Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыЕуропалық саяхатшылар орта ғасырлық Қазақстанды қалай сипаттады?

Еуропалық саяхатшылар орта ғасырлық Қазақстанды қалай сипаттады?

Скачать материал

Сабақ тақырыбы: Еуропалық саяхатшылар орта ғасырлық Қазақстанды қалай сипаттады?

 

Мектеп: Ақтөбе қаласы, НЗМ

Уақыты: 12/03/2014 жыл

Мұғалімнің аты - жөні: Аязова Зауреш Калбаевна

Сынып: 7 «С»   

 

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты;

Осы сабақтың солмақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттердің этникалық құрамын, миграция бағыттарын және қазақ халқының қалыптаса бастау үрдісіне моңғол шапқыншылығын кедергі келтіргенін түсінеді. Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттердің саяси картасы мен этникалық құрамын біледі.

Сабақтың мақсаты

Күтілетін нәтиже:

ü  ақпаратты бірнеше дерек көздерінен алады;

ü  деректі біршама күрделі сұрақтарға жауап беру үшін салыстырады;

ü  өткен материал бойынша қарапайым қорытындылар шығарады

ü  тарихи тұлғалардың қызметіне сипаттама береді

ü  көшпелілердің әлеуметтік құрылымын көрсететін өмір салтын сипаттайды

ü  ортағасырлық мемлекеттердің жер иелену ерекшеліктерін түсіндіреді

ü  қалалар мен сәулет өнерінің ескерткіштерін сипаттайды

Тілдік міндеттер

Қазақ халқының қалыптасуы туралы мәтінмен жұмыс. (оқылым дағдысы)

Кесте толтыру (жазылым дағдысы)

Суреттерге жан бітіру(айтылым дағдысы)

Бейнебаян көру(тыңдалым дағдысы)

Алдыңғы білім

 

 Моңғол империясының құрылу және ыдырау себеп-салдарын анықтаған білімі, Қазақстан жерінде XIII – XV ғасырларда болған мемлекеттердің тарихындағы заңдылықтар мен үрдістер туралы  түсінігі.

 

 

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Деректер

Сабақтың басы

10 мин

 

 

 

 

І. Қызығушылықты ояту:  Интерактивті материал(Таныстырылым)

 Сабақты ролдік ойын ретінде өткізімін. 

Т Сыныпты үш топқа бөлемін. Топтарға қарастыратын мәселелерді айтпай өздеріне көрсетілген заттар арқылы тапқызуға тырысамын

 

http://www.lib.okno.ru/rkp/katalog/istorhtm  (Российско-казахстанский

проект «Встречи на границах»)

 Қазақстан тарихы көне заманнан

бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ

том. Атамұра, 2010

 

 

Ортасы

 

60 мин

 

 

 

Аталған тақырыптарға қатысты алдын – ала деректерді карточка түрінде дайындап, конвертке саламын. Әр топтан бір оқушы

келіп, конверттің біреуін таңдайды. Конвертті

ашып, оқығаннан кейін, топтың атауы

анықталады.

1 топ - Шаруашылық

2 топ - Мәдениет

3 топ - Саясат

 

Оқушылардың міндеті – еуропалық саяхатшылардың зерттеулері арқылы ортағасырлық Қазақстан мәдениетін,

шаруашылық пен саясатын көрсету.  Деректерді талдай отырып, әр оқушы өзіне белгілі саяхатшыны таңдайды.  Тапсырманың шарты – деректер арқылы өзіндік импровизацияны көрсету.  

 Оқушылар саяхатшылар ролінде өзінің саяхаты туралы сценарий жазады. Мысалы, көшті көреді, қала, сауда, базарды көрсетеді, киіз үйге кіру және т.б.  

 

Б/Т :Оқушылар өздерінің тақырыптарына сәйкес дайындаған көріністер арқылы тақырыптарын ашады.

Б Тақырыпты қорытындылау үшін сынып алдында өз мемлекеті билеушісінің шатыры орналастырылады.  «Саяхатшылар» еліне оралып, патшасына есеп береді. Шатырға мәдениет,шаруашылық, саясат мәселелерін зерттеген үш саяхатшыны шақырамыз.  «Саяхатшылар» мен «патша» арасында диалог жүреді,  саяхатшылар өздерінің ой

түйіндерін айтады. Диалогтың соңында патша біздің

өркениетіміздің дамығандығына көзі жетеді.

 

Исмагулов  О.  И.  Население

Казахстана  от  эпохи  бронзы  до

современности.  Алма-Ата,  1970.

(антропологическое

исследование)

Толыбеков С. Қазақ шежіресі. –

Алматы: Қазақстан, 1992.Валиханов Ч.Ч. Собрание

сочинений в пяти томах. Т.II –

Алма-Ата: Главная редакция

казахской советской

энциклопедии, 1985

Түрлі түсті қағаз, фломастер,

стикерлер

Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-

қазақ һәм хандар шежіресі. -

Астана, 2008.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ

шежіресі /Дайындаған С.Дәүітов. –

Алматы: Жалын, 1993.

Халид К. Тауарих хамса (Бес

тарих) /ауд. Б. Төтенаев, А.

Жолдасов. – Алматы: Қазақстан,

1992.

 

Соңы

10 мин

Ж.Ж. Мәтінде қалып қойған бос орындарға тиісті сөздерді қою. Ақиқат немесе жалған ақпараттарды анықтау.

 

Мәтіндер

кесте

Қосымша мәлімет

 

 

 

Ойлану

 

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Мен ұйымдастырған дифференциация іске асты ма? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақжоспарынанауытқушылықболдыма? Болса неге?

 

Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізд  ібілдіріңіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы:

Қазақстандағы дамыған орта ғасырлық мемлекеттердің мәдениеті қандай дәрежеде болды?

Мектеп: Ақтөбе қаласы, НЗМ

Уақыты: 11-16/11/2013 жыл

Мұғалімнің аты - жөні: Аязова З.К.

Сынып: 7 «С»   

 

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты;

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Х-ХІІІ ғасырларда Қазақстан даласын мекендеген мемлекеттердің даму тарихын, мәдениетіндегі даму деңгейлерін біледі.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

 

Тілдік міндеттер

Дамыған орта ғасырлық мемлекеттердің мәдениеті туралы мәтінмен жұмыс. (оқылым дағдысы)

Кесте толтыру (жазылым дағдысы)

Суреттерге жан бітіру. (айтылым дағдысы)

Бейнебаян көру.(тыңдалым дағдысы)

Алдыңғы білім

 

Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы.

 

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Деректер

Сабақтың басы

10 мин

 

 

 

 

Топтастыру.

Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында құрастырылған мазайкалар түрінде және мозайкада өткен тақырыпқа қатысты топтық  тапсырма беріледі.

1-топ. Кесенелер

2-топ. Мешіттер

3-топ. Моншалар

Т.Ж. Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттердің ерте орта ғасырдағы мемлекеттерден айырмашылықтарын анықтауға байланысты картамен жұмыс беріледі.

 

Сурет қималары

Ватмандар, маркерлер

 

 

Суреттермен жұмыс

 

 

 

Тарихи карталар

Ортасы

 

60 мин

 

 

 

Мұғалімнің презентациясы.  Қазақстандағы дамыған орта ғасырлық мемлекеттердің мәдениеті қандай дәрежеде болды?

Т:Мәтінмен жұмыс

Топ тапсырмалары:

1 топ: Қалалық мәдениеттің дамуы

2 топ: Қолөнер, сауда,және шаруашылық

3 топ: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

 

Кестемен жұмыс

Қалалар

Орналасқан жері

Алып жатқан аумағы

Сәулет өнері

(архитектуралық ескерткіш

тері)

Ескерткіштердің салынған уақыты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Ж. Суреттермен жұмыс.  Суреттер бойынша тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыру. Рөлдік ойын ұйымдастырып, тақырыптың мәнін аша алады.

 

Ж.Ж. Слаид презентация  бойынша тапсырмалар орындау

Не көрдіңіз?

Не естідіңіз?

Қандай әсер алдыңыз?

Қандай мәлімет алдыңыз?

Презентация

Карта «Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер мәдениеті»

 

Таратпа материалдар

Кесте

 

 

 

Суреттер

 

 

бейнебаян

Соңы

10 мин

Ж.Ж. Мәтінде қалып қойған бос орындарға тиісті сөздерді қою. Ақиқат немесе жалған ақпараттарды анықтау.

Үйге тапсырма: Кестені аяқтап келіңіздер.

Мәтіндер

кесте

Қосымша мәлімет

 

 

 

Ойлану

 

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Мен ұйымдастырған дифференциация іске асты ма? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болдыма? Болса неге?

 

Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізд  ібілдіріңіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 топ: Қалалық мәдениеттің дамуы

 

Археологиялық зерттеулерде ерте орта ғасырларға  (VІ-ІX ғ.ғ.) қарағанда орта ғасырдың дамыған кезеңінде(Х-ХІІ)отырықшы мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.

Оңтүстік Қазақстанда Сырдария (Яксарт, XVІ ғ. бастап Сыр аты қайта берілген) алабында қалалар көптеп салынған.

  Жетісуда екі тарихи-мәдени аудан болған:

1.      Оңтүстік - Батыс Жетісу (Шу, Талас аңғары.)

2.      Солтүстік - Шығыс Жетісу (Іле алқабы.)

Жетісу қалаларын алғаш рет сипаттаған қытай тарихшысы, буддист Сюань Цзянь (630 ж.).

Қазақстанның оңтүстігінен 25( соңғы зерттеу бойынша 37) қала орны (VІ-ІX ғ.ғ.) табылды: Исфиджаб, Будухкет, Отырар, Шауғар т.б.

Жетісудың оңтүстік батысында 27 қала болған деп болжайды: Тараз, Құлан, Атлах, Жамукет, Мерке т.б. 

VI-XII ғасырлардағы Іле және Талас Алатауы бойындағы тұрақты  елді мекендер - қыстақ (қышлақ).

ІX-X ғасырларда Жетісудың солтүстік шығысында 12 қала, XІ-XІІ ғасырларда- 70 қала болған (Ж. Баласағұни “Құтты білік”).

·                Исфиджаб (Сайрам XІІІ ғ.)- Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда, діни орталық. 1700 рабады болған (Әл-Макдиси). Ахмет Яссауидің туған қаласы (XІІ ғ.). Қытай дерегінде “Ақ өзен бойындағы қала” атанған.

·                Отырар (Фараб, Тарбан, Турар)- ең ірі қалалардың бірі, әкімшілік, сауда, қолөнер, мәдениет орталығы. XX ғасырдың 70-80 жылдары Отырар қаласының орны қазылып, “аспан астындағы мұражай” атанды. Отырар моншасы еден астымен жүргізілген су құбырларымен жылытылды. Әбу Насыр Әл-Фарабидің туған қаласы.

·                Тараз (Талас)- ең ірі саяси- экономикалық , мәдени орталық.

Деректерде: «көпестер қаласы» және «Даңқты әрі ізгі ниетті түрік-чаруктардың қаласы» атанған. Қараханидтер мен қарлұқтар тұсындағы ең бай қала.

·                Баласағұн (Ақтөбе)- Шу өзені бойындағы мәдениет пен өнердің көптеген өкілдерін өрбіткен жер (М. Қашғари, Ж. Баласағұни). Баласағұн- V-VІІ,VІІІ-ІX, X-XІІ ғасырларда өсу-өзгеру кезеңдерін бастан кешірген көп қабатты қала.

·                Іле өзені аймағында X-XІІ ғасырларда 56 қала болған. Ірі сауда орталықтары- Екіоғыз (Эквиус), Қоялық, Талхиз (Талғар) қалалары. Араб тарихшылары Ертіс бойында 16 қыпшақ қалаларының болғандығын жазады. Сарысу өзені бойында- Орда , Жезді өзені бойында- Ұлытау етегінде Басқамыр, Аяққамыр немесе Кеңгір өзені бойында Сарайлы, Торайлы қалаларының өмір сүруі қалалық мәдениеттің дамуын көрсетеді. Қалалар көлемі, экономикалық жағынан да өскен, оны үш топқа бөлуге болады. 1)30 гектардан асатын жұрт-Испиджаб, Отырар, Сауран т.б. 2)10-30 гектарға  дейінгі-Бурух,Хурлуг т.б. 3) 10 гектарға жетпейтін-Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан т.б.

 

Қала құрылысындағы өзгерістер.

·              Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі қалалардың құрылыс жүйесіндегі елеулі өзгеріс рабадтың(қаланың үшінші сыртқы бөлігі)қалыптасты. Махаллалар көлемі үлкейді.  X-XII ғ.ғ. – қалаларда ислам дінінің енуіне байланысты мешіттер пайда болды.

Осы кездегі қалалардағы жаңа құрылыс түрінің бірі – шығыс моншасы. (Тараз, Отырар, Иассы моншалары).

            XI-XII ғ.ғ. тұрғын үйлер бір-бірімен байланысты қатар салынған 3 бөлмеден тұрды. Бұл үйлер “қоржын үйлер” деп аталған (Құйрықтөбе қ.). Бөлмеде еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақ болған. Ошақ өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген

            Ташнау – лас суды ағызуға арналған құбыр (XII ғ.)

            Терракота – ғимараттары өрнектеуге арналған оюланған кірпіш.

 

Салыстыра оқу үшін: VIII-IX ғ.ғ.  Қалалық мәдениеттің дамуы

 

Түрік тайпаларында қолөнер дамыған: қыш өндірісі, ұсталық, зергерлік, тоқымашылық, шыны жасау, сүйек өңдеу, ағаш өңдеу. Металлургияның дамуы түрік қағандарына әскерін қарумен жабдықтауына мүмкіндік берді.

VIII-IX ғ.ғ.  Жетісуда күміс заттарды шығару өндірістің негізгі түріне айналды.

Қалалар:

-        Ірі су алқаптарының бойында;

-        Сауда керуен жолдарының бойында;

-        Феодалдардың ордалары мен бекіністер жанында пайда болған.

·         X-XII ғ.ғ. - ортағасырлардағы қала мәдениетінің гүлденген кезі.

·         IX-XII ғ. халық көп қоныстанған қала – Исфиджаб.

·         X-XII ғ. Қазақстанның ең ірі қаласы – Исфиджаб.

Әр қала тәуелсіз өмір сүрген және

өз билеушілері болған:

·         Керминкент билеушісі- кутегин-лабан.

·         Барысхан билеушісі- манап немесе барысхан тебіні.

·         Науакент билеушісі- яланшах.

·         Семекна билеушісі- инал-тегін. Әр қала билеушісінің өз әскері, өз теңгелері болған.

1.        Әкімшілік басқару орталығы (VІІ-VІІІ ғ.ғ.).

·         Қолөнер, сауда орталығы. VIII-IX ғ.ғ.

Қала халқы негізінен егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Тараз қаласы - "саудагерлер қаласы"; Суяб- "әр елдің саудагерлері кездесетін, ал халқының жартысы саудамен айналысатын қала" атанды. Исфиджаб – “әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі” атанды.

·         Цитадель - қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан.

·         Шахристан - бай-шонжарлар, дін қызметкерлері, әскер басшылары тұратын орталық аудан.

·         Рабад - қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер тұратын шеткі аудан. ІX-XІІ ғасырларда сауданың дамуынан рабадтар ұлғайды.

            Орта ғасырдағы қалаларда қамал орталық орын болып саналған.

Мәдениет пен діннің таралуы.

Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:

1.      Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымының дамуы мен даналық патшалығы - Үндістан.

2.      Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы - Иран мен Византия.

3.      Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыш аңдар патшалығы - Түрік қағанаты.

4.      Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.

Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сарайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.

Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тарағанҚытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын-сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер  қаласынан X-XІ ғасырларға жататын саздан жасалған маска т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 топ: Қолөнер, сауда,және шаруашылық

 

Егіншілік.

Түрік тайпалары егіншілікпен де айналысты. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің себептері:

мал санының азаюы; малдың және жайылымдардың, су көздерінің ақсүйектер қолында топтасуы.

Егіншілікпен негізінен Сырдария, Шу, Талас, Іле өзендері аңғарларында, Алатау бөктерлерінде айналысты. Суландыру жүйелері Алтынтөбе, Құйрықтөбе, Пышақшытөбе, Ақтөбе, Весидж, Жетіасар, Қалмақарық жерлерінен табылды. X-XІІ ғасырлардағы Отырар өңірі - суармалы егіншіліктің ірі орталығы.    Жетісу өңірінде бидай, тары, жүзім өсірілген (Сюань-Цзянь VІІ ғ.). Қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тасбұршақ, күріш, арпа пайдаланған (араб тарихшысы Әбу Дулаф, X ғ.).

Қолөнер

Түрік тайпаларында қолөнер дамыған: қыш өндірісі, ұсталық, зергерлік, тоқымашылық, шыны жасау, сүйек өңдеу, ағаш өңдеу. Металлургияның дамуы түрік қағандарына әскерін қарумен жабдықтауына мүмкіндік берді.

VIII-IX ғ.ғ.  Жетісуда күміс заттарды шығару өндірістің негізгі түріне айналды

Сауда

Әуелгі ортағасырлық қағанаттар Византия , Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістан, Сібірмен сауда байланыстарын жасады. Саудада Тараз, Отырар, Сығанақ, Қоялықтың маңызы зор болды. Сауда қала дамуындағы негізгі факторлардың бірі. Сауда түрлері:

1.      Мемлекетаралық сауда.

2.      Қала мен оның төңірегі арасындағы сауда.

3.      Қала мен дала арасындағы сауда.

Исфиджаб, Отырар, Дех-Нуджикес қалаларында өткізілген жәрменкелерде айырбас сауда болған. Отырар, Суяб, Таразда соғылған қаңлы, түркеш, тухус теңгелері саудада ақшаның қолданылғанын дәлелдейді.

            X-XII ғ.  көшпенділермен шекаралас қалаларда жәрмеңкелік сауда дамыды.

XI-XII ғ.  Исфиджабта матамен сауда жасайтын арнаулы орны бар керуен-сарайлар болды.

            Түркеш қағанатындағы ірі сауда орталығы - Тараз қаласы.

Ақша

VІ-VІІІ ғасырларда теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастырған. Ағылшын түркологы Клоусонның болжамы бойынша, алғашқы түркеш теңгелері Ақбешімде (Суябта) соғылған (VІІІ ғ.). Түркеш теңгесі VIII ғасырдан X ғасырға дейін қолданылған. Кейін Исфиджаб, Отырар, Будукет, Таразда теңге сарайлары салынған.  Мәселен,Хорезм шахы Мұхаммед Текеш 1210,1217-1218жылдары Отырарда теңге соқтырған

ІX-X ғасырларда Қазақстан жерінде Саманилер әулетінің күміс дирхемдері, алтын динарлары, мыс теңгелері айналымда болды. Алтын динарлар халықаралық валюта ретінде қолданылды.

XI ғ. Исфиджаб пен Тараздағы теңге сарайларында күміс дирхемдер шығарылған.

XІ ғасырдың басында саудада жоғары сапалы күміс дирхемдер болса,  кейін мыс қосылған теңгелер шығарылды. XІ ғасырдың аяғында күміс кендерінің сарқылуына байланысты күміс ақша шығару тоқтады. XІІ-XІІІ ғасырларда күміс дағдарысына байланысты  дирхемдерді мыстан құйып, сыртына күміс жалатты.

       Сабақты бекіту :

Қолөнер қайдан пайда болды?

Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?

Ұсталық кәсіптің дамуына не әсер етті?

Зергерлер не жасаумен айналысады?

Сауда мен ақша айналымы қалай пайда болды?

Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?

 

 

3 топ: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

 

 Сәндік қолданбалы өнер туындылары жасалып жатқан құрылыстыңөз материалымен де орындалады. Сары топырақты балшықпен ғаныш қолданбалы өнердің құрылыс материалы болған.

ХІ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланылған ХІ-ХІІ ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер (терракота)кеңінен қолданыла бастады. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу да орын ала бастаған. Мәселен, Қызылөзен қаласының орнын қазғанда арыстан бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған.

Кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе түскиіздер мен текеметтегі оюларқолданбалы өнердің дамығандығын көрсетеді.

Мешіттер-Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағында болған. Хғ аяғы немесе ХІғ. басында Жетісуда Боран мұнарасы салынған. Құйрықтөбе қаласынан ең ертедегі мешіттің орны табылған.Оның көлемі 36,5×20,5 метр.Күйдірілген және шикі кірпіштен тұрғызылған. Мұндай мешіт Тараз қаласының маңындағы Өрнек қаласынан да табылған.

Кесенелер- Бабаджа -қатын (Х-ХІғ.) мен Айша-бибі(ХІ-ХІІғ.) кесенелері Жамбыл қаласының батысына 18 км. жерде орналасқан. Арыстан баб (әулие) Қожа Ахмет Йасауйдің ұстазы болған. Орта ғасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезеңінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған.

 

·                Исфиджаб (Сайрам XІІІ ғ.)- Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда, діни орталық. 1700 рабады болған (Әл-Макдиси). Ахмет Яссауидің туған қаласы (XІІ ғ.). Қытай дерегінде “Ақ өзен бойындағы қала” атанған.

·                Отырар (Фараб, Тарбан, Турар)- ең ірі қалалардың бірі, әкімшілік, сауда, қолөнер, мәдениет орталығы. XX ғасырдың 70-80 жылдары Отырар қаласының орны қазылып, “аспан астындағы мұражай” атанды. Отырар моншасы еден астымен жүргізілген су құбырларымен жылытылды. Әбу Насыр Әл-Фарабидің туған қаласы.

·                Тараз (Талас)- ең ірі саяси- экономикалық , мәдени орталық.

Деректерде: «көпестер қаласы» және «Даңқты әрі ізгі ниетті түрік-чаруктардың қаласы» атанған. Қараханидтер мен қарлұқтар тұсындағы ең бай қала.

·                Баласағұн (Ақтөбе)- Шу өзені бойындағы мәдениет пен өнердің көптеген өкілдерін өрбіткен жер (М. Қашғари, Ж. Баласағұни). Баласағұн- V-VІІ,VІІІ-ІX, X-XІІ ғасырларда өсу-өзгеру кезеңдерін бастан кешірген көп қабатты қала.

·                Іле өзені аймағында X-XІІ ғасырларда 56 қала болған. Ірі сауда орталықтары- Екіоғыз (Эквиус), Қоялық, Талхиз (Талғар) қалалары. Араб тарихшылары Ертіс бойында 16 қыпшақ қалаларының болғандығын жазады. Сарысу өзені бойында- Орда , Жезді өзені бойында- Бесқамыр қаласы орналасқан.

Қала құрылысындағы өзгерістер.

·              X-XII ғ.ғ. – қалаларда ислам дінінің енуіне байланысты мешіттер пайда болды.

Осы кездегі қалалардағы жаңа құрылыс түрінің бірі – шығыс моншасы. (Таразда(2), Отырарда(2)табылған, Иассы моншалары). Моншаның жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта шығыстың моншаларына ұқсас. Монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Табылған қалдықтары: сәкілер, су құятын астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Тараз монщасына таудан келетін су қазандыққа қыш құбырлар арқылы жеткізілген. Ал Отырар моншалары құдық суын пайдаланған.  Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында ХХ ғасырдың  60 жылдарына дейін жұмыс істеген. Монша Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында. Ол қазір мұражайға айналдырылды.

            XI-XII ғ.ғ. тұрғын үйлер бір-бірімен байланысты қатар салынған 3 бөлмеден тұрды. Бұл үйлер “қоржын үйлер” деп аталған (Құйрықтөбе қ.). Бөлмеде еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақ болған. Ошақ өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген.

            Ташнау – лас суды ағызуға арналған құбыр (XII ғ.)

            Терракота – ғимараттары өрнектеуге арналған оюланған кірпіш

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еуропалық саяхатшылар орта ғасырлық Қазақстанды қалай сипаттады?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттердің этникалық құрамын, миграция бағыттарын және қазақ халқының қалыптаса бастау үрдісіне моңғол шапқыншылығын кедергі келтіргенін түсінеді. Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттердің саяси картасы мен этникалық құрамын біледі. Күтілетін нәтиже: ақпаратты бірнеше дерек көздерінен алады; деректі біршама күрделі сұрақтарға жауап беру үшін салыстырады; өткен материал бойынша қарапайым қорытындылар шығарады тарихи тұлғалардың қызметіне сипаттама береді көшпелілердің әлеуметтік құрылымын көрсететін өмір салтын сипаттайды ортағасырлық мемлекеттердің жер иелену ерекшеліктерін түсіндіреді қалалар мен сәулет өнерінің ескерткіштерін сипаттайды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 675 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2014 13156
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурбаева Дина Замирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурбаева Дина Замирбековна
    Нурбаева Дина Замирбековна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13965
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 55 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 15 регионов

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе