Инфоурок Директору, завучу Рабочие программы«Армысың алтын күз» күзгі балл кеші

«Армысың алтын күз» күзгі балл кеші

Скачать материал

                 Тақырыбы: Арайлы Алтын күз!

 

Өтетін орны:  Мектеп акт залы

Өтетін уақыты: 26.10.2013жыл.

(Әр сыныптан ханша мен ханзада қатысады)

9 сыныптың қатысушы жұптары вальс биін билейді.

 

Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!                                                                                                       Арайлы «Алтын күз»  атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

 Сіздердің құрметтеріңізге « Күрең күз »    әнін  қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:Уа, халайық халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық .

1.    «Күрең күз» 11-сынып

2.    «Күзгі шуақ» 10-сынып

3.    «Арайлы алтын күз»   9-сынып

 ( Сайыскерлер ортаға шығады)

 

     Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.

Әділ қазылар алқасы:

 

1.    Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Айпейсова

 

2.    Тарих және география пәнінің мұғалімі М. Исахаев

 

3.    Информатика пәнінің мұғалімі Н. Мырзабекова

 

4.    Музыка пәнінің мұғалімі М. Өтегенов

 

5.    Технология пәнінің мұғалімі Т. Қалиева

Жоспар

1.Таныстыру

2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)

3  Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)

4. Сән үлгісі.

5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)

6.Ойын

7.  «Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап  бөлімі)

8.Ханшайым мен ханзада

9. Қорытынды                         

1-бөлім

Жүргізуші: Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан

                      Өнерімен, білімімен аты озған

                      Әдеп-ғұрпын жоғалтпай аулымыздың

                       «Ұл мен қызы» деген атқа ие болған- деп сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

(Әр сынып  өздерін таныстырып өтеді)

2-бөлім

Жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашан да нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)

 

3-бөлім

Жүргізуші:Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар.

Шақырған сайыстарға бірі- бірін

Өнерпаздар-дарындар.

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін.

Бұл бөлім Көрме. «Үй тапсырмасы» деп аталады. (Сайыскерлер өз шығармашылықтары бойынша жасаған қолөнерімен таныстырады)

4-бөлім

Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз.

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)

5-бөлім

Жүргізуші:Көрсетер өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

Келесі бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады.Келесі кезекті салат жасауға береміз. (Әр жұп дайындаған салаттарымен таныстырады.

6-бөлім

Ойын.(әр сыныптан бір ойыннан дайындап алып келу)

7-бөлім

Жүргізуші: Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл-ойға кел дейді.

Білім-ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

Бұл бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады.  Сұрақтарға жауап бересіздер.

(Әр билетте 2сұрақтан болады)

8- бөлім

Жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым

                  Өткізді күзгі бұл айын.

                  Ханшайым тапқыр қыз болды

                 Ағызар сөйлеп сөз майын

                 Ал ханымыз ақылды

                 Барша жұртты шақырды.

                 Би де билеп, ән айтты

                 Қуаныштан шалқыды.

(Ортаға Ханшайым мен ханзаданы шақырамыз)

Қорытынды.

Жүргізуші:  Ендігі кезекте «Күзгі бал» кешінің жүлдегерін анықтайық . Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар алқасына сөз береміз.

(Жеңімпаз марапатталады!)

Жүргізуші:Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгігі

«Күзгі бал» кешін аяқтаймыз.

 

Нұрипа Айпейсова Пірмашқызы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№228 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-билет

1.Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды? (16 желтоқсан 1991жыл)

2. Жеті жұтты атаңыз? (Құрғақшылық жер сілкіну,сел,мал жұтау,оба,өрт,соғыс)

 

2-билет

1. Қазақстан Республикасының президенті тұңғыш рет қай жылы қай күні сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл)

2.Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам? (құрт)

 

3-билет

1.Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (төртінші)

2.Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт,сұлу әйел,ілім білім,жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркіт,берен мылтық)

 

 

4-билет

1.Қай елде елбасымызға ескерткіш орнатылды?

 (Түркия астанасыАнкарада)

2.Қазақтардың ертеден келе жатқан мейрамдарын ата?

(наурыз,ораза айт,құрбан айт)

 

 

 

5-билет

1.Қазақстанның Конституциясы қай жылы қай күні қабылданды?

(30 тамыз 1995)

2.Қазақтың ұлттық киімдерін ата?

(сәукеле ,тақия,қамзол,шапан,мәсі кимешек)

 

 

 Сайыстың турлары

 

 

1.Таныстыру

2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)

3  Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)

4. Сән үлгісі.

5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)

6.Ойын

7.  «Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап  бөлімі)

8.Ханшайым мен ханзада

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Армысың алтын күз» күзгі балл кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Арайлы Алтын күз! Өтетін орны:  Мектеп акт залы Өтетін уақыты: 26.10.2013жыл. (Әр сыныптан ханша мен ханзада қатысады) 9 сыныптың қатысушы жұптары вальс биін билейді. Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!                                                                                            Арайлы «Алтын күз»  атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер! Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!  Сіздердің құрметтеріңізге « Күрең күз »    әнін  қабыл алыңыздар. Жүргізуші:Уа, халайық халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Кешімізді бастайық! Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық . 1.    «Күрең күз» 11-сынып 2.    «Күзгі шуақ» 10-сынып 3.    «Арайлы алтын күз»   9-сынып  ( Сайыскерлер ортаға шығады)      Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін. Әділ қазылар алқасы: 1.    Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Айпейсова 2.    Тарих және география пәнінің мұғалімі М. Исахаев 3.    Информатика пәнінің мұғалімі Н. Мырзабекова 4.    Музыка пәнінің мұғалімі М. Өтегенов 5.    Технология пәнінің мұғалімі Т. Қалиева Жоспар 1.Таныстыру 2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия) 3  Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау) 4. Сән үлгісі. 5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау) 6.Ойын 7.  «Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап  бөлімі) 8.Ханшайым мен ханзада 9. Қорытынды                         

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2014 59917
    • DOCX 48.5 кбайт
    • 261 скачивание
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маханбетова Қымбат Мұсақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маханбетова Қымбат Мұсақызы
    Маханбетова Қымбат Мұсақызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 211446
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные нейропсихологические технологии в обучении детей, в том числе с трудностями в обучении

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 323 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 615 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 197 человек

Курс повышения квалификации

Основы промышленной безопасности в металлургической отрасли

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов