Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тарихи танымдық сабақ Өткенді білу- ұрпақ борышы.

Тарихи танымдық сабақ Өткенді білу- ұрпақ борышы.

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_4154a0cc.gifhello_html_m20d64150.gifhello_html_m4fe40cae.gifhello_html_m70a68af2.gifhello_html_m4412eaaa.gifhello_html_6e2a8a4e.gifhello_html_5bd952aa.gifhello_html_m3980d711.gifhello_html_m753e0a66.gifА.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн тобымен

жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

















Тақырыбы: «Өткенді білу – ұрпақ борышы»













Өткізген: Балова Б.У.





Арқалық қаласы



Тақырыбы: Өткенді білу - ұрпақ борышы

Мақсаты:Қазақ елінің тарихы,ұлттық құндылықтары,дәстүр –салты, айтулы тұлғалары жайлы ақпарат беру.

Міндеттері: Жас ұрпақ бойында тәуелсіздіктің ел өмірінен алар орны,өткеніміз бен бүгінімізге шолу жасау. Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін дамыту.Бойтұмар, Бабалар дәстүрі, Ата тарихы, Тұлға, Ел болашағы біздің қолымызда бөлімдері арқылы,ерлікке, елдікке тәрбиелеу.

Түрі : Тарихи танымдық сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, талдау.

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындық

Көк жалау желбіре.

Асқақтап аспанда.

Жас қыран, кел бірге.

Сап түзе, жасқанба.

(орындарына отыру)

Мұғалім : Қымбатты қонақтар, оқушылар бүгін біздің сыныбымызда өткелі отырған «Өткенді білу- ұрпақ борышы» атты тарихи танымдық сынып сағатына қош келдіңіздер.

БОЙТҰМАР БӨЛІМІ

1-жүргізуші : «Алға қазақ» заманыма тән ұран.

Бойтұмар қып, тәрбиелік мән ұғам.

Ата заңым, ұлттық теңгем, рәмізім.

Көк байрағым, елтаңба мен әнұран.

Бойтұмар бөлімін еліміздің гимнін шырқаудан бастаймыз.

(Әнұран орындалады)

Сұрақ: Бойтұмар дегеніміз не ?

Жауап: Бойтұмар – қазақ халқында қасиетті нәрсе. Қасиетті нәрсені қазақ халқы көзінің қарашығындай сақтап, жанынан тастамай қастерлеп ұстаған.Бойтұмарды бұрынғы кезде оқыған молдалар,ишандар,емшілерден алатын болған.Оны мойнына,бас киіміне,жағасына тағатын. Оны тағудағы мақсат тіл мен көз тимесін,жау қарғысы мен оғынан сақтасын деген ұғым.(экраннан бойтұмар суретін көрсету,мұғалім түсініктеме береді)

Сұрақ: Олай болса, сендердің бойтұмарларыңа нені жатқыза аламыз ?

Отан, Атамекен, Туған Жер, Тәуелсіздік, Тіл, Ұлт, Дін, Елің.т.с.с

Осылардың бәрін біз қандай қиын қыстау кез болса да жанымыздан бір сәт шығармай ел үшін туған ұл мен қыз болуымыз керек. Ендеше осы бойтұмар бөлімін қалай түйіндейміз:

1.Үміт күтіп өр кеуделі жастардан.

Айбатынан жау сескеніп, жасқанған.

Ұрандатып,бірлікке елді шақырған,

Қазақ ұлты-алты алаштан басталған.

2.Қазақ осы-ұяты күшті өлімнен,

Талай ғасыр ерлігімен көрінген.

Елін,жерін дұшпанына таптатпай,

Ұлы, орта, кіші жүзге бөлінген.

3.Ұлтын, халқын өмірінің мәні еткен,

Қилы заман,асулардан сан өткен.

Қасым,Есім,Тәуке,Абылай,Керей мен

Жәнібек,Жәңгір тағы талай хан өткен

4.Тәуелсіздік таңы арайлап атқаны

Көрді ұрпағы бақытты мол шақтарын.

Сан мың ұлттың басын қосқан бірлікпен.

Қазақстан-тәуелсіз ел мақтаным.

5.Елдігімді үлгі тұтар баламын,

Тот баспайтын сынығындай алтынның

Келген бізге ақ сүтімен ананың,

Қазақ тілі-ана тілі халқымның.

«Өткенді тану- ұрпақ борышы» атты танымдық сынып сағатымыздың

«БАБАЛАР ДӘСТҮРІ»бөліміне өтеміз.

Сұрақ: Бабалар дәстүрі дегеніміз не?

Бабалар дәстүрі дегеніміз халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тарихы, әлеуметтік ортадағы қалыптасқан мәдени тұрмыстық құндылықтары.

Сұрақ: Қазақ халқының дәстүрлеріне не жатады ?

Жауап : Ат қою, Ашамайға отырғызу, Тұсау кесу, Сүндеттеу, т.с.с.

Сұрақ: Ендеше, осы «Бабалар дәстүрі» бөліміне жаттаған қандай өлең-жырларың бар

1.Ер жігітке көкпар тарту басты арман,

Алтыбақан-шықан өнер жастардан .

Отбасылық талай думан мереке,

Шілдехана бесіктойдан басталған.

2. Қайран дала,талай батыр таптаған,

Бастан өткен қилы заман,ақ табан.

Қазақ осы-зергер, ұста боп қоймай,

Қыран тазы, жүйрік тұлпар баптаған.

3.Алтын күміс, әшекеймен бағы бар,

Ұлттық киім, ою өрнек тағы бар.

Төл мейрамы, мерекесі елдіктің,

Әдеп –ғұрып, ырымдары тағы бар.

4.Егемендік-ел тілегі,азат күн

Ұрпағына ұлы мұра ғажап күн.

Бабалармен бірге болған сан ғасыр

Ұмытылмас салт-дәстүрі қазақтын.

«ЖЕТІ АТА» көрінісі.

(ортаға ата, бала, немере, ел ағасы шығады)

Атасы: Балам, жеті ата деген не, білесің бе?

Баласы: Білемін, ата, бірақ сіз түсіндіріп беріңізші...

Атасы: Жарайды балам, тыңда:

«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»,-деген мәтел бар халқымызда. Әр адам өзінің жеті атасын білуі – көргенділігін танытады. Егер білмесе, «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы. Ал, енді балам, өзіңнің жеті атаңды айта отыршы.

Баласы: Даниал, Ерлан, Айтқұл, Жаман...

Атасы: Дұрыс балам, еліңді жеріңді қорғайтын нағыз азамат боп өсіп келе жатыр екенсің. Алла алдыңнан жарылқасын. Әумин!!!

Жеті атамызды біле отырып, «АТА ТАРИХЫ» бөліміне өтеміз.

Сұрақ: Тарих дегеніміз не?

Жауап: Тарих – еліміздің өткен өмірі, жүрген жолы. Сол тарихқа жүгіне отырып, ата-бабаларымыздың өткен өміріне зер салып, оймен шолу жасайық.

1.Жоңғарлар тұтқиылдан жай тастады.

Бөгенбай қарсы шығып ойқастады.

Ерекше орын алды тарихымда,

«Бұланты», «Аңырақай» шайқастары.

2.Патшалық кезең болған тағы мықты,

Пенделер атаққұмар жағыныпты.

Ресесй құрамында Қазақстан,

Отарлық саясатқа бағыныпты.

3.Зиялы қауымға ұран тастағандар,

Жанқожа, Есет жауын жасқағандар.

Әбдіғаппар, Аманкелді, Кейкі батыр,

Азаттық қозғалысын бастағандар.

4.Кеңестік билікке жұрт көнген жылдар,

Бетке ұстар талай боздақ сөнген жылдар.

Саяси қуғын-сүргін, ашаршылық,

Қасірет елбасына төнген жылдар.

5.Отаршылдық дәуірдің тас қамалы,

Елдің үміт, сенімін жасқамады.

Тәуелсіздік ызғарлы желтоқсанда,

Құрбан болған жастардан басталады.

6.Ақындары жыр-дастан жаза алатын,

Ардақтаған айбынды азаматын.

Тәуелсіздік ұлтымның мақтанышы,

Мойындатқан әлемге қазақ атын.

Қазақ халқы өз тарихында басынан дүрбелең уақыттарды өткізе отырып, аңсаған арманы Тәуелсіздікке қол жеткізді. Ендеше еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып өтейік :

1-оқушы: 1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.

2-оқушы: 1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі елді «Тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

3-оқушы: 4-маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойылды.

4-оқушы: 1993 жылы 15-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

5-оқушы: 1995 жылдың 28-қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.

6-оқушы: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.

7-оқушы: 1996 жылы жаңа «Қазақстан Республикасына» 5 жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

8-оқушы: 1997 жыл – «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

9-оқушы: 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

10-оқушы: 1999жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

11-оқушы: 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

12-оқушы: 2001 жылы 16-желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

13-оқушы: 2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.

14-оқушы: 2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.

15-оқушы: 2002-2005 жылдар «Ауыл жылы» болып жарияланды.

16-оқушы: 2008 жылы Астанамыз 10 жасқа толды.

17-оқушы: 2009 жылы әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығы аталып өтті.

18-оқушы: 2010 жылдың 1-2-желтоқсанында Қазақстанда жетінші ЕҚЫҰ саммиті болып өтті.

19-оқушы: 2011 жылы Қазақстанда Астана мен Алматы қалаларында 1-7 ақпанда VII қысқы Азиада олимпиадасы өтті.

20-оқушы: Еліміз 2017 жылы өтетін «EXPO 2017» әлемдік көрмені өткізу құқығын жеңіп алды.

Сұрақ: Еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын кімдер?

Жауап: Жастар, біздер, президент, бастықтар, мұғалімдер..........

Осылардың бәрін тұлғалар деп айтуға болады, ендеше «ТҰЛҒА» бөліміне өтеміз

Сұрақ: Балалар, «Тұлға» дегенімізді қалай түсінесіздер?

Жауап: Халықтың ел болып жасамағы, ұлт болып ұюы сол елдің өзінен шыққан тарихи тұлғаларына байланысты. Әр ғасырда жарқ етіп көрінген, көш бастаған, ерлігімен таңдандырған – ақыны, батыры, қоғам қайраткері болған. Енді өздеріңді қандай жекелеген тұлғаларға ұқсатар едіңдер. Еліміздің тірегі болған қандай тұлғаларды білесіңдер?

Жауап: Нұрсұлтан Назарбаев, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Әліби Жанкелдин, Шәмші Қалдаяқов т.б.

1.Көріпкел әрі күйші баба болған,

Жерұйық іздеп елге пана болған.

Он бесінші ғасырда Асан қайғы,

Халық қамын ойлаған дана болған.

2.Өнердің өшпес ізін салдырғандар,

Қолына домбыраны алдырғандар.

Тәттімбет, Құрманғазы, Дина әжеміз

Күйші боп мол мұрасын қалдырғандар.

3.Өнерлі өрге жүзер салтымызда,

Еңбегі мәлім мынау жалпыңызға.

Шәкәрім, Абай, Шоқан, Ыбырай мен

Жамбыл бар жүз жасаған халқымызда.

Ендеше, Жамбыл атамыз құсап жүз жасай отырып,

«ЕЛ БОЛАШАҒЫ – БІЗДІҢҚОЛЫМЫЗДА» бөліміне өтеміз.? Бұл бөлімнің мақсаты оқушылардың өзіндік пікірін,көзқарастарын,дүниетанымдарын байқау. Ел болашағын дамыту үшін қандай үлестер қосар едіңдер

Жақсы оқу,елді, жерді сүю,тілімізді құрметтеу. т.с.с.

Ендеше, әр оқушы өзінің Отанына, еліне, жеріне аффирмациялық тілегін айтсын

«ОЙ ТҮЮ»

Еліміз тыныш болсын!

Көк байрағымыз көкте желбіресін!... Әр оқушы өз тілегін айтады.

Хор: Атамекен



















































Қортынды тұжырымдама : «Өткенді білу- ұрпақ борышы» атты тарихи танымдық сынып сағаты өте тартымды өтті.Оқушылар бұл тарихи танымдық сағатта қазақ елінің тарихы, ұлттық құндылықтары, дәстүр- салты, айтулы тұлғалары жайлы ақпарат алды.Осы сынып сағаты бойынша сынып оқушыларының Отанға деген сүйіспеншіліктері, патриоттық сезімдері артты. «Бойтұмар», «Бабалар дәстүрі», «Ата тарихы», «Тұлға», «Ел болашағы» бөлімдері бойынша өз ойларын өлең, тақпақтар арқылы жеткізді. Тарихи танымдық сағат бойынша ерлікке, елдікке тәрбиеленді. Әр жеке тұлға бойында «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық» сезімдері қалыптасты.

Сынып сағаты соңында оқушылар өздерінің еліне, жеріне, халқына, жұртына деген аффирмациялық тілектерін жолдады. Мысалы : Аспанымыз ашық болсын. Ұлымыз сесті, қызымыз есті болсын.Әкеміз қорған, Анамыз орман болсын. Еліміздің патриоты болайық. Маңдайымыздан бақ кетпесін, таңдайымыздан ақ кетпесін. Қонақжайлы ел болайық. Өміріміз ұзақ болсын. ЭКСПО 2017 көрмесінде мықты болайық.Жеріміз құлпырсын. т.с.с.

«Өткенді білу- ұрпақ борышы» атты тарихи танымдық сынып сағаты жоғары дәрежеде өтті.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Тарихи  танымдық сынып  сағатын өткізудегі  мақсат  оқушылардың  патриоттық  сезімдерін  дамыту.Елін, жерін  сүйетін  жеке тұлғаны  қалыптастыру.Оқушылар танымдық  сабақта елдің,ата-бабаларымыздың  мұрасымен кеңінен  танысып,өз білімдерін кеңітті.Ел, жер,Отан,жеті ата сияқты ұғымдармен  танысты.Ел тәуелсіздігінің,елдер достығының мәңгілік болғанын қалады.Тәуелсіздік құрбандарының есімдерін естерінде сақтай отырып  өз елі,жері үшін жанын  құрбан еткен  апа-ағаларының  өмірін өздеріне  үнемі  үлгі ететіндіктерін  айтты.

Общая информация

Номер материала: 66537041107
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>