нұрына, мыңның күшіне балайды. Сондықтан оқу инемен құдық қазғандай деп бағалаған халқымыз. Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз адында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту, күрделі құрылым екендігі даусыз.

      Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп-жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тікелеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады»-деген екен.

    Сондықтан, балалармен өткізілетін әрбір сабақты балалар өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға деген ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы қажет.

    Қызығу танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушыларды танымдық қызығуды қалыптастырудың үш жағдайы бар:

1)    оқытудың мазмұнын, оның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары;

2)    оқушының таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру;

3)    мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасы, сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.

   

    Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу үшін өтіп жатқан материалдың практикалық қолдануымен толықтыру керек. Оқу процесінде ойынды тиімді қолданудың  бала дамуы үшін маңызы өте зор. Ойын-баланың негізгі әрекеті. Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те.Ойын оқушылар сабақта жалыққан кезде сергітіп, сабақты ынталандыра түсу үшін пайдаланылады.

   Сыныптарда ойындар негізінде түрлі жұмыстар өткізудің танымдық, тәрбиелік маңызы зор. Сондықтан да мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып, ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі. Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін ұстайды әрі олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болады. Кейде нашар оқитын оқушылардың өздері де ойынға араласып, сабаққа ынтасы артады. Сабақтың мазмұнына сай ойын әлементтерін қолдануға балалар іштей әзірленеді. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Сондай-ақ ойын олардың мінез-құлқына әсер етіп толғантады. Ойын үстінде бала өзін батыл ұстап, айтайын деген ойын еркін жеткізуге тырысады. Ойын сыныптағы оқушылардың көбін қамтитындықтан, әр оқушы өзінің ойлау қабілетін шыңдай түседі. Ойын балаларды бір-біріне жақындастырады, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, топтастыра түседі.

    Ойын-бой жазатын алданыш қана емес, баланың өмірлік ортаға жан-жақты дайындайды, денесін де өсіріп, жа дүниесін, таным-түйсігін кеңейтетін қызығушылықтарын арттыратын құрал.

    Ойын бала қабылдауының, зейінінің, қиялының, ынта-ықыласының, ойлау инициативасының, белсенділігінің дамуына жәрдемдеседі, эмоция туғызады. Осының негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

   Ойын әлі де болса өз маңызын жоймайды, ол-баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе білім, әрекет, қарым-қатынас.

   Ойын не үшін қажет деген сұраққа атақты психологтар өз еңбектерінде былай деп жауап береді.

  1-ден, ойын мінез-құлықтың ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі дейді   психолог Д.Б.Эльконин.

  2-ден, әйгілі психолог А.Н.Леонтьевтің айтуы бойынша ойын іс-әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады. Психологиялық бақылаулар мен зерттеулерге жүгінсек егер балаларды екі топқа бөліп ойнатқан жағдайда бірін-бірі жеңуді көздейді немесе бір-бірімен дос емес балаларды бір топқа біріктірсек олар ойын үстінде бір-біріне көмектесіп, тез тіл табысып кететіндігін аңғаруға болады. Осындай ойындарды ұйымдастыруда ересектер үлкен роль атқарады.

  3-ден ойын-баланың интелектуалдық ой-өрісінің тереңдей түсуіне, дене бітімі мен ептілік, шапшаңдық қасиеттерін шыңдайтын құрал. Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері вербалдыққа бағытталған ойындар психодиагностикалық мәнділікке ие.

 

     Есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

   Біздің әрқайсысымыз есте сақтау қабілетіміз әр түрлі. Біреуіміз көру арқылы жақсы есте сақтаймыз, ал екіншіміз есту арқылы жақсы есте сақтаймыз. Белгілі бір нәрсені ұзақ уақыт есте сақтау үшін біздің соны әлденеше рет қайталауымыз қажет болады.

   Ұмыту-табиғи нәрсе. Ондай адамдар бір көргенін, бір рет естігенін «бірден-ақ» есіне алып табан астында айтып береді және ұзақ уақытқа дейін есте сақтайды. Мысалы оқушыларға есімі белгілі үш бидің және Абай мен Ыбырай ақын аталарының суреттерін көрсетіп сұрақтар қойылады.

   Енді біз есімізді қалай дамытуымызға болады? Есте сақтау заңдылығына тоқталайық.

  Сезім органдарының неғұрлым бәрімен де әсер алуға тырысыңыз. Мысалы, бір нәрсені есте сақтағың келсе, дауыстап та оқып, көзбен де көріп, яғни көзбен де, құлақпен де әсер алуға ұмтылу керек.

  Есте сақтаудың екінші заңы-қайталау. Біз кез-келген нәрсені жаттай аламыз, тек оны белгілі бір деңгейде жиі қайталау керек.

  Есте сақтаудың үшінші заңы-ассоциация. Фактіні есте сақтаудың жалғыз әдісі-оны басқа бір фактімен үйлестіру. Есті дамытуға арналған жаттығулардымеңгеруіміз қажет.

      Бүгінгі таңдағы мектеп өз алдына тұйық концерн емес, ол-базалық профильдік білімнің бір буыны. Оның дамуы қоғам қалыптастырып отырған мақсат-міндеттерге байланысты. Өмірге еніп келе жатқан өз азаматтарының еркін дамуын міндеттегендіктен оқудың мақсаттары да баланың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерінің дамуын, адамгершілік жауапкершілігін қалыптастыруын мақсат етеді. Осыдан барып мектепті жаңартудың мынандай негізгі талаптары шығады:

   -оқыту мазмұны, түрі, әдісі мұғалімнің жұмыс істеу стилі, ізгілендіру мақсаттарына сай қарастырылуы керек;

   -оқушы мен мұғалім арасындағы қалыптасқан мәнерді өзгерту керек;

   -оқушы мұғалім айтқанын орындаушы ғана емес ұжым болып мәселе шешу ісіне қатысатын дара тұлға деп қарастырылуы керек;

   -әр сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ақыл-ой белсенділігі мен сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға көңіл бөлу бүгінгі күннің басты талабы.

        Оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуда ерекше роль атқаратын-пән сабақтары. Олардың логикалық амалдарды орындау кезінде жиі қиналатынын байқаймыз. Мысалы, кейбір заттарды жинақтап және оларды салыстыру, сөйлемді анализдеу кезінде, т.с.с.

        Бүгінгі күні оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыруында төмендегідей қайшылықтар туындайды:

-         оқушының логикалық ойлауына қойылатын талаптар мен олардың дамуы арасындағы қайшылық;

-         мұғалімнің тапсырмаларды орындауға және түсіндіруге қолданған әдіс-тәсілдері арасындағы қайшылық;

-         оқушы мүмкіндігі мен мұғалім әдістемесі арасындағы қайшылық.

Осындай қайшылықтарды шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуға болады.

     Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмұтов «Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен оны өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек»,-дейді. Егер бала әрбір оқу жұмысын не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға өз әрекетін қадағалауға, бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.

     Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Бала ойының қалай болса, солай дамуына жол бермеу үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйрету, ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, баланың ой жұмысын тәртіпке салып отыру, оның өз бетімен ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде белсенді ақыл-ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығына жол беріп отыру.

   Егер оқыту мазмұны оның ұйымдастыру жағынан оқушылардың терең, тиянақты білім алып, негізгі осы ойлау амалдарын игеруге мүмкіндік беретіндей етіп жолға қойылатын болса, онда мұндай жағдайда баланың психологиялық қызметтерін қалыптастыруды «алға бастыруға» мүмкін болады.

   Егер сынып оқушылары ойлай, талқылай, қорытынды жасай алмаса, онда олар дұрыс білім меңгере алмайды. Сондықтан біз баланы тек қана механикалық есте сақтауға үйретпей, керісінше ойлауға және заттардың белгілері мен қасиеттеріне қарап ойлауға үйретуіміз керек. Логикалық ойлау баланың ақыл-ойының дамуының жоғарғы деңгейі болып табылады.

    Мұғалім жұмыстарға ерекше көңіл аударып оқушыларға логикалық жаттығуларды  жиі беріп отырса, оқушылардың логикалық ойлауы нәтижелі дамиды. Оқушыларға білім беру, өз тәжірибелерімен байланыстыру, сабақ процесін өнімді жүргізу мәселелері-бүгінгі таңдағы мектептің алдына қойып отырған күрделі проблемалары.

   Жалпы мұғалім өз сабағында оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырып, ретін жақсы меңгерсе, жаңа педагогикалық технологияларды қолдана білсе, бұл жұмысты үнемі, сабақтың әр кезеңінде ескеріп, жетілдірсе, қосымша жұмыстар үйірме жүргізілсе, жұмыстың нәтижелі болатынын дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Проектная работа «Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

                            Жоспары:     І. Кіріспе   ІІ. Негізгі бөлім:     2.1. Өзіндік жұмыстың маңызы зор     2.2. Бастауыш сынып оқушыларының біліктері мен дағдыларын                қалыптастыруда танымдық белсенділіктің рөлі     2.3. Зейін, түйсік, қабылдау, ес және оның түрлері туралы жалпы түсінік   ІІІ. Тәжірибелік бөлім      3.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдісін дамыту     3.2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту     3.3. Есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту   ІҮ. Қорытынды        Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                  Кіріспе     Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половнткова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Р.С.Омарова т.б еңбектері. Сонымен бірге танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф.Бэкон, Д.Локк, Я.А.Каменский, И.Кант еңбектерінде айтылған.      Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Каменский: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп ерекше атап өткен.      Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді.      Оқушылардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімінің саналылығы және біліктілігін қамтамасыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.     Танымдық белсенділік-оқушылардың оқуға, білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.     Танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектегі зерттеу мынадай қорытындыға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады.     Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оны білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі.      Таным теориясы (гносеология немесе эпистеминология)-айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.      Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім-«таным теориясы»      

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 309 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2014 6137
    • DOCX 167 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамышева Жанат Нысановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамышева Жанат Нысановна
    Мамышева Жанат Нысановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 203868
    • Всего материалов: 40

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Обществознание» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 305 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1352 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания обществознания в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе