Инфоурок Начальные классы Рабочие программыУрок «Бес ешкі» ана тілі 4 класс

Урок «Бес ешкі» ана тілі 4 класс

Скачать материал

  Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Бес ешкі.

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер жайлы түсінік беріп, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, сурет, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.                    Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

         Бәрін ұғып алыңдар, ертегіге зер салыңдар.

ІІ . Мақсат қою кезеңі: Балалар , біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

-Сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдерші

1. Ертегі дегеніміз не?

Ертегі қалай басталады? . . Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады.

-Өздерің жақсы көретін ертегілеріңді атаңдаршы.

Топқа бөлу.

Мына жерден өздеріңе ұнайтын ертегілеріңнің суретінің қиындысы берілген, ол қай ертегіден екенін және кейіпкерін табыңдар.Кім қай ертегіні тапты сол ертегіні құрастырып, топты құраңдар.

               І топ: «Күлше қыз»

              ІІ топ. «Бауырсақ»

              ІІІ топ: «Қаңбақ шал»

              ІV топ: «Қызыл телпек»

Тапсырма: әр топ өз ертегісінің кейіпкерін салады.

Келесі топқа 2- жабық сұрақ, 5- ашық сұрақ қояды.  Оқушылардың жұмысы жұлдызша арқылы мадақталады.(екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі)

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Жұмбақ шешу:

Өзі қойды бастайды,

Қойды артына тастайды.

Сойса еті қалақтай,

Сауса еті бұлақтай.

Бұл не? (ешкі)

Ешкі малы төрт түлік малдың бірі. Ол өте талғампаз болады. Шөптің басын ғана шалып жейді. Жылына екі рет төлдейді. Еті жұмсақ, сүті ем, қойдың алдында жүреді, жүні өте жұмсақ. Одан не жасайды?Ешкінің еркегін серке, теке дейді. Баласын лақ деп атайды. Ешкіні шөре-шөре деп шақырады.Ешкі атасы

 

Ешкі туралы қандай мульфильмдер, ертегілер білесіңдер?

  1. Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бес ешкі»  ертегісі.
  2. Мақсат қою.

4. Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 


5.Ешкіден басқа төрт түлікке нелер жатады? Олардың пайдасы туралы айтып өту.

6. Оқулықпен жұмыс. Топтарға мәтінді бөліктерге бөлініп беріледі. Әртоп өзбөлігін оқып, түсінеді,өзара талдайды.

7. Сергіту сәті.

8. Мозайка әдісімен топтарды ауыстырады. Төрттүліктің суреттерін тарату.

 

ІV.Түсінгендерін тексеру: 1. Әр топтан бір оқушы шығып мәтінді мазмұндап береді.

2. «Аквариум» әдісімен сұрақ –жауап .

Ортаға кедейді шығарып малдары сұрақ қояды:

Сен неге байдың малын бағасың?  - Біз осындай жағдайға түспес үшін сен не істер едің?-Біздің осылай айла тауып қасқырдан құтылғанымызға келісесің бе? – Ал егер қасқыр бізді жеп кетсе не істер едің?

V. Қорыту: Инсерт. Кері байланыс.Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып тақтаға іледі.

Білем                       Білмеймін                        Білгім келеді                           Маған жаңалық

  V                                -                                           +                                                   ?

 

  1. .

Бүгін қандай тақырып өттік? Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің?

ҮІ. Үйге тапсырма: ертегіні оқу, әңгімелеу. «Ақылды ешкі »тақырыбына әңгіме құрап келу.

  1. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 10. Тақырыбы: Сатқын жапалақ. (ертегі)

Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас

Көрнекілігі: оқулық,  сурет, сызба. Әдісі:  сұрақ-жауап, талдау, іздену, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?

ІІІ. Өткенді пысықтау. Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суреттен нені көріп тұрсың? Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады ? Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.  1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық . үкі, жапалақ туралы жұмбақ шешу. Бүгін, міне, осы үкі, жапалақ туралы ертегі оқимыз.

Ү. Жаңа сабақ. Ертегіні түсініп оқу, сұрақтарға жауап  алу, сөздік жұмыс жүргізу

ҮІ. Білімдерін тексеру. 1.  Сұрақ – жауап: Сүлеймен патша қандай бұйрық береді? Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады? Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі? Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды? Ертегіде қандай құстардың аты аталады? (Байғыз, үкі, жапалақ, самұрық,көкжендет). 2. Дәптермен жұмыс:  а) Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз.

                                                                                                          Неден салынсын? 

                                                                              Әдемі қырналған ақ  сүйектен        

   Сүлеймен патшаның сарайы                          Ылғи да бас сүйектен      

                                                                              Сарғаймаған жас сүйектен

                                                                              Адамдар мен құстардың бас сүйегінен

                    

ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер және не жайлы? Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады? Ертегідегі Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне, істеген әрекетіне қарап, үшеуіне мінездеме бер.

ҮІІІ Үйден: 1. Түсініп оқу, көкжендеттің Үкіге айтқан сөзін тауып, дәптеріңе жазып ал.

3.                                Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 11.  Тақырыбы:  Ғажайып бақ.

Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас

Көрнекілігі: Оқулық,  сызба. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:  : Сүлеймен патша қандай бұйрық береді? Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады? Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі? Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды? Ертегіде қандай құстардың аты аталады?

ІІІ. Өткенді қорыту:  Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады? Ертегідегі Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне, істеген әрекетіне қарап, үшеуіне мінездеме бер.  Қалай ойлайсың сенің жағымсыз мінезің көп пе?

 ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: 1.  Балалар, қалай ойлайсыңдар, ертегі қалай басталушы еді? «Ғажайып бақ» ертегісі не жайлы деп ойлайсыңдар? 2. Ертегіні түсініп, жалғастырып, тізбектеп оқу. 3. Сөздік жұмысМиуа – жеміс, Ділда – алтын ақша, Қызылшыл – жылтырағанға құмар, пайданы көздегіш.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. «Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады? (қиял – ғажайып). Асан мен Қасеннің адал достығын қандай істері мен әрекеттерінен байқауға болады? Қария ең кіші шәкіртіне неліктен риза болды? Тапсырма: ертегіден нақыл сөзді тауып, мағынасын түсіндір. ( «Жасы кіші болса да, ақылы артықты аға тұт») ; Ауылына жақындаған кездегі жігіттің ішкі ойын, уайымын ертегіден тауып оқы; төрт шәкірттің шешімін тауып оқып, өз шешіміңдідәптерге жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып  өттік? Бұл ертегіден халықтың қандай арман – тілегін байқадың? Адамдардың игілігі үшін ғажайып баққа сен тағы не қосар едің? Ертегіні қандай бөлімдерге бөлуге болатынын ойланып, ары қарай жоспар құрып жаз.

  1. Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.
  2. Қариядан ақыл сұрауы.
  3. Қарияның шәкірттерінің жауабы.
  4. Ғажайып бақтың орнауы.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:  ертегіні оқу, суретін салу. Бағалау.

 

 

 

 

№ 12. Тақырыбы:  Шешендік сөздер.  Төле бидің төрелігі. Халқыңа адал бол.

Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі шешенді сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу;  сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:  Сабаққа даярлық. Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,  Жан  дүниемде күн нұрлы   Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ертегіні  жоспар бойынша әңгімелеп бер.

  1. Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.
  2. Қариядан ақыл сұрауы.
  3. Қарияның шәкірттерінің жауабы.
  4. Ғажайып бақтың орнауы.

 ІІІ. Өткенді қорыту:  Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады? (қиял – ғажайып). Асан мен Қасеннің адал достығын қандай істері мен әрекеттерінен байқауға болады? Қария ең кіші шәкіртіне неліктен риза болды? Бұл ертегіден халықтың қандай арман – тілегін байқадың? Адамдардың игілігі үшін ғажайып баққа сен тағы не қосар едің? 

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ:

  1.Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер деп халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздерін айтамыз.

           Халық арасында шешендігімен, тапқырлығымен елге ерекше танылған Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.

   2. Төле бидің  даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған. Егер адал болмаса, бүкіл қазақ батырлары алдына барып бата алар ма еді?..

3. түсініп оқу, сөздік жұмыс: Қолшоқпар – біреудің сөзін сөйлеп, айтқанын істейтін адам. Тізе бүгу – бағыну. Құлдық ұру – тәуелді болу, құл болу.

 ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Жоңғар – қалмақ билеушісі кім? (Қалдан Серен). Ел басшылары Күлтөбенің басына не үшін жиналады? Қарабек батыр қандай ұсыныс жасайды? 2. Күлтөбе басында айтқан Төле бидің төрелік сөзін тауып оқы.

3. Берілген ұйқас бойынша бір шумақ өлең құрастырып көр.

Уа, көсіле шабар жерің бар,

Қол боларлық елің бар.

Жау шапқанда қорғайтын

Ту көтерер ерің бар.

ҮІ. Қорыту. 1. Төле би қандай төрелік сөз айтады? Бұл төрелік сөзден көңіліңе не түйдің? Қалай ойлайсың, Жетес Төле биден неліктен естен кетпес бір сөз айтуды өтінді? Бұл әңгіме арқылы айтушы бізге не дегісі келген?

2. Төле бидің шешендік сөзіне сүйеніп, бір шумақ бата – өлең жазып көр.

Бір үйдің баласы болма!                            Бір елдің атасы болма!

Көп үйдің санасы бол!                               Бар елдің данасы бол!

ҮІІ. Үйге тапсырма:1. оқу, өзіңе ұнаған үзіндіні жаттап ал. 2.бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок «Бес ешкі» ана тілі 4 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Берілген сабақ жоспарымда мен мынандай мақсатты алдыма қойып отырмын:Мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер жайлы түсінік беріп, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.                    Сабағымыз басталды, 1. Ертегі дегеніміз не? Ертегі қалай басталады? . . Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады. -Өздерің жақсы көретін ертегілеріңді атаңдаршы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 891 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2014 8416
    • DOCX 67 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акылбекова Елик Аскарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акылбекова Елик Аскарбековна
    Акылбекова Елик Аскарбековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7155
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе