129726
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспектыТақырыбы: « Мен және жанұям»

Тақырыбы: « Мен және жанұям»

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_5beb909e.jpgҚызылорда облысы

Шиелі ауданы

Бидайкөл ауылы

Бастауыш сынып мұғалімі

Ысқақова Бақыткүл Жеткергенқызы


Тақырыбы: Мен және жанұям

Мақсаты:

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру , үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға, ата-анасын, жора-жолдасын сыйлай білетін азаматтар тәрбиелеу, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Көрнекілігі: Интерактив тақта, даналық сөздер суреттер.

Барысы:

Мұғалімнің сөзі:

-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Біз бүгін ғажайып бір әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырып та осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?

Хормен: -Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

1-оқушы. Сымбат

Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз.


Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » деген дана сөз бар.


2-оқушы. Айдос

«Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, Ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

3-оқушы. Шоң

Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі-ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

Ән:






4-оқушы. Бибімариям

Мына әсем табиғаттың құшағы

Қызықтыра мені өзіне баурады.

Тауы асқар, мөлдір оның бұлағы,

Жап-жасыл құраққа толы жағасы.

Халқы бар ынтымақты шырақ еткен,

Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен!

Шағын орда отбасы аталады,

Сыйластық, жақсылықтың дәнін еккен.


Қария: Сардар

Отбасының ордасын

Періштелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын.

Асқар тауы-сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ-тіреуіші анасы,

Жасыл құрақ-келешегі баласы,

Біріге олар болады мықты отбасы.


Сымбат:

Бүкіл әлем ата-ананың нұрынан

Сәлем алып келешекке жол салған.

Отбасының бақытын ойлап толғанам,

Сырын ашып халыққа тура жол салам.


Қария: Сардар

Бақытты отбасы-келешек кепілі,

Тәрбие-бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-

Әрқашан үлкендер міндеті.


Балақай, талабың мықты болсын! Міне, мынау сиқырлы кітап. Бұл «Отбасы тәрбиесінің әліппесі» деп аталады. Осы киелі кітаптың сиқырлығы оның жанында. Жаны бар дүние сөйлей алады, бар ынта-жігерімен кейіпкерлерін тіл қататын күйге бөлейді.


Бибімариям:


Ендеше, жан дүниемізді тәрбие күшіне бөлейтін әлемге аттаналық.





Кітап: Ерасыл.

Ерлік, еңбек, оқу, міндет-

Біздің өмір жалғасқан.

Ол негізден шығар көктеп

Тәрбие, үлгі алмасқан.

Отбасы беріктігінің басты нышаны-татулықта. Түрлі ертегілердің желісінде жазылған құнды дүниеміз сарқылмас тәрбиеге толы.



Сымбат:


Сиқырлы кітаптың, берекелік әліппесінің алғашқы баспалдағы «Ынтымақ болмай-ел болмас» деп аталады. Ендеше, «Әкесі мен ұлының сөйлесуіне» назар аударайық.


Әкесі ұлына: /Өркен/


Топ шыбықты көріңдерші сындырып,

Оңай ма, әлде қиын ба екен бұл ісің?

Күштеріңді байқауды мен мақсат еттім,

Үлгі етуді, өсиетті қалайды еркім.


Ұлы: /Нұрсұлтан./

Сындыра алмай әуре болдық, әкешім,

Қиын неткен құпиялы жұмбағың?

Өсиетің бізге әрдайым өнеге,

Шырақ болар мына жалған дүниеде.


Әкесі:


Шыбықтарды бір-бірлеп сындыруға болады,

Осылайша татулық көзден ұшады.

Араздаспай бірлікті мәңгі дос етсең,

Топ шыбықтай мықты отбасы құрылады.


Бибімариям:


Сиқырлы кітаптың, берекелік әліппесінің келесі баспалдағы «Үлкенге құрмет, кішіге міндет» деп аталады. Ендеше, «Анасы мен баласының» сөйлеуіне назар аударайық.





Анасы: /Айсауле/


Мұнан артық өмір сүргім келмейді,

Қартаюды жан-жүрегім тілемейді.

Көрші үйдің шалы менен кемпіріне күлгенде

Күлмеші деп аналарың өздеріңе терлейді.


Баласы: «Әділбек»


Кешір ана, үлкендерге күлмеймін,

Сөзбен енді ешкімді мазақ етпеймін.

Құрмет етіп үлкендерді әрқашан,

Сыйлы жолын ешқашанда кеспеймін.


Анасы:


Атаңа не істесең,

Алдыңа сол келеді.

Сүйіспеншілік білдірсең,

Өмірің көркейеді.


Би:


Айдос:


Отбасы шуағы үлкендерімізді әрдайым қадірлеп, ақыл-кеңесін өмір жолымызда шамшырақ етсек нұр үстіне нұр болатыны белгілі. Кітабымыздың келесі бөлімі «Еңбек түбі-береке» деп аталады. Қазір «Әжесі мен немересінің» тілдесуін тыңдап көрелік.


Әжесі: /Жібек/

Көктем келіп

Халық ерен еңбек етті.

Күз болып

Еккен еңбек молға жетті.

Қар түсіп

Ашығып әрі қажыдық.

Немерем-ау, жалқаулық жеткізді бұған







Немересі: /Юсуп/


Көңіл қуып,

Көгалда ән сап жүрдім.

Азық, қордың

Зор маңызын аңғармадым.

Мына мақал ұран болар мәңгілік:

«Қыс азығымды жаз дайындаймын» ән қылып.


Әжесі:


Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей

Жігерлене толады күшің сенің,

Тасиды судай мөлдір мерейің.

Ән:


Сымбат:

Жалқаулық-дұшпан,еңбекқорлық досың болуы шарт. Әліппеміздің соңғы бөлімі « адамгершілік тәрбиесіне» байланысты.

Асыл қария, біздің бүкіл болмысымыз әрекетімізге сәйкес болады. Табиғат дарытқан дене мүшелеріміз не үшін қажет?


Екі көзіміз жақсыларды көру үшін,

Екі қолымыз елге көмек беру үшін.

Құлақ деген ақыл-кеңес тыңдау үшін,

Жүрек деген жауларыңнан қорықпау үшін.

Тіл мен жағың ақиқатты айту үшін,

Ал аяғың шетте жүрсең туған жерге қайту үшін!


5-оқушы: Гүлфайруз.

Адам болып жаралған соң дүниеге

Парасатты мінез-құлықты қалайсың.

Адамгершілік басты жұлдыз іспеттес,

Жұлдызы жанған бұл пәниде мәңгі өшпес.


Қария:

Жүрек, құлақ, көз, аяқ-барлығы,

Адамгершілікке апарар басты жол басы.

Сиқырлы кітап- «Отбасы әліппесі»

Тәрбиенің ең негізгі ұйытқысы.




Бибімариям:

Армандары биік шыңмен теңелер,

Ұрпақпыз біз ертеңгі күн жанары.

Әркез бізді сусындатқан тәрбиемен

Отбасы-бұл ілімнің іргетасы.

Балалар, отбасы тәрбиесі тұрғысында ғұламалардың қалдырған ақыл-кеңесі, өсиеті туралы не айта аласыңдар?


6-оқушы: Жазира



Бала өсті дегенше, батыр өсті десейші, батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші.

Сабит Дөнентаев.


7-оқушы: Айбек.


Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек.


Н. Пирогов.

8-оқушы: Мақсат:

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.

Ғ. Мүсірепов.

9-оқушы: Даурен.

Адам мінезі негізінен өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады.


К. Ушинский.


Жүргізушілер:

Оң қанатымыз әкеміз, сол қанатымыз анамыз, бауырларымыз аман-сау болсын! Өйткені олар- біздің өткеніміз, бүгініміз, келешегіміз!














148 қазақ орта мектебі






Тәрбие сағаты


Тақырыбы:

« Мен және жанұям»



Класс: 2 в

Класс жетекші: Ысқақова Б.





Краткое описание документа:
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру ,   үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға, ата-анасын, жора-жолдасын сыйлай білетін азаматтар тәрбиелеу, ұлттық тәрбиені насихаттау. Көрнекілігі: Интерактив тақта, даналық сөздер суреттер. Барысы: Мұғалімнің сөзі: -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!  Біз бүгін ғажайып бір әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырып та осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек? Хормен: -Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. 1-оқушы.  Сымбат Жақсыдан жаман туады Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады Адам айтса нанғысыз.   Ұлтымызда  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » деген дана сөз бар.   2-оқушы. Айдос «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, Ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Общая информация

Номер материала: 66582041151

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.